Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2009-08-31:

Солтүстік Қазақстан облысы

Конституция күні Қызылжар өңірінде кеңінен аталып өтті.  Айтулы дата Петропавл қаласындағы орталық алаңда кәсіпорындар, ұйымдар, этномәдени бірлестіктері өкілдерінің, шығармашылық, концерттік ұжымдардың, жастардың “Біздің күшіміз – бірлікте” мерекелік шеруімен басталды. Шеруді  Петропавл жоғары әскери институтының үрмелі оркестрінің сүйемелдеуімен көп ұлтты отбасылар бастады.

 

Одан кейін  ауыр мәшине жасаушы­лар сап түзеді.  “ЗИКСТО” кәсіпорны­ның жұмысшылары “Конституция күніне – 150 вагон!” деген транспарант көтеріп  шығып, өздерінің қомақты табысқа жеткендерін осылай паш етті. Іле-шала дәрігерлер, ұстаздар, құрылысшылар, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің легі көрінді. Шеру бүлдіршіндер мен балалардың салтанатымен аяқталды.

Орталық алаңға жиналғандар теле­экран арқылы елордадан тікелей репор­тажды көріп, Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың мерекелік құттықтауын зор ын­тамен тыңдады. Әскери парадты тама­шалады.

Жиында облыс әкімі, “Нұр Отан” ХДП жергілікті филиалының төрағасы Серік Біләлов облыс тұрғындарын еліміздегі қайнар бастаулардың негізі бо­лып табылатын Ата Заң күнімен  құттық­тап, Қазақстан Конституциясы  мемле­кет­тіліктің, республикамызға қоныстанған халықтардың рухани жағынан бірлесуінің шынайы бейнесі болып табылатынын, мемлекеттік рәміздер мен қазақстандық отаншылдыққа шексіз құрметтеу сезіміне тәрбиелейтінін атап көрсетті. Иннова­циялық және ұшқыр жобалардың, “Жол картасы” бағдарламасының сәтті орын­далып жатқанын, Президент пен Үкімет тапсырмалары мүлтіксіз жүзеге  асатынын жеткізді.

Ресми бөлім аяқталғаннан кейін ор­таға 8 бала  тәрбиелеп өсірген аналар – Татьяна Мастренко мен Сара Нұрғалиева шақырылып, Серік Сұлтанғазыұлы оларға “Күміс алқа” белгісін, 16 жасқа толған бір топ жасөспірімге Қазақстан Респуб­ликасының төлқұжатын  салтанатты түрде табыстап,  арнайы  сыйлықтар ұсынды.

Осы күні Қазақстан Республикасы Конституциясы мерекесіне арналған достық алауы өз мәресіне жетті. Достық алауын спорт ардагерлері, “Надежда”  ұйымының әуесқой жүгірушілері барлық аудандарды аралап, 15 күн ішінде  2500 шақырымды жүгіріп өтті. “Конституция – бейбітшілік пен демократияның тірегі” атты бірінші облыстық ұлттық мәде­ниет­тер фестивалі өз шымылдығын айқара ашты. С.Мұқанов атындағы әмбебеп кітапхана алды гүлзар базарына айналса, Қазақстан Конституциясы көшесі бой­ын­да халық кәсіпшілігі мен өнер бұйым­дары­ның көрме-саудасы ұйымдастырыл­ды.  “Абылайхан резиденциясы” мемо­риал­дық кешені  келушілерге есігін айқа­ра ашты. Көркем шығармашылық көр­месін, балалар суретінің конкурсын та­машалаушылар да көп болды. Облыс аудандары шығармашылық ұжымдары­ның концерттік бағдарламасы қалалық мәдениет және демалыс саябағында жалғасты. “Нұр Отан” ХДП қалалық филиалының қолдауымен “Ізгілік пен түсіністікке жол ашық” мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған концерттік-көңіл көтеру кеші, басқа да мәдени-спорттық шаралар мазмұндылығымен, тартымдылығыен есте қалды.

Дүниежүзі қазақтарының екі Құрыл­тайы­на делегат ретінде қатысқан, бүгінде Қорған облысындағы қазақ авто­номия­сының вице-президенті қызметінде жүр­ген жерлесіміз Бижігітов Боранбай  ар­найы делегацияның құрамында Конститу­ция мерекесіне ортақтасуға келгенін мәртебе көретінін,  Қазақстанның қаржы дағдарысы кезінде де сыр бермей, қайта басқа  елдерге үлгі-өнеге көрсетіп отыр­ға­нына шын жүрегімен шаттанатынын қуана айтты.

 

Шығыс Қазақстан облысы

Биылғы мереке облыс тұрғындарының есінде ұзақ сақталмақ. Рухани азығымызды толтыратын ұлы ақындар Абай мен Пушкинге арналған ескерткіш елдің еңсесін көтеріп тастаса, сол күні облыс  әкімі Бердібек Сапарбаев ел экономикасының артуына, облыс тұрғындарының әл-ауқатының көтерілуіне жағдай жасайтын бірнеше әлеуметтік ғимараттарды ашты.  

 

Елбасы Н.Назарбаев жазда Кенді Алтайға келген сапарында көш басында тұрған “Казцинк” ЖШС басшыларымен кездесіп, қала тұрғындары үшін алты теннис кортын және балабақша құрылысын салу жөнінде тапсырма берген еді. Ал үстіміздегі жылдың 30 маусымында облыс әкімі Б.Сапарбаев пен “Казцинк” ЖШС президенті Николай Попович Елбасы тапсырмасына орай балабақша мен теннис орталығын салу жөніндегі өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойған-ды. Ғимараттар құны 700 миллион теңгеге жуық.  Құрылысты толық аяқтаған соң, алып кәсіпорын қос ғимаратты да қала тұрғындарына тарту етпек. Оның іске қосылу мерзімі – келер жылдың маусымы.

Конституция күні екі құрылыстың да тағаны құйылып, құрылысшылар мен монтажшылар іске кірісіп кетті. Оның ашылуында облыс әкімі Б.Сапарбаев, “Казцинк” ЖШС-нің өндіріс жөніндегі вице-президенті Хамит Жақыпов сөз алып, қала тұрғындарын құттықтады. Бұ­дан кейін 250 балаға арналған “Балапан” атты балабақшаның құрылысы да бас­талды. Облыс әкімі бес және тоғыз қа­бат­ты тұрғын үйлерді аралап көрді, пәтерлер  (барлығы 180) қазірдің өзінде әзір тұр.  Облыс әкімі биылдан бастап жеке меншік тұрғын үй саламын дегендерге жер телімдерінің ешқандай кедергісіз бөлініп жатқанын тілге тиек етті. Ал Өскемен қаласының әкімі Ислам Әбішев сол күні тұсауы кесілген “Ануар” сауда үйі мен “Қызғалдақтар саябағында” 200-ге тарта адамның жұмысқа орналасқанын жеткізді.

Конституция мерекесіне ондаған мың өскемендіктер қа­тысты. Таңер­тең­гілік Ұлы Отан со­ғысында қаза тап­қандарға арналған Даңқ мемо­риа­лына облыс әкімі мен ардагерлер гүл шоқтарын қойды. Содан кейін орта­лық алаңда өске­мен­дік тауар өн­дірушілердің жәр­меңкесі өтті.

Абай ес­керт­кіші асқақтатып тұрған Республика алаңында сағат 10.00-де еңбек ұжымдары мен қала тұрғын­дары­ның шеруі бас­тал­ды. Диктордың саңқылдаған үні қала тұрғындарының мерекеге лайықты тартумен келгендерін, жыл басынан бері өнім өндіру көлемінің артқанын, “Жол картасы” бойынша облыста 10 мыңнан астам жұмыс орнының ашылғанын жет­кізуде.

Сағат 11.00-де Елбасы Н.Назар­баев­тың мерекелік құттықтауын көпшілік үл­кен экраннан тамашалады. Қала ип­по­дромында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті. Спорттың әр түрінен өткен бәсе­ке­лер, аулалар мерекесі, саябақтың, “Локомотив” стадионының ашылуы да көп­шілікті бір серпілтіп тастады.

 

*  *  *

Семейде еліміздің Ата Заңының мере­кесіне арналған іс-шаралар 27 тамыздан басталып кетті. Ол осы күні Абай ескерт­кіші жанында ақындар байқауымен ашылды. Бұдан кейінгі мәдени шаралар орталық саябақта, Әуезов алаңында, “Эльдорадо” сауда кешені алдында өз жалғасын тауып жатты.

Ал Конституция күніне арналған мере­келік жиын мен ойын-сауық келер күні Абай атындағы театрда өтті. Оның соңы цементшілер кентіндегі Глинка көшесінің мерекесіне ұласты. Жұма күні кешкісін орталық алаңда “Семей – саған ар­налады әніміз” деген тақырыппен ретроконцерт өткізілді. Ал оның соңы Ата Заң мерекесіне арналған конкурсқа жал­ғасты.        Келер сенбі күні Ертістегі аралда Семей өңірінде алғашқы ядролық сынақ­тар­дың жарылғанына – 60, сондай-ақ полигонның жабылуының 20 жылдығына арналған қала тұрғындарының митингісі өткізілді. “Экология. Радиация. Ден­сау­лық” деген тақырыппен медицина ака­де­миясында өткізілген халықаралық ғылы­ми-тәжірибелік конференция да осы та­қырыпқа арналды. Конституция күніне ар­налған ат спорты ойындары қала сыр­тындағы ипподромда өткізілді.



Авторы: “Егемен Қазақстанның” тілшілер тобы.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат