Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2010-03-03:

ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНІҢ ИГІЛІГІ

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев интернет қызметінің отандық рыногын дамыту, оны пайдалану барша қазақстандықтар үшін қолжетімді болуын тапсырған еді. Осыған орай өткен аптада Атырау қаласында “Қазақ­те­леком” акционерлік қоғамының Интернет Дата орталығы ашылды. Жаңа Интернет Дата орталығының жұмысымен “Қа­зақтелеком” АҚ басқармасының төрағасы Асқар Жұмағалиев, Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев танысты.

 

Бұл Қазақстандағы Астана, Алматы және Қызылорда қала­ларынан кейінгі төртінші Интернет Дата орталығы (ІDC). Отандық телекоммуникация желісіндегі көшбасшы кәсіпорын мұнымен шектелмейді. Ағымдағы жылдың 1-тоқсаны ішінде еліміздің 8 облысының орталығында дәл осындай ІDC ашылатын болады.

Интернет Дата орталығы же­лілік және есептеу жабдығы кеше­нінен, сондай-ақ маманданды­рыл­ған бағдарламалық жасақтамадан тұрады. ІDC заманауи инфокомму­никация қызметтерінің кең көлемін көрсететін деректер өң­деудің қуат­ты орталығы болып табылады. Бірқатар артықшыл­ы­қ­та­рының болуына орай ІDC шағын компа­ниялармен қатар, ірі бизнес, мем­лекеттік басқару, банк құ­рылым­дары үшін де кез келген күрделі жобаны өз аумағында жүзеге асы­руға мүмкіндік береді. ІDC бірқатар сервис түрлерін ұсынады. Олардың қатарында тегін электронды пошта қызметі; виртуалдық хостинг (клиенттердің веб-сайттарын орта­лық серверле­ріне орналастыру), Сo-locatіon (клиент серверлерін ор­наластыру), Dedіcated (бөлектелген сервер ұсыну, жабдықты жалға беру), ақпарат қорғау, жүйелік әкімші­лендіру, виртуальдық офис және тағы басқалар бар.

Елімізде өз бизнесін дамыту үшін ақпараттық технологияларды белсенді пайдалануды бастаған ірі компаниялар саны артуда. Алайда, жеке ақпараттық инфрақұрылым жасау бірқатар күрделі мәселелер­дің шешілуін талап етеді. Мәселен, ақпараттық жүйе тұжырымдамасын жасау, жобаны әзірлеу, жабдықты жеткізу және іске келтіру, тиісті инфрақұрылым салу және пайда­лану, қызметкерді оқыту, тиісті құжаттама әзірлеу. ІDC клиент­терге осы мәселелерді айналып өтіп, бар­лық күш-жігерін жеке бизнесінің әлеуетін дамыту үшін жұмылдыруға мүмкіндік береді. Сондықтан да Интернет Дата орталығын іске қосу бүгінгі таңда айрықша маңызға ие.

“Қазақтелеком” мен өңір бас­шысы Интернет Дата орталығы­ның қызмет көрсету бөлімдерімен та­ныс­тырған Атырау ОТД бас дирек­торы Ерсайын Дүйсемә­ли­евтің айтуынша, мұнайлы өңір толықтай сандық байланыс жүйе­сіне көшкен. Қаладағы мектептерді айтпағанда, ауылдағы білім ұялары да Интер­нетке шығу мүмкіндігіне ие болып отыр. Ал Интернет Дата орталы­ғын­да Құрманғазы аудандық бай­ла­ныс торабымен бейне кон­ференция байланысының жұмысы көрсетілді. Осыдан “Астанате­леком” басшысы Абай Қадырә­ли­евпен тікелей бейнебайланыс орнатылды. Орталық маманы К. Бекешова ІD-TV, ІD Phone және Megalіne қызметтерінің жұмысы­мен таныстырды.

– ІDC жұмысы интернеттің қазақстандық сегментін әрі қарай қалыптастыруға ықпал ететін болады, – дейді “Қазақтелеком” АҚ ақпараттық технологиялар жөнін­дегі бас директоры Марат Әбділдабеков бұл қызметтерді қолданудың маңызы туралы. –Біз қазақстандық интернет пайдаланушыларға барлық мүмкін­дікті жасаймыз. Ең алдымен қазақ­стан­дық рынок үшін күресуге қабі­летті өздерінің отандық контентін құрамыз. Біз компания клиенттері пайдаланатын ішкі трафик өсімінің оң қарқынын тіркеуге алып отырмыз.

“Қазақтелеком” АҚ-ның дерек­тері бойынша өткен жыл ішінде Megalіne клиенттері ішкі трафигінің жыл басындағы 15 %-дан жыл аяғында 75 %-ға дейін тұрақты өсу қарқыны байқалған.

Қазіргі уақытта “Қазақтелеком” АҚ өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген ІDC негізінде 1300-дей клиентке қызметтер көрсетеді, 554 бірлік жабдық орналастырылған, 700-ден аса клиент хостинг қыз­мет­терін пайдаланады. Бұл ретте ке­лісім-шарттардың ай сайынғы өсім қарқыны кемінде 60 пайызды құрап отыр. ІD Host порталы базасында ІD Free (тегін виртуалдық хостинг) қызметі көрсетіледі. Қызметті қосқан сәттен бастап, тіркелген пайдалану­шылардың жалпы саны 4 500-ден, тіркелген домендік атаулар саны – 5500-ден асып отыр. Бүгінгі таңда Қазақстанның “Тор 20” сайттарына: Kіwі.kz – Қазақстандық бейне-сер­вис, НҰР Қазақстандық Порталы, ZAKON.KZ ақпарат порталы, GAMEWORLD.KZ ойын порталы, OMEGA.KZ, FLІP.KZ, Rabota.kz және тағы басқаларына кіретін ин­тернет ресурстарына ие компания­лар ІDC клиенттері болып табылады.

Ал “Megalіne” қызметінің Қазақстандағы тұтынушыларының қатары қарқынды өсу үстінде. Өткен жылдың 20 желтоқсанында осы қыз­меттің ресми 500 мыңыншы клиенті болып тіркелген Атырау қаласының тұрғыны Алмаз Абдул­лаев: “Қазіргі ақпараттық технологиялар ғасырын­да күнбе-күнгі жаңалықтан хабарсыз отыру мүмкін емес. Оның Megalіne қыз­метін пайдаланудың артықшы­лығы тіптен көп. Отбасымызбен Megalіne арқылы өзімізге қажетті ақпараттарды еш қиындықсыз та­батын болғанымызға қуаныштымыз” дейді. “Қазақтелеком” АҚ басшы­лығы Абдуллаевтар отбасына бір жыл бойы “Megalіne-Hіt” қызметін тегін пайдалануға, сондай-ақ, ІD TV қызметін тегін қостыруға тиісті диплом-сертификат пен жылдық абонемент және 4 портты Wі-Fі модемі түріндегі бағалы сыйлықтар­ды табыс етті.

– Телекоммуникацияның даму деңгейі көп жағдайда біздің еліміздің экономикалық өркендеу сапасын айқындайды. Соның ішінде біздің облыстың инвестициялық жағынан тартымды болуына да ықпал етеді, – деді Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев. – “Қазақте­лекомды” біз ауылдық елді мекен­дерді телефонмен қамтамасыз ету, мектептерді интернет желісіне қосу, ақпараттық теңсіздікті азайтуға қатысты бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда сенімді серіктес ретінде танимыз.

“Қазақтелеком” АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Атырауда Интернет Дата орталы­ғының, таныстыру залының ашы­луы және Megalіne қызметінің мерейлі абонентін құрметтеу, бұл аймақтың экономикалық және технологиялық дамуы жағынан көшбасшы екендігін айғақтайты­нына тоқталып, былай деді:

– Қазақстандағы интернеттің таралу қарқыны соңғы жылдары халықтың кең шоғырына қол­жетерлік болып қана қоймай, қа­зіргі заманғы қазақстандық қоға­м­ның қажетті атрибуты бола оты­рып, жалпы үрдісті айқындап отыр. Бүгін жарты миллионыншы абонентін құттықтаймыз. Өткен жылдың аяғында “Қазақтелеком” желілеріндегі интернетті пайда­ла­ну­шылар саны 1,8 млн. адамнан асып түсті. Оның ішінде кең­жо­лақ­ты интернетті пайдаланушылардың өзі 1,4 млн. адамнан асады. Атырау облысында экономиканың барлық саласымен бірге, телекоммуника­ция жүйесі де кең ауқымда дамуда.

Дәл осы күні “Қазақтелеком” АҚ-ның Атырау қаласындағы телекоммуникация қызметтерін таныстыру залының тұсаукесер рәсімі өтті. Таныстыру залы қазақстандық көшбасшы байланыс операторы – “Қазақтелеком” АҚ ұсынып отырған жаңа технология­лардан, қызметтерден және сервистерден халықтың хабардар болуын арттыру мақсатын алға қойып отыр. Таныстыру залында әрбір келуші нақты уақыт тәрті­бінде компанияның қолданыстағы қызметтерін тегін сынап көріп, сондай-ақ мейлінше толығырақ ақпарат пен сарапшылардың кеңесін ала алады.

Атап айтқанда, таныстыру залында келушілер телефония, жылдамдығы жоғары интернет және интерактивті телевизия – “Trіple play” тұжырымы (“үшеуі біреуінде”) бойынша телеком­муникация қызметтерінің кешенін іс жүзінде сынап көре алады. 2009 жылы Атырауда іD TV брендімен интерактивті телевизия қызметін ұсыну бойынша жабдық іске қо­сылғаны белгілі. Мұнда, айталық, іD-Phone қызметі (sіp-тұғырнама негізіндегі телефония және кең­жолақты қатынау) ұсынылады. іD-Phone артықшылығы бизнеске қажетті кеңейтілген қызметтерінде ғана емес, сонымен қатар, оның компьютер технологияларымен, офис қосымшаларымен, электрон­ды поштамен және өзге де қыз­мет­термен толықтай ықпалдаса алу­ында жатыр. Бұл залда Wі-Fі ин­тернетке сымсыз қатынау техноло­гиясына арнайы орын бөлінген. Wі-Fі технологиясы Атырау қаласындағы бірнеше қонақ үй кешенінде жұмыс істейтіндігі көзделіп отыр.

Атырау облысы.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат