Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2009-09-12:

“ЕҢ ЖАҢАЛАР МЕН ҚЫЗЫҚТАР – БІЗДІҢ ТЕЛЕКӨРЕРМЕНДЕР ҮШІН”

Таңғаларлық оқиғаларға дайын болыңыз!

“Хабар”, “Ел Арна” және “Қазақстан” арналарында жаңа телемаусым

 

Келер теле­мау­­сым өзінің қай­таланбас ерек­шелігімен таңқал­дырмақ. “Хабар” және “Ел Арна” арналарының кө­рер­мендері кино өнерінің ең үздік туындыларын та­машалайтын бо­лады. Биылғы жы­­лы теле­көрер­мен­дер кино әле­мі­нің соңғы жа­ңа­лықтарымен ал­ғашқылардың қа­та­рында хабар­дар болуға мүм­кін­дік алады. “Ха­бар­дың” телек­ө­рер­мендері 21 ғасыр киногерлерімен танысудан ту­ын­даған пікірлер, көзқарастар және эмоциялар тоғы­сын­да кездеспек. Ал “Қазақстан” теле­арнасында жаңа жобалар 2009 жылдың телевизиялық маусымындағы ең заманауи, стильді және есте қаларлықтай болатынына уәде береді.

“Арна Медиа” холдингінің телеарналары дайындаған кино жұмыстар, телехикаялар, деректі фильмдер, ойын-сауық және та­ным­дық бағдарламалар саналуандығымен ерек­шеленеді. Пультіңіздегі қажетті тетікті бас­саңыз жетіп жатыр, барлық әсем де күрделі болмысымен бүкіл әлем күнделікті тұрмыс-тіршілігіңіздің бір бөлігіне айналады. Өмі­ріңізді терең ойлармен және айқын көңіл-күймен толтырар кейіпкерлермен және сюжеттермен кездесуді жіберіп алмаңыз.

2009-2010 жылдары ұсынылатын көркем картиналар мен телехикаялар іріктемесі кез келген көрермен аудиториясын қызық­тыруға қабілетті, деп есептейді “Хабар” телекомпаниясы. Кішкентай балалардан бастап аса талғампаз болып келетін ересек көрерменге дейін түрлі жас аралығындағы халықтың барлық сұраныстары ескерілген.

Әлемдік рейтингте ең жоғары статусқа ие болған таяуда шығарылған теле және кино туындылар ғана болатындығын айта көткен жөн. Барлық фильмдер, хикаялар және танымдық-ойын-сауық телехабарлар қазақ және орыс тілдеріне аударылған. “Хабар” және “Ел Арна” жыл бойы көрсету үшін жіті іріктеп алған ресейлік кино­туындылар да бар. Фильмдердің басым бөлігі – Қазақстан телеэфирі үшін премьера. Үздіктер қатарында “Стиляги”, “День Д”, “Материнский инстинкт”, “Четыре возраста любви”, “Эффект “Домино”, “Качели”, “Реальный папа”, “С.С.Д.”, “Повелитель эфира” секілді ресейлік кинонарықтың жаңа туындылары жетерлік.

Шетелдік кинобестселлерлер шеруін бірнеше “Оскарды” қатарынан жеңіп алған “Жарлыдан шыққан миллионер” /“Мил­лионер из трущоб”/ бастап тұр. Сонымен қа­тар, “Знамение”, “Двое в Париже”, “Крабат”, “Список контактов”, “Второе ды­хание”, “У каждого свое кино”, “Проклятие зо­лотого цветка” секілді әлем­дік кинолар­дың премьераларымен жал­ғасады – бар­лығы қырықтан астам жоғары деңгейлі фильм.

Сыналған отандық көрермен соңғы жыл­дарда батыс кинематографиясының же­тістіктері туралы өз пікірін қалып­тастыруға мүмкіндік алады. Сіздерді Николас Кейдж, Даниэль Отой, Моника Белуччи, Лив Тайлер, Такеши Китано, Ванесса Редгрейв, Руперт Эверетт, Мадонна, Вуди Аллен, Брюс Уиллис, Томи Ли Джонс, Жерар Де­пардье, Катрин Денев, Энди Гарсия, Ан­тонио Бандерас, Скарлетт Йоханссон секілді белгілі актерлермен және режиссерлермен кездесу күтіп тұр.

Қазақстандағы супер-премьера “Ел Арна” телеарнасы эфирінде 16 қыркүйектен бастап шығатын “Листопад” түрік сериалы болмақ. 2008 жылы үздік деп танылған телероман үлкен отбасының өмірлік белестерін баян­дайды. Махаббат, сатқындық, опа­сыздық, ойлану – мұның барлығы айқын да астарлы беріліп, көрермен санасына шынайы терең ой тастайды.

Сондай-ақ қазақстандықтар “Лучшие парни”, “Цветы моей жизни”, “Женщина солнца”, “Мир их жизни”, “Брак по любви” сияқты корейлік көп сериялы фильмдерді де тамашалай алады. Мұндай өмірлік оқиғалар телекөрермендеріміздің жанына жақын келетініне сенімдіміз.

Қазақстандық тинэйджерлерге біз жарқын премьера тарту етеміз: DІSNEY арнасының рей­тингті сериалы “Жизнь с Дереком”. Ек­інші премьера жастарға арналған “Стань звездой” (ІNSTANT STAR) сериалы болмақ. Ол Gemіnі Awards бәйгесінің үш рет игері атан­ған. Бұл канадалық сериалдың саунд­трек­­тері 2006 жылы US Top 200, Amazon.com чарттарында бақтарын сынаған болатын.

Келер телемаусымның тағы бір экск­лю­зиві – британдық ВВС арнасының өнімдері 28 минисериал мен Hallmark-тың оннан астам туындысы. Бұл шағын шы­ғармалар – классиканың, фантастиканың және си­қырлы ертегілердің экраннан көрініс табуы. Бұларды отбасы болып қарауға кеңес береміз. Ағылшын әдебиеті әлемімен таныса отырып, балалар да, ересектер де үлкен ләззат алмақ.

Хабарлық маусымдағы барлық жаңа­лықтардың басты шарты – қос тілділік. Бұл осыған дейін Dіscovery, A&E, The Hіstory Channel, The Bіography Channel секілді та­нымал арналарда премьералық көрсетілімде болған ғылыми-зерттеу және дамытушы деректі фильмдер мен сериалдарды ұнататын аудитория ауқымын кеңейтеді.

“Қазақстан” телеарнасының көрермен­де­рін жаңа маусымда ақпараттық-сарапта­ма­лық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-эконо­ми­калық, танымдық және мәдени бағдар­ламаларының жаңарған форматы, сапалы лицензиялық кинокөрсетілім, эксклюзивті спорт трансляциялары және басқа да көп­теген жаңалықтар күтіп тұр. Телеком­паниядан хабарланғандай, жаңа маусымның барлық тележобалары – өздері жасап шығарған өнімдер.

Елдің Бірінші ұлттық телеарнасынан сіздер “Екі жұлдыз”, “Ара”, “Роза Рымбаева шақырады”, “Сен сұлу”, “Ауыл” секілді жаңа телебағдарламаларды тамашалай аласыздар.

Телекөрермендер үшін нағыз тосын оқи­ға жаңа лицезиялы шоу – “Екі жұлдыз – Две звезды” болмақ! 19 қыркүйектен бастап 2 сағаттық шоу – Қазақстан телеарнасының сенбілік кешкі эфирінде, басталуы – 19.30. Көрермендер қатысушылардың ең үздік музыкалық жұп атағы үшін бақ сынасу­ларына куә болады. Бұл музыкалық байқауға бизнес, саясат, спорт, кино және телевизия саласындағы белгілі адамдар қатыспақ. Қазірдің өзінде саясаткерлер Ғани Қасымов пен Тәңірберген Бердоңғаров, ғарышкер Талғат Мұсабаев, әртістер Алмас Кішкенбаев, Дильназ Ахмадиева, Қайрат Түнтеков, Кыдырәлі Болманов, Венера және Линда Нигматуллиналар, Толқын Зәбирова, Парвиз Назаров, Ерлан Көкеев, олимпиада чемпионы Илья Ильин және басқа да көптеген белгілі қайраткерлер өнерлерін ортаға салуға дайын екендіктерін білдіріп отыр. 4 айға созылатын жобада (2009 жылдың 9 қыркүйегінен 26 желтоқсанына дейін) бұрын-соңды болмаған музыкалық шоу ұйымдастырылады деп күтілуде.

Танымдық-ойын-сауық “Роза Рымбаева шақырады” атты жаңа ретро-шоуы да көп­теген тосын сыйлыққа толы. Хабар аясында Рымбаеваның достарымен – шетелдік ұжымдастарымен де, белгілі қазақстан­дықтармен де кездесулері өтеді.

Күзгі маусымда “Лики Евразии” деректі циклін жіберіп алмаңыз. Осы жылдың соңына дейін “Қазақстан” телеарнасының көрермендері Қазақстанның тарихында терең із қалдырған жарқын тұлғалар жайындағы әңгіменің куәгері болады. Бұл жоба көптеген халықаралық фестивальдарға қатысып, біршама наградаларға ие болды, соның ішінде 2006 жылғы ІХ Еуразиялық Телефорумның гран-приін атап өткен жөн.

“Қазақстан” телеарнасындағы кино­көрсетілімнің басымдыққа ие бағыты жаңа маусымда отандық және шетелдік кине­ма­тографияның классикасы болып қала бермек.

Телекөрермендердің назарына сүйікті қазақтандық, итальяндық, түркиялық, ко­реялық, ресейлік фильмдер мен сериалдар, сондай-ақ әлемдік киноның үздік үлгілері ұсынылатын болады.

Күзгі маусымда “Қазақстан” телеарна­сының өнімі болып табылатын белгілі қазақстандық телехикая “Ағайынды – Братья” прокатқа шығады. Бұл отандас­тарымыздың тағдырынан сыр шертетін алғашқы халықтық, сапалы сериал.

Әрбір жексенбі сайын ұлттық кино өне­рін насихаттау мақсатымен “Қазақфильм” киностудиясының жаңалықтары көрсетіледі. Қазақстандық фильмдерді көрсетуге “Киноғұмыр” жобасы ұсынылған. “Қазақ­стан” телеарнасы – “Мұстафа Шоқай”, “Құрақ көрпе”, “Стриж” секілді кино­картиналарды алғаш болып көрсетуді қолға алып отыр.

Қараша айынан бастап (“ІNCAN­TE­SІMO”) “Страсти по итальянски” жаңа итальяндық сериалының премьерасын жіберіп алмаңыз. Хикая шағын итальяндық қаладағы бірнеше отбасының шырмалған тағдыры жайын баян етеді. Толығырақ “Қазақстан” телеарнасының эфирінде.

Тамыз айының соңында басталған “Тәу­іп Хожун” кореялық сериалын көпшілік қараша айының соңына дейін оны тама­шалай алады. Ал 80-ші жылдары танымал­дығымен көзге түсіп, әлемдік телеклассикаға айналып үлгерген “Королек – птичка певчая” түрік сериалы қыркүйек айында көрермендер назарына ұсынылады.

2009 жылдың жаңа телевизиялық мау­сымында “Хабар, “Ел Арна”, “Қазақ­стан” телеарналарының спорттық хабарлары жалғасын таппақ. Телеарналарда спорттық трансляциялар шеңбері ұлғая түсетін болады. Қазақстандық жанкүйерлер ең бе­делді әрі қызықты халықаралық жарыстарды көре алады. Бұдан басқа спорттық хабарлар дирекциясының басым бағыттарының бірі республикалық ауқымдағы спорт оқиға­ларын көрсету болып қала береді.

Біздің телекөрермендер бокстан “Ми­лан-2009” әлем чемпионаты, “УЕФА Чем­пиондар лигасы”, “УЕФА Еуропа лигасы”, Қазақстанның футболдан Премьер-ли­гасының, Қазақстанның футболдан жастар құрамасының матчтары секілді рейтингтік және маңызды спорттық оқиғалардың трансляциясын, сондай-ақ басқа да спорт түрлерінің трансляцияларын (көкпар, күрес, волейбол) көре алады.

Қазақстанның жетекші телеарнала­рының шығармашылық ұжымдары сіз бен сіздің жақындарыңыз әр күні теледидардан тартымды және танымды бағдарламаларды тамашалауы үшін қолдан келген істің бәрін жасайды.

Бізбен бірге болыңыздар!

 

МҰРАҒАТШЫЛАР МЕН ТАРИХШЫЛАРДЫҢ ӨРКЕНДІ БАСЫЛЫМЫ

 

Ханкелді ӘБЖАНОВ, тарих ғылымдарының  докторы, профессор.

Әлемдік жаһанданудың күрета­мыры – ақпараттық кеңістік. Кеше де, бүгін де, ертең де ақпарат тізгіні кімнің қолында болса, сол уақыт үдесінен шығып, басқалардан оқ бойы алда жүреді. Өйткені, ақпарат дегеніміз – практикалық-қол­дан­балық және теориялық-шығар­ма­шы­лық жаңа нәтижелер, интел­лек­туалдық және күнделікті ізденістің сыртқа шыққан пішіні әрі мазмұны.

 Қазақстанның ақпараттық ке­ңістігі үздіксіз толығу үстінде. Біз­дегі газеттер мен журналдар, теле­радиоарналар, яғни бұқаралық ақпарат құралдары, қазіргі таңда жүздеп, мыңдап саналады. Осынау тасқынға жұтылып кетпей, қоғам өмірінен өзіндік орнын тапқан, мұрағат қазынасын жинау, сақтау және насихаттау ісінде сала маман­дарының “көзі, құлағы, тілі” бола алған, тарихшылар қауымына етене жақын басылымдардың бір де бол­са бірегейі – “Қазақстан мұрағат­тары” журналы.

Журналды ашуға бастамашыл бол­ған тынымсыз жан Р.Сариева “Қазақстан мұрағаттары” редак­ция­лық кеңесін 2005 жылы шық­қан тұңғыш санынан бері басқарып келеді. Басылымның қалыпта­суына, бағыт-бағдарын қапысыз дәйектеуге 2005-2008 жылдары бас редактор қызметін атқарған азамат, тарих ғылымдарының докторы, профессор К.Есмағамбетов сүбелі үлес қос­қанын ерекше атап өткен жөн.

2009 жылы бас редактор ауы­сып, редакциялық кеңес құрамы жаңаланды. Алғашқы үш жылда жинақталған тәжірибенің озығын сақтай отырып, біз журналдың ішкі құрылымы мен мазмұнына, ақпа­раттық және ғылыми кеңістіктегі мәртебесіне өзгеріс енгізуді қолға ал­ды­қ. “Президент және Қазақ­стан”, “Мұрағат және қоғам”, “Мұ­рағат және аймақ” сынды жаңа ай­дарлар ашылды. Осы орайдағы тыр­нақалды дүние – журналдың биылғы бірінші санында жария­лан­ған “Президенттің есімі туралы” (“Об имени Президента”) тақы­рып­ты зерттеу. Әр ұлттың ұлы адам­дарының есімі тарих пен эт­нос­тық сана-сезіммен тығыз бай­ла­нысты әрі өз ұлтының мақтанышы болып табылатынын басшылыққа алған автор А.Қалыш жеке есім­дер­ді жаратылысына қарай анықтауға тырысады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі, оның антро­пономиялық мағынасы жөнінде ой-тұжырымдарымен бөліседі. 2008 жылдың басындағы Қазақстанда Елбасымызбен аттас бес мыңнан астам жеткіншек өсіп келе жатқа­нын, болашақта олар мәртебелі есімге лайық биіктен көрінетініне сенім білдіреді.

Тағы бір жаңалығымыз: жур­налдың алдағы жылдарға жұмыс тұжырымдамасы түзіліп, мақсат-міндеттері, оны жүзеге асыру те­тіктері, күтілетін нәтижелер нақты­ланды. Енді жарияланатын мақа­лалардың практикалық және тео­риялық өресіне баса назар ауда­рылатын болады. Әрине, мұндай талап бұрын да қойылатын. Де­генмен, өмір бір орында тұрмайды. Нарық пен бәсеке заманында үздіктің үздігі ғана лайықты сұ­ранысқа ие болатынын қаперден шығармауымыз керек.

Басылымның айрықша ден қоятын тақырыбы – “Мәдени мұра” бағдарламасын жүзеге асыру­да қол жеткен нәтижелерді зер­делеп, жинақталған тәжірибе мен тағылымды жұртшылық назарына ұсынып отыру. Осы орайда Мә­де­ниет және ақпарат министрі М.А.Құл-Мұхаммедтің “Мәдени мұра” стратегиялық ұлттық жоба­сы­ның 2009-2011 жылдарға арнал­ған тұжырымдамасы мен іс-ша­ра­лар жоспарын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес отырысында сөй­леген сөзін ғалымдар мен маман­дар­дың ыждаһаттылықпен қабыл­дайтынына сеніміміз кәміл. Мұнда тұжырымдаманың алты басым бағыттары дәйектеліп, алдағы үш жылда атқарылатын іс-шаралар нақтыланған.

Журналымыздың қолдарыңыз­дағы саны баспаға даярланып жатқанда тағы бір қуанышты хабар келіп жетті. ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы Бақылау комитетінің шешімімен “Қазақстан мұрағат­та­ры” 07.00.02 – Отан тарихы (Қа­зақстан Республикасының тарихы), 07.00.09 – Тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістері ма­ман­дықтары бойынша ғылым док­­торы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін ең­бек­тер жариялайтын міндетті ба­сы­лымдар тізіміне енгізілгенін біл­дік. Редакция ұжымы өз тарихы­ның жаңа сатысына қадам басты.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат