Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2009-08-29:

ДҮБІРГЕ ТОЛЫ ДҮНИЕ

 

Экстремистер өзара қақтығысып жатыр

 

Палестина автономиясының Газа секторында ондағы экстремистік топтардың арасында қақтығыс болып, айтарлықтай қан төгілді. Израиль аумағындағы осынау  анклавта бақылау орнатқан ХАМАС ұйымы мен радикалды “Джунд Ансар Аллаһ” ұйымының қарулы күштері қақтығысты.

 

ХАМАС ұйы­мын жұртшылық жақсы біледі. Олар Палестина мемлекетін құру мәселесі мен Та­яу Шығыстағы шиеленісті келі­сім жолымен ше­шуге қарсы. Бұл бағыт оларды Па­лестина авто­номиясының бас­шылығына және байсалды бағыт ұстанатын ФАТХ ұйымына қарсы қойды. Оның ақыры оларды Палестина авто­но­миясының Газа секторына барып орнығуына соқтырды. Өздерінің арандату­шылық әрекеттері (Из­раиль аумағын зымыранмен атқылау) салдарынан Израильмен соғысып та үлгерді, айтарлықтай соққы да жеді.

Сонымен бірге Газа секто­рына соңғы кезде Таяу Шығыс­тағы шиеленісті келісім жолымен шешуге қарсы түрлі экстремистік топтар да жинала бастаған. Жай топтасып қоймай, олар билікке де таласып, бір-бірімен қырқысып та жатыр. Қақтығысты ХАМАС пен “Джунд Ансар Аллаһ” бастады.

Алғашында оларды экстре­мис­тік көзқарас біріктірсе, қыр­қыстырған да сол көзқарас болып отыр. “Джунд Ансар Аллаһ” (оның мағынасы “Аллаһ сарбаз­дары”) ХАМАС-ты діншілдіктері кемшін, Израильмен келіссөз жүргізді деп айыптап, Газа сек­торында өз тәртібін орнықтырмақ болды. Орнықтырмақ болғанда, жақындағы жұма намаздан кейін бұл ұйымның көсемі шейх Әдбі әл-Латиф Әбу Мұса Газа секто­рында ислам әміриаты құрылға­нын және шариат тәртібі енгі­зілгенін жариялады. Жариялап қана қоймай, ХАМАС ұйымымен күресетінін де мәлімдеді.

Әрине, бұл ХАМАС басшы­ларына ұнаған жоқ. Олар өз полициясына Әбу Мұсаның сар­баздарын тәубесіне келтіруді тап­сырды. Бұл кезде “Джунд Ансар Аллаһ” сарбаздары, жиһадистер қаруларын асынып, көшеге шыққан болатын. Атыс басталып, күші басымдау ХАМАС қарсы­лас­тарын ығыстырып, олар ме­шітке, имамның үйіне, басқа да ғимараттарға барып тығылады. Олар онда келесі күнге дейін қар­сыласты. Біразы Египет жаққа өтіп кетті. Екі жақтан да шы­ғын болды. Жи­һадистердің бірі ХАМАС поли­циясының ара­сына еніп, жа­ры­лыс жасап, өзін де басқаларды да құрбан етті.

Қалайда рухани ниеттестер болған соң, олар келесі күні келіссөз жүргізуді ойластырады. Әрине, оған жиһадистер көсемі Әбу Мұса және ХАМАС жағынан да белгілі адамдар қатысады. Бірақ белгісіз себеппен сол келіссөз кезінде жарылыс болып, оған қатысқандар қаза табады. Бұл жайында әртүрлі болжам айтылды, біреулер Әбу Мұсаның өзі “өлім белбеуін” іске қосты десе, екіншілері жарылыс қателіктен болды дегенді айтады.

Экстремистік екі ұйымның қақтығысынан 28 адам қаза болып, 150-дей адам жараланды деген мәлімет жарияланып отыр. Оған әртүрлі баға да беріліп жатыр. ХАМАС-тың әсіре экстре­мистермен күресін біршама жұрт жақсылыққа жориды. Олардың өздері Газа секторында кімнің қожа екенін білдірдік деген қуанышта жүр. Осы аймақтағы шиеленістің күшейе түскенін қалайтын экстремис­тердің бір-бірінен болса да соққы көргені, халық алдында олардың беделі түскені мақұл деген пікір басым. Ол белгілі дәрежеде келісімге жол ашатындай көрінеді.

Экстремистердің бірі жеңіп, екіншісі жеңілгенмен, бұл әсте де алда қақтығысқа жол жоқ деген сөз емес. Сол “Джунд Ансар Аллаһ” сарбаздары кек қайтара­тындықтарын мәлімдеп үлгерсе, оларға қолдау көрсететін басқа топтардың да бар екені белгілі болып отыр. Сол Газа секторында лаңкестік әрекеттермен көзге түскен “Сейф әл-Хах” (“Әділет семсері”) ұйымы жұртшылықты ХАМАС ұйымының мешіттеріне бармауға үгіттеуге кірісті. Сірә, алдағы уақытта сол экстремистік ұйымдардың өзара қақтығысы жалғаса беретіндей.

 

“Тілсіз жауға” қарсы тұру да қиын

 

Халықаралық телеарналардың хабарлары соңғы кезде Грекиядағы алапат өртті көрсетуден басталып жүрді. Отқа оранған ну орманды, тау беткейін, жеке ғимараттарды көргенде, жаның түршігеді. Сұрапыл соғыс көз алдыңа елестейді. Расында да, жау бар еді, ол – өрт. Қазақша айтқанда, “тілсіз жау”.

 

Әлемде болып жатқан оқиғаларды айтқанда, әдетте біз көбіне саяси оқиға­ларға көбірек назар аударамыз, табиғат апаттары, ерекше құбылыстары на­за­р­­ға көп іліне бер­мейді. Байып­тап қарағанда, олар тек қызығушылық құбылыстар ғана емес, олардың әрқайсысының алда сабақ болар мәні де бар екенін аңғарамыз.

Грекиядағы өртке де солай баға беруге болар еді. Алапат өрттің жолындағының бәрін жалмап бара жатқанын, тіпті көкпеңбек ағаш жапырақтарының май құйғандай қаулап жанғанын көрсек, сонымен бірге бір емес, талай ұшақтың аспаннан су шашып, сол жойқын зұлматтың жолын кескенін де көрдік. Ал өзімізге жай кезде де таныс өрт сөндіретін мәшинелермен әрекет етіп, арпалысып жатқандардың қимылы да ерекше. Жасыл бұтақ­тар­ды қару етіп, өрттің шет-ше­тінде, орнында қалған отты өші­ріп жүргендер қаншама! Табиғи апатқа душар болған жұрттың берекесіз арпалысы емес, жан-жақты ойластырған әрекет. Бұл да сабақ.

Қанша күнгі қарбаласта, арпалыста адам шығыны туралы айтылмайды. Оны естігіміз де жоқ қой. Өрт сияқты тілсіз жауға қар­­сы алапат күресте шығын бермеу ол да ерлік. Әңгіме адам шығыны туралы болып отыр. Ал экономи­калық шығын өз алдына әңгіме.

Грекия – қуатты ел. Биылғыдай ерекше сұрапыл өртке қарсы күресте оның сол қуаты іске қосылды десе болады. Дәл осындай апат басқа әлсіздеу елде кезіксе, оның салдары да тым қомақты болар еді ғой. Бүгінгідей сын кезеңде өз қуаты барынша толық іске қосылса да, көрші елдердің көмегін, сірә, гректер ұмыта қоймас. Алғашқы күннен Франция, Италия сияқты қуатты ел­дер көмекке келіп, жедел түрде өзде­рінің өрт сөндіру техникасын жіберіпті. Әсіресе, авиатехника таулы өңірдегі өртті сөн­діруде шешуші рөл атқарған. Осы рет­те айта кететін бір жай бар – екі ел арасындағы қарым-қатынаста айтарлықтай селкеуліктің барлы­ғына қарамай, Түркия да Грекияға осы сәтте көмегін ұсынғанда, оны гректердің қол қақпай қабыл­дағаны сүйсінерлік іс болды. Мұны да сабақ дейік.

Өрттен үлкен шығын келді. 30 мың гектардан аса орман опат болыпты. Мұны ең алдымен экологиялық апат деген жөн. Сол жерден бүгінге дейін ауаға тазарған ауа тараса, енді қара күйе тарайды. 110 мың гектардан астам егістік жойылыпты, 60 мыңдай қой-ешкі шығын болған. 4,5 миллион зәйтүн ағашы күйіп кетіпті. Бұл ел үшін оның өнімі негізгі экспорттық тауар болатын. Жалпы алғанда, сарапшылар елге келген шығынды 5 млрд. еуро көлемінде деп отыр. Бұл елдің ішкі жалпы өнімінің бір пайы­зын­дай. Демек, оларға Еуроодақтың Ынтымақтастық қорынан қаржы бөлінуге тиіс және ол айтарлық­тай қомақты. Бұл да сабақ.

Лаулаған от жалынды көрге­н­де, ойға көп жай орала береді. Ең алдымен сол өртке қарсы өзімізде қандай шаралар жасалған деген ой қажайды. Кейде өзіміздің онсыз да тапшы ормандарымыз өртеніп, біраз шығын көріп жатамыз. Сондайда ұшақпен су шаша алмаймыз-ау дейсің. Болса, кәне! Әр жерде орман алқаптарын жасап жатырмыз, Астанамызды көк желек орман қоршағанына қуансақ, соның өртке қарсы шаралары қаралған ба деп те ойланасың. Басқалар да ойланса, бұл да сабақ.



Авторы: Мамадияр ЖАҚЫП.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат