Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2010-02-10:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

2010 жылғы 9 ақпан  №171/321 Астана қаласы

 

Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы  Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы

 

“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 12-бабының 13) тармақшасына, 69-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

1. Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау 2010 жылғы 23 сәуірге тағайындалсын.

2. Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2010 жылғы 23 сәуірге тағайындалған сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары қосымшаға сай бекітілсін.

3. Осы қаулы сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін Қостанай облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.

4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

Төраға               Қ.ТҰРҒАНҚҰЛОВ.

Хатшы                   Б.МЕЛДЕШОВ.

 

Қазақстан Республикасы  Орталық сайлау комиссиясының  2010 жылғы 9 ақпандағы № 171/321 қаулысымен бекітілген

Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2010 жылғы 23 сәуірге тағайындалған сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну.      

                Қостанай облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттары мен

                азаматтар – өзін-өзі ұсыну жолымен.

                Сайлау тағайындалғаннан кейінгі келесі күні – 2010 жылғы 12 ақпанда

                басталады және сайлау өткізілетін күнге бір ай қалғанда – 2010 жылғы

                22 наурызда аяқталады.                                                          

(71-б. 1, 2-т.т.)

2. Бұқаралық ақпарат құралдарында Қостанай облыстық сайлау комиссиясының құрамын жариялау.               

                Қостанай облыстық сайлау комиссиясы.

                Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен – 2010 жылғы 21 ақпаннан

                кешіктірмей.                                                                                       

(13-б. 4-т.)

3. Таңдаушылардың тізімдерін жасау.        

                Қостанай облыстық сайлау комиссиясы Қостанай облыстық мәслихаты

                хатшысының ұсынуы бойынша.                  (24-б. 9-т., 25-б. 2, 3-т.т.)

4. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ретінде ұсыну жөніндегі шешімді кандидаттың назарына жеткізу, сондай-ақ шешімді кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен бірге облыстық сайлау комиссиясына жіберу.               

                Қостанай облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттары.

 (71-б. 4-т.)

5. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың оған Қазақстан Республикасының Конституциясы мен “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңы қоятын талаптарға сәйкестігін анықтау.      

                Қостанай облыстық сайлау комиссиясы.

                Үш күн ішінде.                                                            (4-б., 70-б., 71-б. 6 т.)

               

6. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және тиісті куәліктер беру.  

                Қостанай облыстық сайлау комиссиясы.

                Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына

                кандидаттың оған Қазақстан Республикасының Конституциясы мен

                “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заң

                қоятын талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап сайлау науқаны

                аяқталғанға дейін.                                                             (14-б. 5) т-ша, 31-б.)

7. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға таңдаушылардың қолын жинау үшін қол қою парақтарын беру.             

                Қостанай облыстық сайлау комиссиясы.

                Кандидаттың оған Қазақстан Республикасының Конституциясы мен

                “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заң

                қоятын талаптарға сәйкестігін тексеру аяқталған күннен бастап үш күн

                мерзім ішінде.                                                                                   (71-б. 6-т.)

               

8. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатты қолдап жиналған қолдардың растығын тексеру және тиісті хаттаманы рәсімдеу.             

                Қостанай облыстық сайлау комиссиясы.

                Оларды облыстық сайлау комиссиясына тапсырғаннан кейін бес күн

                мерзім ішінде.                                                                                     (72-б. 6-т.)

9. Тұрғылықты жері бойынша салық органына 2010 жылғы ________ біріне Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда табысы және мүлкі туралы декларация ұсыну.     

                Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы).

                Кандидатты тіркеуге дейін                                                               (73-б. 2-т.)

10. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру. 

                Салық қызметі органдары.

                Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде.             (73-б. 2-т.)

11. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу және әрқайсысына тиісті куәлік беру.               

                Қостанай облыстық сайлау комиссиясы.

                Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау

                күніне жиырма күн қалғанда – 2010 жылғы 2 сәуірде аяқталады.

(14-б. 5) т-ша,73-б.)

12. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

                Қостанай облыстық сайлау комиссиясы.

                Кандидаттарды тіркегеннен кейін жеті күннен кешіктірмей.

(14-б. 5) т-ша, 73-б. 6-т. 2) т-ша)

13. Кандидаттардың сайлау қорларын тіркеу.          

                Кандидаттар.

                Кандидаттың Қостанай облыстық әділет департаментіне өтінішпен

                келген сәтінен бастап бір жұмыс күні ішінде (ҚР Әділет Министрінің

                9.07.1999 ж. № 57 бұйрығы).                                                          (34-б. 2-т.)

14. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу.  

                Қостанай облыстық сайлау комиссиясы.

                Кандидат тіркелгеннен кейін.                                                        (34-б. 6-т.)

15. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.          

                Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау

                болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта

                аяқталады (2010 жылғы 3 сәуірде басталады және 21 сәуірде сағат 24-

                те аяқталады).                                                                                    (27-б. 2-т.)

16. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау бойынша таңдаушылардың тізімдерін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен таныстыру үшін ұсыну.

                Қостанай облыстық сайлау комиссиясы.

                Сайлауға кемінде 7 күн қалғанда - 2010 жылғы 15 сәуірден

                кешіктірмей.                                                                                      (26-б. 2-т.)

17. Дауыс беруге арналған пунктті ашу.    

                Қостанай облыстық сайлау комиссиясы.

                Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын.

(40-б. 2, 4-т.т.)

18.  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруді өткізу. Дауыстарды санау және Сенат депутатын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелерін жариялау.          

                Қостанай облыстық сайлау комиссиясы.

                Бір күн ішінде.                          (14-б. 5) т-ша, 38-б. 4-т., 41-б. 1-5,9-т.т.,

42-б., 43-б. 2, 4, 5, 7, 7-1, 9-т.т., 77-б., 78-б.)

19. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен отырысының хаттамасын жасау және оны Қостанай облыстық сайлау комиссиясына тапсыру.

                Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы                           (77-б. 7-т.)

20. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлаудағы дауыс санау­дың нәтижелері туралы хаттаманы жасау және Орталық сайлау комиссиясына ұсыну.                           Қостанай облыстық сайлау комиссиясы.

                Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен аспайтын мерзім ішінде                                – 2010 жылғы 24 сәуірден кешіктірмей.

(14-б. 5) т-ша, 78-б.)

21. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлаудың қорытындыларын анықтау.             

                Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы.

                Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күндік мерзімде – 2010 жылғы

                29 сәуірден кешіктірмей.

(12-б. 10) т-ша, 44-б. 1-т., 81-б. 1-т.)

22. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

                Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы.

                Сайлау өткізілген күннен бастап он күннен – 2010 жылғы 2 мамырдан

                кешіктірмей.                                                 (12-б. 10) т-ша, 44-б. 4, 5-т.т.)

23. Кандидаттардың сайлау қорларына келіп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.               

                Қостанай облыстық сайлау комиссиясы.

                Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін он күн ішінде – 2010

                жылғы 12 мамырдан кешіктірмей.                                                            (34-б. 4-т.)

24. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының сайланған депутатын тіркеу, тиісті куәлігі мен белгіленген үлгідегі омырауға тағатын белгісін тапсыру.              

                Орталық сайлау комиссиясы.                               (45-б., 46-б. 2-т., 82-б.)

Ескерту: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер жасалды.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат