Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2006-02-11:

Пандемия

 

Сөз реті келгенде мына бір деректі де на­зар­ға сала кеткенді жөн көріп отырмыз. Қыр­ғыз­стан денсаулық сақтау министрлігінің бол­жамынша, “құс тұмауы” пандемиясы жағ­дайын­да республиканың 1,5 миллион тұрғыны ауырып, 150 мыңы ауруханаға түседі. 3 мың адамның көз жұмуы ықтимал. Міне, жалпы хал­қы 5 миллионға жетпейтін шағын ғана Қыр­ғ­ызстанда болуы ықтимал жағдай бұл. Көңілге үрей үйіретін болжам екені де талас туғызбаса керек.

Жабайы құстар таратуы ықтимал аурудың осы бір ауыр түрі, яғни “құс тұмауы” бүгінде бүкіл әлем жұртшылығын алаңдатып отыр

Көңіл қошын көтеріп, жан дүниеңді жадырататын, айналаңа нұрлы шуағын төгіп, табиғат-ананы жаңаша түрге енгізетін көктем айлары да жақындап келеді. “Қондырып көктемді қанатына, құс қайтып келеді Алматыға” деп басталатын белгілі ән жолдарында айтылатынындай, жабайы құстардың тек Алматыдан ғана емес, бүкіл Қазақ елі аумағынан уақытша мекен табатын кезіне шын мәнінде аса көп уақыт қалған жоқ.

Міне, табиғат жасарып, жасанатын жыл мезгілімен қатар қайтатын жабайы құстар өздерімен бірге әлемге “құс тұмауы” деген атпен танымал қатерлі ауру түрін де ала келуі әбден мүмкін. Шекара туралы ойлап бас қатырмайтын олар үшін бүкіл Жер планетасы ортақ үй, ортақ игілік. Жыл мезгіліне қарай өздеріне ғана белгілі “сүрлеуден” ауытқымай, әрі-бері ұшып жүре береді. Ал “құс тұмауының” үй құстары арқылы адамға жұғу ықтималдылығы жоғары екені бүгінде баршаға мәлім.

 

“Құс тұмауы” дегеніміз не?

Осы мақаланы жазу барысында бірқатар анықтамалықтарды ақтарып, көптеген жарияланымдарды парақтауға тура келді. Біраз ізденістің нәтижесінде аталған қатерлі ауру туралы бір мақалаға “жүк боларлықтай” мағлұ­мат жинақталды. Өзіміз осы саланың маманы болмағанымызбен, жиған-тергені­міздің қалың оқырман үшін танымдық, кеңестік сипатта, сақтық шараларына мән беру тұрғысында пайдасы тиеді деп сенеміз. Ал “құс тұмауына” қатысты сақтық шаралары аса қажет етілетіні еш күмән туғызбайтындай.

“Құс тұмауының” А, В деп аталатын вирус­тарының ішінде, әсіресе, Н5 және Н7 түрлері аса қауіптілері болып табылады. Ол алғаш рет ХХ ғасырдың басында Италияда анықталып, ұзақ уақыт адамға қауіпсіз саналып келген.

Тұмаудың А вирус түрі құстарды қоса есеп­тегенде шошқалар мен жылқыларда, тюленьдер мен киттерде болуы ықтимал. Тұмау вирусы­ның құстарда болатын түрі “құс тұмауы” деп аталады. “Құс тұмауы” вирусы әдетте адамға құстан тікелей берілмейді және адамдар арасында айналысқа түспейді деген ұстаным бар. Ал “құс тұмауын” таратуда, өзінің аты айтып тұрғанындай, жабайы құстардан келетін қатер басым. Вирустардың ішінде адамға қауіптісі Н1, Н2, Н3 және N1, N2 түрлері болып табылады. Бір атап көрсететін жәйт – “құс тұмауы” жабайы құстар арасында ауру туғызбағанымен, үй құстарын қырып салады. Ол адамнан адамға жұқпайды делінеді, бірақ ауырған құстармен байланыстың салдары адам үшін қайғылы аяқталуы ғажап емес.

 

Эпидемиологиялық       ахуалға шолу

“Құс тұмауы” вирусының адамға жұққаны туралы мәлімет алғаш рет Гонконгте тіркелді. Онда Н5N1 түрі 18 адамға жұғып, 6-уының өліміне әкеліп соққан. 2003 жылы басталған Н5N1 эпидемиясы Вьетнам, Камбоджа, Қытай,  Индонезия, Лоюс, Пәкстан, Корея Республи­касы, Таиланд, Тайвань және Жапония секілді Азияның он елін шарпыды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) дерегіне сүйенсек, 2003 жылдан бері 100 адам аталған аурудың тырнағына іліксе, жартысынан астамы көз жұмған.

Гонконгтегі оқиға “құс тұмауының” вирусы (Н5N1) құстармен қатар адамға да жұғатынын айғақтады. Бұл вирустың құстан тікелей адамға берілетінінің алғашқы оқиғасы болатын. Ауру ошағын жою үшін 1,5 миллион тауық өртеп жіберілді. 1999 жылы сол Гонконгте АН9N2 вирусын екі бүлдіршін жұқтырғаны анықталса, 2003 жылы Н5N1 вирусы тағы да екі адамның бойынан табылды. Сол жылы Нидерландыда осындай 86 оқиға тіркелді. 2004-2005 жылдары Н5N1 вирусымен Вьетнам мен Таиландта және Қытайда 37 адам ауырды. Ал өткен жылдың 1 тамызындағы дерек бойынша, әлемде “құс тұмауын” жұқтырған 67 адам тіркелсе, 25-і қаза болды.

Кейбір елдерде жаңа жыл басталғалы бері  маза жоқ. Қатерлі вирус 2005 жылдың желтоқсанында, яғни жаңа жыл қарсаңында Түркия жағалауларына жетті. Үш адам көз жұмды. Жүздеген қаз, үйрек, тауық өртелді. Қытайда да “құс тұмауы” екі адамның өліміне себепкер болды. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде вирус ошақтары жиі-жиі көрініс беріп қалуда. Тұтастай алғанда осы өңірде 2003 жылдан бері 70 адам опат болды деген дерек бар. “Құс тұмауы” Украина мен Әзірбайжанды, Ресейді және Румыния мен Болгарияны да айналып өткен жоқ. Ол Ресейдің 8 субъектісін қамтыды. Бұл елдерде үй құстары ауырғаны­мен адамдар аман.

 

Сипаты туралы бірер сөз

Вирустың адамнан адамға тікелей беріле­тініне айғақ жоқ. Сонымен қатар, оған қарсы қол­данатын вакцина да табылмай отыр. Жұқ­ты­ру көзі мен бойға тарау жолы да әзірше бей­мәлім. Осының салдарынан вирустың таралуы­на бақылау орнату іс жүзінде мүмкін емес.

Мамандар “құс тұмауын” тоқтатудың аса қиын екенін айтады. 1997 және 2003 жылдарғы вирусқа қарағанда, 2004 жылдың үлгісіндегі Н5N1 вирусы үй құстарының көптеп қыры­луына әкеліп соқтырған. Ал бұл адамдардың ауыру ықтималдылығын да жоғарылатады. Үй құсының салқындатылған және тоңазытылған етінің қаупі ұлғая түседі, өйткені, Н5N1 вирусы минус 70 градустан төмен температурада көпте­ген жылдар бойы сақтала алады. Бірақ оның жақсы пісірілген кезде жойылатыны анықталған.

“Құс тұмауы” ошағын жою вирустың таралу тәсілін дәл анықтауға тікелей байла­нысты. Алайда оның әуелде жабайы құстар арқылы тарайтыны қиындықтар туғызады. Одан кейінгі тәжірибе көрсеткеніндей, вирустың фермалар арасында таралуына адамдар мен құрал-жабдықтар себепкер. Гонконгтегі 1997 жылғы “құс тұмауы” пандемиясын елдегі бүкіл үй құстарын жою арқылы ғана ауыздықтау мүмкін болған. Қазіргі кезде вирус бүкіл Азиядағы үй құстары арасында тарағандықтан, оның алдын алу мен жою анағұрлым күрделі.

Н5N1 вирусы алдыңғыларымен салыстыр­ған­да аса мол аумақты қамтуы мүмкін. “Құс тұмауының” таралуына әсер ететін факторлар бақылауға алынбағандықтан, вирустың Азия арқылы трансмиссиясы бір мезгілде болып отыр. ДДҰ “құс тұмауының” ошағы Азияның бірқатар елінде бірдей бой көрсетуі тарихи тұрғыдан таңданарлық жағдай екенін айта келіп, вирустың жаңа түрінің (Н5N1) бүкіл жер шарына таралу қаупі туындап отырғанын көлденең тартады. Тағы бір назар аударатын мәселе, “құс тұмауы” вирусының жылдам эволюциялануы келе-келе оның адамнан адамға тікелей жұғу ықтимал­дылығын жоғарылатады. Ал мұндай жағдай орын алатын болса, оның ақыры үлкен қасіретке апаратыны айтпаса да түсінікті.

 

Клиникалық көрінуі, патогенез

“Құс тұмауының” адамдағы белгілері кәдімгі тұмаумен ауырғандағыға ұқсастықтан бастап, көз инфекциясы, өкпенің қабынуы, т.б. өмірге қатер төндіретін ауыр сырқаттар белгілерінде көрініс береді. Адамдағы ауру белгілері біртектес. Ол кә­дім­гі тұмаумен ауырғандағыдай:  дененің қызуы көтеріледі, адам қалтырап тоңады, бұлшық еттері ауырады, жөтеледі, тамағы ауырады, т.с.с. Инкубациялық кезең үш күннен аспайды.

Вирус кәдімгі лабораториялық тексерулерде анықталмайтындықтан, диагноз өте-мөте кеш қойылуы ықтимал. Сондықтан сырқат асқынып үлгереді. Оның салдары аса ауыр. Адам вирусты жұқтырғаннан 6-8 күн өтісімен-ақ қайтыс болады.

 

Вакциналар

“Құс тұмауына” қарсы вакциналар іздестіру ауру тарай бастаған 1997-1999 жылдары-ақ басталған болатын. Британияның Chіron Corp компаниясы арнайы комиссияға “құс тұмауы” вирусына қарсы қолданылатын тәжірибелік вакциналардың сапасын тексеруге өтініш білдірді. Қазір аталған британиялық компания клиникалық сынақтарда қолданылып жүрген экспериментальді вакцина шығарумен айналысады. “Құс тұмауына” қарсы дәрінің үш түрі Ресейде шығарылғаны да белгілі болды.

Экспериментальді вакциналар шығарумен, сондай-ақ, француздың Aventіs Pasteur фирмасы да шұғылданады. Бұл фирма қазірдің өзінде үкіметпен екі миллион доза көлеміндегі келісім-шарттық тапсырысқа қол жеткізе алды. Вьетнамдық ғалымдар Н5N1 вирусына қарсы вакцинаның прототипін жасап шығарды. Енді олар вакцинаны алдағы тамыз айында адамға қолдану арқылы сынақтан өткізіп көруге бел байлап отыр. Мұндай асығыстыққа негіз де жоқ емес: “құс тұмауынан” соңғы екі жылда көз жұмған адамдардың 70 пайызы Вьетнамның үлесіне тиесілі. Бүгінде ресми Ханой егер вирус мутацияға ұшыраса, онда ол адамнан адамға оңай беріліп, “құс тұмауының” эпидемиясы басталуы, яғни пандемиялық ахуал қалыптасуы ықтимал деп қауіптенуде.

Бірақ ДДҰ мамандары бүгінде Вьетнамда­ғылар жасауға талаптанып отырған вакцинаның жаңа түрі аурудың өзінен де көп зиян әкелуі мүмкін деп санайды. Және оның себептерін де жайып салады.

 

“Құс тұмауының” Қазақстанда таралу қатеріне бағам

“Құс тұмауы” Қазақстанға түрлі бағыттар­дан ұшып келетін құстармен жетуі ықтимал дейді жергілікті мамандар. Осы тұрғыдан алғанда, Ресей жақтан ұшып келетін құстар еліміздің солтүстігі мен шығысына қатер төндіруі әбден мүмкін. Өйткені, “құс тұмауы” былтырғы жыл­дың шілде-тамызында солтүс­тіктегі көр­шіміздің Новосибирь облысында, Алтай айма­ғында, Тюмень, Омбы облыста­рында тіркелді.

Қытай арқылы келетін құстар еліміздің шығыс өңірлеріне қатерлі. Себебі өткен жыл­дың маусым айында Шығыс Қазақстан облы­сы­ның шекарасына 25 шақырым жерде “құс тұмауы” тіркелген еді. Енді Күр­шім, Зайсан және Үржар аудандары тұрғын­дарына аса сақтық таныту қажет болады.

Қазіргі кезде “құс тұмауының” тара­луы, жоғарыда да айтып кеткеніміз­дей, көктемгі жабайы құстар келуімен тікелей байланысты. Еліміз аумағы арқылы ұшып өтетін құстар да әлденіп алу үшін аялдайтындықтан, вирустың таралуына себепкер болуы мүмкін. Мәселен, жабайы қаз-үйрек Үндістан мен Пәкстан жақтан Ресейге еліміздің 24 ауданы үстімен ұшып өтсе, солтүстік Африка мен оңтүстік Еуропа аумағынан келетіндері жаз айларында Батыс Қазақстанның төрт ауданы мен Атырау алабын мекен ететін көрінеді.

Қазақстанда адамдардың “құс тұмауымен” ауыруы әзірше тіркелген жоқ. Алайда құстар ауырған оқиғалар кез­десті. Былтырғы жазда Қара­ғанды облысының Шет ауда­нындағы Ақсу-Аюлы ауылын­да балапандар тұмауратты. Ертеңінде бірнеше ондаған тауық бірінен кейін бірі өліп түсті. Осы ауданға қарасты Тұмсық ауылында арнайы комиссия өртеу жолымен барлық құс атаулыдан құтыл­ған жөн деп шешті. Эпиде­мияға қарсы шаралар бүкіл құс фабрикаларында ғана емес, сондай-ақ орман және аңшылық шаруашылықта­рында да жүргізілді.

– Өткен жылғы желтоқсан айының  ортасында-ақ біз республиканың барлық  ма­ман­дарына арнап ДДҰ сарап­шыла­рының қатысуымен респуб­ликалық семинар өткіздік, – деді біз ха­бар­ласқан кезде Қазақстан­ның бас мем­ле­кет­тік санитар­лық дәрігері­нің орынбасары Кеңес Оспа­нов. – СЭС қазақ­стандық­тардың Түркияға баруларына шектеу қоюды ұсынды. Елі­мізге келген барлық күдік бел­гілері бар адамдар оқшаулан­дырылуда. Бортсеріктер мен ұшқыштар,  кеденшілер тиісті ескертпелер алды. Барлық порт­тар мен вок­залдарда күн­діз-түні жұмыс іс­тейтін сани­тарлық-карантин­дік пункттер жасақ­талып, адамның темпе­ра­тура­сын 4-5 метр жер­ден анықтайтын тепло­визорлар алын­ды.

АҚШ-тық маман­дар Пав­лодар облы­сын­да “құс тұмауы­на” алғаш шалдыққан құс­тар­ды тексеруге көмектескен. 3 айда еліміздің 4 облысында 13 мың құс жойылған. Тұрғындар инфек­цияның бар еке­нін жасыр­маулары үшін жойылған құс иелеріне өтемақы төленіпті.

“Кез келген жұқпалы аурудың таралуын ДДҰ 6 тармақта қарастырады, әзірше әлем елдері “құс тұмауының” 3-ші тармағында тұр, – дейді ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі Мұрат Ұсатаев. – Сондықтан қатердің алдын алуға уақыт бар”.

 

Қатердің алдын алу және сақтық шаралары

Жақында Астана қаласындағы санитар-эпидемиологтар мен ветеринарлар, сондай-ақ сауда-саттық саласының қызметкерлері аталған жұқпалы аурудың алдын алу мен қауіпсіздік шараларына арналған семинар өткізді. Онда Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі аса қауіпті жұқпалы аурулар департаментінің Астана қаласы бойынша бөлім бастығы Майра Жүсіпова өмірге қатерлі вирустың елордада пайда болуының алдын алуға байланысты қандай іс-шаралар атқарылып жатқаны туралы әңгімелеп берді. Біздің байқауымызша, мұндай ауқымды шаралар республикамыздың барлық өңірлерінде жүргізіліп жатқанға ұқсайды.

Қалалық салауатты өмір салтын қалыптас­тыру орталығы профилактикалық процедура­лар, яғни сақтану шаралары егжей-тегжейлі жазылған жаднама шығарыпты. Проблеманың маңызын ескере отырып, оның негізгі деген тармақтарын назарға ұсынғанды жөн көрдік.

*Шикі еттің піскен тамаққа жұғыспауын қадағалау, піскен тамақты бөлек сақтау.

*Шикі етке бөлек құрал (пышақ, кесуге арналған тақтайша) пайдалану.

*Жұмыртқаны, шикі етті ұстаған соң және турағаннан кейін қолды жуу.

/Құс өнімдерінен тағам дайындағанда міндетті түрде технологиялық регламентті (температура мен пісу уақыты) сақтау.

*Үй құстарының жабайы құстармен араласуына жол бермеу.

*Мал жайлайтын киімдерді күнделікті киетін киімдерден бөлек қою, марліден тігілген бетперде, резеңке қолғап кию.

*Құстардан клиникалық белгілер байқалса немесе қырылып қалса, тез арада ветеринарлық қызметке хабарлау. Ауырған немесе өлген құстың жанына жақындамау.

*Тірі қалған құстарды бөлек қораға кіргізіп, аулаға шығармау, ветеринарлық қызмет мамандары рұқсат бергенше сойып, етін және жұмыртқасын пайдаланбау.

Сөз реті келгенде мына бір деректі де на­зар­ға сала кеткенді жөн көріп отырмыз. Қыр­ғыз­стан денсаулық сақтау министрлігінің бол­жамынша, “құс тұмауы” пандемиясы жағ­дайын­да республиканың 1,5 миллион тұрғыны ауырып, 150 мыңы ауруханаға түседі. 3 мың адамның көз жұмуы ықтимал. Міне, жалпы хал­қы 5 миллионға жетпейтін шағын ғана Қыр­ғ­ызстанда болуы ықтимал жағдай бұл. Көңілге үрей үйіретін болжам екені де талас туғызбаса керек.

Бұдан шығатын қорытынды – “құс тұмауының” маған қатысы жоқ, айналып өтіп кетеді демей, аса сақ болу. Оның үстіне малсақ қазақтың қорасында қой, ешкі, жылқы, сиырымен қатар, түрлі үй құстары ұсталады. Сондықтан, әсіресе, ауылдағы ағайынға сақтық таныту аса қажет болатыны анық. Мақаланы жазудағы мақсат та қорқытып-үркіту емес – болуы ықтимал жағдайдан сақтандыру. Сақтансаң – сақтайды деген емес пе.



Авторы: Самат МҰСА.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат