Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2006-02-15:

ПЕКИН БИІГІН БАҒЫНДЫРУ БАСТАЛЫП КЕТТІ

 

Облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасы қызметінің басты мақсаты – облыс көлемінде бұқаралық дене тәрбиесі мен спортты дамыту бойынша мемлекеттік саясатты бірыңғай жүргізу болып табылады.

Осыдан бес жыл бұрын облыста 17 ба­лалар мен жасөспірімдер спорт мектебі болса, бүгінде оның саны 22-ге жетті. Оның 16-сы ауылдық жерлерге орналасқан. Бәрі де жұмыс істейді. Елімізге белгілі “Тараз” футбол клубымен бірге халықаралық, облысаралық жарыстарда жеңімпаз атанып жүрген “Әулиеата” көкпар клубы бар. Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығы жұмыс істеп келеді. Облыстағы дарынды балаларға арналып жаңадан ашылған маманданды­рылған спорт мектеп-интернатында негізінен ауылдық жерден келген 120 бала дәріс алады. Оларға оқу-жаттығу сабақтарын өткізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Биыл Тараз қаласының төрінен арнайы Бокс сарайы бой көтереді.

Жамбылдық спортшылар Олимпия ойындарында үнемі биіктен көрініп келеді. Атап айтсақ, Жақсылық Үшкемпіров, Серік Қонақбаев, Евгений Яровенко, Ермахан Ыбырайымов, Болат Жұмаділов, Ислам Байрамуков, Болат Ниязымбетов сынды сайыпқырандар салған сара жолды Афина Олимпиадасында жамбылдық боксшы Бақтияр Артаев абыроймен жалғастырып, еліміздің еншісіне бұйырған жалғыз алтын медальді жеңіп алды. Бақтиярдың жеңісі – барша қазақстандықтардың жеңісіне айналды. Оның жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпе­ковтің де ең үлкен жетістігі болды.

Бүгінде біз Пекинде өтетін XXІX жазғы Олимпия ойындарына қатысуға нақты мүм­кіндіктері бар спортшыларды дайындауға баса назар аударып отырмыз. Әлем жанкүйерлері көз тіккен жекпе-жектерде лайықты өнер көрсетіп жүрген жастардың ойын өрнегі қазірдің өзінде көңілге үміт пен сенім ұялатады. Осы ретте өткен жылы әлемдік деңгейдегі жарыстарда жоғары жетістікке қол жеткізген облыс спортшыларының аты-жөндерін атап айтқым келеді. Олар: Бақтияр Артаев – бокстан ересектер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері; Олжас Сәттібаев – бокстан кадеттер арасында әлем чемпионатының жеңімпазы; Нұрлан Нарбаев – бокстан кадеттер арасында әлем чемпио­на­тының күміс жүлдегері; Нұрлан Әбдірайымов – бокстан жастар арасында Азия чем­пионатының жеңімпазы; Еркебұлан Жұман­баев – бокстан жастар арасында Азия чемпио­натының қола жүл­дегері; Мамед Джусупов – қол күресінен ере­сектер арасында әлем чемпионатының жеңім­пазы; Дидар Молдағалиев – самбо күресі­нен ересектер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері; Шухрат Хус­тин-Ахунов – кик­бо­ксингтен ересектер ара­сында әлем чемпио­натының қола жүлдегері;  Елдос Далабай – алыш күресінен ересектер арасында әлем чем­пионатының қола жүлдегері; Жандос Далабаев – қазақ күресінен ересектер арасында Азия чемпионатының жеңімпазы; Бейбіт Ыстыбаев – қазақ күресінен ересектер ара­сында Азия чем­пио­­на­тының күміс жүлдегері; Руслан Мұхамет­қа­лиев – қазақ күресінен ересектер арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері; Мария Тканова мен Людмила Афенко – регбиден ере­сек­тер арасында Азия чем­пионатының жеңім­паздары; Антонина За­харченко,  Александр Балашов және Рус­лан Ер­кер – қол күресінен ересектер ара­сын­да Азия чемпионатының жеңімпаздары; Ранай Бекайдарова – қол күресінен ере­сек­тер арасында Азия чем­пио­натының күміс жүл­дегері; Дулатбек Құс­беков – каратэ-додан ересектер арасында Азия чем­пиона­тының күміс жүлдегері; Гамид Мұс­та­фаев – қол күресінен жастар арасында Азия чем­пио­натының жеңімпазы; Аслан Батықұлов – таеквондодан жастар арасында Азия чем­пио­натының күміс жүлдегері; Айнұр Жаңғараева мен Айдар Байғараев – қол күресінен жастар арасында Азия чемпионатының күміс жүлде­герлері; Элдар Абдрагимов – бокстан жастар арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері; Әлия Қожабекова – таеквондодан жастар арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері; Арман Сұлтанбеков – каратэ-додан жастар арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері; Нуридин Жұмашев – еркін күрестен кадеттер арасында Азия чемпио­натының қола жүлдегері.

Еліміздің І жастар спорт ойындарына облысымыздан 242 адам қатысып, спорттың 15 түрінен 16 алтын, 23 күміс және 17 қола медальға ие болды. Атап айтатын болсақ, бокстан – 5 алтын, 2 күміс, 1 қола; самбо күресінен – 2 алтын, 2 күміс, 3 қола; таеквондодан – 6 алтын, 6 күміс, 4 қола қанжығамызға байланды. Футболдан жалпы командалық 1-ші орынға, қабырғадан нысана көздеп атудан 2-ші орынға, дзюдо және грек-рим күресінен 4-ші орынға көтерілдік. Жалпы, ойындар қорытындысы бойынша 5-ші орынды иелендік. Мұның өзі халқының саны мен әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан әлеуетті облыстармен салыстыр­ғанда, жоғары жетістік болып саналады. Бізге енді спорттың ауыр атлетика, волейбол, баскетбол, гандбол сынды түрлерінен өз мықтыларымызды дайындауымыз керек.

 

Жамбыл облысы.



Авторы: Махамбет ДҮЙСЕМБАЕВ.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат