Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2009-08-12:

ПАРТИЯНЫҢ БЕДЕЛДІ ҚҰРЫЛЫМЫНА АЙНАЛДЫ

Кеше Астанада “Нұр Отан” ХДП Орталық аппаратының баспасөз орталығында партияның парламентаризм институтының қызметі жайында баяндалған брифинг өтті.

Брифингке институттың биылғы жылдың 1-жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы өзек болды.

Билік партиясының еншісіндегі парламентаризм институтының қазіргі заман ырғағына сай бел­гілен­ген бағыт-бағдары жайында жиналғандарға институт директоры Болат Байқадамов жан-жақты ақ­пар беріп өтті. Оның сөзіне қара­ғанда, 2007 жылдың қазан айында партияның  алғашқы талдамалық-зерттеу құрылымдарының бірі бо­лып құрылған парламентаризм институты бүгінде партиялық-саяси үдеріске талдау жасайтын алаңға айналған.

Қазіргі таңда институттың ал­дында бірнеше мәселелер шоғыры мықтап бекітілген екен. Олар Қазақстандағы саяси ахуалға ай сайын талдамалық шолу жасау, пар­тияның идеологиялық тұғырна­ма­сының ұстанымы бойынша ақ­параттық-публицистикалық мате­риалдар дайындау, елдегі партия­лық-саяси үдерістің дамуының өзекті мәселелері бойынша тоқсан сайын  сараптамалық баяндама әзір­леу, Қазақстанда дағдарысқа қарсы шаралары жүзеге асырудың және индустриялық-инновация­лық даму барысы туралы тоқ­сан сайын ақпараттық-талда­малық материалдар шығару, билік пар­тиясының халықтық тұғыр­намасы­ның әлеуметтік басым­дық­тарын жүзеге асырудың мерзімдік мони­торингін орындау, Елбасы­ның жыл сайынғы Қазақстан халқына Жол­дауын түсіндіру жөнінде әдісте­мелік ұсынымдар әзірлеу секілді бірқатар мәселе­лерден тұрады.

Брифинг кезінде сөз алған Болат Кенжекешұлы “Нұр Отан” ХДП XІІ съезінде белгіленген міндеттерге сәйкес, яғни партия аппаратын “идеялар ағыны” шо­ғыр­ланатын “ақыл-ой орталығына” айналдыру мақсатында парламен­таризм институтының жұмысы да айтарлықтай өзгергендігін тілге тиек етті. Бүгінде институт елі­міздің Мәдениет және ақпарат, Білім және ғылым министр­ліктерінің мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыстары, БҰҰ-ның Қазақ­стандағы Даму бағдарламасы же­лісінің жобалары аясында белсенді жұмыс атқаруда, деді Б.Байқа­дамов өз сөзінде. Бұл ретте институт тоқсанына бір рет “Қазақстандағы парламентаризм” халықаралық ғылыми-талдау журналы мен “Пар­ламентаризм институтының тал­дама­лық хабаршысын” шығараты­нын, ал ай сайын “Қазақстан Рес­публикасындағы саяси ахуалға талдамалық шолу” жасайтындығын айта кеткеніміз жөн. Бұған қоса, бұл құрылымға 2008 жылы ғылы­ми-зерттеу  жұмыстарын жүргізу құқығы да беріліпті.

Басқосу соңында институт ди­ректоры Б.Байқадамов журналис­тердің қойған сауалдарына жауап берді.



Авторы: Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат