Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2009-09-23:

ҒЫЛЫМҒА БЕТБҰРЫС – ОТАН ДАМУЫНА БЕТБҰРЫС

 

Ұйымдастыра білсек, ұтарымыз көп

 

М.ШЫҒАЕВА, академик.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың ғылымды заман талабына сай ұйым­дастыру жөніндегі айтқан сөздері ға­лымдардың арасында үлкен серпіліс туғызды. Шы­нында, білімі мықты, ғылымы жақсы дамыған елдердің өрлеу үрдісі ерек­ше болатынына қазір көз жет­кіздік. Әсіресе, төрткүл дү­ниедегі уни­вер­ситеттік ғылымның озық үдерісі, білімді интеграция­лаудағы дағдылы дәстүр жаңа тех­ника мен техно­логияның қолда­ныс­қа енуіне мол мүмкіндік ту­ғызары сөзсіз. Бұл істе жан-жақты болу, кә­сіптік оқуды ғылыми зерттеу жұмыс­тарымен ұш­тастыру істің тиянақты шешілуіне жол ашады. Ал, осы уни­верситеттік ғылымның үздіксіз­дігі зерттеу ауқымдарының көлемді болуына, тыңғылықты аяқталып, өз нәти­же­сін беретініне септігін тигі­зері кү­мән­сіз. Мұндай қадам әлем­дегі өрке­ниетті елдерде бұ­рыннан бар. Ол университеттер ара­сындағы өза­ра бәсекелестікке кең жол ашқа­нынан хабардармыз.

Күн сайын дамып отырған қо­ғам­ның сұранысына қарай жаңа курс­тар енгізу де басты мәселе­лер­дің бірі деп білемін. Қазір соның алғашқылары жүзеге аса бастады. Нақтылай түссем, ол – магистр және философия докторларын (Ph.D) дайындаудың өмірімізге дендеп еніп келе жатқаны. Бұл игі­лікті іс қазір Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жақ­сы жолға қойылып отыр. Тіпті әзір­ленген мамандар әр салада жұ­мыс істей бастады. Елбасы сөзіне қара­ған­да, ғалымдардың беделін көтеру, материалдық жағынан ынталан­дыру мәселелері оң ше­ші­летін көрінеді. Біздің универси­тетте де қазір бірте-бірте әлемдік класси­калық университеттер үлгісі жүзеге асып келеді. Жиырма ғылыми-зерт­теу институты мен ғылыми орта­лықтардағы, ғылыми-техникалық парктердегі, ұлттық нанотехнология және инженерлік бағыттағы лабо­раториялардағы жұмыстар осы сөзімізге дәлел бола алады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев заман талабының басты көрсеткіші болып саналатын наноғылым, нанотехнология, наноинженерлік салаға баса назар аударып отыр. Ендеше, осыған өз үлесімізді қосу – біз үшін қарыз да парыз.

 

Бәсекенің бәсі артпақ

 

В.САЛЬНИКОВ, ҚазҰУ-дың кафедра меңгерушісі, профессор.

Біздің Отанымызда 2003-2015 жылдарға арналған елді дамытудың индустриялық-инновациялық бағ­дарламасы жүзеге асырылу үс­тінде. Оның басты мақсаты – нарықтық жағдайда бәсекелестікті негізге ала отырып, елдің экономикасын да­мыту. Осы жұмысты тиімді атқару ісінде ғылымның алатын рөлі зор десек, соның болашағына кең жол ашу мақсатында алқалы жиын өткізіп, үлкен мәселелерді алға қойған Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатынан алар тағы­лым аз емес. Әсіресе, Мемлекет басшысының ғылымға тың сер­піліс беру, бәсекеге кең жол ашу, мем­лекеттік компаниялар заңға сәйкес өздерінің табыстарының бір бөлігін ғылымға бөлу жөніндегі парасат-пайымын елдің бола­шағына жаса­лып отырған қадам деп түсінеміз.

Сол секілді, Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның беделін арттыру, жаңадан құрылғалы жат­қан ғылыми кеңестердің шешімі­мен берілетін гранттардың бағыт-бағ­дарын белгілеп, оған шенеунік­тердің кіріспеуін қадап айтуы да ашылған жаңалықтардың кедер­гісіз өндіріске тікелей енуіне мүм­кіндік туғызары күмәнсіз. Ғалым­дардың еңбекақысын көтеру, пәтермен қам­тамасыз ету жайы да оқымыс­­тылардың ойындағысын тап басып айтқан мәселе болды.

Ал ғалымдардың еңбектерін Ұлттық ғылым академиясының оқы­­­мыстыларымен қатар, халық­аралық сарапшылардың да тезіне салу бұл еңбектің әр қырынан баға­лануына мүмкіндік береді.

Отандық ғылым дамуына аш­ыл­ған жол деп бағаланып отырған Президенттің жаңа бағыт-бағда­рының басты алға қойып отыр­ғаны университеттік ғылым десек, сол ғылымды өндіріспен ұштас­тырудың нәтижесінде жаңа тех­ника мен тех­нологияны жасау алдағы уақытта өз шешімін табады деген ойдамын. Әсіресе, бұл істе техникалық парк­тер­дің, ғылыми орталықтардың алар орны ерекше болмақ. Себебі, ашы­латын жаңа­лықтар сонда теориялық жағынан бастау алып, прак­тикада ұштасады. Оны өнді­рісте қалыптас­тырып, халықтың игілігіне жарату жұ­мысы да басты көрсеткіш. Осын­дай игілікті істі тек қана мем­лекеттің еншісіне беріп қоймай, Елбасы айт­қандай, бизнес сала­сын­да жүргендер де қолдап, тек қана қолдап қоймай, қаржылай кө­­мектесіп жатса құба-құп. Өйт­кені, бәріміздің де алға қойған мақ­сат-міндетіміз тәуелсіз мем­ле­кетіміздің іргесін нығайтып, ке­лешек ұрпақ­тың жан-жақты болып өсуіне кең жол ашу ғой.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат