Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2009-08-08:

БАҚЫЛАУ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ БАСТАЙДЫ

 

Қарағандыда “Нұр Отан” ХДП партиялық Бақылау коми­те­тінің төрағасы  Боран Рахымбеков партияның  облыстық  филиалы­ның жер-жердегі жетекшілерімен, белсенді мүшелерімен, қоғамдық ұйымдар өкілдерімен кездесті. Мұ­ның алдында ол “Жол картасы” бағдарламасымен қамтылған қала нысандарының бірнешеуін аралап көріп, атқарылып жатқан жұмыс­тармен  тікелей танысты.

Кездесуде ішкі партиялық жұ­мыстарды нығайту, партия Төраға­сының тапсырмаларының, съездер мен конференциялардың, Саяси кеңес отырыстары шешімдерінің орын­далуын бақылау, сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күресті кү­шейту  бағытындағы  іс-шаралар ор­таға салынып, соған сәйкес алда тұрған міндеттер талқыланды. Бо­ран Ғизатұлы атап өткендей, бұл ретте партиялық бақылау комис­сия­лары талапшылдықты арттыра түсуге үлкен үлес қосып отыр. Пар­тияның барлық өңірлік филиал­да­ры жанынан құралған олар жұмыс істей бастаған аз ғана уақытта жұрт­қа танымал болып қалды.

Б.Рахымбеков облыстағы осын­дай комиссия мүшелерімен  таныс­тырды. Оның жұмысына партия­лық бақылау постылары көмегі күннен-күнге ұлғайып келеді. Құрамына барлық деңгейдегі мәс­лихаттар депутаттары, ардагерлер, белсенді, беделді азаматтар, үкі­меттік емес ұйымдар өкілдері тартылған аталған қоғамдық топтар  әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын, еңбек және материалдық ресурс­тардың, бюджеттік қаржының тиімді жұмсалуын бақылауға алып жүр. Соның ішінде “Жол картасы” бағдарламасы аясында жұмыстар жүргізіліп жатқан нысандарда 590 партиялық бақылау постылары құрылған. Бұлар құрылыстар салу, жөндеу жұмыстарының орындалу мер­зімін, сапасын, шараға кімдер қамтылғанын, әлеуметтік жағ­дай­ларын бақылайды. Осы орайда облыстағы буындардың  істеріне белсенділігі айтарлықтай екені аталды.

Кездесуде партиялық бақылау комиссияларының төрағаларына куәліктер тапсырылды.



Авторы: Айқын НЕСІПБАЙ.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат