Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2006-02-22:

Меценат сапар

 

Елдігімізді ұлықтап, өткенімізді дәріп­тей отырып бүгінімізден сыр шертер қа­сиет­ті қара домбыраның үні мен қобыз­дың са­ры­ны соңғы кездері мұхиттың арғы жа­ғы­нан жиі естілетін болып жүр. Міне, осын­дай ірі өнер қойылымының тағы бір тың жа­ңа­лығы сәуір айында Лондон қаласында өтпек.

 

Астаналық меценат Сапар Искаковтың демеушілік етуімен әйгілі Альберт-Холлда қа­зақ­тың 22 музыкалық аспаптарының қаты­суы­мен “Бабалар әуені” атты концерт қойыл­мақ. Бұл игі іске мұрындық болып отырған­дардың қа­та­рында танымал скрипкашы Ма­рат Бисен­ға­лиев, шет елде жүрген дирижер Алмас Серке­баев, Нұржамал Үсенбаева және композитор Карл Дженкинстердің есімдері бар. Міне, осы қазақ өнерінің сырт елдегі жан­ашы­ры болып отырған Карл Дженкинстің өңдеуінде орындал­мақ туындылардың қатарында “Дударай”, “Жайлау”, “Қарлығаш” сынды халық әндерімен қатар танымал қобызшы Т.Аспанбайұлының шығармалары да бар.

 

Қазақ фольклорын насихаттау мақсатында өткелі отырған “Бабалар әуені” атты жоба былтыр дүниеге келген болатын. Ұлыбританиялық әлемге танымал композитор Карл Дженкинс арнайы іссапармен елордамызға келгенде қазақ музыкасының жанашыры, меценат Сапар Искаковпен келісім шартқа отырған. Жобаның басты мақсаты – қазақ әні мен күйін, қазақтың ұлттық музыкалық аспабын әлемге таныту. Бұл бастаманың жүзеге асуы, әрине, қазақ әуендерінің жаңа үлгідегі жинақтап шығару және оны мол көлемде таратумен байланысты еді. Келісілген жоба бойынша, қазақ әндеріне ағылшын ком­по­зи­торы ән жазып, ол ұлттық аспаптарда орын­далады. Сондай-ақ, осы музыкалардың жазылу барысына Марат Бисенғалиевтың жетекшілігімен Батыс Қазақстан облыстық филармониясы және Еуропаның белгілі өнер шеберлері тартылды. Тұсаукесері шет елде өтіп, кейін еліміздің бірқатар қалаларында, оның ішінде Астана, Алматы, Орал қалаларында осынау күйтабақтың тұсау кесеріне арналған концерттер өткізілмек.

Сонымен қатар бұл өнер кешінде Тілеп бақсының қобыз сарынына арналып жазылған Несіпбек Айтұлының “Тілеп пен Сарықыз” атты поэмасы негізінде дайындалған либретто да тұңғыш рет орындалмақ. Әнін Алмас Серкебаев жазса, америкалық балетмейстер Эдвард Розинскиий көркемдік жетекшілік жасаған. Бұл шаралардың барлығы да өз өнерімізді әлемге мойындату мақсатында атқарылмақ шаралар.

Міне, осылайша қазақтың күмбірлеген күйі мен әуезді әнін астаналық бір топ өнер иелері шет елдіктерге паш етпек. Жалпы, концерт кезіндегі сүйемелдеу Батыс Қазақстан облыстық филармониясы мен Финляндиядан келген хор әншілерінің күшімен өтпек.

 

Музыка саласындағы тағы бір тың бастама ол – Лондон қаласындағы “Sоny Classіcs” сту­диясында қазақтың күйлері мен әндерінің өң­деліп жазылған күйтабағының жарық көруі дер едік. Тыңдармандар тарапынан сұранымға ие болар деп күтілген күйтабақтарды тек бес жыл­дың ішінде 10 миллионға жуығын сату ша­ра­лары да көзделген. Бұл шығармаларды орын­дайтын Орал облыстық филармония­сы­ның бір топ өнерпаздары қазіргі таңда Лондонға аттандырылды. Ал қалған ұлттық аспаптар оркестрі концерт басталар алдында барады.

 

Астанадан бастау алар бұл мерекелі ду­ман, міне, осылайша лондондықтардың ұл­ттық мақтанышы саналар Биг-Бэнд аталып жүрген Альберт-Холлда өтпек. Темза өзенінің бой­ында Есілден жеткізілген ұлы қобыз­дың сарыны шалқитын күн де жақын.



Авторы: Айжан ЖҰМАБАЕВА, журналист.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат