Егемен Қазақстан          

ЖАЗЫЛУ

Яндекс.Метрика

№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2009-09-02:

“ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ”  РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

Қазақстан Республикасы Мә­дениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Қазақстан Респуб­ликасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1246 қаулысымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама­сын іске асыру жөніндегі 2009-2010 жыл­дарға арналған іс-шаралар жос­парының 27-тармағын орындау мақ­са­тында 2009 жылғы қараша айында республикалық “Қазақ тілінің үздік оқытушысы” байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты:

мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту;

мемлекеттік тілдің қолданбалы саласын жетілдіру;

мемлекеттік қызметшілерге мемле­­кеттік тілді үйрету үдерісінде әдістемелік шеберлігі шыңдалған оқытушылардың тәжірибесін кең насихаттау, тарату;

мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін жаңа оқыту технологияларын пайдалану негізінде үйретудің сапалы әрі тиімді жүйелерін анықтау;

қазақ тілінің кумулятивтік аспектісін кең пайдаланатын ұлттық педагогика ұстанымдары негізіндегі этнолингво­мәдени тұрғыдан оқыту әдістерін жүйелеу;

мемлекеттік қызметшілердің ак­меологиялық тұрғыдан кәсіби шебер­лігін қалыптастыруда тәжірибеде сыналған “Қазақ кәсіби шешендігіне баулу” әдістемелерін анықтау;

қазақ тілін мемлекеттік басқару саласы мен жекелеген салаларға тікелей байланысты оқу-әдістемелік кешендер жасауға негіз болу;

жаңа заман талаптарына сай же­тіл­дірілген авторлық оқу-әдістемелік жүйелер жасалуына түрткі салу;

мемлекеттік тілді оқытуда инно­вациялық жүйелер мен жаңашыл ой-пікірлердің қалыптасуына негіз болу және қазақстандық үлгілі, озық әдістеме жүйелерінің ортақ арнаға тоғысуына негіз қалау.

Байқаудың міндеттері:

1) мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметшілерге жеделдете, деңгейлік, жаңа оқыту технологиялары негізінде үйретудің сапалы әдістемесін қалып­тастырған ұстаздардың барлығы дер­лік осы байқауға қатыса алуы үшін БАҚ-тың мүмкіндіктерін пайдалану;

2) қазақ тілін өзге тілді ортада үйретуде “оқытушы – қазақ тілі тасу­шысы” (преподаватель как носи­тель обучаемого языка) ұстанымы бойынша сапалы нәтижеге қол жеткізген әдістеме авторларына баса назар қою;

3)            авторлық әдістемелік жүйе­сін­де ақпараттық, компьютерлік тех­но­логияны тиімді пайдаланып, кең тарату мүмкіндігі бар әдістеме автор­ларының еңбектеріне айрықша назар қою;

4) мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін үйретуде “Қазақстан Рес­публикасының мемлекеттік қызмет­шісінің тілдік тұлғасын қалыптас­тыру” міндетін қойып, осы бағытта жақсы нәтижелерге қол жеткізген оқытушылар әдістемесіне айрықша көңіл бөлу;

5) қазақ тілі сабақтарының дәстүрлі сабақтармен қатар оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып өткізілуін қадағалау;

6) байқауға қатысушы оқыту­шылардың арнайы жүйеде жинақта­латын “Әдістемелік қоржынында” мы­надай компоненттер болуын қадағалау:

- авторлық тұжырымдама;

- авторлық қазақ тілін оқыту бағдарламасы;

- авторлық әдістемелік жүйенің негіздемесі;

- авторлық әдістеменің оқу құралдары;

- авторлық эссе;

- қазақ тілі сабақтары үлгілері.

Байқау шарттары:

“Қазақ тілінің үздік оқытушысы” байқауына республика аумағында мемлекеттік мекемелерде қазақ тілі­нен сабақ беретін оқытушылар қатысады.

Конкурсқа қатысушыларға қойы­латын талаптар:

қазақ тілін оқытудың салалық авторлық бағдарламасын жасау;

оқытушының әдістемелік қоры­мен таныстыру және оның тиімді қолда­нылуын дәлелдеу;

оқытушының салалық тер­мино­логияны білуі және меңгертуі;

тіл үйретуде ОТҚ-ның (оқыту­дың техникалық құралдарының) қолданы­луын көрсету;

қазақ тілі сабағы арқылы қазақ­стандық патриотизмді тәрбиелеудің сабақтастық әдістемесін көрсету;

тіл үйрету барысында жағымды психологиялық ортаны қалыптастыру жолдарымен таныстыру.

Байқау төрт кезеңде өтеді:

Бірінші кезең – облыстық (қалалық) деңгейде өтеді. Облыстық, қалалық тіл басқармалары жанынан білікті маман­дардан қазылар алқасы құрылады. Бай­қауға қатысуға үміткер оқытушылардың құжаттары жиналады, сарапталады.

Екінші кезең – облыстық (қала­лық) тілдерді дамыту басқармалары бекіткен комиссия мүшелері, өздері бе­кіт­кен кестеге сәйкес іріктеуден өт­кен қаты­сушылардың жұмыс істейтін орындарына барып, сабағына қаты­сып, жұмысын сараптап, жүлде­гер­лерді анықтайды. Байқау қорытын­дысы бойынша жүлдегер аталған оқытушының құжаттары Тіл комите­тіне жолданады – 1 қазанға дейін.

 Үшінші кезең – облыс (қала) бойынша жүлделі І орынға ие болған оқытушылардың құжаттары Тіл комитеті бекіткен комиссия мүшеле­ріне жол­данады. Комиссия сарап­тауы­нан өткен құжаттардың иелері байқаудың респуб­ликалық деңгейіне өтеді.

Төртінші кезең – республикалық деңгейге өткен оқытушылардың жұмы­сымен комиссия мүшелері қызмет орнына барып танысады.

Комиссия қорытындысы бойын­ша жүлделі орындарға ие болған оқы­тушылар Астана қаласына марапат­тауға шақырылады.

Байқау жеңімпаздары диплом­дармен және бағалы сыйлықтармен марапатта­лады.

Мекен жайымыз: Астана қаласы, Есілдің сол жағалауы, “Министр­ліктер үйі” ғимараты, 15-кіреберіс. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті, “Қазақ тілінің үздік оқы­тушысы” республикалық байқауы.

Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-05-01 (тел/факс 74-05-06); E-maіl: kubasheva@mkі.kz, ahaeva@mkі.kz

Ескерту: бұрынғы байқаулардың жүлдегерлері биыл өткізілетін респуб­ликалық байқауларға жіберілмейтін болады.

Авторы:

ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат