Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2009-09-08:

Айтмұхамед МУСИН (1899-1938)

А.Мусин Семей уезіне қа­расты Ботпай елді мекенінің Қайындық болысында өмірге келген. Ауылда сауатын ашып хат таныған соң, Се­мейге оқуға барады. 1920-1921 жылдары үш айлық педа­гогикалық курсты және сегіз айлық жалпы білім беретін курсты тәмамдайды.

1921-1925 жылдары Семей қаласындағы балалар коммунасына қазақ тілінен сабақ береді, қазақ бас­тауыш мектебінің меңге­рушісі бо­лып істейді. Ара-тұра ауылға барып, әке-шешесінің шаруа­шылығына көмектесіп тұ­руды да естен шығармайды. Қоғамдық жұмыстарға ат­салысуы осы кездерден баста­лады. Боль­шевиктер қата­рына өтеді. Іскер де білгір басшы ретінде 1925 жылғы қыркүйек айында Өскемен БК(б)П уез­дік комитетінің ұйымдас­тыру бөлімінің мең­геру­шілігіне жоғарылаты­лады. Бұл қызметте екі жыл­дай істеп, 1927 жылы Мәскеуге оқуға аттанады. 1930-1933 жылдары Алматы облы­сындағы Жаркент және Сыр өңіріндегі Қызылорда ау­дандық партия коми­тет­терінің хатшысы болып істейді.

1932 жылғы 14 тамызда “Ауыл коммунисі” (қазіргі “Ақи­қат”) журналының жауапты редакторы болып бекітіледі. Ал 1932 жылдың сәуірінен 1934 жылдың науры­зына дейін “Социалистік Қазақстан” газетінің жауапты редакторы болады.

1934 жылы қайтадан пар­тиялық жұмысқа ауыс­ты­ры­лады. Алғаш БК(б)П Қара­ғанды облыстық коми­теті­нің екінші хатшысы болып істейді де, кейін об­лыстық ат­қару комитетінің төраға­лы­ғына сайланады. Бұл қыз­метте екі жылдай болады. 1936 жылы Ақтөбеге жі­бе­ріледі. Сөйтіп БК(б)П облыс­тық комитетінің бірінші хатшысы болып істейді.

1937 жылы тұтқынға алы­нып, 1938 жылғы 15 ақ­пан­да КСРО Жоғары Соты­ның Әскери алқасы ату жа­за­сына кесті. Үкім орын­далды. 1960 жылғы наурызда Айт­мұхамед Мусин  ақ­талды.

 

Ғабит МҮСІРЕПОВ (1902-1984)

Ғабит Махмұтұлы қа­зір­гі Солтүстік Қазақ­стан об­лысы, Жамбыл ауданы Жаңа­жол ауылында өмірге келген. Қазақ әдебие­тінің классигі, қоғам қай­раткері, Социалис­тік Еңбек Ері.

Жастайынан ауылда араб­ша оқып хат таныған. 1916 жылы екі класты ауыл­дық орыс мектебінде, сонан соң төрт жылдық мектебін­де дәріс алған. 1923 жылы Орынбор қаласындағы жұ­мыс­шы факультетіне түсіп, оны 1926 жылы бі­тіріп шы­ғады. Мұнан кейін Омбыдағы ауыл шаруа­шылығы институ­тында оқиды. 1928 жылы Бурабай орман шаруашылығы тех­никумында оқытушы болып істейді. Жазуға деген құш­тарлығы осы жерден бас­талады.

30-шы жылдары қоғам­дық жұмыстарға белсене ат­салысады. Баспа орын­дарында, ке­ңес, партия мекеме­ле­рінде жауапты қызметтер атқарады. 1934 жылдың нау­рызынан 1936 жылдың мау­сымына дейін “Социалистік Қазақстан” газетінің бас редакторы болып істейді.

1938-1955 жылдар ара­лы­ғында бірыңғай жазу­шылық жұмыспен шұғыл­данады. 1955-1966 жылдары – “Ара” журналының бас редакторы, Қазақстан Жа­зушылар одағы басқарма­сының бірінші хат­шысы. 1958 жылдан бастап КСРО Жа­зушылар одағы бас­қармасы хатшыларының бірі, Лениндік және Мемлекеттік сыйлық­тар жөніндегі Бүкіл­одақ­тық комитетінің мү­шесі болды.

Ғ.Мүсіреповтің еңбегі ора­сан. Бәрінен бұрын жұрт­шылық оны қазақ әдебие­тінің проза, драматургия салаларының дамып, көрке­юіне өзінің құнды туынды­ларымен зор үлес қосқан үлкен жазушы деп таниды, көркем сөздің шебері, зергері деп біледі.

Ғ. Мүсірепов 1984 жылы қайтыс болды.

 

Жанайдар СӘДУАҚАСОВ (1898-1938)

Ж.Сәдуақасов Қара­ғанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданында туған. Ауылда сауатын ашып, хат таныған. Сонан кейін өз бетімен тал­пынып түрлі оқу орын­дарында оқыған. 1919 жылы қазақ жас­тары демокра­тиялық кеңесінің Омбыдағы ұйымын құруға белсене атсалысады. 1920 жылы большевиктік партия­сына кіреді.

1919-1922 жылдары Ақмола уезі мен гу­бер­ниясында жауапты қыз­меттер атқа­ра­ды. 1922-1928 жылдары Қыр­ғыз ОАК-нің жауапты хат­шысы, Адай уездік рево­лю­циялық коми­тетінің төр­ағасы, ҚАССР қаржы халық комисса­риа­тының орын­ба­сары, Сыр­дария губерниялық атқару комитетінің төр­ағасы болады.

1928-1929 жылдары Әді­лет халық комиссары, респуб­лика прокуроры болып іс­тейді. Ал 1929-1936 жылдары БК(б)П Қазақ өлкелік ко­митетінің бөлім меңгеру­шісі, хатшысы қызметтерін атқарады.

Қазақ өлкелік комитеті секретариатының 1930 жылғы 14 желтоқсандағы шешімі бойынша Жанайдар Сәдуақасов “Қазақстан боль­шевигі” (“Ақиқат”) журна­лының редакторы болып бекі­тіледі. 1936 жылдың сәуірінен қыр­күйегіне дейін  “Социалистік Қазақстан” газетінің жауап­­ты редак­торы болады.

1936-1937 жылдары ҚССР Халық комиссарлары ке­ңесі төрағасының орын­басары, Алматы облыстық партия комитетінің хат­шысы болып істеді.

Ж.Сәдуақасов 1938 жылы репрессияға ұшырады. 1957 жылы ақталды.

 

Жүсіпбек АРЫСТАНОВ (1904-1992)

Ж.Арыстанов Қызылорда облысына қарасты Тереңөзек ауданының бірінші ауылында өмірге келді. Жасынан ізденімпаздығымен ерекше­ленген ол сауатын елде жүріп-ақ ашты.

Ол он бес жасында-ақ комсомол қа­тарына өтіп, оның төменгі буындарында жұмыс істей бастады. Бір топ қазақ жастары, комсомол актив­тері болып 1922 жылы Мәс­кеудің Шығыс еңбекшіле­рінің коммунистік универ­си­тетіне (КУТВ) оқуға атта­нады. Талантты жас оқи жүріп, комсомол жұмысына белсене қатысады. Білім алу­ды еңбекпен ұштастырып, СССР халықтары Орталық баспасында қазақ секциясы­ның жұмысын басқарады. Сол жерден Орта Азиядағы Ферғана майданына атта­нады, басмашыларға қарсы күреске қатысады.

1925 жылдан бастап рес­публикамыздағы педагогтік, журналистік, партиялық жұмыстарға белсене ара­ласады. Жетісу губерниялық партия-совет мек­тебінде, Алматы педагогика технику­мында, Орта Азия мемле­кеттік университетінде, Қазақ мемлекеттік универ­си­тетінде ғылыми, жауап­ты педагогикалық қызмет­терде болады. 1933 жылы партия Арыстановты Әулие­ата ауданына (қазіргі Жамбыл облысы) Майтөбе ет-сүт совхозы саяси бө­лімінің бастығы етіп жі­береді. Осы жерде ол шаруа­шылықтың өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосады. Еңбегі бағаланып, келесі жылы Ле­нин орденімен наградталады.

Ж.Арыстанов мұнан кейін Алматыдағы Марк­сизм-лени­низм институты директоры­ның орынбасары әрі бас редакторы болып істеп, орыс классиктерінің шығармала­рын қазақ тіліне аудару және басып шығару ісіне лайықты үлес қосты. Ол Қазақстан Өлкелік партия комитетінде бөлім меңгерушісінің орын­басары болды.

Оның журналистік қыз­метінің өзі бір төбе. Шым­кент, Жетісу губерниялық газеттері, “Ауыл коммунисі” журналы редакторының орынбасары қызметтерін атқарды. 1937 жылдың сәуі­рінен 1938 жылдың маусы­мына дейін “Социалистік Қазақстан” газетінің ре­дакторы болып істеді. Осы жылдар ішін­де ол Қазақ­стан Коммунистік партиясы Ор­талық Комитетінің мүшесі және Орталық Комитет бюросының мүшелігіне канди­дат болып сайланады.

Ж.Арыстановтың “Жа­лынды жүрек”, кейін “Таң жұлдызы” деген атпен өң­деп, толықтырып шығарған кітаптары республика жас­тар ұйымының өміріне, оның жалынды ұйымдасты­рушысы және жетекшісі Ғани Мұратбаевтың өмірі мен қоғамдық қызметіне арналған. Ал “Сұңқар да жерді мекендейді” деген деректі повесі халқымыздың қалаулы ұлдарының бірі – Ораз Жандосовтың өмірі мен қызметін баяндайды. “Естен кетпес есімдер” ат­ты естеліктерінде респуб­ликаның көр­некті адам­да­рының, белгілі қайраткер­лерінің өсу, қалыптасу жолдарын ел өмірімен тығыз ұштастыра көрсетеді.

Ж.Арыстанов 1992 жылы қайтыс болды.

 

Сақтаған БӘЙІШЕВ (1909-1982)

С.Бәйішев Ақтөбе облысына қарасты Байғанин ауданының Ақжар ауылында туып-өскен. Белгілі қоғам қайраткері, ғалым.

1937 жылы Алматыдағы Марксизм-ленинизм инсти­тутын бітірген соң бірден осы жерге қызметке алы­нып, кейін Марксизм-ле­нинизм қазақ ғылыми-зерт­теу инс­титутының дирек­то­ры да болды. 1938 жыл­дың сәуі­рінен 1940 жылдың желтоқ­санына дейін “Со­циа­листік Қазақстан” газетінің жауапты ре­дакторы міндетін атқарды. Осымен бір мез­гілде Алматы жоғары оқу орындарында дәріс те берді.

С.Бәйішев Ұлы Отан соғысына басынан аяғына дейін қатысып, 100-ші атқыштар бригадасының, 364-ші атқыштар диви­зиясының саяси бөлім бас­тығы болды, Кеңес Армиясы Саяси бас басқармасы аппаратында жауапты қызметтер атқарды.

1946-1956 жылдары ол Қазақстан КП Орталық Комитеті  жанындағы Пар­тия тарихы институтының директоры, 1956-1968 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының вице-прези­денті болуымен қатар Эко­номика инс­ти­туты­ның директоры (1963-1967ж.ж.), осы институт­тың бөлім меңгерушісі (1968-1982 ж.ж.) қызметтерін ат­қарды. Осы жылдар ішінде ғалым елімізде ғылыми кадр­лар даярлау, жаңа ғылым салаларын қалыптастыру ісіне елеулі үлес қосты. Қазақстандағы социал-де­мократиялық қозғалыстың тарихын жазу, марксизм-ленинизм классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, басып шығару жөнінде үлкен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.

С.Бәйішевтің ғылыми еңбектері Қазақстандағы қоғамдық ұйымдардың тари­хын, республика эконо­мика­сының даму кезеңдері мен саяси экономика мәсе­лелерін зерттеуге арналған. Ол Ш.Уәли­ханов атындағы сый­лықтың лауреаты. Көп­теген ордендермен және медаль­дермен наградталған.

 

Әмір ҚАНАПИН (1913-1998)

Ә.Қанапин Қостанай об­лысының шеткері аймағын­дағы кедей шаруаның от­басында өмірге келген. Бас­тауыш білімді Қостанай мектеп-интернатында ала­ды. 1930 жылы қаладағы мұға­лім­дер курсын бітіреді де, Қазақ оқу-ағарту инс­титу­тына түседі. Бұл жер­де екі жыл оқып, мате­матика жә­не әлеуметтік-экономи­ка­лық пәндері бойын­ша мұ­ғалімдік диплом алып шыға­ды. Содан кейін Таулы Алтай облысындағы “Ойрот” колхоз институ­тында қызмет істейді.

30-шы жыл­дар­дың орта­сы­на та­ман Мәскеуге келіп, М.Ломоносов атындағы уни­верситеттің мате­матика-механика факультетіне оқуға түседі. Оны ойдағыдай бітір­ген соң КСРО Халық Комис­сарлары Кеңесі жанындағы Қазақ республикасының Тұ­рақты өкілдігіне қызметке орналасады. Республика оқу-ағарту халық комиссариа­тында басқарма бастығы, оқу-ағарту комиссарының орынбасары болып істейді.

1941 жылдың қаңта­рында Ә.Қанапин “Социа­листік Қазақстан” газетінің жауапты редакторы болып бекітіледі. Бұл жерде ол бір жылдай істеп, 1942 жылы Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшылығына ауысады.

Ұлы Отан соғысынан кейін комсомолдық жұмысқа жіберіліп, бес-алты жылдай Қазақстан ЛКСМ Орта­лық Комитетін бас­қарып, құр­мет пен беделге ие болады. Ленин орденімен наград­талады.

1951-1954 жылдары Алматы облыстық партия ко­митетінің бірінші хат­шысы, 1955 жылы Семей об­лыстық партия комитетінің хатшысы болып істейді де, содан соң республика Мәде­ниет министрі болып та­ғайындалады.

Ә.Қанапин өмірінің соңғы ширек ғасырын оқытушылық қызметке арнады. Алматы шет ел тілдері институ­тында кафедра меңгерушісі болып істеді. Үлкен лауа­зымды қызметтерден кейін ұстаздыққа ауысқан Әбекең  докторлық диссертация қор­ғап, жас мамандар даяр­лауға, ғылыми кадрларды жетіл­діруге лайықты үлес қосты.

 

Балтабек АСАНОВ (1907-1979)

Б.Асанов Павлодар облы­сының Баянауыл өңірінде өмірге келген. Еңбек жолын 1920 жылы Екібастұз көмір қазбаларындағы №1 шахта­ның кен жұмысшысы болудан бастады. 1933 жылы ол жур­налистік жұмысқа ауысып, Павлодардағы аудандық “Кол­хоз” газетінің редак­торы, одан кейін Магни­тогорскіде “Магнитор жұ­мысшысы” газетінің редак­торы болды.

1939 жылы ВКП (б) Ор­та­лық Комитетінің жанын­дағы курсты бітіргеннен кейін Б.Асанов “Социалистік Қазақстан” газеті редакто­рының орынбасары болып жұмыс істеді. 1940-1942 жылдары Алматы қалалық пар­тия комитетінің хат­шысы, одан кейін “Со­циалистік Қазақ­стан” газе­тінің редакторы болды.

Б.Асанов 1949 жылы Семей қалалық партия ко­митетінің бірінші секретары болып сайланды. 1952 жылы ВКП(б) Орталық Коми­тетінің жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген соң төрт жыл бойы Семей облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы болып істеді, одан кейін Солтүстік Қазақстан облыстық “Ленин туы” газетінің редакторы, “Социалистік Қазақстан” газетінің Қарағанды облы­сындағы меншікті тілшісі қызметтерін атқарды.

Б.Асанов Еңбек Қызыл Ту, Құрмет Белгісі орден­дерімен және бірнеше медальмен наград­талған.

 

Қасым ШӘРІПОВ (1912-1984)

Қ.Шәріпов Қызылорда облысының Тереңөзек ауда­нының түлегі. Жастайынан еңбекке араласып, түрлі бас­қыштардағы оқуды да ойда­ғыдай аяқтаған ол журна­лис­тикаға жас кезінен ара­ласады. 1929 жылы “Ленин­шіл жаста” (қазіргі “Жас Алаш”) әдеби қыз­меткер, бө­лім меңгерушісі болып іс­тей­ді. Сонан кейін Мәскеудегі мемлекеттік кинемато­гра­фия институ­тының жұмыс­шы факульте­тін (1930-1931 ж.ж.) бітіріп, сол оқу орны­ның әдебиет-сценарий фа­культетінде де оқиды (1931-1933 ж.ж.).

Ұлы Отан соғысы бас­талғанға дейін қайтадан жур­налистика саласында ең­бек етеді, партиялық ба­сылымдарда, Партия тарихы институ­тында жауап­ты қызметтер атқарады. Со­ғысқа қатысып, И.В.Пан­филов атындағы 8-гвар­диялық дивизияның рота по­литругы, майдандық газет­тердің редакторы болады.

1946-1974 жылдары Қа­зақстан КП Орталық Коми­теті жанындағы Партия тарихы институты дирек­торының орынбасар болып жүріп, В.И.Ленин шығарма­ларының 35 томын қазақ тіліне аудару ісін басқарды, Қазақстан КП Орталық Комитетінің ғылым және мәдениет бөлімі меңгеру­шісінің орынбасары болды, “Социалистік Қазақстан” газетінің редакторы, ҚазТАГ директоры сияқты лауазым­ды қызметтерді атқарды.

Қасым Шәріпұлы біздің газетті басқаруға (1949 жылдың наурызынан 1951 жылдың желтоқсанына дейін және 1955 жылдың тамызы­нан 1960 жылдың қыркүйегіне дейін) екі рет келіп, екі рет кеткен кісі. Мұндай оқиға өте сирек. Оның алғаш рет қызметтен босатылуы тура­л­ы шәкірті Балғабек Қыдыр­бекұлы өзінің “Жетпіс бестің отыз жетісі” деген еңбегінде былай деп жазады: “Елу бірінші жылдың қыркүйегінде Қасым Шәріпов орнынан босады. Оған негізгі себеп деп тапқаны: қазақ тарихына жазған сынында Кенесары Қасымовты мақ­тады деген айып тағылды... Қ.Шәрі­повті орнынан босат­ты. Бірақ ол қаулының (Қ.Шә­ріповті орнынан алу жөнін­дегі) жүзеге асуы тура үш жарым айға созылды. Өйт­кені, редактордың жал­ғыз кінәлі еместігіне Мәскеу көңіл аударды”.

Осыларды айта келіп, Бәкең Қ.Шәріповтің Қазақ­стан басшылығына П.К.По­но­маренко мен Л.И.Брежнев келген соң, яғни 1955 жыл­дың жазына таман қай­тадан “Социалистік Қазақ­станды” басқаруға жіберіл­генін жа­зады.

Қазақ баспасөзінің қара шаңырағының төрінде та­лай марқасқалар отырды ғой. Қ.Шәріпов сондай мық­ты редакторлар­дың бірі болды. Ол Қа­зақс­тан Ком­партиясы 4, 8, 10 съездерінде Орталық Комитет мүшесі, 12, 13 съездерінде Тексеру комис­сиясының мүшесі болып сай­ланды. Бірнеше рет Жо­ғарғы Кеңестің депутаты болды. Қазақстан Журналис­тер одағы басқармасының төр­ағасы (1959-1971 ж.ж.), КСРО Журналистер одағы басқармасының хатшысы (1960-1971 ж.ж.) қызмет­терін де атқарды. ІІ-дәре­желі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, Құрмет Белгісі ордендерімен және бірнеше медальдармен марапат­талған.

 

Ғұмар АҚҚҰЛОВ (1912-1957)

Газеттің жиырма төр­тінші редакторының өмір­бая­нын баяндамас бұрын, қы­зықты бір дерек келтіре кетелік.

“...Отыз жеті жыл ішін­де мен жеті редактор­мен істес болдым, – деп еске алады “Социалистік Қазақ­станның” 80-ші жыл­­дарғы бас редакторларының бірі Балғабек Қыдырбекұлы өзінің “Жетпіс бестің отыз жетісі” деген мақаласында (“Егемен Қазақстан”, 1994 жылғы 8 желтоқсан). Со­ның ішінде мақаланы ішек-қарнын ақтарып қарап бере­тін бір редактор елу екінші жылдың күзінде келген Ғұмар Аққұлов болатын. Ол да Орталық Комитеттен келді. Ол жақ­қа бізден партия тұрмысы бөлімінің меңгерушілігінен бас­пасөз секторының меңге­рушісі бо­лып барған-ды. Бө­лімде жүргенде бір бөлмеде отыратынбыз”. Бәкең бас­тығының тағы да біраз қызықты мінезін айта келіп, Ғұмар Аққұловтың Батыс Қазақстан облысының Орда ауданындағы Жетібай деген ауылдан екенін, бірақ оның паспортсыз (төлқұжатсыз – авт.) жүретінін, себебі ке­зінде Қытайда халықтық өкі­мет орнату жолында жа­сырын жұмыста болғанын жазады.

Әйтсе де біз мұражай құжат­тары мен сол кездегі шыққан кейбір газет-жур­налдарды ақтара отырып Ғ.Аққұловқа қатысты біраз деректер таптық.

Ол Батыс Қа­зақстан об­лы­сының Жетібай ауы­лында кедей шаруаның отба­сында өмірге келген. 1930 жылдан бастап мәдени-ағарту салаларында жұмыс істей бастайды. Бас­тауыш мектеп меңгерушісі, зауыт-фабрика оқуы мекте­бінің қызметкері болып іс­тейді. Кейін ком­сомол, пар­тия қызметтеріне ауысады.

1936 жылы Ғ.Аққұлов республикалық “Социалистік Қазақстан” газетінің редак­циясына жұмысқа келеді. Мұнда 1950 жылға дейін әдеби қызметкер, мектеп бө­лімінің меңгерушісі, жауап­ты хатшы және партия тұрмысы бөлімінің меңге­рушісі болып қызмет атқар­ды. 1950 жылдан 1952 жылға дейін Қазақстан Компар­тиясы Орталық Комите­тінің аппаратында баспасөз және баспа секторының меңгерушісі болып істейді.

1952 жылы ол “Социа­листік Қазақстан” газетінің жауапты редакторы қызме­тіне жоғарылатылады және екі рет Қазақстан Компар­тиясы Орталық Комитеті­нің мүшесі болып сайланды. Осылайша Ғ.Аққұлов біздің газетке 1955 жылға дейін басшылық етеді.

1955 жылдан өмірінің соңына дейін ол Қазақстан Компартиясы Орталық Ко­митетінің жанындағы Пар­тия тарихы институ­тының аға ғылыми қызметкері бо­лып істеді. Осы жерде жүріп марк­сизм-ленинизм классик­терінің шығарма­ларын қазақ тіліне аударуға белсене қатысты.

 

Кеңесбай ҮСЕБАЕВ (1914-1995)

К.Үсебаев Қызылорда об­лысының Жалағаш ауданына қарасты Мәдениет ауылында дүниеге келеді. Жетім бала­ларға арналған интернатта тәрбиеленеді. 1934 жылы Қызылорда қаласындағы же­ті­жылдық мектепті біті­реді. Одан кейін мектепте мұғалім болады. Қармақшы аудандық “Қызыл ту” газе­тінде қызмет істейді.

1935-1938 жылдары Алма­тыдағы Коммунистік қазақ журналистикасы институтында оқиды. Оқу­ды бітіргеннен кейін Қара­ғанды облыстық “Советтік Қара­ғанды” газетіне жібе­ріледі. Мұнда ол 1938 жылдан 1946 жылға дейін әдеби қыз­меткер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редак­тордың орынбасары қызмет­терін атқарады.

1946-1949 жылдары ҚКП Орталық Комитеті жанын­дағы Жоғары партия мекте­бін бітіреді. 1949-1953 жылдар аралығында Ақмола облыс­тық газетінің редак­­торы болады. 1953-1955 жылдары Қазақ КСР Минис­трлер Ке­ңесі жанындағы Радио­хабарлар жөніндегі комитет төрағасы, ал 1955 жылдан 1959 жылға дейін “Социа­­листік Қазақстан” газеті редакторының орын­басары қызметін атқарады.

1959-1960 жылдары К.Үсе­баев республика Минис­трлер Кеңесі жанындағы информа­циялық агенттіктің (Қаз­ТАГ) директоры болды. Ал 1960 жылы рес­пуб­ликалық “Социа­листік Қа­зақ­стан” газетінің ре­дакторы болып тағайын­далды. Бұл қыз­метті ол 1969 жылға дейін атқарды. 1969 жылдан 1975 жылға дейін Қазақ КСР Ми­нистрлер Кеңесі жанын­дағы телевизия және радио­хабар­лары жө­ніндегі коми­тет төрағасы болды.

Ол бірнеше рет Қазақ­стан Компартиясы Орталық Комитетіне мүше, Жоғарғы Кеңеске депутат болып сай­ланды. Қазақстан Журналис­тер одағы басқармасының төрағасы болды.

Елімізге сіңірген еңбегі үшін К.Үсебаев Еңбек Қызыл Ту, Құрмет Белгісі орденімен марапатталды, “Қазақ­станға еңбегі сіңген мәде­ниет қызметкері” атағы берілді.

 

Ұзақ БАҒАЕВ (1930-1973)

Ұ.Бағаев Алматы облы­сындағы қазіргі Райымбек ауданының түлегі. 1952 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң “Социалистік Қазақстан” газетіне әдеби қызметкер болып орналасады. Осы жер­де он жылдай еңбек етіп, бөлім меңгерушілігіне дейін өседі.

1962-1969 жылдары ол Қызылорда облыстық “Ленин жолы”, Талдықорған облыс­тық “Октябрь туы” га­зеттерінің редакторы болып істейді. 1969 жылы “Со­циалистік Қазақстан” газетін басқаруға келеді. Осы жерде өмірінің соңына дейін бас редактор болды.

Ұ.Бағаев бірнеше жыл Қазақ­стан Жур­на­листер одағының төрағасы мін­детін атқара жүріп, республика­дағы журналист кадрларын даярлау ісіне елеулі үлес қосты. “Халық бастамасы – қайнар бұлақ” (1961 ж.), “Дала жұлдыздары” (1970 ж.), “Жан сұлулығы” (1975 ж.), тағы басқа да кітап­тары жарық көрген. Еңбек Қызыл Ту, Құрмет Белгісі ордендерімен және бірнеше медальдармен марапат­талған. КСРО Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. Алматы облысының Райым­бек ауданындағы Алғабас ауы­лында Ұзақ Бағаев атындағы орта мектеп, көше бар. Сол туған жерінде музей-үйі ашылған. Жыл сайын жур­налистерге бері­летін Ұзақ Бағаев атындағы арнаулы жүлде бар.

(жалғасы)



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат