Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2009-08-28:

ҚИЫНДЫҚТЫ СЕЙІЛТКЕН СЕРПІН

 

Жергілікті қауымның биылғы жыл барысын риза тұтарлықтай реті бар. Дағ­дарыс дабыры бастапқыда еңсе езерліктей болғанмен, тез басылды. Мемлекет бас­шысының төтеннен тап болған қиындық салмағын көпшілікке ауырлық түсіртпей, экономика мен әлеуметтік сала дамуын бәсеңсітпеу тапсырмасына сәйкес өріс алған өңірлік іс-шаралар шарапаты қазір қайдан да анық байқалады. Соның ішіндеЖол картасыбағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қалалар мен ауылдар бейнесін жарқыратып тастауда. Бұл мақсатқа бөлінген 13 млрд . теңгенің едәуір бөлігі игеріліп үлгерді. Соған жұ­мылдырылған 36 мыңға тарта азаматтың деніжаңадан жұмыс түрі тауып беріл­гендер, өндірістен уақытша қысқартылу­ларына байланысты екінші мамандық меңгергендер. Ал мұнымен қатар индус­триялық-инновациялық жедел даму ба­ғытында жалпы сомасы 146 млрд. тең­геден асатын республикалықИндус­трияландыру картасынаенгізілген бірнеше жобаның іске асырылмақтығы өлке тынысына тың серпін қосқалы отыр. Тұрғын үй құрылысының қарқыны да бәсеңдеген жоқ. Жыл басынан бері 276 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, көзделген көрсеткіштің был­тырғыдай асыра орындалуына үміт үлкен.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың облысқа келген әр сапарында жаңа нысандар ашылып, тұсауы кесіліп, жақсы жаңалықтар көбейіп жатады. Аймақтың тамақ өнеркәсібін өрлету жолында жүзеге асырылған аса ірі инвестициялық жобалардың біріТайкомпаниясы ірге көтерткен ет комбинаты саналады. Елба­сы ат басын алдымен соған бұрды. Азық-түлік белдеуін құру бағдар­ла­масына сәйкес құрылған кәсіпорын ет өнімдерін өңдеуге арналған. Соңғы үлгідегі технологиялық қондырғылар орнаты­лып, өндірістік мәдениеттілігі жоғары деңгейге лайықталған ол бұл салаға қойылар талап-талғамның бүге-шүгесіне дейін ескеріліп салыныпты.

Мамандар баяндап, таныстырғандай, комбинатта жылына 5 мың тонна ет қайта өңделіп, 4,5 мың тонна шұжық өнімдері дайындалады. Бір ерекшелігі, өзінің жеке шикізат базасына сүйенеді. Шет, Жаңаарқа аудандарындағы сервис­тік-дайындау орталығында ірі қара бор­дақыланады. Мұндай база басқа да аудандарда құрылатындығы айтылды. Алдағы уақытта өнімді экспортқа шы­ғару негізгі мақсаттың бірі болуы кәсіп­орын келешегі кеңдігін көрсетеді. Осы реттеХалалсертификаты бойынша еттік тағам түрлерін көп көлемде өндіру соған бағытталған шара.

Мемлекет басшысы мұнан кейін да­рын­ды балалар оқитын мамандан­дырылғанМұрагермектеп-интер­на­тына келді. Нұрсұлтан Әбішұлын елі­мізге танымал осынау білім ұясының мұғалімдері, шәкірттері зор қуанышпен қарсы алды. 6-шы сынып оқушысы Артур Пастухов өздерінің алаңсыз сапа­лы оқып, саналы тәрбие алуына жасалып жатқан барлық жағдай үшін оқушылар атынан ақ алғысын жеткізді.

Мектеп биыл әсіресе көркейе түсті. “Жол картасыбағдарламасы аясында жөндеу жұмыстарына бөлінген 57 миллион теңге арқасында іші-сырты көз сүйсінтерлік келбетке бөленген. Елбасына сынып бөлмелерін, оқу кабинеттерін аралап көру кезінде оқу орнының тынысы жан-жақты таныстырылды. Оқушылардың ғылыми зерттеулермен де шұғылданатындығы баян етілді.

525 бала оқитын ол дарынды балалар­ға арнайы мамандандырылған мектеп болғандықтан, әр оқушының шығарма­шылық дамуына барынша мүмкіндік жасауды ұстанады. Жоғары білікті 67 педагогтың қатарында 2 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаты сабақ береді. Қазақстандағы ең үздік 100 мектептің са­натына кіретін мұнда олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін тереңдетіп оқу арқылы білім белестеріне өрлейді. Жоғары сыныптарда француз тілі де оқытылады. Президент бұл үлгілі үрдіс екенін қолдады. Үш тілде оқытудың тәжірибесі жет­кіншектердің білімі тез өсуіне, ғылыми құштарлыққа ерте бейімделуіне, маңызды оқулық еңбектерді аудармашы­лар көмегінсіз игеріп-үйренуге ықпалы үлкендігін көрсетіп жүр. Сонымен бірге халықаралық әртүрлі деңгейдегі олим­пиадаларға, байқауларға еркін қатыса алады. Кең тараған тілдерге жетіктік мұрагерліктердің ғылыми жарыстарда 34 рет жүлделі орындарды жеңіп алуына мүмкіндік берді. Биылғы мектеп түлек­терінің ішіненАлтын белгіаттестатын алған 28 бітірушінің 25-і АҚШ-қа, Израильге, Ирландияға, Англияға, Ресейге, Қытайға білім ұштауға аттануы соның арқасы.

Саран қаласына жалғасқан жұмыс сапарында Елбасы осындағыҚазор­та­лықэлектрөткізгішзауытында болды. Ел экономикасының өтпелі кезеңінде жабылуға шақ қалған кәсіпорын былтырдан бері аяғынан тік тұрып, іргелі өндіріске айналып келеді. Жұмысқа қамтылған 750 адам құрамы жергілікті мамандар есебінен тағы толыға түспек.

Жыл басында іске қосылған опти­калық-талшықты кабель желісі зауыты қуат-қабілетін одан сайын өсірді. Бұған дейін шетелдерден қымбатқа сатып алынып келген бұл затқа енді отандық тұтынушылардың қолы еркін жетіп жатыр. Зауыт енді оған өз ішіміздегі сұ­раныстың 40 пайыз көлемін қамтамасыз ете алып отыр. Ірі компаниялардың тауар тұтынуында қазақстандық сүбелі үлес қосушы бірден-бір кәсіпорын болып табылады.

Мемлекет басшысына мәлімдел­гендей, бұл да шек меже емес. Алдағы екі-үш жылда оны 95 пайызға дейін жеткізу көзделеді. Оның өнімдерін басым тұтынушылардың бірі “Қазақтелеком” ұлттық компаниясымен 2,5 млрд.теңге сомаға келісім жасалған. Мұның өзі өндіріс тұрақтылығы сақталады, нығаяды деген сөз. Ал қосымша бірнеше иннова­циялық жобалардың, соның ішінде полиэтилен құбырларын, тігілген полиэтиленнен кабель шығарудың іске асырылуы келешегін кеңейтеді.

Президент зауыттың өнімімен, жұмыс үдерісімен танысып, ұжым мүшелерімен кездесуінде еліміздің белгілі себептерге байланысты қиындықтарға қарамастан, даму жолынан айнымай, биік асуларды бағындыруға ұмтылысы стратегиялық мақсат ретінде ұсталатындығын, дағ­дарыс­қа қарсы шаралар арқасында жұмыс орындары сақталып қалынып, халықты әлеуметтік жағынан қолдау ауыртпалық жүгін жеңілдетіп отырғанын атай келіп, Қазақстан экономикасын өркендетудің ұзақ мерзімді бағдарламасы ұсыныла­тындығын айтты. “Біз бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруді көбейтуіміз керек. Әлемдік рынокқа кеңірек араласуды жоспарлап отырмыз. Іске мығым, ұқыпты болу – өмір талабы”, деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы содан кейін шахтерлердің төл мейрамдарына арналып дайындалған Саран стадионындағы театрландырылған қойылымға қатысты. Толық жаңғыр­тылған футбол алаңы осында жасалған жасанды жұмсақ жабынмен көмкерілген, трибуналары мен орындықтары жаңар­тыл­ған, жарық беретін сан шамдар сәуле­сі құйылған, құдды бір жаңадан салын­ғандай, спорт ордасына жиналғандарды мерекелерімен құттықтап, еңбектері жанып, тұрмыстары жақсара беруіне тілек білдірді.

Салтанатты оқиғаға қатысушылар атынан сөз сөйлеген еңбек ардагері Светлана Сафина бұдан бұрын болашағы бұлдырлау болып келген Саран сияқты шағын қалада жаңа өндірістердің пайда болуы үлкен өзгерістерге бет түзеткеніне, тұрғындар өмірін шырайландыра түс­кеніне ризалықтарын жеткізді. Кеншілер тұңғыш Президенттеріне шахтерлердің байырғы жұмыс қаруы қайла мен басқа киетін болат телпекті тарту етті.

Ел индустриясының жүрегі, жаңаруға деген батыл қадамдардың тірегі болып саналатын өңірдің соған беріктігі тағы бір танылды.



Авторы: Айқын НЕСІПБАЙ, Қарағанды. Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат