Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2009-09-11:

ӨМІРШЕҢ ІСТЕР ӨРКЕНІ

 

Еліміздің экономикалық әлеуеттілігі өңірлердің даму қарқынына байланысты. Бұл бағытта Елбасының Ақтөбе облысын еліміздің экономикалық дамуының локомотивіне теңеуі тегін болмаса керек.

Әлемдік дағдарыстың белең алып тұрғанына қарамастан биыл облыста экономиканың бар­лық көрсеткіштері бойынша екі еседен астам өсімге қол жеткізілді. Өнеркәсіптің барлық са­ла­сында өнім өндіру көлемі артты. Қазір облыста құны 2 миллиард АҚШ доллары болатын, 5 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 54 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Жыл басынан бері құны 1272 миллион АҚШ доллары болатын 25 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 3 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды.

Мемлекет басшысының облысқа сапары Бірлік пен келісім сулы-жасыл гүлзарымен танысудан басталды. Мұнда Елбасы мен облыс әкімі Елеусін Сағындықов посткеңестік кеңістікте баламасы жоқ, достық пен Қазақстан халықтары арасындағы бірліктің символы болатын ғажап құрылыстың тұсауын кесті. Мешіт пен храмның ортасында орналасқан Бірлік пен келісім гүлзарының негізгі идеясын көрсететін “Шаңырақ” ансамблінде қазақ жерінің сарқылмас байлығы мен халқының кеңпейілділігін бейнелейтін “Молшылық кесесі” субұрқағы орналасқан.

Мемориалдық кешенде қазіргі тәуелсіз мемлекетіміздің жетістіктері бейнеленген. Оның беткі жағына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қанатты сөзге айналған “Ең асыл қазына – бір­лік” деген сөзі жазылған. Кешен төбесі күмбез іспеттес. Кешен сыртынан қарағанда киіз үйдің шаңырағына ұқсайды. Төменгі бөлігі тайқазан секілді, одан төменірек айқара ашылған кітап жатыр. Онда Президенттің: “Өсе бер, өркендей бер, құтты мекен Ақтөбе!” деген Ақтөбе облысы халқына арнаған ақ тілегі жазылып, қолы қойылған.

Елбасы Бірлік пен келісім гүлзарына келген бес жұп жас жұбайларды өмірлеріндегі қуанышпен құттықтап, сәттіліктер тіледі. Содан кейін гүлзарға жиналған ақтөбеліктер алдында қысқаша сөз сөйлеп, Бірлік және келісім гүл­зарының ашылуыменен құттықтады. Елімізде халықтар достығының берік орныққанын, дінаралық келісімнің нығайғанын айта келіп, өзара сыйластық пен төзімділіктің қалыптасып отырғанын үлкен жетістік ретінде бағалады. Мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақ халқының достық, мейірмандық қасиеттерінің еліміздегі саяси және әлеуметтік тұрақтылықтың негізі болып отырғанын атап өтті.

– Біздің ізгі ниетіміз бен достық ықы­ла­сы­мыз болашаққа берік негіз қалап отыр. Бүгінгідей қасиетті Рамазан айында мешіт пен шіркеудің арасында осындай келісті де көркем гүлзардың тұсауын кесуіміздің өзі діни ұстанымдарға деген құрметімізді көрсетсе керек. Бүгінгі ашылып отырған Бірлік пен келісім гүлзары Астанадағы осындай гүлзардың жалғасы іспетті. Бұл ақтөбеліктердің әсем демалыс орны болатыны сөзсіз, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Тұсаукесер салтанатында сөз алған тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Закрадин Байдосов Нұрсұлтан Әбішұлының сарабдал саясатының нәтижесінде еліміздің әлемге танылғандығын, экономикамыздың қарыштап дамығанын, әлеуметтік салада елеулі ілгерілеу болғанын айта келіп, Елбасының тәуелсіз мемлекетімізді болашақ айдынына бекем бастап келе жатқанын атап өтті. Ол осы гүлзарды Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің гүлзары деп атауды ұсынды.

– Сіздің кезекті Президент сайлауы бола қалған жағдайда да жеңіп шығатыныңызға сенімдіміз. Сондықтан босқа шығынданып сайлау өткізіп жатқанша, Ата Заңымызға өзгерістер енгізіп, Сізге тағдыр қанша өмір берсе, соншама уақыт ел тізгінін ұстай беріңіз деген жүрекжарды тілегімді жеткізгім келеді, – деді ол Ақтөбе қаласының 140 жылдығы мерекесіне келгені үшін Елбасына ризашы­лығын білдіре отырып.

Нұрсұлтан Назарбаев бұдан соң “Қазхром” ТҰК” АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытына жоға­ры көміртекті феррохромды қорыту жөніндегі төртінші балқыту цехы құрылы­сының негізін қалау салтанатына қатысты. Цехтың өндірістік экономикалық көрсет­кіштерімен “Қазхром” ТҰК” АҚ президенті Виктор Тиль таныстырды. Оның айтуынша, цехтың ерекшелігі – оның көміртекті фер­рохром өндірісінде әлемде баламасы жоқ жоғары инновациялық технологияны енгізуін­де, сондай-ақ электр жабдықтары мен авто­маттандырудың заманауи жүйесін пайда­лануында. Бұл жобаны жүзеге асыруға 590 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарты­лады. Осы төртінші балқыту цехында жылына 441 млн. тонна көміртекті феррохром шыға­рылатын болады. Ол өнімнің өзіндік құнын 25 пайызға дейін төмендетуге және жоғары көмірсутекті фер­рохромның шығарылымын екі есеге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Құрылыс аяқталған соң мұнда мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Төртінші балқыту цехы құрылы­сының басталуын сипаттайтын капсулды сал­ғаннан кейін Елбасы кәсіпорын жұмысшылары алдында қысқаша сөз сөйледі.

Өз кезегінде зауыттың өндіріс жөніндегі бас инженері Б.Қабанов, өндірістік техни­калық бөлімі бастығының орынбасары Ж.Нұр­мұ­ха­ме­дов Елбасына экономиканы да­мытудағы және жастарды жұмысшы маман­дықтарына тәрбие­леу­дегі қолдау көмегіне алғыс сезімін білдірді.

Президенттің облысқа сапары барысындағы ең бір маңызды оқиға – Елбасының “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” халықаралық транзиттік дәлізі құрылысы басталуының ашылу салтанатына қатысуы болды.

Самара-Шымкент автожолының Ақтөбе қа­ласынан бесінші шақырымындағы салтанатты шеру өтетін жерге келген соң Мемлекет бас­шы­сына “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” халық­ара­лық транзиттік дәлізі жобасын жүзеге асыру жөнінде Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құ­сайы­нов, облыстың елді мекендеріне телефон байланысын орнату жөнінде “Қазақтелеком” АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев баян­дады. Елбасы осы құрылысқа қатысатын кәсіп­орындардың өз өнімдерін таныстырған көрмені көрді.

“Батыс Еуропа-Батыс Қытай” құрлық­ара­лық дәлізі құрылысының басталу рәсімінде сөз сөйлеген Елбасы оны ғасыр құрылысы деп атап өтті. Дәліздің жалпы ұзындығы 8 445 шақы­рым. Оның 2 233 шақырымы Ресей Федера­ция­сының, 2 787 шақырымы Қазақстан Рес­публикасы, ал 3 425 шақырымы Қытай Халық Республикасы арқылы өтеді. Қазақстан арқылы дәліз Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының үстімен өтеді. Жалпы 2452 шақырым жол қайта салынады. Жобаның қазақстандық бөлігінің жалпы құны 825,2 млрд. теңгені құрайды.

Елбасы бұл жобаның қазіргі бар балама дәліздермен салыстырғандағы тиімділігі оның төтелігі мен жолға кететін уақыттың аздығында болып отырғанын атап өтті.

– Оны жүзеге асыру барысында тек ағым­дағы жылдың өзінде 25 мың жаңа жұмыс орны ашылады, ал 2010 жылы бұл көрсеткіш 50 мың адамға дейін жетеді. Сол сияқты шағын және орта бизнесті, қызмет көрсету индустриясын, туризмді және экономиканың басқа да сектор­ларын дамытуға едәуір серпіліс береді, – деді Елбасы.

Халықаралық транзиттік дәлізін ашу салтанатынан соң он-лайн режімінде телекөпір арқылы Жамбыл облысының “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” халықаралық транзиттік дәлі­зінің Мерке-Қордай учаскесінен құрылыстың басталғандығы жөнінде бейнекөрініс көрсеті­ліп, Елбасы ғасыр құрылысының басталуына ризашылығын білдірді.

Түстен кейін Мемлекет басшысы облыстық Халықтар достығы үйінің тұсаукесеріне қатысты. Достық үйі қанатының астына 17 этномәдени бірлестік топтасқан, оларда хореографиялық, хор ұжымдары, фольклорлық ансамбльдер жұмыс істейді. Бұл орталықтар қаладағы және облыстағы болып жатқан барлық шараларға белсене қатысады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындағы ұлттық-мәдени орталықтар дайындаған ұлттық тағамдар көрмесін көрді. Ол сондай-ақ ұлттық мәдени орталықтар өкілдерімен әңгімелесті. Елбасы Халықтар достығы үйінің директоры Орынбасар Терековке автокөліктің кілтін тапсырды. Чех ұлттық-мәдени орталығының төрайымы Валентина Пестру Қазақстандағы халықтардың бірлік пен ынтымағының тамыры тереңде екендігін айта келіп, өз Отанына кеткен бірқатар чехтардың облысқа қайтып оралғанын, қазақ жерінің осында туып өскен қай ұлтқа да ыстық екендігін тілге тиек етті.

Бұдан соң Елбасы кортежі Орталық стадионға бет алды. Мұнда Елбасы Ақтөбе қаласының 140 жылдығына арналған мерекелік шараға қатысты.

Қобыланды батыр атындағы стадиондағы “Қанатына күн қондырған елім менің – Қазақстан” атты театрландырылған қойылым қатысушылары Президентке және мерекеге қатысушыларға облыстың және жалпы еліміздің тарихи және мәдени құндылықтар негізінде тәуелсіздік алған жылдары жеткен жетістіктері мен аймақ тұрғындарының, Қазақстан халқының рухани әлеуетінің өскенін көрсетті. Спортшылар мен ұлттық киім киген өнерпаздар әр түрлі әсем композициялық көріністерді бейнеледі.

Болашақта салынатын “Олимпийский” спорт кешенінің құрылыс жоспарымен Президентті қала әкімі Архимед Мұхамбетов таныстырды.

Теннис орталығы “Олимпийский” спорт кешенінің бір бөлігі болып есептеледі, бұл кешен құрамында стадион, заманауи бассейн, мұз қалашығы, шаңғы базасы және спортқа икемді дарынды балаларға арналған мектеп-интернат болады. Кешен құрамына 4 жабық және 6 ашық корт, көрермендерге арналған 300 орындық трибуна, екі жаттығу залы, оқу-әдістемелік кластары кіреді.

Елбасы облыстың спорт ардагерлері, әлемдік, халықаралық жарыстардың жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен жүздесіп, әңгімелесті. Ақтөбе футбол командасының аяқдоп шеберлерімен ортақ әңгіме өрбітті. Олардың биылғы табыстарына ризашылық білдіріп, өзінің басқа командаларға қарағанда ақтөбеліктерге бүйрегі бұратынын жеткізді. Өз кезегінде команда капитаны Самат Смақов Елбасын Қазақстан футболының дамуына үлес қосатындықтарына сендірді. Нұрсұлтан Әбішұлы осында өтіп жатқан балалар арасындағы халықаралық жарысқа қатысушы 11 жасар Әли Қалиакпаровпен теннис добын қақпақылдап көрді. Жас спортшыларға ел намысын жоғары көтеруде сәттіліктер тіледі.

Содан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұқаралық ақпарат құралдарына бүгінгі жұмыс сапарының қорытындылары туралы әңгімеледі.



Авторы: Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы. Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат