Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2009-10-20:

АУЫЛ ЖОЛДАРЫНЫҢ АХУАЛЫ ҚАНДАЙ?

 

Елбасымыз Н.Ә Назарбаев Қазақстан халқына биылғы Жолдауында және “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партия­сы­ның кезектен тыс XІІ съезінде жергі­лікті мәндегі автокөлік жолдарын салу, қайта жарақтандыру және жөндеу, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын да­мыту қажеттігін атап көрсеткен болатын. Осыған байланысты облыстық жолау­шы­лар көлігі және автомобиль жолдары бас­қармасының бастығы Сержан Нәметшаға арнайы атбасын бұрып, ауыл жолдары­ның ахуалы жайлы сұрастырған едік.

Сыр аймағына 2009 жылға автомобиль жолдары саласы бойынша республикалық және жергілікті бюджеттен 8 548,51 млн. теңге бөлініп, өткен жылмен салыстыр­ған­да 4,6 есеге артып отыр екен. Оның ішінде “Жол картасы” бойынша 3000,4 млн. теңге қаржы қаралған. Өңірге бө­лінген осыншама қаржыны саралап айтар болсақ, республикалық бюджеттен 2 628,1 млн. теңге қаржы күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына бөлініп, 2008 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артып отыр. Оның ішінде, “Жол картасына” 1736,8 млн. теңге жоспарланған. Бұл қар­жыға облыстық және аудандық маңыз­дағы жолдар бойынша 6 күрделі және 6 орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осы нысандар бойынша 546 жұмыс орнын ашу жоспарланса, осы күнге 488 адам жұмысқа тартылып отыр екен.

Ал, жергілікті бюджеттен сала бой­ынша 5 920,41 млн. теңге бөлінген немесе 2008 жылмен салыстырғанда 7,7 есеге артып отыр. Оның ішінде “Жол картасы” бойынша облыстық бюджеттен қоса қар­жыландыру негізінде 1 263,6 млн. теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржыға Қызылорда қаласының 46 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 1589 жұмыс орнын ашу жоспарланса, осы күнге 1589 адам жұмысқа тартылған. Аталған жұмыстар бойынша конкурстар өт­кізіліп, мердігер кәсіпорындар анық­та­лып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Жалпы “Жол картасы” шаралары аясында жер­гілікті маңыздағы жолдарға күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына барлығы 3 000,4 млн. теңге қаржы қаралған. Осы жұмыстар арқасында 2135 жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарланса, 2077 адам жұмысқа тартылып отыр.

Бұл қаржы көлемдерінің құрамында облыстық және аудандық маңыздағы 93 шақырым жолды күрделі жөндеу жұмыс­та­рына 1 939,24 млн. теңге, 191,5 ша­қы­рым жолды орташа жөндеу жұмыстарына 5 596,539 млн. теңге қаржы бөлініп, жұ­мыс жасалуда. Осы бөлінген қаржыларды ны­саналы және тиімді пайдалану мақ­са­тын­да облыс әкімі мен Көлік және ком­му­­никация министрлігі арасында, со­ны­мен қатар, облыс әкімі және аудан әкім­де­рі аралығында келісім-шарттар жасалған.

Облыстық және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарына және қалқымалы көпірлер мен паром өткелдеріне ағымдағы жөндеу, күтіп ұстау жұмыстарына 164,7 млн. теңге бөлінген. 750,0 мың теңге то­лы­ғымен игеріліп, мемлекеттік сарап­та­мадан оң қорытынды алынған техни­ка­лық-экономикалық негіздеме әзірленеді. Тереңөзек кенті тұсындағы “Самара-Шымкент-Тереңөзек” автожолындағы Сырдария өзеніне көпір салу жобасына техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуге бөлінген 18,109 млн. теңгені игеруге 25 маусымда конкурс өткізіліп, “САРАТС” бағдарламасының 2-ші саты­сына енгізу көзделуде. Ал, Қы­зылорда қаласындағы аспалы темір жол өткелінің құрылысына жобалық-сметалық құжат­тамалар әзірлеуге 59,975 млн. теңге бөлінген. Осы жобаның 1-ші кезеңін бастау үшін облыстық бюджеттен 400,0 млн. теңге қаралып, құрылыс жұмыстары қыркүйек айында бастау алды. Облыстық маңызы бар Жалағаш-Жосалы автомо­биль жолының 20 шақырымы, “Самара-Шымкент-Жаңақорған-Түгіскен-Ке­лін­төбе автомобиль жолының 30 ша­қы­рымының күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама дайындауға 11,7 млн. теңге бөлініп, бағдарлама облыстық жолаушылар көлігі және авто­мобиль жолдары басқармасы арқылы игерілмек. Сонымен қатар, Арал ауданының Аманөткел ауылдық округіне қарасты Хан елді мекені тұсындағы Сырдария өзеніне понтон өткелін сатып алуға 12,0 млн. теңге бөлінген. Қамыс­тыбас елді мекеніндегі бұрынғы жабылып қалған темір жол өткелінің қайта ашылуына байланысты құрылыс-монтаж жұмыстарына бюджеттен тыс қаржы көздерінен 15,0 млн. теңге бөлініп, темір жол өткелі ел игілігіне ұсынылды.

Кентішілік көшелер бойынша Жаңа­қорған кенті мен Қармақшы ауданына қарасты Төретам және Ақай кенттерінің көшелерін орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, осы жылы Қызылорда қаласының 98 көшесін күр­делі және орташа жөндеу жұмыстарына барлығы 4 300,0 млн. теңге қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылы бар­лығы 135 нысан бойынша жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарына 4300,0 млн. теңге қаралып, жол жөндеу жұмыс­тар жүргізіліп жатыр. Осы саласындағы “УАД”, “Дорстрой”,” Қыран” ЖШС-і және аудандардағы мердігер мекемелер жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

– Бүгінгі таңда жол қатынасының тұ­рақтылығы өңір­ экономикасының өсуіне, әсіресе, ауылдық аумақтардың дамуына тікелей әсері бар негізгі факторлардың бі­рі болып отыр, – дейді басқарма бас­тығы Сержан Нәметша, – ең алды­мен, сала бойынша бірінші кезекте шешілуі тиіс мәселелер айқындалуы керек. Яғни, бірінші кезекте негізгі көлік қатынасы жолдары болып саналатын республикалық маңыздағы Самара-Шымкент автомо­биль жолына қосылатын жолдарды қалыпты жағдайда ұстауға және ауылдық аумақ­тардағы экономикалық әлеуеті бар елді мекендерді қамтитын жолдарға ерекше назар аударылуы қажет.

Басқарма бастығы айтса айтқандай, ағымдағы жылға жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық және жергілікті бюджеттен 5 103,6 млн. теңге бөлінген. Егер республикалық бюджеттен осы салаға бөлінген 891,3 млн. теңге қаржыны саралап айтар болсақ, Қармақшы ау­данында аудандық маңызы бар Самара-Шымкет-Ақжар-Тұрмағанбет-Кө­мекбаев автожолының 20 шақырымына 450,0 млн. теңге, Жалағаш ауданындағы облыс­тық маңызы бар Жалағаш-Жосалы автокөлік жолының 9,5 шақырымын жөндеуге 163,8 млн. теңге, ал Сырдария ауданындағы Самара-Шымкент-Жаңа­да­рия автожолы­ның 2,3 шақырымына 40,9 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстарын “Дорстрой” ЖШС сапалы атқаруда. Сондай-ақ, Шиелі ауданындағы облыстық маңызы бар Самара-Шымкент-Шиелі-Жеміс-жидек автокөлік жолының 1,7 ша­қырымын жөндеуге 36,3 млн. теңге бөлі­ніп, бұл жұмысты “Шиелі жолшы” ЖШС, ал Жаңақорған ауданы аума­ғындағы облыстық маңызы бар “Самара-Шым­кент-Жаңақорған-Түгіскен-Келін­төбе автожолының 6,6 шақырымын күрделі жөндеуден өткізуге 200,0 млн. теңге қар­жы қаралып, бұл жұмысты “УАД” ЖШС жүргізуде.

Ал, ауылдардың автокөлік жолдарын қайта жаңарту, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу, күтіп ұстау жұмыстары мен жо­ба­лық-сметалық құжаттар дайындауға жер­гілікті бюджеттен 4 624,3 млн. теңге бө­лінген. Осыншама қаржыны игеруде, Сыр бойындағы елді мекендердің авто­көлік жолдарын жөндеуде үлкен серпіліс бар.

Өңірдегі жол жұмыстарына қолданы­латын жол-құрылыс материалдарының, атқарылған жұмыстардың сапасын арттыру мақсатында жол құрылысының технологиясын сақтауда және жобалық- сметалық құжаттамада көрсетілген жұмыс түрлерінің толығымен орындалуына Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне қарасты “Қызылордажолзертханасы” мемлекеттік мекемесі, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, облыстық жол полициясы басқармасы мен облыс­тық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара іс-қимыл жасауда. Жұмыстардың сапалы және уақтылы аяқталуын қадағалау басты назарда болып келеді.



Авторы: Еркін ӘБІЛ, Қызылорда облысы.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат