Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2009-09-09:

ӘСКЕРИ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ ЖҮЙЕСІНІҢ БҮГІНІ МЕН ЕРТЕҢІ

 

Ақпараттық дәуірде кез келген елдің қарулы күштері үшін шешуші мәселелер тек компьютерлер, байланыс тораптары немесе қару-жарақтың ең соңғы үлгілерімен қарулану ғана емес, ол сонымен бірге, білім мен білімділік және адамдардың шығармашылық ойлау әлеуетінде екені мойындалған акcиома. Осы орайда Елбасы – Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың “Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға” деп аталатын халыққа Жолдауындағы: “Біз бүкіл ел бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беруге қол жеткізуге тиіспіз”, – деген сөзін біздің ісіміздің нақтылы бағдары деп қабылдаудамыз.

 

Бүгінде осынау өмір шын­ды­ғын мойындай отыра еліміздің тәуелсіздік алған алғашқы жыл­дары еріксіз еске түседі. Содан бергі аз уақыт аралығында әске­ри білім мен ғылым саласындағы қол жеткен жетістігіміз сара­ла­нып, оны ой елегінен өткізіп, ара­сында өз-өзімізге есеп бер­гендей зерделеп алатынымыз тағы бар. 1991 жыл. Еліміз ғасыр­лар бойы аңсаған Тәуелсіздікке енді-енді қолы жетіп жатқан кез. Сол жылдары Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамында бар-жоғы бір ғана жоғары әскери оқу орны болатын. Алматының Кеңес Ода­ғы­ның маршалы И.С.Конев атындағы жоғары жалпыәскери командалық училищесі деп аталатын сол оқу ор­ны бір ғана мамандық (“ко­ман­далық-тактикалық мотоатқыш­тар әскері”) бойынша офицерлер дайындайтын.

Міне, осыдан барып Қазақстан Армиясын әскери кадрлармен жос­парлы және тұрақты түрде қамта­масыз ету бойынша бірден-бір қа­жеттілік туындады. Сондықтан Қор­ғаныс министрлігі басшылығы­ның әскери кадрларды дайындауда өзіндік қор құру бойынша тұрақты бағыт алған жұмыстарды іске асы­руының арқасында 1998 жылдың өзінде ҚР ҚК әскери академиясы, Ақтөбе жоғары әскери авиациялық училищесі, Азаматтық авиация ака­де­миясындағы Әскери факультет, Спорт әскери колледжі және Кадет корпусы сияқты 5 бірдей әскери оқу орны есігін айқара ашты.

Қорғаныс министрлігі бүгінгі таңда осы бағытта бұдан да қомақ­ты жетістіктерге қол жеткізді деп се­німмен айта аламыз. Қазір атал­мыш министрлік қарамағында осын­дай 9 әскери оқу орны бар. Мысалы, Щучье қаласындағы Ұлт­тық қорғаныс университеті, Алма­тыдағы Құрлық әскері әскери инс­титуты, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік инс­титуты, Қорғаныс министрлігінің әскери институты, Спорт әскери колледжі (Алматы), Ақтаудағы Әс­кери-теңіз институты, Қорғаныс министрлігінің Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусы (Щучье қ.) мен армия генералы С.Нұр­ма­ғам­бетов атындағы республикалық “Жас ұлан” мектебінде (Астана қ.) жас толқын – болашақ офицер­ле­рі­міз отыздан артық әскери маман­дықтың қыр-сырын меңгеруде.

Қорғаныс министрлігі басшы­лы­ғы әскери білім жүйесін жетіл­діріп отыру жұмысын үнемі наза­рын­да ұстауда. Өйткені, жүйелі бі­лім беру бойынша жүргізіліп жат­қан жаңа сала іргетасының беріктігі қашан да сол адам капиталына бай­ланысты болып қала бермек. Сон­дықтан да басты бағыттардың бірі есебінде 2007 жылы басталған кадр­лардың әлеуетін трансформациялау деп белгіленуде. Осы орайда отан­дық білім жүйесіндегі өзгерістер мен әлемдік жетекші мемлекет­тер­дің тәжірибесін ескеретін бәсеке­лес­тікке қабілетті әскери білім жүйе­сін құруға ерекше көңіл бөлінуде.

Мұның басты мақсаты – Қа­ру­лы Күштерді дамытудың болашағы­мен сәйкес келетін, әскери оқу орын­дарында кәсіби білім беру мен әскери қызметшілердің барлық қызмет атқару кезеңдерінде шебер­ліктерін арттыруды біріктіретін жүйе құру.

Ұлттық білім жүйесінде болып жат­қан осы шаралар мен үдеріс­тер­дің шеңберінде былтырдан бері бес деңгейлі әскери білім беру жүйесі іске ендірілген. Білім беруші оқу бағдарламаларының үздіксіздігі әрі дәстүрлілігі қағидаты негізінде оларға білім берудің мынадай бес түрі: негізгі орта білім, орта білім, ор­тадан кейінгі әскери білім, жо­ғары әскери білім және жоғары оқу орнынан кейінгі әскери білім деңгейлері қосылады.

Бірқатар бағыттар бойынша бүгіндері алғашқы нәтижелер де бар. Жоғары біліктілік талаптары өзгертілді және жоғары әскери оқу орындарына арналған мемлекеттік жалпыміндетті білім стандарттары толығымен қайта жа­са­лып шықты. Бұлар жаңа оқу жос­пар­лары мен бағ­­­дар­ла­ма­ла­рының негізіне ай­нал­ды.

Білім беру үдерістерінің ұйымдасты­ры­луының бірж­үйелілігі қалыптас­тырылды. Дайындық жүргізудің екі деңгейлік моделі (бакалавриат және ма­гис­тратура) ендірілді. 2008 жылы Ұлт­тық қорғаныс университетінің барлық түлектері оқуларын тұңғыш рет магистрлік бағдарлама бойын­ша аяқтады.

Оқыту мамандықтары мен оқу көлеміне (мерзіміне) өзгерістер ен­дірілді. Радиоэлектроника және бай­ланыс әскери-инженерлік инс­ти­тутында тұңғыш рет автоматтық байланыс жүйесі мамандары оқытыла бастайды.

Әлемдік тәжірибеден көз жетіп отырғанындай, азаматтық жоғары оқу орындарын бітірушілердің көп­шілігі өз өмірін әскери қызметпен байланыстыратынын байқауға бо­лады. Осы жағдайды және көптеген шетелдік мемлекеттердің қарулы күштерін құру тәжірибелерін ескере отыра, жоғары оқу орындарының (азаматтық) жанындағы төрт әске­ри кафедрада тактикалық басқару саласының офицерлерін 2007 жыл­дан бастап және де тұңғыш рет қыс­қартылған бағдарлама бойынша даярлау басталған-ды. Былтыр, яғни 2008 жылдан бастап мұндай 8 кафедра іске қосылды. Онда қазір 150 адам осы бағдарламамен оқып жатыр.

Әскери білім саласы бойынша шетелдік сарапшылардың (АҚШ, Франция, “Бейбітшілік жолындағы әріптестік” Консорциумы) күшімен жоғары оқу орындарына сырттай аудит (кәсіби әскери білім деңгейін бағалау) өткізілді.

Әскери институттарға келісім-шарт негізінде жоғары білікті педа­гогтар тартылуда. Олардың 94-інің ғы­лыми атақтары бар, соның ішін­де 29-ы ғылым докторы болса, 65 адам ғылым кандидаты. 2007 жыл­дың бас кезімен салыстырғанда, ғы­лы­ми дәрежесі бар оқытушы­лар­дың саны іс жүзінде екі есеге ұл­ғай­ды. Әскери жоғары оқу орын­да­ры­на сабақ беруге кәсіби маман­дарды тартуға байланысты іске асы­рылып жатқан шаралар білім беру сапасын арттырудағы бірден-бір қажетті жағдай болып табы­ла­ды. Бұл бағыттағы жұмыс алда да, сөз жоқ, жоспарлы түрде жалғасын таппақ.

Оқу-материалдық базасын же­тілдіру саласы жаңа қарқын алды. 2008 жылы әскери оқу орындарын­дағы оқу нысандары мен олардың инженерлік коммуникацияларында тұңғыш рет толықтай жөндеу жұ­мыс­тары жүргізіліп, нысандар ор­на­ластырылған аумақтар ретке келті­ріліп және көгалдандыруға 2 млрд. теңгеден артық қаржы жұмсалды.

Жоғары оқу орындарына эки­паж­дың қандай да бір нақтылы жағ­дайда және сол жағдайға бай­ла­нысты кедергісіз іс-қимыл жа­сауы­на 100% мүмкіндік беретін әрі соң­ғы талаптарға сай жаттығу құры­л­ғылары алынуда. Мұндай оқып-үй­ренетін кешенді құрылғыда курсант бірнеше рет сабақ өткеннен кейін ол әскери техниканы өз алдына бас­қарып кете бере алады. Оқу үде­рісінде оқып-үйретуде қолданыла­тын дәстүрлі құралдарды пайда­лану­мен бірге, ІT-технологиясын ке­зең-кезеңмен пайдалану жоспар­ланған.

Оқу үдерісін жаңа деңгейге көтеру үшін біз 2008 жылы мульти­сервистік ақпараттық білім беру орталығы тұжырымдамасын іске асыра бастадық. Жаңа құрылғыны орна­ластырып, құрастыру шеңберіндегі жұмыстарды іске асырған бірінші кезең аяқталды. Бұл жоба бойынша жоғары оқу орындарын жаңа тех­но­логиялар және бағдарламалық оқу құралдарымен жабдықтап, интерактивті тәсілмен оқытуға ауысу қарастырылған.

Таяу арада әскери оқу орын­да­рын біртұтас білім беретін контурға біріктіріп, оқу үдерісінде оқытудың дистанциялық технологиясын пай­далануға қол жеткізіледі. Біздің елі­міздің және басқа мемлекеттердің жетекші жоғары оқу орындарының электронды кітапханаларына шығу мүм­кіндігі туындайды. Бұл өз кезе­гінде Қазақстанның әскери оқу орындарындағы оқу үдерісінде ин­тер­активті технологияны пайдалану сияқты көрсеткіштер бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы мемле­кеттерінің Вест-Пойнт, Әскери әуе күштері академиясы (АҚШ ӘӘКА) және Корольдік әскери колледжі (Ұлыбритания) тәрізді әскери жоғары оқу орындарымен теңесуіне жағдай туғызады.

2007-2008 оқу жылдарының қорытындысы осынау қабылданған шешімдердің дұрыстығын және жұмсалған күштердің тиімді екендігін дәлелдеуде.

Жоғары оқу орындарындағы мемлекеттік аттестациялық комис­сия­лардың жұмыс қорытындылары бойынша оқу бітірушілердің тео­рия­лық, әсіресе, іс-тәжірибелік дай­ындықтарының деңгейі айтар­лықтай жоғарылағанын көруге бо­ла­ды. Сонымен бірге, әскери инс­титуттың екінші курс курсанттарын мемлекетаралық бақылаудан өткізу бойынша орта балл да жоғарылады.

Осы орайда, егер қазіргі таңда республикамыздың әскери жоғары оқу орындарында Қырғызстан, Тәжікстан және Белоруссия сияқты елдердің 80-нен астам курсанты, былайша айтқанда, шетелдік әске­ри қызметшілер оқып жатқаны қа­зақ­стандық әскери мектеп беде­лі­нің жоғары екенінің бірден-бір дәлелі болса керек. Әлемнің ал­дың­ғы қатарлы армияларында, мысалы, әскери қызметшілердің қызметтік өсу барысында өзінің кәсіби бі­лік­тілігін тиісті курстарда үнемі арт­ты­рып отыру тәжірибесі іс жүзінде өзін ақтап отыр. Сондықтан был­тырғы жылдан бастап, курстық дайындықтардың көпдеңгейлі жүйесі ендірілуде.

Курстық дайындық 46 оқу бағ­дарламасы бойынша оқыту түрлері, деңгейлері және мамандықтарына байланысты қалыптастырылған. Офицерлер құрамының курстық дайындықтарын Ұлттық қорғаныс университетінде, әскери инсти­тут­тарда, әскери кафедраларда, сон­дай-ақ, Әуе қорғаныс күштері мен Қа­зақ­стан Республикасы Қарулы Күш­тері әскер тектерінің оқу ор­талық­тарында өткізу ұйымдастырылған.

Былтыр жыл бойына 3000-нан астам офицер курстық дайындық­тан өтті. Бұл көрсеткіш 2007 жылы 116 болса, сол есепте шет елде 300 курсант оқыған. Ал 2009 жылы 2000 офицер (шетелде 200-ден көп­теу) осындай курстық дайындықтан өткізіледі деп жоспарлануда.

Үстіміздегі жылдың 11 науры­зы­нан Ұлттық қорғаныс универ­си­те­тінде (Щучье қ.) жоғары оқу ор­ны­нан кейінгі әскери білімі жоқ­тарға тұңғыш рет офицерлердің үш айлық академиялық курсы ұйым­дас­тырылуда. Бұл курстарда Қа­рулы Күштер офицерімен бірге Республикалық Ұлан мен ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің сардарлары да оқытылуда.

Сонымен бірге, офицерлер құ­рамының білім жетілдіру курсында 2009 жылдың тек бірінші жарты­сында Республикалық Ұлан және ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің 70-тен көп сардары біліктілігін арттырды.

Әскери білім мен әскери ғы­лым­ды интеграциялау мақсатында жоғары оқу орындарының штат­тары­на ғылыми-зерттеу бөлімше­лері ендірілген. Әскерлерде әскери ғылыми-зерттеу жұмыстарымен лауа­зымдық қызметтері Қарулы Күштер түрлерінде, әскер текте­рін­де және аймақтық әскер қолбас­шылықтарында ендірілген ғылыми жұмыстармен шұғылданатын офи­церлер айналысады.

Жалпы алғанда, қазіргі кезең­дегі ғылыми жұмыстар Ұлттық қор­ғаныс университетінде шоғырлан­ды­рылған. 2008 жылы әскери өнер, қару-жарақ және әскери техника, сондай-ақ әскери тарих тақырып­тарынан докторлық диссертация қорғау үшін диссертациялық кеңес құрылды. Оқытушылар, ғылыми қызметшілер мен тыңдаушылар зерттеушілер және сараптамашылар топтарының құрамында өткізілетін барлық оқу-жаттығуларына қа­тысады.

Педагогтардың біліктілік ше­бер­ліктерін арттыру үшін алдыңғы қатарлы оқу орындарына (Ресей Фе­дерациясының Бас штаб акаде­миясына, Қытай халық азаттық армиясы Бас штаб академиясына, Түркия Бас штаб академиясына, Беларусь Әскери академиясына, АҚШ Ұлттық қорғаныс универ­си­тетіне) жіберіледі. Осының бәрі, жиып келгенде, қазақстандық ар­мия­ның кадрлық әлеуетін нығай­тып, әскери білім жүйесінің бә­секелестікке қабілеттілігін біртіндеп жасау болып табылады. Бұл – Қазақстан Армиясының болашағы сенімді қолда деген сөз.



Авторы: Болат ЖАНАСАЕВ, Қорғаныс министрлігі Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы, генерал-лейтенант.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат