Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2010-02-13:

КЕДЕНДІК ОДАҚТАН — ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚҚА

 

Жаңа жыл мен жаңа онжылдықтың басы ЕурАзЭҚ пен ТМД және басқа да интеграция­лық бірлестіктер сияқты экономикалық және саяси кеңістіктердің жаңа үйлесімді құрылым­дары­ның қалыптасуына бастау берген оқиғамен байланыстырылып отыр. 2010 жылдың 1 қаң­та­рынан бастап Белоруссия, Қазақстан және Ресей арасында құрылған Кедендік одақ өзінің іс жүзінде жұмысын атқару кезеңіне қадам басты.

Жаңа Одақ Қазақстан Республикасы Пре­зи­денті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1994 жыл­­дың наурыз айында М.В.Ломоносов атын­да­ғы Мәскеу Мемлекеттік уни­вер­ситеті қабыр­ға­­сында айтқан тиісті институттық құ­рылымы бар Еур­азия­лық кеңістік құру туралы бас­та­масының жүзеге асуы­ның нәти­жесі деп айтуға толық негіз бар.

Бұл бастама, Елбасының басқа да идеялары тәріздес, әлемдік тәжі­рибені зерттеу, тиісті жағдайды мұ­қият сараптау және экономикалық мақсаттар негізінде өмірге келді. Қазіргі таңда әлемнің Еуропа, Оң­түстік Америка, Оңтүстік және Ор­та­лық Африка аймақтарында бір­не­ше интеграциялық бірлестіктер бар екендігі баршаға мәлім.

Саяси жағдайларға байланысты олардың әрқайсысы алуан түрлі қа­ғидалар негізінде қалыптасқан, алайда әрдайым тиімді де пай­далы болды. Көне XІІІ ғасырдың өзінде Үлкен Ганзей сауда одағы құрылған болатын. Ал XІX ғасырда кедендік одақ арқылы канцлер Бис­марк Германия мемлекетін құрған. Еуропадағы кедендік одақтың қалыптасу үдерістері 1957 жылы Еуропалық одақ туралы келісімге қол қою сәтінен, яғни кезеңдік тұрғыда бәріне бірдей тиімді болуы тиіс кедендік төлемдер мен алымдарды алып тастаудан басталғандығы бәрімізге мәлім. Ал 1968 жылдан бастап ЕО-ға мүше мемлекеттер арасындағы шекаралық ай­мақтарда кедендік бақылаулар біртіндеп алы­нып тасталды. Бұл үдеріс 1993 жылдары аяқ­талып, бірыңғай төлем бірлігі ретінде бірыңғай валюта өмірге келді. Жалпы алғанда, Еуропа атал­мыш одақты құруға 40 жылға жуық уақы­тын жұмсады.

Ал бізде кедендік одақты құру аса қысыл­таяң мерзім аралығында өтті. Белоруссия, Қазақстан және Ресейдің кедендік одақ қалып­тастырудағы жолы 15 жылдық мерзімді құрай­ды. Оның ішінде құқықтық базаны қалып­тас­тыруға, көптеген скептиктердің еуропалық тәжі­рибеге сілтеме жасай отырып, еуразиялық үдерістер бірнеше онжылдықтарды алады деген ойларына қарамастан 2 жыл ғана уақыт жұм­салып отыр. Негізінен бұл жетістікке ел бас­шы­ларының саяси жігері мен ел үкіметтерінің іс­керлік қызметтерінің арқасында қол жет­кізіліп отыр.

ЕурАзЭҚ бірлестігі аясының өзінде еркін сауда режімін қалыптастыру бағыты бойынша маңызды қадамдар жасалған. Бұл қоғамдас­тық­қа мүше мемлекеттер арасындағы өзара тауар айналымы мен өзара инвестиция көлемдерін ұлғайтуға мүмкіндіктер берді. Еуразиялық даму банкі, Дағдарысқа қарсы қор және Жоғары тех­нологиялар орталығы сияқты қаржы инте­г­рациясының нақты механизмдері құрылды.

Интеграциялық мәселелерді шешуге өзіндік тұрғыдағы, тіпті экстремалдық тұрғыда, жедел­детуші серпін ретінде әлемдік қаржы-эконо­микалық дағдарысы да өз септігін тигізгендігін атап өткен жөн. Кедендік одақ жүзінде бір­лестік құру фактісінің өзін дағдарысқа қарсы пәрменді шара деп тануға әбден болады. Алда­ғы екі жыл оның ауқымды түрде алға басу ке­зеңі болатындығы күмәнсіз.

Бұлай деп тұжырымдауға толық негіз бар. Сарапшылар Кедендік одақтың тигізетін оңды әсерін Ресей үшін 400 миллиард долларға, ал Белоруссия мен Қазақстан үшін 16-18 мил­лиард доллар көлемінде бағалап отыр. Түптеп келгенде, бұл қадам арқылы, Н.Ә.Назарбаев өз еңбектерінің бірінде атап өткендей, халқы 180 миллион адамды қамтитын, яғни ТМД хал­қының 60 пайызын құрайтын ортақ рынок қалыптастыруға жол ашылып отыр.

Екі елдің ортақ өндірістік әлеуеті бүгінгі күні 600 млрд. долларға бағаланып, мұнай қоры 90 млрд. баррель, ауылшаруашылық өнімі ауқы­мы 112 млрд. долларды құрауда. Кедендік одақ аумағында бүкіл посткеңестік кеңістіктің ішкі жалпы ұлттық өнімінің 85 пайызы өн­діріледі. Үш елдің ортақ ішкі жалпы ұлттық өні­мі 2 триллион доллардан асып, 2015 жылға қарай 15-18 пайыз шамасында өседі деп күтілуде.

Осының бәрі Кедендік одаққа әлемдік беделді интеграциялық ұйымдардың бірі бо­луына, әлемдік экономикалық жүйеде маңызды орын алуға мүмкіндік бермек. Алайда, ең бастысы, кез келген жоғары деңгейдегі эко­но­микалық және саяси мақсаттағы мұндай бір­лестіктер не үшін орын алуда десеңіз, ол – ор­тақ тарихы мен менталитеті және әлі де болса достық әрі туысқандық байланыстарын жоғалт­паған халықтарымыздың әл-ауқатын арттыру, тұрғындарға жайлы өмір сүру жағдайларын жасау.

Интеграцияның бұл кезеңіне Алматыда 2009 жылы 19-20 желтоқсанда өткен Белорус­сия, Қазақстан және Ресей президенттерінің бейресми кездесулеріндегі Бірлескен мәлім­демеде алға басылған қадам ретінде баға беріл­ген болатын. Онда “Ең бастысы, біздің мақсат еткен нәрсеміз – біздің халықтарымыздың жоғары өмір сүру сапасы, ел­­де­рі­міз­дің экономи­ка­лық-әлеу­меттік тұрақты да­муы... Ке­дендік одақ өзара саудаға шығарылған өнім­нің бәсе­кеге қабілетті­лі­гі­нің артуы­на септігін тигі­зіп, инвес­тицияға жаңа мүм­кіндіктер ашатын бола­ды” делінген.

Бұл пікірлер қаңтардағы Елбасы Жолдауымен үн­десуде. “Қазақстан ТМД-дағы интеграциялық про­цес­стердің белсенді қаты­сушысы болып табылады. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Ресей және Бе­ларусьпен Кедендік одақтың құрылуы барлық қазақстан­дық интеграция­лық бастама­лар­дың ішін­де­гі ең қарқындысы. Үш ел инте­гра­ция­сының ке­лесі кезеңі 2012 жылдың 1 қаң­тары­нан бастап Бірыңғай экономикалық кеңіс­тіктің құрылуы болмақ. Бұл қаржы мен жұмыс күші еркін орын алмасуын қамтамасыз ететін ин­те­гра­цияның жоғары деңгейі”, делінген Жолдауда.

Және бұндай пікір әділ болып табылады. Себебі оның бірі екіншісімен тікелей бай­ланысты. Көптеген кедендік кедергілерді жою экономиканы дамытуға, жаңа өндірістер мен салалардың пайда болуына, сәйкесінше тауар мен қызмет түрлерінің артуына септігін тигізіп, өз кезегінде бұл дегеніңіз жұмыс орындарының едәуір өсуіне әкелмек. Бұл – жұмыспен қамту, жалақы, көптеген әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асуы, шекарадағы артық төлемдер мен алымдардың жойылуы есебінен өндірістік және тамақ өнімдері бағаларының тұрақтануы, тіпті төмендеуі болып табылады. Сондай-ақ бұл ортақ экономикалық және гуманитарлық кеңістікте адамдардың еркін қозғалысы болмақ.

Кедендік одақ әлемдегі ең тартымды ры­нок­қа айнала отырып, өңірлік рынокты кеңей­теді және үш елдің экспорты көлемін ұлғайт­пақ. Мысалға Қазақстан ірі минералдар мен энергия көздері қорының иесі бола отырып, дайын өнім шығару мен оны экспорттау арқылы экономиканың шикізаттық сипатынан арылуға тырысуда. Бұдан бөлек, Қазақстан теңізге шығар жолы жоқ ең ірі мемлекет. Ке­дендік одаққа мүше болу бізге қолайлы тран­зиттік тарифтерді белгілеу арқылы бұл мәсе­лелерді шешуге жол ашады. Тауар ағыны еш бұрмалаусыз жандана түсетін болады. Шека­радағы кедергілер жойылады – бұл дегеніңіз іскерлік үдерістердің жылдамдауы, прогрессивті инновациялық өсу деген сөз.

Әрине, алдымен Кедендік одақ, содан кейін Бірыңғай экономикалық кеңістік құру – ауқымды әрі күрделі үдеріс. Ол үкіметтер ара­сындағы ықпалдастық пен үйлестіруді күшей­туді, әсіресе мүше мемлекеттердің кедендік, салық, көлік және басқа да құрылымдарының ықпалдастығын қажет етеді.

Кедендік одақты және жалпы экономи­ка­лық кеңістікті қалыптастыру – бұл үкімет­тердің, әсіресе кедендік, салықтық, көліктік және оған қатысушылардың басқа да меке­ме­лерінің өзара әрекеттесуі мен үйлесімділігін нығайтуын талап ететін, қиын, көп жоспарлы үдеріс болып табылады.

Сол себепті де Кедендік одақтың комис­сиясы құрылды және оның шешімі барлық қатысушы­ларға міндетті болып табылады. Басқа сөзбен айт­қанда, жаңадан құрылған ха­лықаралық ұйымға үш елдің әрқайсысының мемлекеттік органдары­ның жекелеген өкілет­тіліктері бағытталды. Аталған қадамның елі­міз­дің Негізгі заңына сәйкестілігін анықтау үшін, Премьер-Министр Қазақстан Республикасы­ның Конституциялық кеңесінен алдын ала түсінік беруді сұраған. 2009 жылдың қа­раша­сында Конституциялық кеңес Конститу­ция­ның егемендік, унитарлық, басқару түрі мен мем­лекеттің территориялық тұтастығы, және азамат пен адамдардың құқығы мен бостан­дық­тары тура­лы ережелері бұрмаланбаған жағдай­ларда, Қазақ­стан үшін КОК шешімінің міндеттілік сипатқа ие екендігі туралы оң қорытындыларын берді.

Жоғарыда атағандай, Беларусь, Қазақстан және Ресей арасында қабылданған халық­ара­лық келісім шарттың қағидаларына сәйкес кедендік одақ үш кедендік территорияларды – біртұтас кедендік аумаққа біріктіруді қарас­тырады. Бұл үдеріс іс жүзінде 2010 жылдың бірінші шілдесінен бастап қолданысқа кіреді. Осы аумақта өндірілген және біртұтас аумақта еркін айналымда болатын үшінші елдерде өн­дірілген тауарлардың сауда-саттық айналымына кедендік баждар мен экономикалық сипаттағы шектеулер алынып тасталады. Үш ел үшінші елдермен бірыңғай кедендік тарифті және тауарлармен сауда-саттықты реттеудің басқа да бірегей шараларын қолданатын болады.

Бірыңғай кедендік тариф – бұл шешуші құжат әрі бірыңғай сауда саясатының маңызды элементі болып табылады. Бұл сыртқы эко­но­микалық қызметтің Бірыңғай сауда номен­клатурасына сәйкес жүйелендірілетін үшінші елдерден бірыңғай кедендік аумаққа кіргізілетін тауарларға қолданылатын кедендік баж салықтары ставка­лары­ның жиынтығы. Ол үшінші елдерден кіргізілетін тауарларға таратылады, бірақ ТМД елдерінен әкелінетін тауар­ларға қолданылмайды (ТМД елдері ішінде еркін сауда аймағы жұмыс істей­ді). Тауарлық позициялардың жалпы саны (ЕТТ) 11 214 өлшемді құрайды.

Қазақстан инвестициялық жоба­ларға сәйкес өндіру жоспарланған тауарларға қатысты төмен ставкалар қолдану мүмкіндігін салынып жатқан зауыттар өндірістік қуаттарына шыққанға дейін­гі кезеңге кейінге қалдырып отыр. Мы­салы, олар алюминий, мұнай-химия саласын­да­ғы тауарларға, құрылыс материалдарына, мине­ралды тыңайтқыштарға, маталарға және т.б. өнімдерге қолданылады. Осыған қоса, инвес­ти­циялық келісімдер шеңберінде кедендік баж салығын төлемей-ақ технологиялық жабдық­тар­ды, жиынтықтаушы бұйымдар мен қосалқы бөлшектерді әкелу мүмкіндігі көзделген.

Ендігі бастысы, ол Кеден кодексінің 2010 жылдың 1 шілдесінде күшіне енуінен бастап Кедендік одаққа қатысушылар арасында тауар­ларды кедендік ресімдеу болмайды, сондай-ақ Ресей мен Беларусь арасындағы үшінші елдерде өндірілетін тауарларға да кедендік ресімдеулер қолданылмайды.Осыған ұқсас үшінші елдерде өндірілетін тауарлар жөніндегі шарттар Қазақстан мен Ресей арасында 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Әрине, кедендік ресімдеу алып тасталғаннан кейін де ішкі шекаралардағы бақылаулар бірден жойылмайды. 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін ке­дендік, санитарлық-эпидемиологиялық, фито-са­нитарлық, ветеринарлық, көліктік және шекара­лық бақылау түрлері сақталады. Бірақ олар да ше­каралық бақылауды қоспағанда кейін Кеден­дік одақтың сыртқы шекараларына шығарылады.

Интеграцияның ең өзекті мәселелерінің бірі ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің Бүкіл­әлем­дік сауда ұйымына кіруі болып отыр. Қол жет­кізілген келісімдерге сәйкес, БСҰ-ға кіру Кедендік одақтың басқа мүшелерімен ортақ ұстанымдарды келісе отырып бірлесе жүзеге аспақ. Бұл мақсатта үш мемлекет өкілдерінен құралған бірыңғай келіссөз жүргізуші топ құ­рылды. Жалпы, атап өтетін жәйт, Кедендік одақ­тың қалыптасу процесі мен Қазақстанның БСҰ-ға кіруі – бұл мемлекеттің сыртқы сауда ре­жіміне ғана емес, сондай-ақ, жалпы эконо­микаға әсер ететін қосарлас процесс. Яғни, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Қазіргі таңда Қоғамдастықта халықаралық қызмет саласында, бірыңғай көлік кеңістігін қалыптастыруда, ортақ энергетикалық рынокта және келісілген әлеуметтік саясат саласында стратегиялық бағыттар айқындалған.

Бүгінде әлемде күрделі экономикалық жағ­дай қалыптасып отыр. Бір жағынан мемлекет­тер тарапынан дағдарысқа қарсы қабылданған шаралар жаһандық қаржы апатына жол бермей, өз экономикаларына тигізер зардаптарын мүм­кіндігінше жеңілдетуге жол ашты. Дегенмен, дағдарыстың айтарлықтай кері әсерін ескере отырып, экономикада түбегейлі тұрақтылық әлі күнге орнамағанын мойындауымыз қажет.

Алдымызда экономикалық, қаржы, өндіріс­тік және басқару жүйелерін ұйымдастыруда мемлекеттердің қағидаттық жаңа деңгейге өтуі­не және туындаған жаңа мәселелерді шешуге бағытталған үлкен әрі қиын жұмыстар тұр. Бұл, яғни еліміздің экономикасын дағдарыстан кейінгі дамуға дайындау Президент Жолдауы­ның арқауы болып табылады. “...Қазірден бастап біздің кәсіпкерлерге пайда болған жаңа мүмкіндіктерді дұрыс бағалап, жаңа нарыққа шығудың тиімді стратегияларын әзірлеумен барынша айналысып, бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет” – екендігін Елбасы Жол­дауында атап өтті.

Қорытындылай келе Қазақстан Республи­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “...еуразиялық интеграцияның ұзақ мерзімді келешегінде балама жоқ” деген сөздерін еске сала кету қажет.

Бұл өте орынды сөз. Кедендік одақ Бірың­ғай экономикалық кеңістік құрудың негізі болып табылады. Және ол әбден мүмкін. Оны келесі фактілер дәлелдейді. Біріншіден, үш мемлекет кең ресурстық базаларға ие, сонымен қатар, білікті жұмыс күші жеткілікті. Екінші­ден, ауқымды рынок бар. Беларусь, Қазақстан және Ресей өзіне жеткілікті жоғары деңгейдегі экономикаларына ие. Ең бастысы – болашақта Кедендік одаққа мүше мемлекеттер ортақ ақша бірлігі негізінде валюта одағын құруы мүмкін. Бұл ұйымның құжаттарында оның жаңа мүшелер есебінен кеңеюі әуел бастан қарастырылғанын айта кеткен жөн.

Бүгінгі күні Кедендік одақтың құрылу процесі кері шегінбейтіндей күйге жетті деп нақты айтуға болады.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат