Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2010-02-03:

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Респуб­ликасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №23, 335-құжат; 1998 ж., №23, 416-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; №6, 141-құжат; 2001 ж., №8, 53-құжат; №15-16, 239-құжат; №17-18, 245-құжат; №21-22, 281-құжат; 2002 ж., №4, 32, 33-құжаттар; №17, 155-құжат; №23-24, 192-құжат; 2003 ж., №18, 142-құжат; 2004 ж., №5, 22-құжат; №23, 139-құжат; №24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., №13, 53-құжат; №21-22, 87-құжат; №24, 123-құжат; 2006 ж., №2, 19-құжат; №5-6, 31-құжат; №12, 72-құжат; 2007 ж., №1, 2-құжат; №5-6, 40-құжат; №10, 69-құжат; №13, 99-құжат; 2008 ж., №12, 48-құжат; №15-16, 62, 63-құжаттар; №23, 114-құжат; 2009 ж., №6-7, 32-құжат; №15-16, 71, 73-құжаттар; №17, 81, 83-құжаттар; 2009 жылғы 12 желтоқсанда “Егемен Қазақстан” және “Казахстанс­кая правда” газеттерінде жарияланған “Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2009 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 12 желтоқсанда “Егемен Қазақстан” және “Казахстанская правда” газеттерінде жарияланған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы­ның Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда “Егемен Қазақстан” және “Казахстанская правда” газетте­рінде жарияланған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда “Егемен Қазақстан” және “Казах­­станс­кая правда” газеттерінде жарияланған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда “Егемен Қазақстан” және “Казахстанская правда” газеттерінде жарияланған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 22 желтоқсанда “Егемен Қазақстан” және “Казахстанская правда” газеттерінде жария­ланған “Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2009 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 21 желтоқсанда “Егемен Қазақстан” және “Казахстан­ская правда” газеттерінде жарияланған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2009 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 22 желтоқсанда “Егемен Қазақстан” және 2009 жылғы 23 желтоқсанда “Казахстанская правда” газеттерінде жарияланған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білікті заң көмегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) бүкіл мәтін бойынша “медициналық мекемеге”, “медициналық мекеменің”, “медицина­лық мекемеден”, “медициналық мекемеде”, “меди­циналық мекемелерге”, “медицина меке­месіне”, “медициналық мекеме”, “Медициналық мекемеде” деген сөздер тиісінше “медициналық ұйымға”, “медициналық ұйымның”, “медицина­лық ұйымнан”, “медициналық ұйымда”, “медициналық ұйымға”, “медициналық ұйымға”, “медициналық ұйым”, “Медициналық ұйымда” деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 7-бапта:

41) тармақта:

“белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеуінің нәтижесінде” деген сөздер “практикалық қызметтің барысында” деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 41-1) тармақпен толықтырылсын:

“41-1) “арнаулы ғылыми білім” – сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерінде іске асырылған, мазмұны ғылыми білімді құрайтын арнаулы білім саласы;”;

3) 83-бап мынадай редакцияда жазылсын:

“83-бап. Сарапшы

1. Арнаулы ғылыми білімі бар, іске мүдделі емес адам сарапшы ретінде шақырылуы мүмкін. Сараптама жүргізу тапсырылуы мүмкін адамға қойылатын өзге де талаптар осы Кодекстің 243-бабының бірінші бөлігінде белгіленеді.

2. Сарапшыны шақыру, сараптама тағайындау және жүргізу осы Кодекстің 32-тарауында, сондай-ақ 354-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

3. Сарапшының:

1) сараптама нысанасына қатысты іс материалдарымен танысуға;

2) қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды өзіне беру туралы, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті мәлімдеуге;

3) қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатымен іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге және сот отырысына қатысуға және оларға қатысушы адам­дарға сараптама нысанасына қатысты сұрақтар қоюға;

4) өзі қатысқан іс жүргізу әрекетінің хатта­масымен, сондай-ақ тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеттері мен айғақтарының толық және дұрыс көрсетілуіне қатысты хаттамаларға енгізілуге тиісті ескертпелер жасауға;

5) сараптама тағайындаған органның келісімі бойынша сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған, іс үшін маңызы бар, сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда қамтылған мәселелердің шегінен тыс мән-жайлар бойынша өз құзыреті шегінде қорытынды беруге;

6) ана тілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және айғақтар беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; аудармашыдан бас тартуды мәлімдеуге;

7) сараптама жүргізу кезінде қылмыстық процесті жүргізуші органның және іс бойынша іс жүргізуге қатысушы өзге де адамдардың өзінің құқықтарына нұқсан келтіретін шешімдері мен әрекеттеріне шағым жасауға;

8) сараптама жүргізу кезінде шеккен шығыс­тарға өтем және егер сот сараптамасын жүргізу өзінің лауазымдық міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмысы үшін сыйақы алуға құқығы бар.

4. Сарапшы:

1) қылмыстық процесті жүргізуші органды хабардар етпестен, процеске қатысушылармен сараптама жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге;

2) зерттеу үшін материалдарды дербес жинауға;

3) егер сараптама тағайындаған органның бұған арнайы рұқсаты болмаса, объектілерді толық немесе ішінара жоюға не олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеп соғуы мүмкін зерттеулер жүргізуге құқылы емес.

5. Сарапшы:

1) қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыртуы бойынша келуге;

2) өзіне ұсынылған объектілерге жан-жақты, толық және объективті зерттеу жүргізуге, қойылған мәселелер бойынша негізделген және объективті жазбаша қорытынды беруге;

3) осы Кодекстің 252-бабында көзделген жағдайларда қорытынды беруден бас тартуға және қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді жазбаша хабарлама жасауға және оны қылмыстық процесті жүргізуші органға жіберуге;

4) жүргізілген зерттеуге және берілген қоры­тындыға байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге;

5) зерттеуге ұсынылған объектілердің сақталуын қамтамасыз етуге;

6) істің мән-жайы туралы мәліметтерді және сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған өзге де мәліметтерді жария етпеуге;

7) сараптама тағайындаған органға сараптама жүргізуге байланысты шығыстардың сметасын және келтірілген шығыстар туралы есепті табыс етуге міндетті.

6. Сарапшы көрінеу жалған қорытынды бергені үшін заңда белгіленген қылмыстық жауаптылықта болады.

7. Сот сараптамасы органының қызметкері болып табылатын сарапшы өз қызметінің сипатына қарай өзінің құқықтарымен және міндеттерімен танысқан және көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілген деп есептеледі.”;

4) 96-бапта:

мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

“1-1. Тірі адамға, сондай-ақ мәйітке сараптама жүргізуге сараптама тағайындалғанға дейін тиісті адамға медициналық көмек көрсеткен дәрігер сарапшы ретінде қатыса алмайды.”;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

“2. Адамның осы іске сарапшы ретінде алдыңғы қатысуы, оның қатысуымен жүргізілген сараптамадан кейін ол қайталап тағайындалатын жағдайларды қоспағанда, іс бойынша сараптама жүргізуді оған тапсыруды болдырмайтын мән-жай болып табылмайды.”;

5) 120-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

“1. Сарапшының қорытындысы – осы Кодекстің талаптарына сәйкес ресімделген, сот-сараптамалық зерттеудің барысы мен нәтижелерін көрсететін құжат.”;

6) 129-бапта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

“1. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесінде ғылыми-техникалық құралдарды қылмыстық процесті жүргізуші орган, сондай-ақ сарапшы және маман өздері осы Кодексте көзделген іс жүргізу міндеттерін атқаруы кезінде пайдалана алады.”;

төртінші бөлік “хаттамаларында” деген сөзден кейін “және сот отырысының хаттамасында” деген сөздермен толықтырылсын;

7) 153-баптың он бесінші бөлігіндегі “психиатриялық немесе өзге де медициналық мекемеде” деген сөздер “психиатриялық немесе өзге де медициналық ұйымда” деген сөздермен ауыстырылсын;

8) 242-бап мынадай редакцияда жазылсын:

“242-бап. Сараптама тағайындау тәртібі

1. Қылмыстық процесті жүргізуші орган сараптама тағайындау қажет деп тани отырып, бұл туралы қаулы шығарады, онда: сараптама тағайын­даған органның атауы, сараптаманы тағайындау уақыты, орны; сараптаманың түрі; сараптама тағайындау үшін негіздер; сараптамаға жіберілетін объектілер және олардың шығу тегі туралы ақпа­рат, сондай-ақ көрсетілген объектілерді зерттеу барысында толық немесе ішінара жою, олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгерту мүмкіндігіне рұқсат; сот сараптамасы органының атауы және (немесе) сот сараптамасын жүргізу тапсырылған адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Қылмыстық процесті жүргізуші орган­­ның сараптама тағайындау туралы қаулысы ол жіберілген және өз құзыретіне жататын орган­дар­дың немесе адамдардың орындауы үшін міндетті.

2. Сараптама жүргізілмей қылмыстық істі қозғау туралы шешім қабылдау мүмкін болмайтын жағдайларда, ол қылмыстық іс қозғалғанға дейін тағайындалуы мүмкін. Бұл ретте, мыналар:

1) қылмыстар туралы арыздарға немесе хабарламаларға қоса берілетін, осы Кодекстің 178, 179, 180, 181-баптарына сәйкес табыс етілген;

2) осы Кодекстің 182-бабына сәйкес қылмыс­тық істі қозғауға құқық берілген лауазымды адамдар және органдар тікелей тапқан;

3) тергеуге дейінгі тексеру барысында осы Кодекспен жол берілетін іс жүргізу әрекеттерінің нәтижесінде алынған;

4) осы Кодекстің 125-бабында көзделген тәртіппен талап етіліп алынған немесе табыс етілген материалдар сот-сараптамалық зерттеу­лердің объектілері болып табылады.

3. Істе ревизия, тексеру актілерінің, ведом­стволық инспекциялар қорытындыларының, сондай-ақ іс жүргізу әрекеттері барысында мамандар жүргізген зерттеулердің нәтижелері бойынша жасалған ресми құжаттардың болуы нақ сол мәселелер бойынша сот сараптамасын тағайындау мүмкіндігін жоққа шығармайды.

4. Сараптама өздерінің немесе өздеріне берілетін құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процеске қатысушылардың бастамасы бойынша тағайындалуы мүмкін. Өзінің немесе өзіне беріле­тін құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процеске қатысушы қылмыстық процесті жүргізуші органға, өз пікірі бойынша, сарапшының қорытындысы берілуге тиіс мәселелерді жазбаша түрде ұсынады, зерттеу объектілерін көрсетеді, сондай-ақ сарапшы ретінде шақырылуы мүмкін адамды (адамдарды) атайды. Бұл ретте, шешілуі өзіне ұсынылған мәселелер қылмыстық іске немесе сот сарапта­масының нысанасына жатпайтын жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процесті жүргізуші орган сараптама тағайындаудан бас тартуға құқылы емес.

5. Бастамасы бойынша сараптама тағайын­далып отырған процеске қатысушы сараптамалық зерттеу объектілері ретінде заттарды, құжаттарды ұсына алады. Қылмыстық процесті жүргізуші орган дәлелді қаулысымен оларды мұндай объектілердің қатарынан алып тастауға құқылы.

6. Қылмыстық процесті жүргізуші орган ұсы­нылған мәселелерді қарап, олардың қылмыстық іске немесе сот сараптамасының нысанасына жатпайтындарын қабылдамайды, сарапшыдан бас тартуға негіздердің бар-жоғын анықтайды, содан кейін осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарды сақтай отырып, сараптама тағайындау туралы қаулы шығарады.

7. Сараптама жүргізуге байланысты шығыс­тарды өтеу, сондай-ақ сарапшының еңбегіне ақы төлеу осы Кодекстің 21-тарауының ережелері бойынша жүргізіледі.

8. Қылмыстық процесті жүргізуші орган, егер сараптама жүргізу кезінде олардың қатысуы міндетті деп танылса, сезіктіні, айыпталушыны, жәбірленушіні, куәні сарапшыға жеткізуді қамтамасыз етеді.”;

9) 244-бапта:

бірінші бөліктің 5) және 6) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

“5) қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатымен, осы Кодекстің 246-1-бабында көздел­ген тәртіппен сараптама жүргізу кезінде қатысуға;

6) осы Кодекстің 254-бабында көзделген тәртіппен сарапшының қорытындысымен не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламамен танысуға құқығы бар.”;

екінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

“Қылмыстық істі қозғау сатысында тізбеленген құқықтарға қылмыс жасаудан зардап шеккен адам, сондай-ақ өзіне қатысты қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешіліп жатқан адам ие болады.”;

үшінші бөлікте:

“тергеуші” деген сөз “қылмыстық процесті жүргізуші орган” деген сөздермен ауыстырылсын;

“осы баптың бірінші бөлігінде, көрсетілген құқықтары мен міндеттерін” деген сөздер “осы Кодекстің 254-бабында көзделген құқығын” деген сөздермен ауыстырылсын;

төртінші бөлік “куәларды сараптамадан өткізу” деген сөздер “куәларға, сондай-ақ қылмыс жасау­дан зардап шеккен адамға және өзіне қатысты қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешіліп жатқан адамға сараптама жүргізу” деген сөздермен ауыстырылсын;

бесінші бөліктегі “тергеуші” деген сөз “, қылмыстық процесті жүргізуші орган” деген сөздермен ауыстырылсын;

10) мынадай мазмұндағы 244-1-баппен толықтырылсын:

“244-1-бап. Өздеріне қатысты сот сараптамасы жүргізілетін адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігі

1. Тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізу кезінде:

1) олардан мәліметтер алу мақсатында оларды заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыруға немесе оларға қысым жасауға (оның ішінде, алдау, күш қолдану, қорқыту және өзге де заңсыз шаралар арқылы);

2) аталған адамдарды медициналық техноло­гияларды, фармакологиялық және дәрілік заттарды клиникалық зерттеулердің субъектілері ретінде пайдалануға;

3) хирургиялық араласуды көздейтін зерттеу­лердің әдістерін қолдануға тыйым салынады.

2. Сот сараптамасын тағайындаған орган өзіне қатысты сот сараптамасы жүргізілетін адамды баламалы, болуы мүмкін ауырсыну сезімдерін және жанама әсерлерді қоса алғанда, сот-сараптамалық зерттеулердің пайдаланылатын әдістері туралы оған түсінікті түрде хабардар етуге тиіс. Көрсетілген ақпарат сот сараптамасы жүргізілетін адамның өтініші бойынша оның заңды өкіліне де беріледі.

3. Өзіне қатысты сот сараптамасы жүргізілетін адамға медициналық көмек заңда көзделген негіздер бойынша және тәртіппен ғана көрсетілуі мүмкін.

4. Медициналық ұйымға орналастырылған адамға шағымдар және өтініштер жасауға мүмкіндік беріледі. Осы Кодексте көзделген тәртіппен берілген шағымдарды және өтініштерді медициналық ұйымның әкімшілігі жиырма төрт сағат ішінде жолданым иесіне жібереді және олар цензураға жатпайды.

5. Адамға қатысты оның келісімімен жүргізілетін сот сараптамасы оның кез келген сатысында аталған адамның бастамасы бойынша тоқтатылуы мүмкін.”;

11) 245-бап мынадай редакцияда жазылсын:

“245-бап. Сот сараптамасы органының сараптама жүргізуі.

Сот сараптамасы органы басшысының құқықтары мен міндеттері

1. Сараптама сот сараптамасы органына тапсырылған кезде, қылмыстық процесті жүргізуші орган сараптама тағайындау туралы қаулыны және қажетті материалдарды оның басшысына жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органының қаулыда көрсетілген қызметкері жүргізеді. Егер қаулыда нақты сарапшы көрсетілмесе, сарапшыны таңдауды сот сараптамасы органының басшысы жүзеге асырады, бұл туралы сараптама тағайындаған адамға үш күн мерзімде хабарлайды.

2. Сот сараптамасы органының басшысы:

1) егер: осы сот сараптамасы органында қажетті арнаулы ғылыми білімі бар сарапшы болмаса; осы сот сараптамасы органының материалдық-техникалық базасы мен жағдайы нақты сараптама міндеттерін шешуге мүмкіндік бермесе; сот сарапшысының алдына қойылған мәселелер оның құзыретінің шегінен тыс болса; сараптама жүргізуге арналған материалдар осы Кодекстің талаптары бұзыла отырып ұсынылса, дәлелдерді көрсете отырып, сараптама тағайында­ған органға сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны орындамастан және зерттеуге ұсынылған объектілерді қайтаруға;

2) сараптама тағайындаған орган алдында осы сот сараптамасы органында жұмыс істемейтін адамдарды, егер олардың арнаулы ғылыми білімі қорытынды беру үшін қажет болса, сот сарапшылары комиссиясының құрамына енгізу туралы өтініш жасауға құқылы.

Сот сараптамасы органы басшысының заңда көзделген өзге құқықтары да бар.

3. Сот сараптамасы органының басшысы:

1) сараптама жүргізу үшін қажетті объектілерді дербес талап етіп алдыруға;

2) осы сот сараптамасы органының қызметкерлері болып табылмайтын адамдарды сараптама тағайындаған органның келісімінсіз оны жүргізуге тартуға;

3) сарапшыға нақты сараптама бойынша қорытындылардың мазмұнын алдын ала шешетін нұсқаулар беруге құқылы емес.

4. Сот сараптамасы органының басшысы:

1) сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны және зерттеу объектілерін алысымен, осы Кодекстің 242-бабы бірінші бөлігінің талаптарын ескере отырып, осы сот сараптамасы органының нақты сарапшысына немесе сарапшылар комиссиясына жүргізуді тапсыруға;

2) сот сарапшысының тәуелсіздігі принципін бұзбастан, сот сараптамасын жүргізу мерзімінің сақталуына, жүргізіліп жатқан зерттеулердің жан-жақтылығына, толықтығы мен объективтілігіне, сот сараптамасы объектілерінің сақталуына бақылауды қамтамасыз етуге;

3) сараптама жүргізуді ұйымдастыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етпеуге;

4) зерттеулер жүргізу үшін қажетті жағдай­ларды қамтамасыз етуге міндетті.”;

12) 246-бапта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

“1. Егер сараптама жүргізуді сот сараптамасы органының қызметкері болып табылмайтын адамға тапсыру ұйғарылса, қылмыстық процесті жүргізуші орган оны тағайындау туралы қаулы шығарылғанға дейін өзі сараптама жасауды тапсырғалы отырған адамның жеке басына көз жеткізуге және сарапшыдан бас тартуға осы Кодекстің 96-бабында көзделген негіздердің бар-жоғын тексеруге тиіс.”;

екінші бөліктегі “Тергеуші”, “тергеуші” деген сөздер тиісінше “Қылмыстық процесті жүргізуші орган”, “қылмыстық процесті жүргізуші орган” деген сөздермен ауыстырылсын;

13) мынадай мазмұндағы 246-1-баппен толықтырылсын:

“246-1-бап. Сот сараптамасын жүргізу кезінде процеске қатысушылардың қатысуы

1. Қылмыстық процесті жүргізуші орган сараптама жүргізу кезінде қатысуға, сарапшының жүргізіп жатқан іс-әрекеттеріне қатысты оның түсіндірмесін алуға құқылы. Сараптама жүргізу кезінде қылмыстық процесті жүргізуші органның қатысу фактісі сарапшының қорытындысында көрсетіледі.

2. Сараптама жүргізу кезінде өздерінің немесе өздеріне берілетін құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процеске қатысушылар қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатымен қатыса алады. Бұл жағдайда қылмыстық процесті жүргізуші органның қатысуы міндетті.

3. Қылмыстық процесті жүргізуші орган тиісті өтінішті қанағаттандырған кезде, оны мәлімдеген адамға сараптаманың жүргізілетін орны мен уақыты хабарланады. Хабарланған адамның келмей қалуы сараптаманы жүргізуге кедергі келтірмейді.

4. Сот сараптамасын жүргізу кезінде процеске қатысып отырған қатысушылар зерттеулер ба­рысына араласуға құқылы емес, бірақ сот сарап­тамасының нысанасына қатысты түсініктемелер бере алады.

5. Егер сот сараптамасын жүргізу кезінде процеске қатысып отырған қатысушы сот сарап­шысының қызметіне кедергі келтірсе, сот сарап­шысы зерттеуді тоқтата тұруға және қылмыстық процесті жүргізуші орган алдында аталған процеске қатысушыға сот сараптамасын жүргізу кезінде қатысуға берілген рұқсаттың күшін жою туралы өтініш жасауға құқылы.

6. Егер сот сараптамасын сот сарапшы­ларының комиссиясы жүргізсе, сот сарапшысы қорытынды жасаған кезде, сондай-ақ сот сарапшыларының кеңесуі және қорытындыларды тұжырымдау сатысында процеске қатысу­шылардың қатысуына жол берілмейді.

7. Сот психиатриялық және сот психоло­гиялық-психиатриялық сараптаманың жүргізілуі құпия жағдайда жүзеге асырылады.

8. Адамды жалаңаштау арқылы сот-сарап­тамалық зерттеулерді жүргізу кезінде тек сол жыныстағы адамдар қатыса алады. Осы шектеу көрсетілген зерттеулерді жүргізуге қатысатын дәрігерлерге және басқа да медицина қызметкерлеріне қолданылмайды.”;

14) 247-бап мынадай редакцияда жазылсын:

“247-бап. Сараптама жүргізу үшін  медициналық ұйымға орналастыру

1. Егер адамға қатысты сот сараптамасын жүргізу сот-сараптамалық зерттеулерді стационар жағдайында жүргізуді көздейтін болса, сезікті, айыпталушы, жәбірленуші, куә сараптама тағайындау туралы қаулының негізінде медициналық ұйымға орналастырылуы мүмкін.

Осы Кодекстің 241-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жәбірленушіні, куәні медициналық ұйымға орналастыруға оның жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.

Егер аталған адам кәмелетке толмаса немесе сот оны әрекетке қабілетсіз деп таныса, көрсетіл­ген жазбаша келісімді заңды өкіл береді. Заңды өкіл қарсылық білдірген немесе болмаған жағдайда жазбаша келісімді қорғаншылық және қамқоршылық органы береді.

2. Күзетпен ұсталмайтын сезіктіні, айыпталу­шыны, сондай-ақ жәбірленушіні, куәні сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға жіберу осы Кодекстің 14-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.

3. Өздеріне қатысты сараптама жүргізілетін адамдарды медициналық ұйымда ұстау ережелері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасында айқындалады.

4. Стационарлық сот-психиатриялық сарап­тама жүргізу үшін сезіктіні медициналық ұйымға орналастырған кезде оған айып тағылуға тиісті мерзім сарапшылар комиссиясының сезіктінің психикалық жағдайы туралы қорытындысы алынғанға дейін кідіртіле тұрады.

5. Өзіне қатысты сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама жүргізілетін адамның медициналық ұйымда болуының жалпы мерзімі отыз тәулікке тең. Сот-сараптамалық зерттеулерді аяқтау мүмкін болмаған жағдайда, көрсетілген мерзім осы Кодекстің 14-бабы екінші бөлігінің талаптарына сәйкес сарапшының (сарапшылар комиссиясының) дәлелді өтініші бойынша отыз тәулікке ұзартылуы мүмкін.

Өтініш сараптаманың жүргізілу мерзімінің аяқталуына дейін үш тәуліктен кешіктірілмей прокурорға немесе сотқа табыс етілуге және алған күннен бастап үш тәулік ішінде шешілуге тиіс. Прокурор, сот мерзімді ұзартудан бас тартқан жағдайда, адам медициналық ұйымнан шығары­луға тиіс. Медициналық ұйымның басшысы мәлімделген өтініш пен оны прокурордың, соттың қарау нәтижелері туралы өзіне қатысты сараптама жүргізілетін адамға, оның қорғаушысына, заңды өкіліне, өкіліне, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізуші органға хабарлайды.

6. Медициналық ұйымда өзіне қатысты сот сараптамасы жүргізіліп жатқан адам, оның қорғаушысы, заңды өкілі, өкілі осы Кодексте көзделген тәртіппен оның жүргізілу мерзімін ұзарту туралы қаулыға шағым жасауға құқылы.”;

15) 248-бапта:

төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

“4. Сот сараптамасы объектілерін пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.”;

 мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

“5. Сараптама жүргізу кезінде оның объектілері сараптама тағайындаған органның рұқсатымен зерттеулер жүргізу және қорытынды беру үшін қаншалықты қажет болса, сол шамада ғана бүлдірілуі немесе пайдаланылуы мүмкін.

Аталған рұқсат сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда немесе сот сарапшысының өтінішін қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан ішінара бас тарту туралы дәлелді қаулыда қамтылуға тиіс.”;

16) 249-бапта:

екінші бөліктегі “бірнеше” деген сөз “кемінде екі” деген сөздермен ауыстырылсын;

төртінші бөлік мынадай мазмұндағы бірінші сөйлеммен толықтырылсын:

“Комиссиялық сот сараптамасын жүргізу кезінде сот сарапшыларының әрқайсысы сот-сараптамалық зерттеуді толық көлемінде тәуелсіз және дербес жүргізеді.”;

бесінші бөліктегі “Тергеушінің” деген сөз “Қылмыстық процесті жүргізуші органның” деген сөздермен ауыстырылсын;

17) 251-баптың екінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

“2. Сарапшының қорытындысында: оның ре­сім­делген күні, сараптаманың жүргізілген мерзім­­дері және орны; сот сараптамасын жүргізудің негіздері; сараптаманы тағайындаған орган туралы мәліметтер; сараптама жүргізу тапсырылған сот сараптамасы органы және (немесе) сарапшы (сарапшылар) туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, білімі, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс стажы, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын қызметі); көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы өзінің ескертілгені туралы сарапшының (сарапшылардың) қолымен куәландырылған белгі; сот сарапшысының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер; сараптама жүргізу кезінде процеске қатысқан қатысушылар туралы және олар берген түсіндірмелер туралы мәліметтер; зерттеу объектілері; пайдаланылған әдістемелер көрсетіле отырып, зерттеулердің мазмұны мен нәтижелері; жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін бағалау, сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер бойынша қорытындылардың негіздемесі мен тұжырымы көрсетілуге тиіс.”;

“4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген тәртіппен куәландырылған, сарапшының қоры­тындысын көрнекілейтін материалдар (фотокес­телер, схемалар, графиктер, кестелер және басқа да материалдар) қорытындыға қоса беріледі және оның құрамдас бөлігі болып табылады. Сондай-ақ қорытындыға зерттеуден кейін қалған объектілер, оның ішінде үлгілер қоса берілуге тиіс.”;

18) 252-баптағы “немесе адамға” деген сөздер алып тасталсын;

19) 253-бапта:

бірінші бөліктегі “тергеуші” деген сөз “қылмыстық процесті жүргізуші орган” деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

“3. Сарапшыдан оның қорытындысына қатысты емес, тірі адамдарға қатысты сот-психиа­триялық, сондай-ақ сот-медициналық сараптама жүргізуге байланысты оған белгілі болған мән-жайлар бойынша жауап алуға болмайды.”;

20) 254-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

“254-бап. Сезіктіге, айыпталушыға, жәбір­ленушіге сарапшының қорытындысын көрсету

1. Сарапшының қорытындысы немесе оның қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламасы, сондай-ақ сарапшыдан жауап алу хаттамасы алдын ала тергеу аяқталғанға дейін сезіктіге, айыпталушыға, жәбірленушіге не осы Кодекстің 244-бабының бірінші және екінші бөліктерінде аталған өзге де адамдарға көрсетіледі, олар өз ескертпелерін ұсынуға, сарапшының қорытындылары бойынша қарсылықтарын мәлімдеуге, сарапшыдан жауап алу, қосымша немесе қайталама сараптама, сондай-ақ жаңа сараптамалар тағайындау туралы өтініштерін мәлімдеуге құқылы. Мұндай өтініш қанағаттан­дырылған немесе ол қабылданбаған жағдайда, қылмыстық процесті жүргізуші орган тиісті қаулы шығарады, ол өтінішті мәлімдеген адамға одан қолхат алып хабарланады.”;

21) 255-бапта:

үшінші бөлікте:

“дұрыстығы күмәнді болған” деген сөздер “қорытындылары күмән туғызған” деген сөздермен ауыстырылсын;

“жүргізудің” деген сөз “жүргізу туралы” деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:

“8. Егер екінші немесе реті бойынша келесі сараптама бірнеше негіздер бойынша тағайындалып, олардың бірі – қосымша, ал басқалары қайталама сараптамаға жататын болса, мұндай сараптама қайталама сараптама жүргізу ережелері бойынша жүргізіледі.”;

22) 354-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

“2. Сараптаманы алдын ала тергеу барысында қорытынды берген сарапшы (сарапшылар) не сот тағайындаған басқа сарапшы (сарапшылар) жүргізеді.

Соңғы жағдайда төрағалық етуші сараптама жүргізуді кімге тапсыруды ұйғарып отырғаны тура-лы хабарлауға тиіс, содан кейін аталған адамнан бас тарту және оның өздігінен бас тартуы туралы өтініштер болмаған кезде, сот кеңесу бөлмесіне кетпестен оны іс бойынша сарапшы ретінде тарту туралы қаулы шығарады. Бұдан әрі сарапшыға оның іс жүргізу өкілеттіктері түсіндіріледі, ол көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертіліп, бұл туралы қолхат береді.”;

23) 355-баптың бірінші бөлігіндегі “Сарап­шыдан” деген сөз “Осы Кодекстің 253-бабы үшінші бөлігінің талаптары ескеріле отырып, сарапшыдан” деген сөздермен толықтырылсын.

2. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Респуб­ли­касының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақ­стан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., №18, 644-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; №10, 244-құжат; 2001 ж., №8, 52-құжат; №15-16, 239-құжат; №21-22, 281-құжат; №24, 338-құжат; 2002 ж., №17, 155-құжат; 2003 ж., №10, 49-құжат; №14, 109-құжат; №15, 138-құжат; 2004 ж., №5, 25-құжат; №17, 97-құжат; №23, 140-құжат; №24, 153-құжат; 2005 ж., №5, 5-құжат; №13, 53-құжат; №24, 123-құжат; 2006 ж., №2, 19-құжат; №10, 52-құжат; №11, 55-құжат; №12, 72-құжат; №13, 86-құжат; 2007 ж., №3, 20-құжат; №4, 28-құжат; №9, 67-құжат; №10, 69-құжат;

(жалғасы)



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат