Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2010-02-24:

ТАМЫРЫ ТЕРЕҢ ЫҚПАЛДАСТЫҚ ТАҒЫЛЫМЫ

 

Қазақ жұрты мен Аспанасты елі қарым-қатынасының тамыры тым тереңде, тарихтың ұзын салқар көшінің сонау бастауында жатқаны баршамызға аян. Арада қаншама ғасырлар тарих қойнауына енді, қаншама ұрпақ ауысты, қаншама оқиғалар өтті, жүйе де сан рет өзгерді. Бірақ айнымайтын бір нәрсе бар, ол – көршілес екі елдің жан-жағы қымталып, қанша қамал тұрғызылса да, бәрібір аралас-құралассыз тұра алмай­тыны.

Бергі тарихта, яғни Қазақстан тәуелсіз ел болғалы Қытаймен арадағы байланыс қол жеткізілген уағдаластықтардың жүйелі түрде жүзеге асырылуымен ерекшеленуде. Екі мемлекет арасында стратегиялық әріптестіктің орнауы екі мемлекет халқына өте қолайлы жағдайлар туғызумен қатар, Еуразия кеңістігіндегі қауіп­сіздік пен тұрақтылық мәселесіне де оң ықпал етуде. Осы орайда түрлі ба­ғыттағы әріптестікті өрістету мақ­сатын көздейтін маңызды құжат­тардың өмірге келуі байланыс­тар­дың салмағын онан сайын бекіте түскен.

 Қазақстан мен Қытай арасында Шанхай ынтымақтастық ұйымының шеңберінде де берік байланыстар орнатылды. Қытай біздің еліміздің тікелей бастамасымен шақырылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес жұмысына қолдау көрсетіп келеді. Сонымен қатар, Астанада өтіп жүр­ген Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінен де Аспанасты елінің өкілдері шет қалып көрген емес. Ал экономикалық қатынас­тарды сөз еткенде Қазақстан ҚХР-дың сыртқы сауда айналымында ТМД бойынша тек Ресейден ғана кейін тұрса, біз үшін ҚХР төртінші орын алады.

Көршінің аты – көрші. Онымен татулығың – іргеңнің бекігені. Ал көршіңмен әріптестігің екі араға да бірдей пайдалы болса, онда тасың­ның өрге домалағаны дей бер. Ата­су-Алашаңқай мұнай құбырының қолданысқа енгізілуінің осындай стратегиялық маңызы бар, бұл желі біз үшін мұнай экспортының ба­ғыттарын әртараптандыруға мүмкін­дік туғызумен қатар, транзиттік әлеуетімізді де толығырақ пайда­лануға жол ашады.

Бүгінгі таңда екі ел арасындағы ынтымақтастық жаңа сапалы бе­леске көтеріліп, шикізаттан тыс салалардағы әрекеттестікке бағыт ұстануда. Осыған байланысты 2007 жылы тараптар Экономиканың шикізаттық емес салаларындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды. Аталған құжат екі жақты тауар айналымын тиімді әртарап­тандыра отырып ынты­мақ­тастықты дамытуды қарастырады. Бұған қосымша 2008 жылдың сәуірінде ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасында шикізаттық емес салалардағы ынтымақтастық бағдар­ламасының іс-шаралар жобасы қабылданды

Бүгінгі таңда осы жылдар ішінде қалыптасқан ынтымақтастықтың арқасында екі елдің түрлі сала­лар­дағы қатынастары даму қарқынын ілгерілете түсуде. Бұл тұрғыда екі ел арасында орныққан ең жоғарғы деңгейдегі байланыстар қатынас­тарды дамытуда өте маңызды рөл атқаруда. Мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Ху Цзиньтао арасындағы адамдық өзара сенім тұрғысындағы қарым-қатынастардың ықпалы жөнінде Іс басындағы төрағаның ҚХР Сыртқы істер министрі Ян Цзечимен кездесуі барысында айтылды.

Ян Цзечи өзінің сөзінде Қанат Саудабаевтың Қытайға алғашқы ресми сапарына сәттілік тіледі. Біздің елдеріміз арасындағы әріп­тестік мемлекет басшыларының күш-жігері арқасында соңғы жылдары қарқынды түрде дамып, үдемелі сипатқа ие болуда. Қытай жағы сіздің бұл сапарыңызға үлкен мән беріп отыр. Осы орайда біз екі елдің стратегиялық әріптестігін әрі қарай дамыту жолдары турасында пікір алысып, сонымен бірге, көптеген екіжақты және көпжақты мәселелерді талқылауға мүмкіндік туатынына сенеміз. Сіздің бұл сапа­рыңыз екі арадағы байланыстардың әрі қарай өрістеуіне игі әсерін тигізетіні күмәнсіз, деді.

Қанат Саудабаев өз кезегінде мемлекет басшылары арасында қалыптасқан өзара тиімді көзқарас стратегиялық әріптестіктің дамуын­да ерекше рөл атқаратынын, олар берген екпін өздерінің жұмыстарына үлкен жауапкершілік жүктейтінін атап өтті.

Кездесуден соң екі ел сыртқы саясат ведомстволарының басшы­лары журналистер алдына шықты. Ян Цзечи: “Менің шақыруыммен ескі досым, Қазақстанның Мемлекеттік хатшы — Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев елімізге алғашқы ресми сапармен келген болса, бұл менің де Қытайдың жаңа басталған жылында сыртқы істер министрімен алғашқы кездесуім. Бүгінгі келіссөзіміздің барысында екіжақты байланыстарды дамыту мен бірқатар халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмастық. Оның нәтижесінде біз кең ауқымдағы мәселелерде екі елдің ұстанымы ортақ деген ой қорыттық”, дей келе, тараптар соң­ғы жылдардағы екі ел арасындағы байланыстардың көңілдегідей екеніне ден қойып, халықаралық және аймақтық мәселелерде де ықпалдастықтың артып отырғанына екпін түсіргендіктерін жеткізді. Біздің ойымызша, әлемдік қаржы­лық-экономикалық дағдарыс толы­ғымен еңсерілген жоқ, сол себептен біздің елдер оның салқынынан айығу үшін қоян-қолтық, бірлесе күш-жігер жұмсауы тиіс. Ол үшін сауда, энергетика, көлік мәселе­сіндегі әріптестігімізді одан әрі дамытумен қатар, ауыл шаруашы­лығы, инновация, ғылым және технология, телекоммуникация салаларындағы жұмыстардың да тынысын ашуымыз қажет. Біз Қазақстан жағының биылғы жылы Шанхай қаласында өтетін “ЭКСПО-Шанхай” көрмесіне қолдау көрсеткеніне үлкен ризашы­лығымызды білдіреміз, деді. Қытай сыртқы саясат ведомствосының басшысы әрі қарай Қазақстанда өтетін Қысқы Азия ойындарында табысқа жетіңіздер деген тілек қосты. Өз әріптесінің Қазақстанға шақыруын алғыспен қабыл алғанын журналистерге мәлім еткен Ян Цзечи: “Мен сіздердің әдемі де әсем елдеріңізге баруды асыға күтемін”, деді.

Қанат Саудабаев: “Мен жаңа айтылған Қазақстан-Қытай арасын­дағы стратегиялық әріптестік жай­ындағы пікірге әбден қосыламын. Қазақстан сіздің елдің экономи­калық дамуына, оның ішінде әлемдік дағдарыс кезеңіндегі оның қарқынына көз салып отыр. Қы­тайдың бүгінгі серпіні оны аймақ­тағы ғана емес, әлемдік экономи­кадағы көшбасшы деп қабылдауға негіз береді. Ал елімізге осы қиын уақытта 10 млрд. доллар шамасында кредит беру біздің арамыздағы сенім мен өзара түсіністіктің көрінісі іспетті. Біз жақын көршімізбен арадағы достық пен әріптестікті қадір тұтамыз. Келіссөз көптеген мәселелерде біздің ойларымыздың бір жерге тоғысып жатқандығын көрсетті. Қазақ-қытай қатынастары­ның әлеуеті аса үлкен, ол болашаққа бағдарланған және оны екі ел халқының игілігіне жұмсауымыз керек”, деді.

Қанат Саудабаевтың ҚХР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Вэнь Цзябаомен де кездесуі өтті. Онда екіжақты байланыстардың негізгі бағыттары әңгіме арқауына айналды. Ал ЕҚЫҰ-ның Іс басын­дағы төрағасы, Қазақстан Респуб­ликасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың Қытайға ресми сапары ертең одан әрі жалғасады. Қанат Бекмырзаұлы Қытай қо­ғамдық ғылымдар академиясының қабырғасында Аспанасты елінің ғылыми ортасында зиялылармен кездесіп, сөз сөйлейді деп күтілуде.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат