Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2010-03-05:

ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК — ӨЗЕКТЕС МАҚСАТТАР БАСТАУЫ

 

Жоғары деңгейдегі сегмент дегеннің мағынасы барлық елдер­дің өкілдері қатысқан съезд дегенге келеді. Шынында да осы күні Женевадағы Ұлттар сарайына БҰҰ-ға мүше барлық елдердің өкілдері жиналды. Барлық нәсілдің жүз­деген тілде сөйлейтін өкілдері кең сарайдың ішін түрлендіріп жіберді. 13 сессияның жоғары деңгейдегі сегменті бұрын БҰҰ-ның Бас ас­самблеясы өтіп келген үлкен мә­жіліс залында ұйымдастырылды. Айта кетерлігі, БҰҰ-ның штаб пәтері Нью-Йоркке көшкенге дейін осы ғимаратта болған.

Қанат Саудабаев сессияның жұ­мысы басталғанға дейін БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғар­ғы комиссары Наванетем Пиллай ханыммен кездесті. Еліміздің Мем­ле­кеттік хатшысы – Сыртқы істер ми­нистрі Қанат Саудабаевты жай­да­ры жүзбен қарсы алған На­ва­нетем Пил­лай – Оңтүстік Аф­ри­ка Респуб­ликасының өкілі. Ол ұзақ жылдар бойы осы ел Жоғарғы со­тының, Руанда халықаралық қыл­мыстық істер трибуналының төр­айымы сияқты қызметтерді абы­рой­мен атқарған білікті заңгер сана­тынан екен. Қазіргі қызметіне 2008 жылдың шілде айынан кіріс­кен көрінеді.

Осы жерде Адам құқықтары жө­ніндегі кеңестің өзі туралы да айта кетейік. Ол БҰҰ Бас Ассам­блеясының көмекші органы ретінде құрылған. Қазіргі кеңес 2006 жыл­дың 15 наурызынан бастап жұмыс істейді. Бұған дейінгі осы міндетті атқарған аттас орган әсіре саяси­ла­нып кетуі және қаралатын мәсе­лелерге әділетті көзқарас таныта алмағаны үшін таратылыпты. Жал­пы, аталған кеңес адам құқық­та­ры­ның мәселелері жөніндегі тақы­рыптық мәселелерді талқылайтын форум болып табылады. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясына адам құқық­тарына қатысты мәселелер бойын­ша халықаралық құқықты дамытуға байланысты ұсыныстар жасайды. Кеңес өзінің отырыстарына жыл бойы жиналып тұрады. Қазір оның құрамына 47 мүше мемлекеттің өкіл­дері енгізілген. Мүшелері Бас Ассамблеяда жасырын дауыспен сайланады. Аймақтық топтарға орындар мына тәртіппен бөлінген: Африка елдеріне – 13, Азия мем­лекеттеріне – 13, Шығыс Еуропа мемлекеттер тобына – 6, Латын Аме­рикасы мен Кариб бассейнін­дегі елдерге – 8, Батыс Еуропа және басқа мемлекеттерге 7 орын. Кеңеске мүшелер үш жыл­дық мерзімге сайланады. Бас Ассамблея өзінің үштен екі даусымен адам құқын жүйелі түрде бұзған кейбір елдерді мүшеліктен шығарып тастай алады.

Осы органның 2012-2015 жыл­дар аралығындағы мүшелігіне өтуге Қазақстан да өзінің кандида­ту­расын ұсынып қойған. Оған дауыс беру БҰҰ Бас Ассамблеясының 2012 жылдың мамыр айындағы 66 сессиясында болады.

Кеңестің атқарушы органы Н.Пиллай басқарып отырған Жо­ғар­ғы комиссардың басқармасы деп аталады. Оның штаб-пәтері Жене­вада, ал одан басқа 20-дан артық елде өкілдіктері ашылған. Соның ішінде 8 елде өкілдік, 9 елде ай­мақ­тық кеңсе, 2 елде өзін өзі бас­қа­ра­тын өкілдік және 1 елде байла­ныс­тар бюросы орналасқан. Бізге ең жақын аймақтық кеңсе Бішкек қаласында.

Жоғарғы комиссар Н.Пиллай мен Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевтың кездесуі бірталай уақытқа созылды. Онда алдымен Қанат Саудабаев елімізде адам құқықтарын сақтау мен нығайту бағытында атқарылып жатқан жұ­мыстар туралы айтып берді. Соның ішінде, 2012 жылға дейін қабыл­данған жұмыс жоспары бар екенін, оның халықаралық қоғамдастықпен ынтымақтастықта белсенді түрде орындалып жатқанын жеткізді. Одан әрі адам құқы бағытындағы барлық халықаралық конвен­ция­лардың Қазақстанда қабылданып, іске асырылу үстінде екені ай­тылды. “Қазір осы конвенцияларға байланысты қабылданған қосымша хаттамаларға да енгелі отырмыз”, деді ол. Сондай-ақ Қазақстанның үстіміздегі жылдың ақпан айының басында БҰҰ-да адам құқықтары жөніндегі әмбебап кезеңдік қа­ралымынан абыроймен өткендігі және былтыр осы мәселемен елі­мізге келген оның арнаулы екі өкілі қабылданғаны қаперге салынды. ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы ретінде Қанат Саудабаев  Қазақстан оның үш себетінің де жұмыстары қа­тар жүргізілетіндігін, соның ішінде адам құқықтарының сақ­талуы мен нығаюына үлкен көңіл бөлінетіндігін айта келіп, соның бір айғағы ретінде биылғы жазда Ас­танада өткізілетін төзімділік және кемсітуге жол бермеу мәселелерін қарастыратын конференцияның болатындығын жеткізді және оның жұмысына Н.Пиллай ханымды ресми түрде шақырды. Бұл шақыру ризашылықпен қабыл алынды. Н.Пиллай ханым өз кезегінде Қазақстанның адам құқықтарын сақтау мен нығайту бағытындағы жұмыстарын қолдайтындығын және оған оң баға беретіндігін біл­діре келіп, елімізге Жоғарғы комис­сардың басқармасына қаржылай көмектескені үшін ризашылығын жеткізді. “Біздің алдағы екі жылға арнаған жұмыс жоспарымыздағы не­гізгі тақырып кемсітуге жол бер­меуге және діни төзімсіздікпен кү­реске бағытталып отыр. Бұл жұ­мыс­тарымыз Қазақстанның мақса­тымен өзектес болғанына біз қуа­ныштымыз”, деді Жоғарғы комис­сар сөзінің қорытындысында.

Осыдан кейін 13 сессияның жо­ғары деңгейдегі сегментінің жұ­мы­сы бас­талды. Онда Қанат Саудабаев үшін­ші болып сөз сөйледі. Ол өзінің сө­зін жуырда болған табиғат апаты­нан зардап шеккен Чили хал­қы мен үкіметіне көңіл айтудан бастады. 

Өзінің құрылған күнінен бас­тап, деді одан әрі Қ.Саудабаев БҰҰ Адам құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесі алға қойған мақсатын тиімді түрде атқарып келе жатыр. Сон­дықтан да Қазақстан бұл құрылым­мен тығыз қарым-қатынас орнатуға мүдделі және БҰҰ Жоғарғы ко­миссарының адам құқы жөніндегі басқарма­сы­ның рөлі нығая түс­кенін қалайды. Біз аталған кеңестің келісімді органдарымен, Бішкектегі аймақтық кеңсесімен тығыз ын­ты­мақтастық ор­натуға ұмтыла тү­судеміз. Басқар­ма­ның бюджетіне қосатын ерікті жарнамызды бұдан әрі де төлеуді жалғастырамыз. Бұл Қазақстанның елді одан әрі де­мократияландыруға және адам бостандығы мен құқын қорғауды қамтамасыз етуге ұмтыл­ған тал­пынысының ажырамас бөлігі болып табылады.    

Одан әрі Қ.Саудабаев еліміздегі демократияны дамыту, заңдардың үстемдігі, адамның бостандығы мен құқын қорғау бағытында атқары­лып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Соның ішінде Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың  биыл­ғы Жолдауында елдегі құқық қор­ғау, сот жүйесін халықаралық стан­дарттарға сай жетілдіру жұмыста­рына бағытталған құқықтық рефор­маның жүргізілуі, халықаралық қылмысқа қарсы бағытталған шаралар жасалуы туралы нұсқаулар берілгенін айта келіп, осы және басқа шаралар біздің адам құқы саласындағы 2009-2012 жылдарға арналған Ұлттық іс-әрекет жоспа­рымызда және 2010-2012 жылдарға арналған Құ­қық­тық сая­са­ты­мыз­дың тұ­жырым­да­масында көрініс тапқанын атап көрсетті. Одан әрі осы салада іске асқан жұмыс­тарды да санамалап берді. Соның ішінде көптеген заңдардың жетілдіріл­гендігі, ген­дерлік теңдікке деген ұмтылыстың жемістері, балалар мен жасөспі­рімдер құқын қорғау мәселелерінің жандандырылған­дығы аталып өтті.

Сонымен қатар, “Босқындар туралы” арнайы заң қабылданып, олар­дың құқын халықаралық та­лаптарға сәйкес қорғау белгіленгені көлденең тартылды. Одан әрі Қа­нат Саудабаев БАҚ, азаматтық қо­ғам институттарын дамыту сала­ларын­дағы оң өзгерістерді де атай кетті. Жақын уақыттағы жоспары­мызда Омбудсмен институтын Па­риж қағидаттарына сәйкес же­тіл­діру де жоспарымызда бар, деді.

Одан әрі әлемдік экономикалық дағдарыстың салдары адам құқы­ның бұзылуына да әсер ететінін айта келіп, бұл бағытта Қазақ­станның осынау нәубетке төтеп беріп, адамды әлеуметтік қорғауда, оның бостандығы мен құқын сақтауда үлкен табыстарға жетіп  келе  жатқанын тілге тиек етті. 2009 жылы дағдарысты еңсеруге арна­л­ған бағдарламаны іске асыру барысында жұмыссыздық деңгейі 6,3 пайызға төмендетіліп, 400 мың орындық жаңа жұмыс орындары ашылды. Соның ішінде әйелдер бастамасын қолдау үшін олардың бизнесіне арнайы шағын несиелер бөлу жұмысы қолға алынды. Зейнет­ақы­ның базалық көлемі 25 пайызға ұл­ғайтылды, ал мемле­кет­тік әлеумет­тік жәрдемақы көлемі 14 пайызға артты. Осының бәрі өмір сүру са­ласында адам құқы мен бос­тан­дығының бұзылмауын қамта­ма­сыз еткен шаралар болды, деді шешен.

Қ.Саудабаев келесі кезекте Қа­зақстанның адам құқы мен бостан­дығы мәселелеріндегі халықаралық қоғамдастықпен ынтымақтастығы туралы айтты. Соның ішінде үсті­міздегі жылдың ақпан айында БҰҰ-ның Адам құқықтары жө­ніндегі кеңесінде еліміздің әмбебап кезеңдік қаралымнан өткендігі көлденең тартылып, Қазақстанның одан әрі де осы құрылым талап­та­рын мүлтіксіз орындауға ұмтыла­тын­дығы жеткізілді.  Осы орайда былтыр біз БҰҰ-ның зорлық-зом­былық жөніндегі және ұлттық аз­шылықтар туралы арнаулы өкілдері М.Новак пен Гей Мак Дугалды қабылдаған едік.  Ал биылғы сәуір айында тұрғын үймен қамтылу мәселелері жөніндегі арнаулы өкіл Рахель Рольникті қабылдап, барлық қажетті мүмкіншіліктерді жасайтын боламыз. Осының бәрі біздің Адам құқықтары жөніндегі кеңестің жұмыстарын қолдайтындығымызды және оған қолымыздан келген жағдайымызды жасайтын­дығы­мыз­ды көрсетке керек, деді министр.

Қ.Саудабаев ЕҚЫҰ-ның Іс ба­сындағы төрағасы ретінде Ұйым­ның осы бағыттағы атқарып жатқан жұмыстарына да тоқтала кетті. Соның ішінде биылғы жылдың 29-30 маусымында Астанада Төзімділік және кемсітуге жол бермеу жөнін­дегі конференцияның өтетіндігін ауызға алды. Бұл шара да адам құқы мен бостандығын сақтауға өзіндік үлес қосар деген үміттеміз. Қазақ­стан ЕҚЫҰ әлеуетін осы мәселеде толығымен қолдануға тырысатын болады. Осы орайда Президент Н.Назарбаев 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға мүше елдер Мемлекет басшыла­ры­ның саммитін өткізу туралы бастама көтеріп отыр. Онда адам құқы мен бос­тандығы мәсе­лесі алдыңғы ке­зекте қаралатыны сөзсіз.  Бұл ша­ра­ны қазірдің өзінде Фран­ция, Ита­лия, Испания, Вати­кан, Түркия, Румыния, Ресей және ТМД-ның бас­қа да елдері қолдап отыр, деді Қа­нат Бекмырзаұлы. Және де сұх­баттасын Қазақстан­ның адам құ­қық­тары мен бостан­ды­ғын қолдау мен қорғау мәселе­сінде үнемі алдыңғы қатардан табылатындығына сендірді.

Қазақстанның Мемлекеттік хат­шысы – Сыртқы істер министрінің сөзі үлкен ыждаһатпен тыңдалды. Біз­дің жанымыздағы шетелдік жур­налистер де оның негізгі тезистерін өздеріне жазып отырғандарының куәсі болдық.

Жоғары деңгейдегі сегмент жұмысынан шыққан соң Қанат Саудабаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Бас Ұйымның Жене­ва­дағы бөлімшесінің бас директоры Сергей Орджоникидземен кездесті. Кездесу барысында Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезіндегі екі әлемдік беделді ұйымдар арасын­дағы ынтымақтастықтың перспек­ти­валары талқыланды. С.Орджони­кидзе Қазақстанның өзіне жүктеліп отырған осынау зор да жауапты мін­детті абыроймен атқарып шы­ғуына тілектестігін және Қазақ­стан­ның төраға болған кезінде екі ұйым арасындағы ынтымақтастық арта беретініне сенімін білдірді. Келіссөз барысында тараптар әлемдегі қарусыздану бағытында мазмұнды пікір алмасты. Қазақ­стан­ның ядролық қарудан өз ер­кімен бас тартқан ел екендігі ескеріліп, оның тәжірибесін тарату қажеттігі айтылды.

Бүгін Женева қаласында қару­сыздануға арналған дүниежүзілік конференция болады. Қанат Сау­дабаев оның жұмысына да қаты­сып, ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төр­ағасы ретінде сөз сөйлейді, деп кү­тілуде. С.Орджоникидземен кездесу кезінде осы конференцияның жұ­мысы туралы да пікір алмасылды. Сондай-ақ, кездесу барысында Қ.Саудабаев С.Орджонокидзені Қа­зақстанда жазда болатын Төзімділік пен кемсітуге наразылық жөніндегі конференцияның жұмысына қаты­суға шақырды. Айта кетерлігі, бұ­ған дейін БҰҰ Бас хатшысының ор­ынбасары Астанада үш мәрте өт­кен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездерінің жұмы­сы­на жүйелі түрде қатысқан болатын.

Кеше Қанат Саудабаев Жене­ва­дан Швейцария Конфедерациясы­ның астанасы – Берн қаласына кел­ді. Мұнда ол осы елдің басшы­лы­ғымен, атап айтқанда, Швейца­рия Парламенті Ұлттық кеңесінің президенті П.Брудерер Висс, Сырт­қы істер жөніндегі федералдық ке­ңесші М.Кальми-Рей және Швей­царияның Федералдық президенті Д.Лойтхардпен кездесіп, екіжақты келіссөздер жүргізді.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат