Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2010-02-27:

ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ  ЖОЛ АШАДЫ

 

Нұрлығайым ЖОЛДАСБАЕВА, Сенаттың Экономикалық және өңірлік саясат  комитетінің төрайымы.

Биылғы Жолдауында Елбасы “Қа­зақстан-2030” даму стратегия­сы мен оның бірінші онжылдық нәтижесін былай қорытындылады:

- Ішкі жалпы өнімнің көлемі 2000 жылмен салыстырғанда 2008 жылы екі есеге артты;

-  орташа айлық жалақы – 5 есеге, ал зейнетақының орташа мөлшері –  3 есеге өсті;

- өмір сүрудің ең төменгі дең­гейінен аз табысы бар халықтың үлесі –  4 есеге, яғни 50 пайыздан 12 пайызға дейін азайды;

- өмір жасының ұзақтығы 65-тен 68 жасқа дейін ұлғайса, ана өлімі екі есеге азайып, бала туу бір жарым  есеге өсті;

- 652 мектеп пен 463 ден­саулық сақтау нысаны салынды.

Осы жетістікті Біріккен Ұлттар Ұйымы да мойындап, Қазақ­станды адам әлеуетінің жоғары деңгейі бар елдердің қатарына қосып отыр.

Жолдауда Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуына мүмкіндік беретін  бес басты бағыт айқын­дал­ған. 

Біріншіден, экономиканы дағда­рыстан кейінгі дамуға әзірлеу мәсе­лесі тұр.  Ол үшін Елбасы бизнес-ортаны жақсарту, қаржы секторын нығайту және сенімді құқықтық ортаны қалып­тастыру керектігін қадап айтты.

1.1.  Дамыған кәсіпкерлік сек­тор кез келген мемлекеттің және оның бәсекеге қабілеттілігінің негізін қалайды.

Депутаттар тарапынан өткен жылы қолданыстағы заңнамаға жеке кәсіпкерлік мәселелері бойын­ша өзгерістер енгізілді. Оның бас­ты мақсаты – тексерулердің жалпы санын азайту және бизнес­ке әкімшілік қысымдарды төмен­дету. Жалпы алғанда, осы заң  мемле­кеттің әлеуметтік-эконо­микалық дамуына оң ықпалын тигізеді деп күтілуде.

Дүниежүзілік банк “Бизнесті жүргізу” атты зерттеулер жүргізеді.  2008 жылы Қазақстанның рей­тингі 181 елдің ішінде 70-орында бо­ла­тын, ал 2007 жылы 80-орында  еді.

Өткен жылғы зерттеулердің нәтижесінде Қазақстан 183 елдің ішінде 63-орында, Қырғызстан 41, Өзбекстан 92-орында,  Ресей 120-орында, Белоруссия 58-орында. Сингапур осы рейтинг бойынша төрт жыл қатарынан бірінші орында келеді.

Бизнес ортаны жақсарту мақ­са­­тында өткен айда қолданыстағы заңнамаларға заңды тұлғаларды мем­лекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді. Бұл заңның мақсаты – “Кәсіпорынды ашу” индикаторы бойынша Дүние­­жүзілік банк рейтингісінде Қазақ­станның ұстанымын одан әрі жақсарту болып табылады. Заңмен әділет органдарында бизнесті ашуда шағын кәсіпкерлік субъекті­лерін тіркеу уақыты бір жұмыс күніне дейін, ал қалған заңды тұлғаларды тіркеу уақыты 10 жұмыс күнінен 7 жұмыс күніне дейін қыс­қар­тылды және тағы да басқа жеңілдіктер көзделді. Заң­намаға енгізілген өзгерістер Қазақ­станның бизнеске қатысты рей­тингісін бұдан кейін де өзге­руіне ықпал етеді деп ойлаймыз.

Елбасы тағы да бір нақты мақ­сат­ты алға қойды. Ол қолайлы биз­­нес ортасы бар 50 елдің қата­рына ену мақсаты. Осыған орай мы­надай жұмыстар атқарылуы тиіс.

“Бизнестің жол картасы” деп атаған өңірлерде кәсіпкерлікті дамытудың бірыңғай бюджеттік бағдарламасы енгізіледі. Сондық­тан біз несиелер бойынша пайыз­дық ставкаларды субсидиялау, шағын және орта бизнеске не­сиені ішінара кепілдендіру, бизнес жүргізуге сер­вистік қолдау көрсе­ту, мамандарды қайта даярлау және олардың білік­тілігін арттыру, жастар практикасы мен әлеуметтік жұмыс орындарын ашу бөлігінде қолданыстағы заңна­маларға өзгерістер енгізуіміз қажет.

Өңірлерді дамыту ел экономи­ка­­сы­ның негізін қалайды. Қазіргі кез­де өңірлердің экономикасын дамы­ту үшін  экономикалық өсу орта­лықтарын құру қажет. Осыған бай­ланысты, батыста мұнай-газ сек­торы, химия өнеркәсібі, жабдық­тар өндірісі мен көлікті дамыту қолға алынатын болады. Орталықта, солтүстікте, оңтүстік пен шығыста кен металлургия кешені, атом және химия өнер­кәсібі, аграрлық ин­дустрияны дамыту қажет. Одан басқа, Алма­ты және Астана қала­ларын да дамыту көзделіп отыр. Өңірлер­дегі инвестициялық саясат мәселесі басты назарда  болады.

Қазіргі таңда 7 әлеуметтік-кәсіп­керлік корпорациялар жұмыс істейді. Олардың миссиясы  өңір­де­гі бәсе­ке­ге қабілетті өндірістерді дамытуға ықпал ету. Одан басқа, өңірдің әлеуметтік жобаларын іске асыру мен  ондағы халықтың өмір сүру дең­гейін жақсарту еді. Корпо­рациялар құрылғаннан бері біраз уақыт өтті. Алайда, 7 корпора­цияның 3-нің жұмысы дамып, нәтижелі болып отыр, ал қалған­дары ұйымдастырушылық мәселені шешумен келе жатыр. Ендігі жерде, олар “бизнесті дамыту жөніндегі өңірлік корпора­циялар” деп аталып, жергілікті атқарушы органдарға берілетін болады. Бұл корпорация­лар әкімдердің басшылығымен өңір­лердің экономикасын дамытуға үлес қосады деген үмітіміз бар.

1.2. Еліміздің қаржы жүйесі тұрақты болуы қажет. Қаржы жүйе­сінің тұрақты болуынан Жол­даудағы көзделген барлық жоспар­лардың іске асырылуы тәуелді болады. 

Атап айтқанда, бәсекеге қабі­летті Алматы қаржы орталығының да жұмысы жанданады. Осы мақ­саттарда қолданыстағы “Концес­сиялар туралы” Заңға тиісті өзгеріс­тер енгізілетін болады, онда ерекше құқықтық мәртебесі бар жобалық ұйымдар құру көзделеді. Одан басқа, Экономикалық ай­мақ­тар туралы жаңа заң қабылдау жоспарланып отыр. 

1.3. Бизнеске қолдау көрсетуде азаматтар мен кәсіпкерлік субъек­тілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселесі де  назардан тыс қалмауы тиіс. Сенім­ді құқықтық ортаның бар болуы ішкі және сыртқы инвестициялар тартуда маңызды болып келеді. Осы мақсатта сот жүйесінің ашық­тығын нығайту, заңнаманы жетілдіру, халықтың құқықтық мә­­дени деңгейін арттыру көзделеді.   

Екіншіден, жедел индустрия­ландыру және инфрақұрылымды дамыту есебінен экономиканың тұрақты өсуіне қол жеткізу мә­селесі тұр.

Менеджментті халықаралық дамытудың әлемдік бәсекеге қабілеттілігін зерттеу жөніндегі орталықтың 2009 жылғы есебінде  Қазақстанның бәсекеге қабілет­тілігі рейтингісі өткен жылмен салыс­тыр­ғанда 3 ұстанымға көтеріліп, 36-шы орынға шықты. Рейтинг нә­тижелері Қазақстан­ның дағдарысқа қарсы  саясаты­ның дұрыстығын растайды.

Жолдауда Елбасы экономи­каны дағдарыстан кейін дамы­тудағы міндеттерді атап айтты.

Экономиканы дамытуда инно­вациялар, серпінді бастамалар мен жаңа технологиялар ендіру маңыз­ды болып келеді.  Жолдауды іске асыру үшін еңбек өнімділігін арттыру мақсатында инновация­лық қызмет туралы заңнаманы жетіл­діру қажет. Елімізде иннова­циялық қызмет туралы дербес заң жоқ. “Инновациялық қызметті мемле­кеттік қолдау туралы” қолданыс­тағы Заңда тек қана Ұлттық инно­вациялық қорға ғана мемлекеттік қолдау көрсетіліп келді.  Одан басқа, ғылым мен өндірістің өзара байланысын құру, технопарктерді ұтымды пайдала­нуды шешу барысында талпыныс­тар болды. Былтырғы жылы қол­даныстағы заңнамаға енгізілген өзгертулерде инновациялық қыз­мет субъек­тілерінің шеңбері ұл­ғайтылды. Инновациялық грант­тар беру арқылы иннова­циялық жобаларды қаржыланды­рудың пәрменді тетіктері қарасты­рылды. 

Биылғы Жолдауда осы мақсат­тарға қомақты қаржы бөлініп отыр. Осы қаражаттарды игеру үшін қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу керек. Ал “Ғылым туралы” заңның жобасы тезірек қарауды қажет етеді. 

2005 жылдан бастап Ұлттық инновациялық жүйені құру және дамыту бағдарламасы қабылданған болатын.  

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жалпы ішкі өнімнің құрылымындағы инновациялық өнімдердің үлесі 2005 жылы 1,58 пайызды, 2006 жылы 1,53 пайыз­ды, 2007 жылы 1,19 пайызды, 2008 жылы 0,7 пайызды құрайды. Инно­вациялық тұрғыда белсенді кәсіп­орындар барлық кәсіпорын­дар санының тек қана 4 пайызын құрайды.

Бүгінде инновацияны дамыту саласында бірқатар қолайсыз жағ­дайлар орын алып отыр. Олар жайлы Есеп комитетінің ақпараты бар.

2010 жылдан бастап “индус­триялық бесжылдық” басталады. Осы бағыт бойынша елді 2010-2014 жыл­дарға арналған жедел индус­трия­лық-инновациялық дамы­тудың мем­лекеттік бағдарламасы мен  Қазақстанды индустриялан­дырудың кар­тасын жүзеге асыру керек. Кар­тадағы 162 жобаға инвестицияның жалпы көлемі 6,5 триллион теңгені құрайды.

Картада Батыс Қазақстан об­лы­сында 8 жобаны  салу қарасты­рыл­ған, оған тартылатын инвести­цияның көлемі 18 млрд. 746 млн. теңгені құрайды.

Атап айтқанда, республикалық деңгейде қуаттылығы жылына 7400 тонна зығыр майын шығара­тын майлы дақылдарды қайта өңдеу зауыты, Орал қалалық жылу энергия стансасы, жылына 2073 тонна ет беретін дамыған инфра­құ­ры­лымы бар заманауи мал бор­да­қылау алаңы, өңірлік деңгейде  500 мал басына арналған сүт-тауарлы ферма салу, “Бюллер” фир­масы­ның диірмен кешенін салу, мия тамырын қайта өңдеу цехын салу және жұмысын ұйым­дас­тыру,  газ айдайтын агрегаттар мен газды-турбиналы электр стансаларын әзірлеу және дай­ын­дау көзделген.

Жақын арада республикалық бюджетке тиісті өзгерістер енгізу көзделіп отыр.

Одан басқа, қолданыстағы заң­намаға қазақстандық қамту мәсе­лелері бөлігінде өзгерістер енгізілді. Осы өзгерістер ел экономикасына оң ықпал етіп отыр.

Елді инфрақұрылымдық дамы­туда энергетика, көлік және теле­коммуникация салаларын жаң­ғыр­туға басты көңіл бөлінетін болады. Олар экономиканы жедел әртарап­тандыруға және елімізге шетелдік инвестицияларды тартуға ықпал етеді деп күтілуде.

Әртараптандырудың басты сег­менті - ол агроөнеркәсіптік кешенді дамыту. Өткен жылы бұл салаға  бұ­рын-соңды болмаған көмек көр­сетілді. Индустриялық бес жыл­дықта агроөнеркәсіптік ке­шен­де өнімділікті екі есеге арттыру көзделіп отыр. Одан басқа, шеші­летін мәселе – ол азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта елдің ғылыми техноло­гиялық дамуының 2020 жылға дейінгі салааралық жоспары әзірленетін болады.

Үшіншіден, адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін болашаққа белсенді инвес­тициялау  мәселесі тұр.

Адам ресурстарының саны мен сапасы кез келген елдің болаша­ғын айқындайтын аса маңызды фактор болып табылатындығы бәрімізге мәлім. Өз кезегінде, адам капиталы инновацияның және экономи­каның тиімділігін арттырудың бас­ты қозғаушысы. Осы мақсатта заң­намаға тиісті өзгерістер енгізіледі.

Төртіншіден, қазақстандық­тарды сапалы әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызмет­тер­мен қамта­масыз ету жөніндегі мәселе. Осыған байланысты, әлеу­меттік салаға қатысты мәселе­лер қатарында тұрғын үй, яғни халық­ты баспанамен қамтамасыз ету мәселесі тұр. Өткен жылы үлестік құрылысқа қатысу­шылардың құқықтарын қорғауда тиісті заңмен нақты механизм құрылған болатын. Осы мақсатта қолданыс­тағы заңнамаға тұрғын үй-ком­муналдық сала мәселелері бойын­ша  өзгерістер енгізілген болатын.

Жолдаудағы басты өзгеріс – ол  халықты тұрғын үймен қам­тамасыз етуде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісі арқылы жаңа әдіс енгізу болып табылады. Болашақ­та, салымшылар тұрғын үй құ­ны­ның бір бөлігін банкіде жинап, қым­бат емес  несие алатын болады.

2011 жылы тұрғын үй-комму­налдық шаруашылықты кең ау­қым­ды жаңғыртудың 2020 жылға арналған жоспары әзірленеді.

Түйіндей келгенде, Қазақ­станның жаңа мүмкіндіктері тек қана елімізде ұлтаралық келісім сақталғанда ғана орын алады. Жолдауды жүзеге асыру әркімнің дербес міндеті болып табылатын­дықтан, оны іске асыруда барша­мызға сәттілік тілеймін.

 

САЙЛАУШЫЛАР СЕНІМІН АҚТАУ – БАСТЫ БОРЫШ

 

Әрбір адамның атқарған ісі­нің жемісті болып, игі нәтижеге қол жеткізуі оның күнделікті өмір тынысын терең аңғаруымен тығыз байланысты. Алға қойған мақсатын жүзеге асыру жолында жасаған қадамы халықтың көңі­лінен шығып, қолдауға ие болып жатса, бұл оның еңбегіне беріл­ген  биік баға болып табылады. Осы бір талап тұрғысынан қарағанда заң шығарушы­лық қызмет үнемі ізденіс үстінде келеді. Сондықтан да нұротандық депутаттар тоқсан сайын еліміздің аймақтарына арнайы сапарға шығып, көпшілікпен кездесулер ұйымдастырады. Мұндай басқосулар кезін­де сайлаушылар өздері жауап іздеп жүрген сан қилы сауал­дарды ортаға салып, шын көңілден пікір алысады.

Ел адамдарының алға тартқан мәселелері тек қана қабылданып жатқан заңдар сапасына қатысты емес, күнделікті өмірдің сан салалы қырын қамтиды. Әдет­тегі­дей, мұндай кездесулерде халықты әлеуметтік қорғау, еңбекпен, зейнетақымен қамтамасыз ету, жала­қыны өсіру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы проблемалары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық­қа қатысты сұрақтар қойылады. Осындай жүздесу барысында халық қалаулылары бірінші кезекте назар аударуға тиісті маңызды мәселелерді айқындауға мүмкіндік туады.

Депутаттар өңірлерден оралған соң фракция мүше­л­ері сайлаушылар көтерген барлық проблемаларға талдау жасап, мемлекеттік деңгейдегі шешімді талап ететіндерін өз жұмыстарындағы ауқымды міндет ретінде алға қояды. Оларды шешу ісіне Үкіметтің назарын аудару үшін сапар қорытындысы бойынша дайындалған проблемаларды жинақтап, Премьер-Министр мен басқа да лауазымды тұлғаларының атына сауал салу тәжірибесі қолға алынған.

Мысалы, 2009 жылдың аяғында фракция атқарған жұмыстардың қорытындысы бойынша шешімін табуы тиіс бірқатар нақты проблемалар Үкіметтің алдына батыл қойылды. Соның нәтижесінде елдің барлық өңір­­леріне тән шағын және орта бизнес кәсіпорын­дарын несиелеуге, инфляциялық үдерістердің теріс салдарларын жоюға, білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үйге қатысты және ауыл шаруашылығы салаларындағы проблемаларға баса назар аударылды.

Үкімет қабылдаған шаралардың нәтижелері бойын­ша сайлаушыларды хабардар ету мақсатында атқарыл­ған шаралар баспасөз бетінде жарияланып, көтерілген проблемаларды шешу аяғына дейін жеткі­зілу үшін парламенттік бақылау одан әрі де жүргізі­ліп отырылады. Осы орайда қордаланып қалған көпте­ген мәселелер Қазақстан Республикасының 2020 жыл­ға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында көрініс тапты.

Тұтастай алғанда, соңғы бір жылдың өзінде барлық бағыттар бойынша ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Бірақ мұнымен барлық мәселе толық шешімін тапты деуге болмайды. Мәселен, әлі күнге дейін 260 мың бала балалар бақшасының кезегінде тұрғандығы осының айқын айғағы. Сондықтан бұл игілікті бастама алда да жалғасуы тиіс.

Елбасымыз өзінің 2010 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында  осы проблемаға ерекше маңыз беріп,  тиісті орындар алдына нақты міндеттер қойды. Мектеп жасына дейінгі ұйымдар желісі 2010-2012 жыл­дары 217 мың орынға, 2013 жылы 34,6 мың орын­ға көбейеді. Ал, 2009-2015 жылдары мектеп жасына дейінгі мекемелер санын  335-ке арттыру көзделуде.

Өткен жылдың орақ науқаны республикамыз үшін берекелі болғандығы белгілі. 2009 жылдың астығын сатып алу үшін мемлекеттік ресурстарға Үкімет бюдже­тінен 11,2 млрд. теңге бөлінді. Үстіміздегі жылдың 22 қаңтарына 620,8 мың тонна астық сатып алынды.

2009 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сәйкес, “Азық-түлік келісім-шарт кор­порациясы” АҚ ауыл шаруашылығы тауар өндіру­шілерінен 2,0 млн. тонна астық сатып алуда. Үстіміздегі жылдың 16 қаңтарына  сатып алынған астық көлемі 814,9 мың тоннаға жетті.

Экономиканы модернизациялау жөніндегі мемле­кеттік комиссияның шешіміне сәйкес, корпорация Ұлттық қордан қарызға берілген қаражат есебінен 3 млн.тоннаға дейін астық сатып алады. Үстіміздегі жылдың 15 қаңтарында бұл көрсеткіш 2,6 млн.тоннаны құрады.

Тұрғын үй-коммуналдық сала жүйесінде кондоминиум объектілерін басқару нысандарын жетілдіруге байланысты қайта құру жүргізуге, қолда бар тұрғын үй қорын күту мен жаңарту үшін қаржы тетігін анықтауға бағытталған “Қазақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту­ралы” Заң қабылданды. Заңда қарастырылған шаралар көп пә­терлі үйді ұстауға, күрделі жөн­деуге  жоспарлы түрде біртіндеп қаражат жинауға және олардың жұмсалуының ашықтығын қам­тамасыз етуге мүмкіндік береді.

Тұрғын үйлердегі лифтілер жұмысы сын көтермейтін жағдайда. Әкімдіктер мен кәсіпкерлер лифтілерді жөндеу мен күтімін қаржыландыруды өз меншіктеріне алуға әзір. Бірақ, “Тұрғын үй қатынас­тары туралы” Заң нормаларына сәйкес, лифтілер кон-до­миниум объектілерінің ортақ мүлігіне жатқызылып, пәтер иелерінің ортақ мүлігі болып табылады. Бұл лифтілерді коммуналдық шаруашылық немесе жеке меншік құрылымдардың меншігіне беруге кедергі келтіріп отыр. Осы мәселе Үкіметтің 2010 жылға арналған заң жобаларын әзірлеу жоспарына енгізілген және оны “Қазақстан Республикасының кейбір заңна­малық актілеріне тұрғын үй қатынастары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”  Заң жобасын пысықтау барысында шешу ұсынылып отыр.

“Бірінші байлық – денсаулық” дейді халық даналығы. Егемен елімізде    денсаулық сақтау сала­сын­да атқарылып жатқан шаралар өте қомақты. Бүгінгі замана талабына сай медициналық орталықтар қатары жыл санап көбейіп келеді. Ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемі  шеңберінде сатып алынып отырған дәрі-дәрмектің бағасын реттеу жөнінде арнайы тапсырма берілді. Барлық медициналық мекемелерде медициналық қызмет аясын кеңейтіп, емделушілердің құқығын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған ішкі бақылау қызметі құрылды. Бүгінгі күнге бұл қызмет барлық медициналық мекемелер базасында жұмыс жасауда.

Медициналық қызметтердің сапасын басқарудың екінші жүйесі – тәуелсіз сарапшылар институты болып табылады. Олар емделушілердің қажет көлемде тиісті медициналық қызмет алу құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында жеке және заңды тұлғалардың атқарып отырған қызметіне тәуелсіз сараптамалар жүргізеді. Емделушілердің қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау мақсатында  өңірлік денсаулық сақтау басқармалары­ның жанынан емделушілердің құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық комитеттер ұйымдастыру ісі де қарастырылған.

Бұл күнде қазыналы Қазақстан бүкіл әлемге тән ғаламдық дағдарыстың қиындықтарын еңсеріп, дамудың даңғыл жолына түсті. Қазақстан Республи­касы Президентінің халыққа арнаған биылғы Жол­дауында еңсе көтерген ел алдындағы таяудағы он жыл ішінде атқарылуға тиісті  маңызды міндеттер ай­қындалды.

Депутаттардың “Нұр Отан” ХДП фракциясына мүше болып табылуы олардың ел алдындағы, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыра түседі. Осыны терең сезінген халық қалаулылары сайлаушылар мүдде­сіне қызмет етуді өздерінің басты борышы деп біледі.

Дінмұхамед  ХАМЕТОВ, “Нұр Отан” ХДП-ның Парламент Мәжілісіндегі фракциясы аппаратының консультанты.

 

Айтайын дегенім...

ҚАРТ АНА СҰРАУЫ ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛА МА?

 

Ерзат ӘЛЗАҚОВ, Мәжіліс депутаты.

Шойбеков Бауыржанды “Ауди-80” маркалы көлігімен мерт еткен ішкі істер органы қызметкері мәйітті моргтан алып, орыс зиратына көміп тастаған кінәсі дәлелденгенімен, құқық қорғау органдары бұл істі ашуға мүмкіндік бермей отырған көрінеді. 

Осы ақпан айының 4-14 жұлдызы аралығында өңірлерде сайлаушылармен кездесу барысында менің қоғамдық қабылдауымда болып, өзінің жалғыз ұлының өліміне жауапты күдіктіні іздестіру кезінде құқық қорғау органдарынан әділдік таба алмаған Н.Жұмашеваның жанайқайын жеткізгім келіп отыр.

Қайғырып, әділдік іздеген ана осыдан бес жыл бұрын ұлы Шойбеков Бауыржанды “Ауди-80” маркалы көлігімен мерт еткен ішкі істер органы қызметкерінің кінәсі дәлелденгенімен, құқық қорғау органдары бұл істі ашуға мүмкіндік бермей отырғандығын алға тартады. Яғни, 2005 жылдың 13 тамызында осы аталған қылмыс орын алады, алайда осы қылмысқа қатысты азаматтың жергілікті ішкі істер органында басшылық қызметте істеуіне байланысты бұл аталған оқиға дер кезінде ашылмайды. Қайтыс болған азаматтың мәйітін күдікті өзі қорғаштап Түркістан қалалық моргына жасырып қояды. Ол жерге Шойбеков Бауыржанның мәйітін іздеп келген туыстарына оның мәйітінің ол жерде жоқ екенін айтқыздырып шығарып салады. Кейін күдікті мәйітті моргтан алып орыс зиратына көміп тастайды. Ұлының мәйітін табу үшін ашынған ана артынан 8 ай іздеу салып әрең табады. Онда да ұлының мәйітінің ешқандай журналға нөмірленбеген, тіркелмегендігінен бірнеше мәйітті қазуға тура келген. Осы іске байланысты бірнеше куәгерлер болса да, жалғыз ұлының өліміне себепкер болған күдіктінің осы күнге дейін бостандықта жүргенін қарт ана үлкен қынжылыспен айтады.

Осы көтеріліп отырған мәселені Ішкі істер министрлігі мұқият қарап, нәтижелері бойынша заңда көрсетілген мерзімде маған және арыз иелеріне жауап беруін сұраймын.

 

СЕНАТОРЛАР САУАЛ ЖОЛДАДЫ

 

Сенаттың осы бейсенбідегі ке­зекті жалпы отырысында 26 депу­таттық сауал жарияланған болатын. Олар Үкімет басшысы мен бірқатар министрлерге арналды. Депутаттық сауалдарда еліміздің әлеуметтік жағдайларын жақсартуға қатысты мәселелер көтерілді.

2006 жылғы 24 маусымда Әзір­байжан, Қазақстан, Қырғыз рес­публикалары, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түркіменстан және Өз­бекстан республикалары арасында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлардың заң­сыз айналымымен күрес жөнінде Орталық Азиядағы Өңірлік ақпа­рат­тық үйлестіру орталығын құру туралы келісім жасалған болатын. Келісім 2009 жылғы 22 наурызда күшіне енді. Осыған байланысты депутат Берік Имашев Қазақстан Республикасының Премьер-Ми­нис­трі К.Мәсімовтен ұйымдағы Орталықтың ерекшелігіне орай ке­лі­сім талаптарын сақтау үшін Үкі­меттің қаулысын қабылдауды өтінеді.

Депутат Қуаныш Айтаханов Премьер-Министр К.Мәсімовтің атына депутаттық сауал жолдады. Оған Оңтүстік Қазақстан облысы­ның  Шымкент қаласы мен Түр­кіс­тан, Арыс, Кентау, Сарыағаш, Сайрам, Төле би, Ордабасы аудандарынан келген 200-ден астам тұрғындардың өтініш-хаттары себеп болғаны айтылды. Олардың кезінде пайыздық үстемесі жоғары ипотекалық және тұтынушылық мақсатқа  несие алғандықтарын, алайда, әлемдік дағдарыстың әсерінен жағдайларының нашарлап кеткендігін, енді ипотекалық және тұтынушылық несиелерін төлей алмай отырғандығын айтып, аталған мәселе бойынша көмек көрсетуді сұрайды.

Қ.Айтахановтың Премьер-Министр К.Мәсімовтің атына жол­даған тағы бір сауалында Оңтүстік Қазақстан облысындағы денсаулық сақтау мекемелерінің құрылысы туралы мәселе көтерілді. Оңтүстік Қазақстан облысында халық са­ны­ көп және халықтың табиғи өсу қар­қыны өте жоғары. Алайда, облыста денсау­лық сақтау саласы бойынша бюд­жет­тен бөлі­нетін қаржы бір адамға шаққанда республиканың орта көрсеткішінен 20 пайызға, ал ха­лыққа тегін бе­рілетін медици­налық көмектің ке­пілдік көлемі 30 пайыз­ға аз. Бас­тапқы медициналық кө­мек көрсету объектілерінің мате­риал­дық-тех­никалық базасы төмен болып отыр. Қазіргі кезде облыста­ғы құ­ры­лысы 2008 жылы басталып кейін­нен қаржы жетіспеудің сал­дарынан секвестрленген 4 денсау­лық сақтау объектілерінің құрылы­сы өткір тұрған мәселелердің біріне айналып отыр. Сондықтан осы нысандарды құрылысын жүргізу үшін 2010 жылы 2 000 000 мың теңге қаржы керек екені айтылған.

Сенатор Қуаныш Сұлтанов Қа­зақстан Республикасының Пре­мьер-Министрі К.Мәсімовтің аты­на депутаттық сауалында Алматы облысының Қытаймен шекаралас Панфилов  ауданының бірнеше елді  мекендерінде, аудан орталығы – Жаркент қаласында биыл әдет­те­гі­ден тыс орасан көп қар жауға­ны, одан су тасқыны басталып, мың­даған үйлерге қауіп төніп тұрғаны айтылды. Тұрғын үйлер, елді мекендер зардапқа ұшыраса, мемлекет көмек көрсетуге мәжбүр болады. Сондықтан Панфилов ауданына нақты көмек көрсетуді өтінеді. Сонымен қатар, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарына қар көп түсуіне байланысты осын­дай су тасқыны қаупі бар екені, оның алдын алу шараларын назар­да ұстау қажеттігі айтылады. Кө­кей­кесті мәселені көтерген бұл сауал­ға сонымен қатар Сенат депу­таты Н.Нұрманбетов те қол қойды.

2010 жылы қазақтың әйгілі композиторы әрі дирижері, дәу­лескер домбырашы, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республи­касы Мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО-ның халық әртісі, “Халық Қаһарманы” Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 85 жыл толады. Дара дирижерлік және ұйымдастырушылық қабілетімен де танылып, дүние жүзіне әйгілі  “Отырар сазы” ұлттық аспаптық оркестрін ұйымдастыруға көп еңбек сіңіріп, отандық өнер тарихында  өшпес із қалдырды. Ұлт мақтаны­шына айналған тұлғаның мәдение­ті­мізді дамытуға сіңірген ерекше еңбегін ескере отырып және оның есімін тарихта қалдыру мақсатын­да  Алматы қаласында композитор­дың құрметіне ескерткіш орнатуға және тұрған үйін мұражайға ай­налдыруға Үкімет тарапынан қол­дау көрсетіп, республикалық бюд­жеттен қажетті қаражат бөлуіңізді сұраймыз, — делінген депутат Ақан Бижанов Премьер-Министрдің атына жолдаған депутаттық сауа­лында. Бұл сауалға бір топ депутаттар қол қойған.

Депутат А.Бижановтың тағы бір сауалы “Мұнайаспап” акционерлік қоғамындағы мамандар даярлау ісіне қатысты туындаған мәселе­лер­ді шешуге арналып отыр. Онда депутат Мемлекеттік хатшы – Сырт­қы істер министрі Қанат Сау­да­баевтан осы мәселеге орай дип­ло­­матиялық арналар арқылы жәр­дем­десуді өтінеді.

Депутат Төлеген Мұхамеджанов Жамбыл атындағы Қазақ мемле­кет­тік филармониясының бетке тұ­тар мақтанышы болып табылатын Б. Байқадамов атындағы мемлекет­тік хор капелласына “Академия­лық” деңгейді беру мүмкіндігін қарасты­руды сұрап, Мәдениет және ақпа­рат министрі М.Құл-Мұхам­мед­­тің атына депутаттық сауал жол­дады. Министрге Ақмола облы­сы­ның Жақсы ауданындағы Кали­нин, Қайрақты, Ишим ауылдық округте­рі мен Киев және Тарасовка ауыл­дарында “Хабар”, “Қазақ­стан”, “ОРТ - Евразия”, “Ел Арна” телеарналарының хабары сапасы­ның төмендігі депутат Серік Аяға­новтың сауалы да жолданды.

Депутат Юрий Кубайчуктың сауалында метан газын өндіруге қосымша энергия ресурсы ретінде ауқымды тұрғыда назар аударуды ұсынады. Сенатор бұл саланы дамыту біздің еліміздің экономика­сын қарқынды дамыту жолдары­ның бірі болатынына сенім артады.

Депутат Светлана Жалмағам­бетова отырыста бірнеше сауал жол­дады. Оның ел Үкіметінің басшысы­на жолдаған сауалында 2009 жылғы астықтың сатылуы мен тасымалын жеделдету шараларын қабылдау қажеттігі туралы айтыл­ды. Ал Ауыл шаруашылығы минис­трі Ақылбек Күрішбаевқа жолдаған сауалында асыл тұқымды мал ша­руашылығын субсидиялау тетікте­рін қайта қарауды ұсынады. Сауал­да субсидиялау тетіктерін бірте-бірте өзгертуді, өтпелі кезең мерзі­мін қарастыру туралы айтылды. Бұл сауалға сенаторлар С.Аяғанов, С.Еңсегенов, Ж.Нұр­ғалиев та қол қойған.

Светлана Жалмағамбетованың Көлік және коммуникация минис­трі Ә.Құсайыновқа жолдаған тағы бір сауалында Ақмола облысын­дағы Қорғалжын ауылына дейінгі жол құрылысын сапалы аяқтау қажеттігі және Астанадан Ақмол ауылына дейінгі жол бөлігін кеңейту қажеттігін өтінеді. 

Депутаттар сауалдарында ел өмірі мен әлеуметтік-экономика­лық жағдайды жақсарту жөнінде осындай маңызды мәселелер көтерілді. Депутаттық сауалдарға шолуды алдағы мақалаларымызда тағы да жалғастыратын боламыз.

Серік ҚАРАЖАН, журналист.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат