Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2010-02-03:

№13, 99-құжат; 2008 ж., №13-14, 56-құжат; №15-16, 62-құжат; 2009 ж., №15-16, 74-құжат; №17, 81-құжат; 2009 жылғы 22 желтоқсанда “Егемен Қазақстан” және “Казахстанская правда” газеттерінде жарияланған “Қазақстан Республика­сының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2009 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 22 желтоқсанда “Егемен Қазақстан” және 2009 жылғы 23 желтоқсанда “Казахстанская правда” газеттерінде жарияланған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білікті заң көмегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 41-бапта:

екінші бөлікте:

бірінші абзацтағы “маман” деген сөз “маман не аудармашы” деген сөздермен ауыстырылсын;

2) тармақшадағы “пайдаланылса, істі қарауға қатыса алмайды.” деген сөздер “пайдаланылса;” деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

“3) олардың білікті емес екені байқалса, істі қарауға қатыса алмайды.”;

үшінші бөліктегі екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

“Адамның іске сарапшы ретінде алдыңғы қатысуы, оның қатысуымен жүргізілген сарапта­мадан кейін ол қайта тағайындалатын жағдайларды қоспағанда, іс бойынша сараптама жүргізуді оған тапсыруды болдырмайтын мән-жай болып табылмайды”;

2) 90-бапта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

“1. Іс бойынша дәлелдеу процесінде ғылыми-техникалық құралдарды сот, тараптар, сондай-ақ сарапшы және маман өздері осы Кодексте көзделген іс жүргізу міндеттерін атқаруы кезінде пайдалана алады.”;

бесінші бөліктегі “іс-әрекеттерінің хаттама­ларында” деген сөздер “әрекетінің хаттамасында не сот отырысының хаттамасында” деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 91-бапта:

бірінші бөліктегі “арнайы ғылыми білімдер негізінде жүргізетін іс материалдарын” деген сөздер “арнаулы ғылыми білім негізінде жүргізетін оның объектілерін” деген сөздермен ауысты­рылсын;

екінші бөлік “консультацияларының” деген сөздерден кейін “, бағалаушылар есептерінің” деген сөздермен толықтырылсын;

оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

“10. Сараптама тағайындау туралы ұйғарымда: соттың атауы, сараптаманы тағайындау уақыты, орны; қаралатын іс бойынша тараптардың атауы; сараптаманың түрі; сараптама тағайындау үшін негіздер; сараптамаға жіберілетін объектілер және олардың шығу тегі туралы ақпарат, сондай-ақ көрсетілген объектілерді зерттеу барысында толық немесе ішінара жою, олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгерту мүмкіндігіне рұқсат; сот сараптамасы органының атауы және (немесе) сот сараптамасын жүргізу тапсырылған адамның тегі көрсетіледі. Соттың сараптама тағайындау туралы ұйғарымы ол жіберілген және өз құзыретіне кіретін органдардың немесе адамдардың орындауы үшін міндетті.”;

4) 92 және 93-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

“92-бап. Сарапшының құқықтары мен міндеттері

1. Сарапшының: сараптама нысанасына қатыс­ты іс материалдарымен танысуға; қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды өзіне беру туралы өтінішті мәлімдеуге; соттың рұқсаты­мен іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге және сот оты­рысына қатысуға және оларға қатысушы адамдарға сараптама нысанасына қатысты сұрақтар қоюға; өзі қатысқан іс жүргізу әрекетінің хаттамасымен, сондай-ақ тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеттері мен айғақтарының толық және дұрыс көрсетілуіне қатысты хаттамаларға енгізілуге тиісті ескертпелер жасауға; сот сараптамасын тағайындаған соттың келісімі бойынша сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған, азаматтық іс үшін маңызы бар, сараптама тағайындау туралы ұйғарымда қамтылған мәселелердің шегінен тыс мән-жайлар бойынша өз құзыреті шегінде қорытынды беруге; ана тілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және айғақтар беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; аудармашыдан бас тартуды мәлімдеуге; сараптама жүргізу кезінде соттың және іс жүргізуге қатысушы өзге де адам­дар­дың өзінің құқықтарына нұқсан келтіретін шешімдері мен әрекеттеріне шағым жасауға; сараптама жүргізу кезінде шеккен шығыстарға өтем және егер сот сараптамасын жүргізу өзінің лауа­зымдық міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмысы үшін сыйақы алуға құқығы бар.

2. Сарапшы: соттан бөлек, іске қатысушы адамдармен сараптама жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге; сараптамалық зерттеу үшін материалдарды дербес жинауға; егер сараптама тағайындаған соттың бұған арнайы рұқсаты болмаса, объектілерді толық немесе ішінара жоюға, олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеп соғуы мүмкін зерттеулер жүргізуге құқылы емес.

3. Сарапшы: соттың шақыртуы бойынша келуге; өзіне ұсынылған объектілерге жан-жақты, толық және объективті зерттеу жүргізуге; өзінің алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген жазбаша қорытынды беруге; осы Кодекстің 97-бабында көзделген жағдайларда, қорытынды беруден бас тартуға және қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді жазбаша хабарлама жасауға және оны сотқа жіберуге; жүргізілген зерттеуге және берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге; зерттеліп жатқан объектілердің сақталуын қамтамасыз етуге; істің мән-жайы туралы мәліметтерді және сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған өзге де мәліметтерді жария етпеуге міндетті.

4. Сарапшы көрінеу жалған қорытынды бергені үшін заңда көзделген қылмыстық жауаптылықта болады.

5. Сот сараптамасы органының қызметкері болып табылатын сарапшы өз қызметінің сипатына қарай өзінің құқықтарымен және міндеттерімен танысқан және көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілген деп есептеледі.

93-бап. Сараптама жүргізу тәртібі

1. Сараптама сотта немесе зерттеу сипатына не сот отырысында зерттеу үшін объектілерді жеткізудің мүмкін еместігіне немесе қиындығына қарай соттан тыс жүргізіледі. Сараптама жүргізіл­ген кезде сараптама тағайындаған соттың рұқсатымен сараптама объектілері зерттеу жүргізу және қорытынды беру үшін қаншалықты қажет болса, сол шамада ғана бүлдірілуі немесе пайда­ланылуы мүмкін. Аталған рұқсат сот сараптамасын тағайындау туралы ұйғарымда немесе сот сарапшысының өтінішін қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан ішінара бас тарту туралы дәлелді ұйғарымда қамтылуға тиіс.

2. Сараптамалық зерттеу объектілерінің дұрыстығына және жол берілгендігіне сот кепілдік береді.

3. Сараптамалық зерттеу объектілері, егер олардың көлемдері және қасиеттері мүмкіндік берсе, сарапшыға буып-түйілген және мөрмен бекітілген күйінде беріледі. Қалған жағдайларда сараптаманы тағайындаған сот сарапшыны зерттеу объектілері орналасқан жерге жеткізуді, оларға кедергісіз қол жеткізуді және зерттеу жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс.

4. Іске қатысушы адамдар сараптама жүргізу кезінде, осындай қатысу соттан тыс сараптама жүргізу кезінде сарапшылардың қалыпты жұмысына кедергі келтіретін жағдайларды қоспағанда, қатысуға құқылы. Сот іске қатысушы адамдардың сараптама жүргізу кезінде қатысуы туралы өтінішті қанағаттандырған жағдайда, аталған адамдарға сараптама жүргізілетін орын мен уақыт туралы хабарланады. Хабарландырылған адамдардың келмеуі сараптама жүргізуге кедергі келтірілмейді.

5. Соттан тыс сараптама жүргізу кезінде іске қатысушы адамдар қатысқан жағдайда, сот приставының міндетті түрде қатысуын сот айқындайды.

6. Сараптама жүргізу сот сараптамасы органы­на тапсырылған кезде, сот сараптама тағайындау туралы ұйғарымды және қажетті материалдарды оның басшысына жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органының ұйғарымда көрсетілген қызметкері жүргізеді. Егер сараптама тағайындау туралы ұйғарымда нақты сарапшы көрсетілмесе, оны таңдауды сот сараптамасы органының басшысы жүзеге асырады, бұл туралы сараптама тағайындаған сотқа хабарлайды.

7. Сот сараптамасы органының басшысы: осы сот сараптамасы органында қажетті арнаулы ғылыми білімі бар сарапшы болмаса, осы сот сараптамасы органының материалдық-техникалық базасы мен жағдайы нақты сараптама міндеттерін шешуге мүмкіндік бермесе; сарапшының алдына қойылған мәселелер оның құзыретінің шегінен тыс болса; сараптама жүргізуге арналған материалдар осы Кодексте көзделген талаптар бұзыла отырып ұсынылса, дәлелдерді көрсете отырып, сотқа сараптама тағайындау туралы ұйғарымды орындамастан, оны жүргізу үшін ұсынылған объектілерді қайтаруға; сот алдында осы сот сараптамасы органында жұмыс істемейтін адамдарды, егер олардың арнаулы ғылыми білімі қорытынды беру үшін қажет болса, сот сарапшылары комиссиясының құрамына енгізу туралы өтініш жасауға құқылы.

Сот сараптамасы органы басшысының заңда көзделген өзге құқықтары да бар.

8. Сот сараптамасы органының басшысы: сот сараптамасын жүргізу үшін қажетті объектілерді оны тағайындау туралы ұйғарымсыз талап етіп алдыруға; оны жүргізуге осы мекемеде жұмыс істемейтін адамдарды соттың келісімінсіз дербес тартуға; сарапшыға нақты сараптама бойынша қорытындылардың мазмұнын алдын ала шешетін нұсқаулар беруге құқылы емес.

9. Сот сараптамасы органының басшысы: сот сараптамасын тағайындау туралы ұйғарымды және зерттеу объектілерін алысымен, заңның талапта­рын ескере отырып, осы сот сараптамасы органының нақты сот сарапшысына немесе сот сарапшылары комиссиясына жүргізуді тапсыруға; сот сарапшысының тәуелсіздігі принципін бұзбастан, сот сараптамасын жүргізу мерзімінің сақталуына, жүргізіліп жатқан зерттеулердің жан-жақтылығына, толықтығы мен объективтілігіне, сот сараптамасы объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге бақылауды қамтамасыз етуге; сот сарапта­масын жүргізуді ұйымдастыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.

10. Егер сараптама жүргізуді сот сараптамасы органының қызметкері болып табылмайтын адамға тапсыру ұйғарылса, сот оны тағайындау туралы ұйғарым шығарылғанға дейін оның жеке басына және сарапшыдан бас тартуға осы Кодекстің 41-бабында көзделген негіздердің жоқ екендігіне көз жеткізуге тиіс.

11. Сот сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады, оны сарапшыға тапсырады, оған осы Кодекстің 92-бабында көзделген құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді және көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді. Сот осы іс-әрекеттердің орындалуы жөнінде сараптама тағайындау туралы ұйғарымға белгі қояды, ол сарапшының қолымен куәландырылады. Сарапшы жасаған мәлімдеме және оның өтініші дәл осылайша бекітіледі. Сот сарапшының өтінішін қабылдамау туралы дәлелді ұйғарым шығарады.

12. Сараптама жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу, сондай-ақ сарапшының еңбегіне ақы төлеу осы Кодекстің 108-бабының ережелері бойынша жүргізіледі.”;

5) 94-бапта:

екінші бөліктегі “бірнеше” деген сөз “кемінде екі” деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөлік мынадай мазмұндағы бірінші сөйлеммен толықтырылсын:

 “Комиссиялық сот сараптамасы жүргізілген кезде сот сарапшыларының әрқайсысы сот-сараптамалық зерттеуді толық көлемінде тәуелсіз және дербес жүргізеді.”;

6) 96-бап мынадай редакцияда жазылсын:

“96-бап. Сарапшының қорытындысы

1. Сарапшының қорытындысы – сот немесе тараптар сарапшының алдына қойған мәселелер бойынша сараптама объектілерін арнаулы ғылыми білімді пайдалана отырып жүргізілген зерттеуге негізделіп, осы Кодексте көзделген жазбаша нысанда ұсынылған қорытындылар.

2. Сарапшы (сарапшылар) қажетті зерттеулер жүргізгеннен кейін оның нәтижелерін ескере отырып, өз атынан қорытынды жасайды, оны өз (өздерінің) қол қоюымен және жеке мөрімен куәландырып, сараптама тағайындаған сотқа жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органы жүргізген жағдайда сарапшының (сарапшылардың) қолы аталған органның мөрімен расталады.

3. Сарапшының қорытындысында: оның ресімделген күні, сараптаманың жүргізілген мерзімдері және орны; сот сараптамасын жүргізу­дің негіздері; сот туралы мәліметтер, сараптама жүргізу тапсырылған сот сараптамасы органы және (немесе) сарапшы (сарапшылар) туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, білімі, мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс стажы, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын қызметі); көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыс­тық жауаптылық туралы өзінің ескертілгені туралы сарапшының қолымен куәландырылған белгі; сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер; сараптама жүргізу кезінде процеске қатысқан қатысушылар және олар берген түсіндір­мелер туралы мәліметтер; зерттеу объектілері; пайдаланылған әдістемелер көрсетіле отырып, зерттеулердің мазмұны мен нәтижелері; жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін бағалау, сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер бойынша қорытындылардың негіздемесі мен тұжырымы көрсетілуге тиіс.

4. Егер осы Кодекстің 97-бабында көрсетілген мән-жайлар зерттеу барысында анықталса, қорытындыда қойылған сұрақтардың бәріне немесе олардың кейбіреуіне жауап берудің мүмкін еместігінің негіздемесі қамтылуға тиіс.

5. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген тәртіппен куәландырылған, сарапшының қорытын­дысын көрнекілейтін материалдар (фотокестелер, схемалар, графиктер, кестелер және басқа да материалдар) қорытындыға қоса беріледі және оның құрамдас бөлігі болып табылады. Сондай-ақ қорытындыға зерттеуден кейін қалған объектілер, оның ішінде үлгілер қоса берілуге тиіс.

6. Осы Кодекстің 98-1-бабында көзделген тәртіппен жүргізілген жауап алу барысында сарапшының берген айғақтары ол бұрын берген қорытындыны түсіндіру, толықтыру не нақтылау бөлігінде ғана дәлелдемелер болып табылады.

7. Сарапшының қорытындысы сот үшін міндетті болып табылмайды, алайда оның қорытындымен келіспеуі дәлелді болуға тиіс.”;

7) 98-бапта:

бірінші бөліктегі “бұрын зерттелген мән-жайларға қатысты жаңа мәселелер” деген сөздер “алдыңғы зерттеуге байланысты қосымша мәселелерді шешу қажеттілігі” деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөліктегі “дұрыстығы” деген сөз “қорытындылары” деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

“7. Егер екінші немесе реті бойынша келесі сараптама бірнеше негіздер бойынша тағайындалып, олардың бірі – қосымша, ал басқалары қайталама сараптамаға жататын болса, мұндай сараптама қайталама сараптама жүргізу ережелері бойынша жүргізіледі.”;

8) мынадай мазмұндағы 98-1-баппен толықтырылсын:

“98-1-бап. Сарапшыдан жауап алу

1. Сарапшыдан жауап алу, егер сарапшының қорытындысы жеткілікті түрде айқын болмаса, толықтыру үшін қосымша зерттеулер жүргізу талап етілмейтін олқылықтары болса немесе сарапшы қолданған әдістер мен терминдерді нақтылау қажет болса, оның қорытындысы жарияланғаннан кейін ғана жүргізілуі мүмкін.

2. Сарапшыдан тірі адамдарға қатысты сот-психиатриялық, сондай-ақ сот-медициналық сараптама жүргізуге байланысты оған белгілі болған, оның қорытындысына қатысты емес мән-жайлар бойынша жауап алуға болмайды.

3. Өтініші бойынша сараптама тағайындалған тарап сарапшыдан бірінші болып жауап алады.

4. Егер сараптама тараптар арасындағы келісім бойынша немесе соттың бастамасы бойынша жүргізілсе, сарапшыға бірінші болып талапкер, содан кейін жауапкер сұрақтар қояды.

5. Сот жауап алудың кез келген сәтінде сарапшыға сұрақ қоюға құқылы.”;

9) 305-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

 “3. Сот психиатриялық сараптаманы психиатриялық стационарларда жүргізудің тәртібі Қазақстан Республикасының сот сараптамасы туралы заңнамасында белгіленген.”.

3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., №5-6, 24-құжат; №17-18; 241-құжат; №21-22, 281-құжат; 2002 ж., №4, 33-құжат; №17, 155-құжат; 2003 ж., №1-2, 3-құжат; №4, 25-құжат; №5, 30-құжат; №11, 56, 64, 68-құжаттар; №14, 109-құжат; №15, 122, 139-құжаттар; №18, 142-құжат; №21-22, 160-құжат; №23, 171-құжат; 2004 ж., №6, 42-құжат; №10, 55-құжат; №15, 86-құжат; №17, 97-құжат; №23, 139, 140-құжаттар; №24, 153-құжат; 2005 ж., №5, 5-құжат; №7-8, 19-құжат; №9, 26-құжат; №13, 53-құжат; №14, 58-құжат; №17-18, 72-құжат; №21-22, 86, 87-құжаттар; №23, 104-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №2, 19, 20-құжаттар; №3, 22-құжат; №5-6, 31-құжат; №8, 45-құжат; №10, 52-құжат; №11, 55-құжат; №12, 72, 77-құжаттар; №13, 85, 86-құжаттар; №15, 92, 95-құжаттар; №16, 98, 102-құжаттар; №23, 141-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; №2, 16, 18-құжаттар; №3, 20, 23-құжаттар; №4, 28, 33-құжаттар; №5-6, 40-құжат; №9, 67-құжат; №10, 69-құжат; №12, 88-құжат; №13, 99-құжат; №15, 106-құжат; №16, 131-құжат; №17, 136, 139, 140-құжаттар; №18, 143, 144-құжаттар; №19, 146, 147-құжаттар; №20, 152-құжат; №24, 180-құжат; 2008 ж., №6-7, 27-құжат; №12, 48, 51-құжаттар; №13-14, 54, 57, 58-құжаттар; №15-16, 62-құжат; №20, 88-құжат; №21, 97-құжат; №23, 114-құжат; №24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., №2-3, 7, 21-құжаттар; №9-10, 47, 48-құжаттар; №13-14, 62, 63-құжаттар; №15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; №17, 79, 80, 82-құжаттар; №18, 84, 86-құжаттар; №19, 88-құжат; 2009 жылғы 14 қарашада “Егемен Қазақстан” және 2009 жылғы 13 қарашада “Казахстанская правда” газеттерінде жарияланған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2009 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 12 желтоқсанда “Егемен Қазақстан” және “Казахстанская правда” газетте­рінде жарияланған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республика­сының Заңы; 2009 жылғы 12 желтоқсанда “Егемен Қазақстан” және “Казахстанская правда” газет­терінде жарияланған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне босқындар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда “Егемен Қазақстан” және “Казахс­танская правда” газеттерінде жарияланған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқ­санда “Егемен Қазақстан” және “Казахстан­ская правда” газеттерінде жарияланған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда “Егемен Қазақстан” және “Казахстанская правда” газеттерінде жарияланған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 22 желтоқсанда “Егемен Қазақстан” және 2009 жылғы 23 желтоқсанда “Казахстанская правда” газеттерінде жарияланған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білікті заң көмегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 25 желтоқсанда “Егемен Қазақстан” және 2009 жылғы 23 желтоқсанда “Казахстанская правда” газетінде жарияланған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 597-бап мынадай редакцияда жазылсын:

“597-бап. Сарапшы

1. Арнаулы ғылыми білімі бар, іске мүдделі емес адам сарапшы ретінде шақырылуы мүмкін. Сот сараптамасын жүргізу:

1) сот сараптамасы органдарының қызметкер­леріне;

2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдарға;

3) заң талаптарына сәйкес біржолғы тәртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін.

2. Сарапшы: сараптама нысанасына қатысты іс материалдарымен танысуға; қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды өзіне беру туралы өтінішті мәлімдеуге; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізетін органның (лауазымды адамның) рұқсатымен іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге қатысуға және оларға қатысушы адамдарға сараптама нысанасына қатысты сұрақтар қоюға; өзі қатысқан іс жүргізу әрекетінің хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеттері мен айғақтарының толық және дұрыс көрсетілуіне қатысты хаттамаларға енгізілуге тиісті ескертпелер жасауға; сот сараптамасын тағайын­даған судьяның, органның (лауазымды адамның) келісімі бойынша сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған, азаматтық іс үшін маңызы бар, сот сараптамасын тағайындау туралы ұйға­рым­да қамтылған мәселелердің шегінен тыс мән-жайлар бойынша өз құзыреті шегінде қорытынды беруге; ана тілінде немесе өзі білетін тілде қоры­тынды ұсынуға және айғақтар беруге; аударма­шының тегін көмегін пайдалануға; аудармашыдан бас тартуды мәлімдеуге; сараптама жүргізу кезінде соттың және іс жүргізуге қатысушы өзге де адамдардың өзінің құқықтарына нұқсан келтіретін шешімдері мен әрекеттеріне шағым жасауға; сараптама жүргізу кезінде шеккен шығыстарға өтем және егер сот сараптамасын жүргізу өзінің лауазымдық міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмысы үшін сыйақы алуға құқылы.

3. Сарапшы: әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізетін судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуге; өзіне ұсынылған объектілерге жан-жақты, толық және объективті зерттеу жүргізуге; өзінің алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген жазбаша қорытынды беруге; осы Кодекстің 611-бабының он үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда, қорытынды беруден бас тартуға және қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді жазбаша хабарлама жасауға және оны сот сараптамасын тағайындаған органға (лауазымды адамға) жіберуге; жүргізілген зерттеуге және берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге; зерттеліп жатқан объектілердің сақталуын қамта­масыз етуге; істің мән-жайы туралы мәліметтерді және сот сараптамасын жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған өзге де мәліметтерді жария етпеуге міндетті.

4. Сарапшы сотта көрінеу жалған қорытынды бергені үшін заңда көзделген қылмыстық жауаптылықта болады.

5. Сот сараптамасы органының қызметкері болып табылатын сарапшы өз қызметінің сипатына қарай өзінің құқықтарымен және міндеттерімен танысқан және сотта көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілген деп есептеледі.”;

2) 601-бапта:

екінші бөліктегі “егер” деген сөз “егер: олардың білікті емес екені байқалса;” деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

“3. Адамның іске сарапшы ретінде алдыңғы қатысуы, оның қатысуымен жүргізілген сараптама­дан кейін ол қайта тағайындалатын жағдайларда, оған сараптама жүргізуді тапсыруды болдырмайтын мән-жай болып табылады.”;

3) 611-бапта:

 алтыншы бөліктегі “сарапшылар” деген сөз “кемінде екі сарапшы” деген сөздермен ауыстырылсын;

жетінші бөлік “сарапшылар” деген сөзден кейін “өз құзыреті шегінде” деген сөздермен толықтырылсын;

сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

“8. Сараптама тағайындау туралы ұйғарымды орындау үшін жібергенге дейін сот сараптамасын тағайындаған орган (лауазымды адам) өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізілетін адамды және жәбірленушіні онымен таныстыруға, оларға:

сарапшыдан бас тарту және сот сараптамасы органын сараптама жүргізуден шеттету туралы өтініш мәлімдеу;

өздері атаған адамдарды немесе нақты сот сараптамасы органдарының қызметкерлерін сарапшы ретінде тағайындау туралы, сондай-ақ сараптаманы сарапшылар комиссиясының жүргізуі туралы өтініш жасау;

сарапшының алдына қосымша мәселелер қою туралы немесе қойылған мәселелерді нақтылау туралы өтініш жасау;

сараптама жүргізуге кедергі келтіретін жағдайларды қоспағанда, сот сараптамасын тағайындаған органның (лауазымды адамның) рұқсатымен сараптама жүргізу кезінде қатысу, сарапшыға түсініктемелер беру;

сот сараптамасын тағайындаған органға (лауа­зымды адамға) келіп түскеннен кейін сарапшының қорытындысымен не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламамен танысу, өз ескерт­пелерін ұсыну, қосымша немесе қайталама сарап­тама тағайындау, жаңа сараптамалар тағайындау туралы өтініштер мәлімдеу құқықтарын түсіндіруге міндетті.

Жәбірленушілерге сараптама олардың жазбаша келісімімен ғана жүргізіледі. Егер осы адамдар кәмелетке толмаса немесе сот оларды әрекетке қабілетсіз деп таныса, сараптама жүргізуге жазбаша келісімді олардың заңды өкілдері береді.”;

оныншы бөліктегі “бұрын зерттелген мән-жағдайларға қатысты жаңа мәселелер” деген сөздер “алдыңғы зерттеуге байланысты қосымша мәселелерді шешу қажеттілігі” деген сөздермен ауыстырылсын;

он бірінші бөліктегі “дұрыстығына күмән туса” деген сөздер “қорытындылары күмән туғызса немесе сараптаманы тағайындау және жүргізу туралы іс жүргізу нормалары елеулі түрде бұзылса” деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 612-бап мынадай редакцияда жазылсын:

“612-бап. Сарапшының қорытындысы

1. Сарапшының қорытындысы – арнаулы ғылыми білімді пайдалана отырып жүргізілген іс материалдарын, оның ішінде заттай дәлелдемелер мен үлгілерді зерттеу нәтижелеріне негізделген, оның алдына әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізетін судья, орган (лауазымды адам) қойған мәселелер бойынша жазбаша нысанда ұсынылған қорытындылар. Қорытындыда сарапшының зерттеу кезінде қолданған әдістері, қойылған сұрақтарға жауаптардың негіздемесі және осы сарапшының бастамасымен анықталған, іс үшін маңызы бар мән-жайлар көрсетіледі.

2. Қорытындыны зерттеулер жүргізгеннен кейін оның нәтижелерін ескере отырып өз атынан сарапшы (сарапшылар) жасайды, оны өз (өздерінің) қолымен және жеке мөрімен куәландырады. Сараптаманы сараптама органы жүргізген жағдайда сарапшының қолы аталған органның мөрімен расталады.

3. Сарапшының қорытындысында: оның ресімделген күні, сараптаманың жүргізілген мер­зім­дері және орны; сот сараптамасын жүргізудің негіздері; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізетін судья туралы, орган (лауазымды адам) туралы мәліметтер; сараптама жүргізу тапсырылған сот сараптамасы органы және (немесе) сарапшы (сарапшылар) туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, білімі, мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс стажы, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын қызметі); сотта көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы өзінің ескертілгені туралы сарапшының қолымен куәландырылған белгі; сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер; сараптама жүргізу кезінде процеске қатысқан қатысушылар және олар берген түсіндірмелер туралы мәліметтер; объектілер; пайдаланылған әдістемелер көрсетіле отырып, жүргізілген зерттеулердің мазмұны мен нәтижелері; жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін бағалау, сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер бойынша қорытындылардың негіздемесі мен тұжырымы көрсетілуге тиіс.

4. Егер осы Кодекстің 611-бабының он үшінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар зерттеу барысында анықталса, қорытындыда қойылған мәселелердің бәріне немесе кейбіреуіне жауап беру мүмкін еместігінің негіздемесі қамтылуға тиіс.

5. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген тәртіппен куәландырылған, сарапшының қорытындысын көрнекілейтін материалдар (фотокестелер, схемалар, графиктер, кестелер және басқа да материалдар) қорытындыға қоса беріледі және оның құрамдас бөлігі болып табылады. Сондай-ақ қорытындыға зерттеуден кейін қалған объектілер, оның ішінде үлгілер қоса берілуге тиіс.

6. Сарапшының қорытындысы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізетін сот, орган (лауазымды адам) үшін міндетті болып табылмайды, алайда олардың қорытындымен келіспеуі дәлелді болуға тиіс.”.

4. “Лицензиялау туралы” 2007 жылғы 11 қаң­тардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №2, 10-құжат; №20, 152-құжат; 2008 ж., №20, 89-құжат; №23, 114-құжат; №24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., №2-3, 16, 18-құжаттар; №9-10, 47-құжат; №13-14, 62, 63-құжаттар; №17, 79, 81, 82-құжаттар; №18, 84, 85-құжаттар; 2009 жылғы 1, 2 желтоқсанда “Егемен Қазақстан” және 2009 жылғы 2 желтоқсанда “Казахстанская правда” газеттерінде жарияланған “Қазақстан Республика­сы­ның кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2009 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 11-баптың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

“19) “Қазақстан Республикасындағы сот-са­рап­тама қызметі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының ережелері ескеріле отырып, сот-сараптама;”;

2) 26-баптың 1) тармақшасының жиырма бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

“сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама;”;

3) 48-баптың 1-тармағының 7) тармақшасын­дағы “алып тасталса тоқтатылады.” деген сөздер “алып тасталса;” деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толық­тырылсын:

“8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.”;

4) 49-баптағы “Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама­сында” деген сөздер “Қазақстан Республикасының заңдарында” деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланға­нынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2010 жылғы қаңтардың 20-сы. №241-ІV ҚРЗ



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат