Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2009-10-28:

ІС БАР, ІРКІЛІСТЕР ДЕ ЖОҚ ЕМЕС

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

 

Кеңес жұмысына Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Мемле­кет­тік хатшы – Сыртқы істер ми­нистрі Қанат Саудабаев, Президент Әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусин қатысты.

Мемлекет басшысы әлемдегі жетекші экономикалардың көрініс берген тұрақтану белгілері, көмір­сутегі шикізаты, металл бағасының өсуі аясында ел экономикасындағы ішкі ахуал да жаман қалыптасып отыр­ған жоқ, деп атап өтті. Өндіріс көлемі 2-ші тоқсандағымен салыстырғанда 3-ші тоқсанда 4,3%-ға, өңдеу өнеркә­сі­бінде 15%-ға ұлғайды. Тау-кен өн­діру секторы мен ауыл шаруашы­лы­ғында қаңтардан бастап қоса ал­ғандағы қыркүйектегі кезеңде тиі­сінше 4,7% және 1,7% өсу байқалып отыр.

Дағдарысқа қарсы шаралар 400 мыңға жуық, соның ішінде “Жол картасы” аясында 260 мыңға жуық жұ­мыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

Биылғы жылы тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылықты жаңарту жөнінде ауқымды жұмыс жүргізілді. Бір жарым мың дерлік әлеуметтік ин­фрақұрылым нысандары жөндеу­ден өтті. Жүздеген шақырым жол­дар төселді және жөнделді.

Мемлекет студенттерге қолдау көрсетіп, осы мақсатта қосымша 11 мың грант және 40 мың несие бөлді.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ бірқатар проблемаларға, атап айт­қанда, “100 мектеп, 100 аурухана” бағ­дарламасын іске асыру бары­сы­на айрықша назар аудартты. Үсті­міздегі жылы жоба аяқталады деп кү­тілген еді. Алайда, Оңтүстік Қа­зақстан облысының 14 мектебі, Қызылорда облысының 4 мектебі және Астанадағы бір мектеп мер­зімінде бітпейтін болып отыр.

Ауруханаларға байланысты да осындай ахуал бар. Қазіргі кезде бөлінген қаржының тек 64%-ы игерілген.

Мемлекет басшысы әкімдерге құрылыс сапасы мен нысандардың уақытында берілуіне тиімді бақы­лауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан На­зар­баев 2011 жылы Қазақстанда ал­ғашқы рет Азиада болатынын атап өтті. Үкіметке, Алматы мен Астана­ның әкімдеріне бұл мәселеге жауап­кершілік таныту және жос­пар­ланған барлық нысандардың уақытында іске қосылуын қамта­ма­сыз ету тапсырылды.

Кеңес қорытындысы бойынша, Мемлекет басшысы дағдарысқа қарсы шараларды орындау, “Жол картасы” бағдарламасы және бас­қа да әлеуметтік-экономи­калық мін­деттерді іске асыру бой­ын­ша бір­қатар нақты тапсырма­лар берді.

 

ЕЛОРДАДА – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ЖЕЛІСІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы бірқатар нысандарды аралады

 

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев Астана қаласының Қарағанды тас жолы бойында орналасқан, Қа­зақстан мен Орталық Азия елде­рінде бірінші рет ашылып отырған METRO Cash & Carry халықаралық көтерме сауда желісі орталығының ашылу салтанатына қатысты.

Әлем бойынша 30 елде 659 сау­да орнын ашқан METRO/MAKRO Cash & Carry Іnternatіonal компа­ниясының бас директоры Франс Муллер мен “Метро Қазақстан” ди­ректоры Стивен Кригер Елба­сына 6 880 шаршы метр аумақты алып жатқан орталықтың сауда ала­ңын, 353 орындық паркинг ай­мағын аралатып көрсетіп, орта­лықтың әлеуеті, оның дамуы, Аста­на экономикасына қосар үлесі ту­ралы әңгімелеп берді. Жаңа сауда орталығы Астана қаласындағы орта және шағын бизнес өкілдеріне ба­ғытталып отыр. Тұрақты клиент­терінің қатары да тек бизнеспен айна­лысатын немесе жеке ісі бар жандардан тұрмақ. Оларға сауда орталығы ұсынар тауардың тізімі де осал емес. Алуан түрлі сапалы тауар­лардың 13 мыңы азық-түліктік және 12 мыңы түрлі шаруашылық өнімдері болып табылады. Мысалы, телевизорлар, ноутбуктер, теле­фон­дар тікелей өнім өндірушілерден алынып, олар саудамен айналы­су­шы кәсіпкерлерге ең төменгі бағада ұсынылады. Қарапайым тілде айт­сақ, өндіруші мен тұтынушы ара­сын­да көпір болатын “METRO” көтерме сауда моделі “бизнес үшін биз­нес” үлгісінде кәсіпқой тұтыну­шыларға, яғни заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге арналған. Олардың әрқайсысы тіркеліп, METRO сатып алушысының кар­точ­касын иеленеді. Компания өкіл­дерінің айтуынша, негізгі тұты­ну­шылары қонақ үйлер, мейрам­ха­на­лар, кейтеринг компаниялары болмақшы.

Журналистерге арналған бри­фингте METRO-ның бас атқарушы директоры Франс Муллер жаңа сауда орталығын ашуға қолдау көрсеткен Мемлекет басшысы мен Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовке өз ризашылығын білдірді. “Қазақстанға ең алғашқы рет келген кезде маған жергілікті тұрғындардың бай дәстүрі қатты әсер қалдырды. Шағын және орта бизнеске жасалып отырған жеңіл­діктер де бар. Қазақстан минералды ресурстарымен ғана дамып келе жатқан жоқ, сонымен бірге, қызмет көрсету саласы да жақсы жолға қойылған. Түрлі мейрамханалар мен қонақ үйлер күнделікті бой көтеруде. Оның үстіне Президент Н.Назарбаев пен ел Үкіметінің қам­қорлығы мен қолдауы Қазақ­стан­ның одан әрі ырғақты дамуына себеп болып отыр. Осының бар­лығы Қазақстанның даму болашағы зор екендігіне дәлел”, дей келе елімізде көтерме сауда желісінің да­муына өз үлестерін қосып, тәжіри­белерімен бөлісетіндігін айта кетті. Өзіне-өзі қызмет ету үлгісін ұсы­натын METRO халықаралық сауда желісі жер­гілікті  тауар өндірушілер өнім­дерінің 90 пайызына дейін сатып алып, оны сақтап қоятын қойма ретінде де өз қызметін ұсынбақ. Са­палы тауарларға инвестиция да салып отырмақ. “Жергілікті тұр­ғын­дарды жұмыспен қамтамасыз ету жоспарымен 250 адам жұмысқа алынды. Бұл жағдайлардың қай-қайсысын алып қарасаңыз да ел экономикасының ұта­ты­нын айқын көруге болады. Бола­шақта тек Астана ғана емес, Алма­ты, Қарағанды, Шымкент секілді ірі экономикалық аймақтарда жаңа сауда орындарын ашу жоспарланып отыр. Қазір қазақстандық экономи­ка мен тұтынушылар және біздің компаниялар арасында екі жаққа да пайдалы қарым-қатынас мүмкіндігі туып отыр. Ол жаңа сауда орны­ның ашылуы нәтижесінде жүзеге асып отыр”, – деді Франс Муллер.

“Қазақстанмен әріптестік қа­рым-қатынас орнатуды 2007 жыл­дан бастап көздеп келеміз. Бұған екі жақ та мүдделі болды. Алайда, нақты жүзеге асыруға биыл қол жет­кізіп отырмыз. Осы орайда сіздердің назарларыңызды мынаған аударғым келеді. Біз №1 сапалы қазақстандық өнімдерді сатып алудамыз. Мысалы, ет өнімдерін алып қарайық. Онда жаңа ауланған балық, ет өнімдері ең соңғы тех­нологиялық инновациялармен жаб­дықталған мұздатқыштарда сақтау­лы. Мұндай технологиялар Қазақ­станда жоқ. Сіздердің әлеует­теріңіздің мықтылығын байқадық, риза болдық. Сондықтан болашақта METRO-ның қатарын 10-15-ке жеткіземіз деген ой бар. Олар үшін Алматы, Қарағанды, Шым­кент қаласында жерлер сатып алынды”, – дейді “METRO Қазақ­станның” бас директоры Стивен Кригер. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, Ресей елінде METRO ха­лықаралық көтерме сауда желісі орталығының саны – 51.

Жаңа сауда орталығымен таны­су кезінде Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаев ондағы қызметкерлердің жаңа жабдықтармен қаншалықты жұмыс істей алатындығын сұрап-білді. “Елордамызда әлемдік эко­номикада өз орны, маңызы бар бел­гілі халықаралық сауда желісінің тамаша нысанының ашылуымен құттықтағым келеді. Ең бастысы, сіздер астаналықтарды ең таза, соң­ғы дайындалған азық-түлікпен қам­тамасыз етудің басында бола­сыз­дар”, – деді Елбасы. Астана қала­сының әкімі Иманғали Тасма­ғам­бетов те METRO-ның мүмкін­дік­терімен және қызметімен танысты. Елбасына METRO Cash & Carry ха­лықаралық көтерме сауда желісі сауда орталығының карточкасы ұсынылды.

Дегенмен, айта кететін бір жәйт, бұл көтерме сауда орнында қара­пайым тұрғындар сауда-саттық жа­сай алмайды. Аталмыш сауда желісі кәсіпкерлерге немесе заңды тұл­ғаларға ғана қызмет көрсететін болады.

* * *

Президент Нұрсұлтан Назар­баев Астананың Ш.Уәли­ха­нов пен А.Иманов атындағы көше­лерінің қиылысқан жерінде ор­на­ласқан “Кинг Отель Астана” қонақ үйінде болып, оның қызмет көр­сету деңгейімен танысты.

Елбасы қонақ үйдің нөмірлері мен басқа да қызмет көрсету орын­дарымен танысқаннан кейін “Кинг Отель Астананың” қызметіне өз бағасын берді.

– Жалпы, қонақ үй жақсы са­лы­ныпты, – деді Н.Назарбаев. – Қазір бізге осындай 3-4 жұлдызды орта тап өкілдеріне арналған қонақ үй­лер салу қажет. Бұл туралы мен өткен жолы Астана әкімдігінің ак­тивімен өткізген кездесуде қадап айт­қан болатынмын. Астана бола­шағы үлкен қала. Оның әдемі, қа­зір­гі заман талабына сай қонақ үй­лер салу мүмкіншілігі бар. Сон­дық­тан бізге осындай қонақ үйлер бо­лашақта өте-мөте қажет.

Бұл қонақ үй 500 орынға арна­лып отыр. Оның “Стандарт” кла­сын­да – 250 орын, ал “Люкс” пен “Сьют” кластарының әрқайсы­сын­да 125 орыннан бар. Қонақ үйдің түнемелік бағасына келсек, мұнда ең арзан нөмір – 12 мың теңге, ал ең қымбаты 22 мың теңгенің көле­мінде. Қонақ үйдің орындары басқа отельдерге қарағанда заманауи ха­лықарлық талаптарға сай жаб­дық­талған. Онда шағын барлар, жел­дет­кіш, 32 дюймді LСD-панельдері, тікелей халықаралық байланыс пен интернет желілеріне қосылған бөл­мелер бар. Ал сәнді де қолайлы бөл­мелер дыбыс өткізбейтін қабыр­ғалар мен терезелерден тұрады. Со­нымен бірге кешен 3 мейрамхана, 4 ас бөлмесі, караоке-бар, стрип-холл, спорт-бар, 8 бар, жаттығу залы мен хауызы бар сауықтыру ор­талығы, көп салалы бизнес-ор­талықтар, 300 орындық мәжілістер мен банкеттер өткізуге арналған 2 залмен және басқа да виб-залдар­мен қамтамасыз етілген.

Қонақ үйдің жалпы аумағы 35,5 мың шаршы метр болатын үш блок­тан тұрады. Астана бойынша бұл 35-ші қонақ үй екен. Оның төр­теуі бес жұлдызды, жетеуі төрт жұлдызды, ал қалған 23 қонақ үй бірінші санатқа жататын кешендер болып саналады.

Венера ТҮГЕЛБАЙ, Дастан КЕНЖАЛИН.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат