Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2009-08-21:

АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ АХУАЛЫ ҚАНДАЙ?

 

– Сіз көп жылдан бері білім са­ла­сында қызмет етіп келесіз. Содан да әңгімемізді Сыр айма­ғын­дағы білім саласының сапасынан бастасақ.

– Әлемнің бәсекелестікке қа­білетті 50 елінің сапында болуды мақ­сат тұтқан біздің жас мем­ле­кетіміз үшін білімнің орны ерекше. Сондықтан да Елбасымыз білім беру саласына ерекше мән беріп отыр. Өйткені, білімсіз мақсат ет­кен биік асуды алу мүмкін емес.

Облыс басшылары да әлемдік білім кеңістігіне шығу туралы Елбасы бастамасын қолдап, білім саласына барынша жағдай жасауда. Білім беру саласы қызметкерлері де өз тарапынан табанды еңбегімен үлес қосуда. Еңбектері нәтижесіз емес. Мұны өткен жылғы балала­ры­мыздың жетістіктерінен анық аңғаруға болады.

Білімнің негізгі көрсеткіші іс­петтес Ұлттық бірыңғай тестілеу қо­рытындылары бойынша, орташа білім көрсеткіші 2008 жылы 60,35 балл, биыл 73,88 балл болып, 13,53-ке өскен. Республика бойынша Қызы­л­орда облысы өткен жылы соңғы орындарда болса, биыл 12-орында.

2008 жылы 188 түлек, ал 2009 жылы 473 түлек 100-ден жоғары балл жи­нап, жоғары балл саны 285 балаға өсіп отыр. Осы бағыттағы жұмыстар ал­дағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Американың Техас штаты Хьюс­тон қаласында 15-20 сәуір аралығында өткізілген І-SWEEEP – 2009 Дүниежүзілік ғылыми жоба олимпиадасында Қазақстан ко­мандасы ішінен тек қызылордалық оқу­шылар жүлделі І, ІІ орындарға ие болды. №10 облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 2 оқушысы алтын ме­даль­ді, №9 облыстық дарынды ба­лаларға арналған қазақ-түрік ли­цейі­нің 2 оқушысы күміс медальді иеленді.

2009 жылы Ақтау қаласында өт­кізілген жалпы білім беретін пән­дер бойынша республикалық олим­пиадаға 10 оқушы жіберіліп, 1 оқу­шы мақтау қағазымен марапат­талып, 5 оқушы білім грантын жеңіп алып, жоғары оқу орнында тегін оқу мүмкіндігіне ие болды.

“Дарын” республикалық ғылы­ми-практикалық орталығы ұйым­дас­тырған “Ақбота” интеллек­туал­дық ма­рафонының қорытындысы бойынша, 917 оқушы жеңімпаз ата­нып, арнайы дипломдармен марапатталды.

Сонымен қатар, облыс оқу­шы­лары түрлі “Русский медвежонок – язы­кознание для всех”, “Brіtіsh Bulldog” сайыстарынан, “Тіл – мем­лекет тәуелсіздігінің символы”, Се­мей қа­л­асында өткен экологиялық және пәндік олимпиадаларда, ғы­лыми-прак­тикалық конференция­лар­да жүл­делі орындарды жеңіп алды. Әрине, бұл бағыттағы жұ­мыс­тар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

– Ендігі сөз кезегін Елбасы Жол­дауына орай Үкіметтің “Жол кар­тасы” бағдарламасы аясында ай­мақ­та білім саласына қатысты атқа­рылып жатқан жұмыстарға берсек.

– Елбасы тапсырмасымен “Жол картасына” сәйкес Білім және ғылым ми­нистрлігі тарапы­нан “Мамандарды даяр­лау және қайта даярлау” бағыты бой­ынша қар­жыландыру лимитіне бар­лығы 450,4 млн. теңге бөлініп, 3393 адам­­ды оқыту және қайта даярлау жос­­парланып отыр. Оның ішінде 1595 босаған жұмысшыларды қайта даяр­лауға, 98 адамды бос жұмыс орын­да­ры­на орналастыру үшін оқы­туға және 11 сыныпты бітірген 2405 адамды экс­порттық маман­дық­тарға оқытуға тап­сырыс берілген.

Қазіргі таңда экспорттық ма­ман­дықтар бойынша оқытылатын 2405 адамның 1705-і колледждерде және 700-і кәсіптік лицейлерде даяр­ланатын болады. Бос жұмыс орын­дарын толықтыру мақсатында 98 адамды “Дорстрой” компа­ния­сы­ның “ТехМа­ман” ЖШС оқу ор­талығында “Жол-құрылыс мәши­не­лерін пайда­лану” мамандығына оқыту, қалған 1595 адам­ды кәсіптік ли­цейлер мен Қорқыт Ата атын­да­ғы мамандарды даярлау және қайта даярлау орталы­ғында оқыту жос­парлануда.

Сонымен қатар, Елбасы Жол­дауы­нан туындайтын “Жол кар­тасына” сәйкес 50 білім беру ме­кемелерін күрделі жөндеуден өткізуге 844,5 млн. теңге бөлінді.

2007 жылы облыста 29 мектеп апаттық жағдайдағы, 13 үш ауы­сым­­мен оқытатын мектептер бо­латын. Осы олқы тұстарды бол­дыр­мау мақ­сатында 2008 жылы 21, оның ішінде 11-і 1200 орындық орта мектептердің құрылысы баста­лып, 3-і пайдалануға берілді. Биыл 26 мектеп ғимаратының құрылыс­тары жүргізілуде.

Жаңа оқу жылы қарсаңында Қазалы ауданындағы №249, Қар­мақ­­шы ауданындағы №250, Жал­ағаш ауданындағы №202, Қызыл­ор­да қаласы, Қызылжарма ауылын­да­ғы № 144, Арал ауданындағы 1200 орын­дық жаңа мектептер пайда­ла­нуға берілді. Осындай бұрын-соңды болмаған алып құрылыстардың нә­ти­жесінде облыстағы апаттық жағ­дайдағы және үш ауысымда оқы­та­тын мектептердің проблемасы 2011 жылға дейін шешіледі деп күтілуде.

– Бү­гін­гі әңгі­ме­міз­дің негізгі өзегі – ауыл мек­теп­терінің ахуалы, ендеше, осы жайлы ой бөліскен жөн болар еді.

– Облыста барлығы жалпы орта білім беретін 288 мектептің 234-і ауылдық жерде орналасқан болса, 2009 жылға Елбасы Жол­дауы­нан туындайтын “Жол карта­сына” сәй­кес күрделі жөндеу жүр­гі­зілетін 50 білім беру мекеме­ле­рі­нің 33-і ауылдық жерлерде ор­наласқан.

Ауыл мектептеріндегі білім сапасына тоқталатын болсақ, білімнің негізгі көрсеткіші іспеттес Ұлттық бірыңғай тестілеуде облыс бойынша Қазалы, Қармақшы аудандары алдыңғы орындарда. “Алтын белгі” белгісін Қазалы ауда­нынан 15 оқушы, Арал ауданы­нан 10 оқушы алып, алдыңғы орындардан көрініп отыр.

Мемлекеттік аралық бақылау көрсеткіші бойынша да облыста Жалағаш ауданы (орташа балл – 17,81), Қармақшы (17,79) және Қазалы (17,43) аудандары жоғары көрсеткішпен ерекшеленген. МАБ қо­рытындысы бойынша, респуб­лика­дағы жоғары нәтиже көрсеткен 100 мектептің қатарына енген 14 мек­теп­тің 12-і ауыл мектептері. Қармақшы ауданының 2, Қазалы ауданының 4, Арал ауданының 5, Жалағаш ауданының 1 мектебі үздік мектептер қатарында. Мұның өзі – ауылдық жерлерде білім беру сапасының жақ­са­рып келе жатқанының бір дәлелі.

– Ауыл мектептерінің материал­дық-техникалық базасы, оқу құрал­дары мен кітаптары жайлы күрмеуі қиын мәселелер баршылық болар?

– Қазіргі кезеңде білім жүйе­сі­нің барлық салаларын нақты түрде ақпараттандыру кешенді жүргізілу­де. Біздің облысымызда барлық мектептер компьютерлендірілген. Облысқа алынған барлық 7335 компьютердің 4993-і ауыл мектеп­терінің еншісінде.

Дүниедегі ең үлкен компью­тер­лер тора­бын, байланыс желілерін бір-бірі­мен біріктіріп отырған ин­тер­нет құ­рай­ды. Сондықтан да ин­тер­нет желі­сіне ену қажеттігі туын­дап отыр. Облыс­тағы 270 интернет желісіне қосылған мектептердің 215-і ауылдық мектептер.

2007 жылғы 1 қыркүйекте Елба­сы­ның қатысуымен өткізілген интерактивті сабақтың ұйым­дас­ты­рылуына орай мектептерді интер­ак­тивті тақталармен жабдықтау қол­ға алынды. Қазір облыс бой­ын­ша 765 интерактивті тақта алынса, оның 519-ы ауыл мектептерінде орнатылған.

Облыс әкімінің қолдауымен 2008 жылы облыстық бюджеттен арнайы қар­жы бөлініп, облыстағы барлық мек­тептерге “Мектеп” АБЖ (авто­матты басқару жүйесі) бағ­дарламасын Сырдария ауда­ны­нан бастап орнатылуының өзі ауыл мектептеріне ерекше көзқарасты аңғартқандай.

 Қазақстан Республикасы Үкі­метінің 2003 жылғы 19 ақпандағы №173 қаулысымен бекітілген “Білім беру ұйымдарының білім алушы­ла­ры мен тәрбиеленушілерін оқулық­тар­мен қамтамасыз ету ережесіне” сәйкес оқулықтармен қамтамасыз ету жыл сайын мектеп кітап­ха­на­лары арқылы оқулықтарды қайта­рым­ды негізде пайдалануға тегін беру жолымен және оқулықтарды бөлшек саудадан сатып алу жолы­мен жүзеге асырылады.

Тегін оқулықтарды аталған ережеге сәйкес, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, даму мүмкіндігі шектеулі бала­лар, мүгедектер, бала кезінен мүге­дектер, мемлекеттік атаулы әлеу­меттік көмек алуға құқылы от­басы­ларының балалар, көпбалалы отба­сы­ның және интернаттық білім меке­мелеріндегі балалары алады. Міндетті тізбеге енбеген оқушылар оқу құралдарын өздері сатып алуға тиіс.

Аталған санаттағы балалардың бар­лығы тегін оқулықтармен түгел­дей қам­тамасыз етілген. Кітапхана қорына сәйкес бұл санатқа жат­пай­тын бала­лар­дың да тегін оқулық­тар­мен қамта­масыз етілуі қарас­ты­рыл­ған. Мысалы, Арал ауданы барлық жалпы білім бе­ре­тін мектеп оқушыларын 100 пайыз, Қа­залы ауданы 99,9 пайыз, Шиелі ауда­ны 91 пайыз, Қармақшы ауданы 87,0 пайыз тегін оқулықпен қамтып отыр.

– Ал ауылдық мектептерге білік­ті де білімді мамандардың баруы қа­лай? Жоғары білімді пән мұғалімдері шалғай елді мекендерде жеткілікті ме?

– Бұл барлық аймақтарға тән тен­денция, мұғалім мамандар ауылға тұрақтамайды. Жас мұғалімдерді жергілікті бюджет есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі Қа­зақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жө­нін­дегі шаралар жоспарында нақты айтылған. ҚР Үкіметінің 2002 жыл­ғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына сәйкес ауыл мұғалімдеріне 25 пай­ыз, мамандандырылған мектеп­тер­дің бейіндік пәндер мұғалімдеріне 30 пайыз, инновациялық мектеп­тер­дің мұғалімдеріне 10 пайыз үстеме ақы төлеу белгіленген.

Облыстық білім басқармасы елді ме­кендердегі мектептерден мұғалім­дерге қажеттілік туралы сұраныстарды қабылдап, жас мамандарды аталған мектептерге жұмысқа орналастыру ба­ғытында жұмыстар жүргізуде. Соны­мен қатар, ақпараттық құралдарда “Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздан­дыру, мәдениет және спорт ма­мандарына әлеуметтік қолдау ша­ра­ларын ұсыну ережесі” жария­ланып, теледидар ар­қы­лы жүр­гі­зіліп жатқан акция жарнамалануда. Білім бөлімдерінде мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұйым­дастыру жөнінде арнайы ко­миссия құрылып, облыстағы жоға­ры оқу орындарын биыл бітірген және өз еркімен ауылда жұмыс жасауға ниет білдірген түлектер туралы мәлімет жинақтап, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.

Осындай іс-шаралар негізінде жоғары білімді пән мұғалімдері шалғайдағы елді мекендерге ат басын бұрады деген сенімдеміз.



Авторы: Әңгімелескен Еркін Әбіл, Қызылорда.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат