Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2010-03-02:

СУ ҚАУПІНІҢ АЛДЫ АЛЫНУДА

 

Жылдың көктем мезгілі жақындағанда Сыр аймағының тұрғындары абыржып, Сырда­рия өзеніндегі мұз қаупі­нің алдын алуға, дария бой­ын­дағы бөгеттерді қатаң бақы­лауда ұстауға жыл сайын ұм­ты­лыс жасайды. Биылғы қыс аса суық болды. Осыған орай туындаған жағдай сырбойы­лық­тарды тағы да қобал­жытып отыр.

“Егемен Қазақстанның” Қызылорда облысындағы тілшісі  Еркін Әбіл су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының бастығы Әділхан Қарлыхановқа:

– Сіз бұған не дейсіз?

– Алдымен Тоқтағұл, Қай­рақ­құм, Шарбақ, Әндіжан су қоймаларында жиналған су кө­лемі жайында айтайын. Бүгінде Арнасай ойпатына секундына 150 текше метр су жіберілсе, Қы­зылқұм каналы арқылы 5 текше метр су алынуда. Шар­да­ра су қоймасынан 8 ақпанда шыққан секундына 400 текше метр судың 75 текше метрі Көк­сарай су реттегішіне жіберілсе, 325 текше метр су Сырдария­ның төменгі ағысына жөнел­тіл­ген. Арыс өзені арқылы да да­рияға секундына 25 текше метр су құйылып жатыр. Ал, Қызыл­орда су торабындағы су деңгейі 127,95 текше метрді көрсетсе, тө­менгі ағысқа секундына 382 текше метр су жіберілуде. Бү­гінде дариядағы мұз Тартоғай ел­ді мекені тұсына дейін ұстасып, Қызылорда су торабының жоға­ры 130 шақырымына жеткен. Болжам бойынша, таяу күндері  сең жүруі ықтимал.

Жалпы, облыстық жұмыл­дыру дайындығы, азаматтық қорғаныс,  апаттардың алдын алу­ды және жоюды ұйымдасты­ру басқармасы өкілдерінің ай­туынша, аймағымызда тұрғын­дар­ды көшіруге арналған 75 жи­нақтау, 103 қабылдау пункттері жасақталып, 751 автокөлік нақ­тыланған. Облыс бойынша жер­гілікті атқарушы органдар ре­зер­вінен 112,878 миллион теңге бөлінсе, онымен қоса 146,5 тонна жанар-жағар май, мұз жару жұмыстары үшін 247 мың дана қап қоры дайындалған.

Нақтылай айтар болсам, бү­гінде дария мұзының қалың­ды­ғы Қазалы ауданында 65 сан­тиметрге, Қармақшы ауданында – 35-40, Жалағаш ауданында  – 30-37, Сырдария ауданында – 30-35, Қызылорда қаласында 25-30 сантиметрге жетіп отыр.

Төтенше жағдайды бол­дыр­мау мақсатында күнделікті жос­парлы жұмыс жүргізілуде. Күні кеше осы мәселеге байланысты облыс әкімі селекторлық мә­жіліс өткізіп, мұз қаупі­нің алдын алу және сірескен сеңді, бөгеттерді бақылауда ұс­тау үшін сала басшыларына нақты тапсырма  берді.

Қызылорда.

 

Жанайқай

БҰЛ ҚАЙ БАСЫНҒАНДАРЫ?

Шығыс Қазақстан облысында электр қуаты тапшы ма, әлде “таз ашуын тырнаудан аладының” кері ме?

 

Оңдасын ЕЛУБАЙ.

Өскемен қаласы тұрғындары­ның жанайқайын жеткізуге тура келіп тұр. Қала ғана емес, облыс тұрғындарын да, міне, бір аптаға жақындады, “ВК РЭК” компаниясы электр қуаты тапшы дегенді сылтау етіп, үйлердегі жарықты алты-жеті сағатқа дейін тоқтатып тастауды әдет­ке айнал­дыр­ды. Сорақылық емей немене, мә­селен, дүйсенбі кү­ні Жамбыл атын­дағы драма теат­рын­да спектакльдің премьерасы бол­май қалды. Балабақ­шаны эл­ектр қуатынан ажыратып тастау тіпті өрескел. Шалғайдағы ауылдар онсыз да биылғы қатал қыстан қысылып отырғанда, электр қуаты өшіріліп, тұрғындардың заңды наразылығын тудыруда.

Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың өтініші бойынша кеше “ВК РЭК”, жарық тасымалдаушы “КЕГОК” ком­паниясы, монополияға қарсы бас­­­қарма және облыстық энер­ге­ти­ка басқармасы басшыларының қа­тысуымен баспасөз мәслихаты бо­лып өтті. Жарық неге сөнеді, тұр­ғын­дар төлемдерін уақтылы төлесе де, неге жарықсыз отыр дегенге эл­ектр таратушылар тұжырымды жау­ап қайтара алмады. “Таз ашуын тыр­­нау­дан алады” дегендей, мұның ал­дын­да олар бағаны көтеру жөнін­де та­лай рет мәселе көтерген, бірақ оған тиісті орындар жол бермеген еді.

– Қазір Екібастұз ГРЭС-індегі екі желі істен шықты. Ал біз сырт­­­тан қуат көздерін сатып аламыз. Бұқтырма ГЭС-і жеке меншікке өтіп кеткен, Өскемен және Шүлбі ГЭС-інің қуаты жетпейді, – деп ақталуға тырысты “ВК РЭК” президенті Галина Феофанова.

Басқарма бастығы Айтқазы Ше­рубаев қазіргі жағдайға алаңдаушы­­лық білдіріп, қуат көздеріне қа­рыздар мекемелермен облыс әкімі Б.Сапарбаевтың әңгіме жүргізіп жатқанын, бірақ тиісті орындардың бұл іспен өздері шұғылданулары қажет екенін тілге тиек етті. Тағы бір кемшілік, жарықтың сөнетіні жайлы алдын ала хабар берілмейді. Кесте неге жасалынбайды? Аудан­дар­ға дер кезінде хабар беру жайы да айтылды. “Водоканал” 300 миллион теңге қарыз деген сөз де жалған болып шықты. Қалай дегенде де, бұл жайға нүкте қой­ылатын уақыт жетті. Үйлеріндегі тоңазытқышы, теледи­дар­лары істен шығып жатса, лифті­лерде адамдар­дың қалып қоюы сияқты оқиғалар қайталана берсе, олармен соттаса­тыны жайлы да сөз болды. Сон­дықтан қуат көздерін орынсыз өшіргенді қою керек.

Өскемен.

 

Тосын табиғат

ЖАҒДАЙ ҚАЛЫПТЫ АРНАҒА ТҮСТІ

 

Күмісжан БАЙЖАН.

Соңғы күндері Іле ауданына қарасты Күрті қоймасындағы су деңгейі арнасына толып, сел жүру қаупі туындағандықтан жұрт әбі­гер­ге түскен еді. Осыған орай бө­геттің төменгі ағысында тұратын Ақши ауылының тұрғындары көші­ріліп, қауіпсіз аймаққа орналас­ты­рыл­ғанын хабарлаған едік. Таби­ғаттың тосын мінезінің алдын алуға Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталов басқарған Төтенше жағдайлар ми­нистрлігінің Ұзынағаштағы әскери полкі, Қарасай ауданындағы рес­пуб­ликалық құтқару отряды, Алма­ты қаласындағы және  облыстық төтенше жағдайлар департаментінің арнайы тобы, сондай-ақ ішкі істер басқармаларының жауапты қызмет­кер­лері мен жол-су шаруашылығы мекемелерінің ұжымдары қатыс­ты­рылып, халықты азық-түлік, жатын орынмен қамтамасыз ету шаралары шешімін тауып, халыққа қиын сәт­те жағдай туғызылып, тұрғындар­дың қолдағы малына 70 тонна шөп Балқаш ауданынан әкелінді. Облыс әкімі Серік Үмбетов сел қаупінің ал­дын алу шараларын қатаң бақы­лауға алып, аймақтағы халықпен кездесіп, кейбір мәселелердің ше­шімін табуына басшылық жасады.

Қолға алынған шаралардың нә­тижесінде қоймадағы су деңгейі төмендеп, Ақши ауылының тұр­ғын­дары үйлеріне оралды. Жи­нал­ған судың деңгейін төмендету мақсатында арнайы құбырлар ар­қылы судың бағытын өзгерту мен тау өзендерінен қосылатын су деңгейін бұру жұмысы қатаң бақылауға алынған.

Панфилов ауданындағы Үлкен­шы­ған ауылында 2,5 шақырымдық суды бөгейтін бөгет жасалып, жағ­дай қалыпқа түссе, Ұйғыр ауданын­дағы Шонжы ауылында да арықтар тазартылып, көшелер мен ой­паң­дағы үйлерді су басып қалмауы назарға алынған. Жағдай Жамбыл ауданының Тарғап ауылында да қалыпты деуге болады. Тасқыннан жапа шеккен отбасыларына жан-жақты көмек көрсетілуде. 

Атқарылған  шаралар мен бү­гін­гі жағдай  Күрті су қоймасында және өзге де елді мекендерде сел тас­қынынан қаупі жоқ деп баға­ла­ну­да. Дегенмен жер-жерде арнайы комис­сиялар жұмыстарын жалғас­тыруда.

Алматы облысы.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат