Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2009-09-05:

ҰЛТ ҰЙЫТҚЫСЫ – ҰЛТТЫҚ РУХ

Оны ұрпақ тәрбиесінің арқауына айналдыру  — басты борышымыз

 

Қазіргі қо­ғамға өзін-өзі үнемі дамытып отыруға қабілеті бар, рухани құнды­лық­тардың ту ұстаушысы, демократия, гу­ма­низм, мәдениет сияқты жалпыадамзаттық бағалы қасиеттерді бойына сіңірген, хал­қының тарихы мен салт-дәстүрін білетін, өзінің ойы мен істеріне жауап бере алатын, саяси құқықтық мәдениет пен басқарудың нарықтық қағидаттарын жетік меңгерген, бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандар қажет.

 

Қазіргі таңда бүкіл әлемді шарпыған қаржылық дағдарысқа байланысты еліміздің Президенті Н.Назарбаев үстіміздегі жылы Қа­зақстан халқына арнаған “Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға” атты Жолдауында: “Дағ­дарыстар өтеді, кетеді. Ал мемлекет тәуел­сіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады... Халқымыздың басына түскен қандай да бір сынаққа қара­мастан біз тәуелсіздігімізді нығайту жолын­дағы жасампаз істерімізді жалғастыра бермекпіз”, деген болатын.

Елбасы дағдарыстан шығуда тек Үкіметке ғана иек артпай, сонымен бірге, бүкіл халқымыз болып жұмыла кірісуге шақырды. Әрине, Үкімет тарапынан арнайы бағдарлама қабылданып, дағдарыстан шығуға, оның ықпалын азайтуға бағытталған саяси, экономикалық және басқа да түрлі шаралар жасалып жатыр. Оны көріп-біліп отырмыз. Алайда, Елбасымыз ІІІ Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінде: “Бүгінде алдыңғы тұрғыға ізгілік бас­таулары шығуы тиіс. Санадағы өзгерістерсіз, моральдық нормалар мен биік адамгершілік қағидат­тарды қатаң сақтаусыз дағдарысты еңсере алмайтынымызға мен се­нім­дімін!” – деп қадап айтты, яғни дағда­рысты еңсеріп, мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту үшін қоғамда болашаққа деген сенім, рухтың күштілігі керектігін білдірді. Бұл ойды Ата Заң күніне орай елордада өткен әскери парад алдында сөйлеген сөзінде тағы да дәйектей түсті.

Рух – жалпыадамзаттық құбылыс, негі­зінен ол ұлттық формада өмір сүреді. Өйткені, қандай да бір адам болмасын, ол белгілі бір ұлттың, этностың өкілі. Ұлттық рухтың маз­мұны – өз ұлтыңа деген ерекше сүйіспен­шілік. Ол сүйіспеншілік қайдан пайда болады? Егер де өз ұлтыңның топырағында туып-өссең, оның болмысын қаныңа, жаныңа, тәніңе сіңірсең, тілін мең­герсең, тарихын, мәдениетін, әдет-ғұр­пын білсең, оған деген сүйіс­пеншілік ерекше болады. Бұл – ұлттық рухтың негізгі базасы болып табылады. Бұл арада, өз топырағына кіндік қаны тамбаған адамда ондай сезім болмайды деген ойдан аулақпыз. Қаны да, жаны да таза қазақтар өте көп. Иә, рух қалыптасу үшін ұлт­тың жағдайын, жете алмай тұрған кемістік­терін, алдына қоятын нақты мақсатын, яғни ұлттық рухтың мәнін кім де болса сезіне білу керек. Сонда ғана ұлттық рух қалып­тасады. Ұлттық рухты тек түсініп, сезініп қою жеткіліксіз, ең негізгісі, өз ұлтың үшін бел­сенді іс-әрекетке көшу керек. Мысалы, жоңғар шапқыншылығы кезіндегі ұлттық рухтың (қазіргі кезде бұны ұлттық идея деп те атауға болады) негізгі мәні – жаудан ата-баба жерін азат ету болды. Сол кезде ұлттық рухтың мазмұны бір-ақ ауыз сөзбен – “Атажұртың үшін аттанмен!” жеткізілгені, осы сөздің құдіретінің, ұйымдастырушылық күшінің қалай болғаны баршамызға белгілі.

Ұлттық рухты қалыптастырудың, оны дамытудың негізгі құралы – тәрбие. “Адамға білімнен бұрын тәрбие беру қажет. Тәрбиесіз алған білім – адамзаттың қас жауы”, – деп Әл-Фараби бабамыз айтқандай, қазіргі таңда барлық білім ордаларының алдында “Кімді оқытамыз, кімді тәрбиелейміз, қандай маман даярлаймыз?” деген сұрақ тұр. Әрине, маманды шетелде дайындауға немесе көп ақша беріп шеттен алдыруға болады. Алайда, сол мамандарымыз қазіргі таңда еліміздің тәуелсіздігін, елдің тұтастығын сақтап қалуға қаншалықты үлес қоса алады? Қазіргі рухани құндылықтар материалдық құндылықтарға қарағанда әлдеқайда төмен тұрғаны анық. Мұндай жағдайда, яғни нарық заманында сол рухани құндылықтар тиын-тебеннің “құлы” боп кетпей ме?

Сондықтан біздің ойымызша, қазіргі қо­ғамға өзін-өзі үнемі дамытып отыруға қабілеті бар, рухани құндылықтардың ту ұстаушысы, демократия, гуманизм, мәдениет сияқты жалпыадамзаттық бағалы қасиеттерді бойына сіңірген, халқының тарихы мен салт-дәстүрін білетін, мемлекеттік, орыс және шет тілдерін меңгерген, өзінің ойы мен істеріне жауап бере алатын, саяси құқықтық мәдениет пен басқарудың нарықтық қағидаттарын жетік меңгерген, жан-жақты, бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандар қажет. Осы ұстаным кез келген оқу орнының жастарды тәрбиелеу ісінде басты назарда болу керек деп есептейміз.

Жоғарыда аталған талаптарды ескере отырып, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті бұл істі оқу-тәрбие жұмысында тиімді өрістетіп келеді. 2008-2010 жылдарға арналған “Студенттерді қазақстан­дық патриотизмге тәрбиелеу және оны да­мыту” кешенді бағдарламасы университет рек­торы, ҰҒА құрметті академигі, профессор Жек­сенбек Әділовтің тікелей басшылығымен жүзеге асуда. Қаз ҰТУ-дың жоба-жоспарына студенттерді оқу орнының табалдырығын ал­ғаш аттаған сәттегі “Білім күні”, “Студенттер қатарына қабылдау” рәсімінен бастап, білім ұясымен қоштасар кездегі “Үздік түлектер фестиваліне” дейінгі аралықтағы іс шаралар барынша қамту мақсатында ойымызды дәйектей түседі.

Оқу-тәрбие үдерісін жоспарлауда, ұй­ым­дастыруда және басқарып, бақылау жасауда мына негізгі ұстанымдар басшылыққа алынып отырады:

hоқыту мен тәрбие ісінің біртұтастығы, оқу үдерісін өмірмен ұштастыру және қоғамның дамуымен тығыз байланыстыру:

hтәрбие жұмысының ғылымға негізделуі, үздіксіздігі, сабақтастығы және жан-жақты­лығы;

hтәрбие жұмысын ұйымдастыруда ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың ерекшеліктерін назарға алу;

hжастардың құқықтары мен бостан­дық­тарын сақтау, көзқарастарымен санасу, жастар мәселелерін демократиялық ұстанымдар тұрғысынан қарау;

hмақсат қоя білуді, шынайы және ұтымды әрекеттерді нақты негізде пайдалану;

hтәрбие жұмысында даралық, топтық және бұқаралық әдістер мен амалдардың үйлесімін табу;

hстуденттік жастар ұйымдарына, соның ішінде ҚазҰТУ-дың студенттік бірлестік­терінің жұмысына жоғары деңгейде қолдау көрсету, т.б.

Оқу үдерісінің танымдық-теориялық және ғылыми-әдістемелік деңгейі, оның мазмұны мен ұйымдастыру мәдениеті және оқы­тушының өнегесі болашақ мамандарды тәрбиелеу мен оқыту және оларды дайындау сапасына барлық жағынан терең ықпал ететіні белгілі. Сондықтан тәрбие жұмысының негізгі қағидаттарының бірі – оқу мен тәрбие үдерісінің біртұтастығын қам­тамасыз ету.

Барлық оқу топтарына 1-курстан 4-курсқа дейін тәжірибелі ұстаздардан эдвайзерлер тағайындалады. Сонымен бірге, университетте студенттермен жұмыс комитеті – кураторлар кеңесі құрылып, оның құрамына бір оқы­ту­шыдан сайланды. Кафедралардағы моралдық-психологиялық жағдайға, еңбек және оқу тәр­тібін нығайтуға, оқытушы мен студент ара­сындағы үйлесімді қарым-қатынас орнық­тыруға, өзара түсінісушілікті қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөлініп отыр. Университетте жыл сайын білікті ұстаз-ғалымдардың тәжірибесін жастарға үйрету мақсатында “Жас лекторлар мектебі” ұйымдастырылады. Үстіміздегі оқу жылынан бастап, ректордың бастамасымен жас оқытушыларға арналған “Ұжымдық мәдениет және оқытушы әдебі” атты тренинг-курстар өткізілуде.

Әлеуметтік мониторинг және болжау орталығы студенттер мен оқытушылардың қарым-қатынасы, оларды құқықтық тұрғыдан қорғау және басқа да өзекті мәселелерге байланысты зерттеулер мен сараптама жүргізіп, ұсыныстар дайындайды. Аталған орталықтың соңғы 6 жылдағы зерттеулерінің нәтижелері ғылыми кеңес отырысында талқыланып, үстіміздегі жылы “Техникалық ЖОО студенттері: социологиялық талдау” та­қырыбымен қазақ және орыс тілдерінде ғы­лыми монография жарыққа шықты. Жылына екі рет сессия алдында оқытушы­лардың білім беру сапасын зерттеу мақсатында студенттер арасында “Оқытушы – студент көзімен” атты сауалнама жүргізіліп келеді.

Елдегі нарықтық қатынастар мен демо­кратиялық өзгерістер талабына сәйкес, оқы­тудың кредиттік жүйесіне көшу ерек­ше­лік­терін ескере отырып, әлеуметтік-гумани­тар­лық пәндердің мазмұны байытылып, мето­дологиялық және әдістемелік негіздері жа­ңар­тылды. Қоғамдық пәндер, тілдер кафедра­лары, ғылыми кітапхана, жастар ісі жөніндегі комитет Ата Заңымыздың, “Қазақстан-2030” Стратегиялық бағдарламасының, Елбасы жолдауларының негізгі қағидаларын наси­хаттауға арналған дөңгелек үстелдер, семи­нар­лық сабақтар, пікірталас кештерін ұйымдас­ты­ру жүйелі жолға қойылды. Қ.Сәтбаев орта­лығының ұйымдастыруымен “Сәтбаев­тану” факультативтік пәні сабақ кестесіне енгізілді. Қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі “Сәт­баевтану” оқулығы еліміздегі Қ.Сәтбаев атындағы барлық оқу орындары мен орта­лықтарға тегін таратылды.

“Білім күні”, “Тілдер апталығы”, “Сту­дент­тер қатарына қабылдау”, “Сәтбаев күн­дері”, “Үздік түлектер фестивалі” атаулы күндерін спорттың 10 түрінен өтетін “Сту­денттік спартакиаданы” өткізу дәстүрге ай­налды. Жыл сайын 500-600 үздік бітіруші мен қоғамдық жұмысқа белсене қатысушы түлектердің есімдері университеттің “Алтын кітабына” жазылып отырады.

Іргелі оқу орны пікірталас клубының “SPE” инженер-мұнайшылар, инженер-геологтар студенттік қоғамының мүшелері халықаралық, республикалық дебат-турнирлер мен брейн-ринг турнирлерінің, конфе­ренциялардың бірнеше дүркін жеңімпазы атанды. Ал академик А.Машани орталығы жанынан құрылған “Әбжад” клубының талқылайтын тақырып аясы кеңейіп, мү­шелерінің саны Алматы қаласындағы басқа да ЖОО-лар студенттерімен толығып отыр.

Тәрбие жұмыстарының сабақтан тыс фор­малары жыл сайын дамып, аумағы ұлғайып келеді. Қазір университетте 17 көркем­өнер­паздар үйірмесі, спорттың 21 түрінен 45 сек­ция жұмыс жасайды. “Технар-политех” КВН командасы республикалық сайыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы болса, “Хан­шайым” бишілер тобы отандық “Жас толқын-2006” фестивалінің Гран-при иегері, Бүкіл­әлемдік студент жастар фестивалінің 1-ші дәрежелі лауреаты, Халықаралық “Шабыт” фестивалінің дипломанты. “Жас толқын-2007” республикалық фестивалінде көркемөнер­паздар коллективі жалпыкомандалық 1-ші орынды жеңіп алды.

Спортшылар арасынан Әсет Мәмбетов Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанса, грек-рим күресінен 5-ші орын алған Леонид Спиридонов, Геннадий Черновол Афина олимпиадасына қатысты. Эльмир Әлімжанов пен Ералы Тіленшиев семсерлесуден, Талипов Бауыржан қазақша күрестен әлем чемпионы болды. Азия мен республиканың каратэ-додан бірнеше дүркін чемпионы Гаухар Орымхан халықаралық дәрежеде спорт шеберлігін қорғады. Соңғы 5 жылдың ішінде біздің спортшыларымыз үздік командалар қатарынан табылды.

Қорыта айтқанда, университетте тәрбие жұмысының ғылымға негіз­дел­ген жүйелі, үздіксіз сипатына қол жет­кіздік деп есептеуге болады. Бұл өз ке­зегінде әрбір студенттің бойындағы та­лантын және білім алуға деген қы­зы­ғушылығын ашуға жағдай жасайды.

Алматы қаласындағы мәдени-бұқаралық, қоғамдық-саяси шараларға белсене араласқаны үшін қалалық, аудандық әкімшіліктер және қоғамдық ұйымдар тарапынан университет бірнеше мәрте жоғары бағаға ие болды. Соңғы бес жыл қатарынан Алматы әкімдігі ҚазҰТУ-ды мемлекеттік жастар саясатын дамытудағы үздік ЖОО ретінде танып отыр. Ал, үстіміздегі оқу жылында Мемлекеттік аттестациялық комиссия “ҚазҰТУ әрбір студенттің бойындағы қабілетін тануға, талантын ашуға жағдай жасайтын тәрбие жұмыстарының жекелеген, топтық және бұқа­ралық әдістерін игеруге, тәрбие үдерісінің жүйелілігіне, ғылымға негізделуіне қол жеткізген” деген баға берді.

Дегенмен, бізде еліміздің барлық жоғары оқу орындарына тән әлі де болса шешілмеген мәселелер бар. Соңғы 5-6 жылдарда өзекті болып отырған студенттерді жатақханамен қам­тамасыз ету ісі әлі шешімін таппай отыр. Қазіргі таңда жатақханаға өтініш білдірген студенттердің тек 25-30%-ын ғана орналас­ты­руға мүмкіндік бар. Сондықтан студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, оларға тиісті тұрмыстық жағдай жасау жұмыстарының ашықтығын сақтау мақсатында университет құрамындағы барлық институттарда студенттік қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жатақханадан орын бөлуге, материалдық көмек көрсетуге шешім шығаратын комис­сиялар құрылып, негізінен жетім, жартылай жетім, оралман, көп балалы отбасынан шыққан, барлығы 2100-ден астам студент жатақханаға орналастырылды. Сонымен бірге, жатақханадан орын жетпеген, пәтер жалдап тұратын 250 студентке ай сайын ақшалай көмек көрсетіліп отырады.

Өкінішке орай, өндіріс орындарында әлі күнге дейін мемлекеттік тілдің қолданылу аясы өте тар. Сондықтан қазақ бөлімін бітірген түлектеріміз жұмысқа орналасу жағынан, жұмыс орнына үйренісу, қалыптасу жағынан қиыншылықтарға кездесіп жүр. Ал, жыл санап университеттегі қазақ топтарының үлес салмағы көбейіп келе жатқанын ескерсек, бұл мәселе күрделене түспек.

Елімізде 700-ге жуық жастардың қоғамдық ұйымдары бар екен. Алайда, солардың көбінің не істеп, не қойып жатқаны белгісіз, жүйелі жұ­мыс жоқ. Көбі даңғазалыққа құмар. Ал кейбірі министрлік, әкімдіктер арқылы өздері өткізіп жатқан мән-мағынасы шамалы ша­ра­ларға студенттердің көптеп қатысуын “сұрап”, оқу орындарының мазасын алып жатады.

Біздің ойымызша, еліміздің әлемдік ақ­па­раттық кеңістікке ену үдерісін, тарихи және мәдени мұраларымызды, халқымыздың дәс­түрін, геосаяси жағдайымызды ескеріп, мем­ле­кеттік тұрғыдан жастар тәрбиесі бой­ынша ке­шенді нормативтік, методологиялық, құ­қық­тық бағдарламалар, заң актілері қабылдану керек және осы бағдарламаларды жүзеге асы­ру механизмдері болуы тиіс. Ол ұлт ұйытқысы – ұлттық рухқа негізделуі деп білеміз.



Авторы: Ұлықпан СЫДЫҚОВ, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректоры, профессор, Рәт БЕРДІБАЕВ, тәрбие жұмысы департаментінің директоры.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат