Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2010-03-12:

ӘДІЛ ІСТІҢ АРТЫ ИГІ,  ӘДІЛ СӨЗДІҢ ЖОЛЫ ИГІ

 

Біз “Қазақстан-2030” Страте­гия­сын орындай отырып, ал­ғашқы онжылдыққа бағдар­ла­ма жасап, оны тәмамдадық. Ен­дігі бағдарымыз стра­те­ги­я­ның келесі онжылдығына қа­рай қадам жасау болып табы­лады.

***

Он жылда 600-ден астам мек­теп, 400-ден астам денсаулық сақ­тау нысаны са­лын­ды, 350 мың от­басы – шамамен 1,2 мил­лион адам тұр­ғын үйге қол жет­кіз­ді. 32 мың шақырым жолдар салынды және жөн­делді.

***

Агроөнеркәсіп ке­шеніне де бұрын-соң­ды болмаған көмек­тер көрсетіліп, мем­лекет үлестік құры­лысты аяқтау жөнін­дегі барлық шығын­дар­ды өз мойнына алды.

 

Ел елдің түбі бір, ер ердің тілегі бір демекші, біз осылайша қуатты да табысты мемлекетке айналып, өзіміздің бастамаларымыз арқылы жоғары халықаралық беделге ие болып отырмыз. Сөйтіп, Қазақстан жасампаздық қуатымен дүние жүзінде даңқы артқан мемлекет ретінде танылып үлгерді. Биылғы жылы Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі де соның айғағы.

Біз “Қазақстан-2030” Страте­гия­сын орындай отырып, ал­ғашқы онжылдыққа бағдар­ла­ма жасап, оны тәмамдадық. Ен­дігі бағдарымыз страте­ги­я­ның келесі онжылдығына қа­рай қадам жасау болып табы­лады. Жолдаудың сөзі – өмір­дің өзі демекші, Елба­сының биылғы “Жаңа он­жыл­дық – жаңа эконо­ми­ка­лық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты халыққа Жолдауы да осыған арналған.

1997 жылы біз “Қазақстан-2030” Стратегиясын қабылдап, ел­дің ұзақ мерзімді күн тәртібін, бас­ты мақсаттар мен басымдықтарын қалыптастыра білдік. Кейін олар 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспарда қисынды түрде дамы­тылды.

Сөйтіп, бір жеңнен қол, бір жа­ғадан бас шығарып, біраз нәти­же­лер­ге де қол жеткізіп үлгердік. Елі­міздегі орташа айлық жалақы 5 есеге, ал зейнетақының орташа мөлшері 3 есеге өсті. Өмір сүрудің ең төменгі деңгейінен аз табысы бар халықтың үлесі 4 есеге, яғни 50 пайыздан 12 пайызға дейін азайды.

Елбасы ел халқы санының 2020 жылы 10 пайызға өсуі үшін мем­лекет барлық қажетті жағдайларды жасайтындығын айтты. Сондықтан ол 2020 жылға қарай жұмыссыздық деңгейін 5 пайыздан, ал табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен тө­мен халықтың үлесі 8 пайыздан ас­пайтын болсын деген міндет қойды.

Ал 2015 жылға қарай базалық зейнетақы төлемдерін ең төменгі күнкөріс деңгейі көлемінің 60 пай­ы­зы деңгейіне дейін өсіріп, мем­лекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін 2010 жылмен салыс­тыр­ғанда 1,2 есе арттыру жоспарланып отыр.

Былтырғы жылы зейнетақылар, шәкіртақылар, бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақылары 20 пайыз өсірілді, ал әлеуметтік жәр­демақылар орта есеппен 9 пайызға артты. Биылғы жылы республи­ка­лық бюджеттен зейнетақыларды 1 қаңтардан бастап, ал шәкіртақылар мен бюджеттегілерге еңбекақыла­рын 1 шілдеден бастап 25 пайызға өсіру қарастырылған болатын, алай­да, өткен жылғы экономика өсі­мінің оң серпіні шәкіртақылар мен бюджеттегілердің еңбекақы­ла­рын үш айға бұрын, яғни биылғы жылдың сәуір айынан бастап өсіру­ге мүмкіндік беріп отыр. Қажетті шараларды қабылдау үшін Елбасы Үкіметке тапсырма берді.

Жұмыссыздық деңгейі 6,3 пайызды құрады, ал бұл дағдарысқа дейінгі уақыттағыдан төмен. Жұмыспен қамту стратегиясының арқасында елде 400 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды.

Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері де жақсарып қалды. Күтілетін өмір ұзақтығы 65 жастан 68 жасқа дейін ұлғайтылды, ана өлімі екі есеге азайды, ал бала туу бір жарым есеге өсті. Дегенмен, денсаулық сақтау нысандарын салу және жабдықтау, кадрларды даяр­лау, саламатты өмір салты жөнін­дегі мемлекеттік шаралар кешені 2020 жылға қарай ана мен бала өлімін екі есе төмендетіп, жалпы өлімді 30 пайызға азайтып, тубер­ку­лез бен ауруды 20 пайызға қыс­қартуы тиіс. Сонымен қатар, Елба­сы бұл ретте өмір сүрудің күтілетін ұзақтығы 72 жасқа дейін ұлғаяды деп атап өтті.

Он жылда 600-ден астам мек­теп, 400-ден астам денсаулық сақ­тау нысаны салынды, 350 мың от­басы – шамамен 1,2 миллион адам тұрғын үйге қол жеткізді. 32 мың шақырым жолдар салынды және жөн­делді, бұл – біздің мем­ле­ке­тіміздің барлық жолдарының үштен бірі.

Білек түр де еңбек ет деп “Жол картасы-2009” бағдарламасын табысты іске асырудың арқасында ел аумақтарында тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылығын реконс­трук­циялау жөнінде 800-ден астам жоба жүзеге асырылды. Сонымен қатар, 737 шақырым электр желісі, 1029 шақырым сумен жабдықтау желілері, 284 шақырым жылу трассасы, ав­то­жол­дар, жүз­де­ген мектептер, ауруханалар, мәдениет және спорт ны­сан­­дары жөн­делді. Әр ауылға дейін жеткен мұн­дай аса ма­ңызды жұ­мыс тұңғыш рет жүр­гізіліп отыр.

Ендігі тұрғын үй саласындағы талап, ол тұрғын үй құрылысын дамыту саясатын жетілдіруді талап етеді. Бұл ретте Елбасы аза­мат­тар­дың, тұрғын үй жинақ банкі­нің, мемлекет пен құ­рылыс ком­панияларының тең құ­қы­лы әріптестігі қағидатын пайда­лану қажеттігін атап өтті. Және би­ыл­ғы жылы Үкіметке “Жол кар­тасы-2009” жоспары бойынша басталған тұрғын үй-коммуналдық сектор нысандарын қайта жаң­ғыртуды, ал 2011 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын кең ауқымды жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі жоспарын жасауды тап­сыр­ды. Шағын қалаларда халықтың 100 пайызы үшін сапалы су қол­же­тімді болуы тиістігін қадап айтты.

Келесі қадам – елді жаңғырту стратегиясын жүзеге асыруда 2020 жылға қарай қалалық, сол сияқты ауылдық жерлердегі барлық бала­лар­ды мектеп жасына дейінгі тәр­бие беру және оқытумен қамту жос­парланып отыр. Осы мақсатта Үкіметке әкімдермен бірлесе оты­рып, үстіміздегі жылдың бірінші жар­тысында балаларды мектеп жа­сына дейінгі оқытумен және тәр­бие­мен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған “Балапан” арнайы бағ­дарламасын әзірлеп, жүзеге асыруға кірісу тапсырылды. Сонымен қатар, 2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабыл­дауы қажеттігін атап көрсетті.

Астана қаласында құрылып жат­қан бірегей оқу орындары “Жаңа халықаралық университет”, “Арнаулы қор” және қазіргі жұмыс істеп жатқан “Интеллектуалдық мек­тептер” секілді жобалардың ерек­ше басымдылығын айтып, оларға өзінің есімін алуына келісімін берді.

Бұл Жаңа университеттің ая­сында Астанада биылғы жылы үш жаңа ғылыми орталық құрылатын болады деп жоспарланып отыр, атап өтсек, бұл Өмір туралы ғы­лым­дар орталығы, Энергетикалық зерттеулер орталығы, Инжиниринг орталығы.

Осы оқу орындарының толық түрде жұмыс істеуі үшін үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында Үкі­метке тиісті заң жобасын әзірлеп, Парламентке енгізуді және елдің ғылыми-технологиялық дамуының 2020 жылға дейінгі салааралық жоспарын әзірлеуді тапсырды. Оған қоса, “Ғылым туралы” жаңа заң­ның әзірленуін жеделдету қажет­тігін айтып өтті.

Агроөнеркәсіп кешеніне де бұрын-соңды болмаған көмектер көрсетіліп, мемлекет үлестік құры­лысты аяқтау жөніндегі барлық шығындарды өз мойнына алды.

Ауыл аяғынан тік тұрып келеді, жаңа техникамен және техноло­гия­лармен жарақтануда. Алғаш рет Қазақстан азық-түліктік астықты ірі көлемде экспорттайтын елге ай­на­лып, ұн экспортынан әлемде бі­рінші орынға шықты. Аграрлық сектор экономиканы әртарап­тандыруға және экспортқа нақты үлес қоса алатын жағдайға жетті.

Агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін арттыру экономиканың бар­лық салаларының дамуына, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін арт­тыруға және қоғамдағы әлеу­меттік-экономикалық ахуалды жақсартуға елеулі ықпал етеді. Себебі, ауылдық жерлерде еліміз халқының 47 пайызы тұрады. Осы салада елдің экономикалық бел­сен­ді халқының үштен бірі еңбек етіп келеді. Биылғы жылы агроөнер­кә­сіптік кешенді қолдауға Ұлттық қор­дан 120 миллиард теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар, алдағы уа­қытта саланың бәсекеге қабілетті­лі­гін арттыру мақсатында биылғы жылдан бастап, мемлекеттік суб­си­диялар ылғал қорын үнемдеуге ба­ғытталған технологияларды қолдан­ғандарға ғана берілетін болады.

Бүгінде жаһандық қаржы-эко­номикалық дағдарыс жағадан алып тұрса да, еліміздің ауыл шаруашы­лығы кешені үдемелі қарқынмен дамып келеді.

Соңғы үш жылдың аса қиын дағдарыстық шай­қа­сында еліміздің қаржы жүйесі қорғауға алынып, жүйе құраушы банктер сақталып қалды. Шағын және орта бизнес те көп қиыншылық көр­ген жоқ. Иә, бірлік бар жерде тірлік бар деп осы­ны айт.

Десе де Елбасы 2011 жылы биз­несті тіркеуге және бизнесті жүр­гізуге байланысты операциялық шығындарды 30 пайызға, ал 2015 жылы тағы да 30 пайызға қыс­қар­ту­ды тапсырып, онжылдықтың со­ңында шағын және орта бизнестің ІЖӨ-дегі үлесі 40 пайызға дейін көтерілуі тиістігін айтты. Себебі, біз 2020 жылы Қазақстан бизнес ахуалы ең қолайлы деген 50 елдің қатарына енуі керек. Ол үшін елі­міздің қаржы жүйесінің тұрақ­ты­лығы мен орнықтылығын қамтама­сыз етудің маңызы өте зор.

Біз егер жедел түрде әртарап­тан­дыруға қол жеткіземіз десек, ал­дағы уақытта өңірлік даму рефор­маларын жүргізуге тиіспіз. Елба­сы­ның 2020 Стратегиялық жоспары­ның аса маңызды бөлігі де осы жаңа өңірлік саясат болып табы­ла­ды. Сондықтан Президент эконо­ми­калық өсу орталықтарын қалып­тас­тыруды бастау қажеттігін, елі­міз­дің батысында мұнай-газ секторын, химия өнеркәсібін, жабдықтар өндірісі мен көліктік қуаттарды, ал орталықта, солтүстікте, оңтүстік пен шығыста кен металлургия ке­шенін, атом, химия өнеркәсібі мен аграрлық индустрияны дамытуы­мыз керектігін айтты. Ал Алматы мен Астанада болашақ экономи­ка­сының секторы дамуы тиістігін атап өтті және ішкі сұраныс база­сындағы секторларды дәстүрлі индустриялар жанында, сондай-ақ кадрлық әлеуеті бар Алматы мен Астана қалаларында дамыту қажеттігін де айтып өтті.

Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын тойлаймыз. Алайда, адам бейнесіндегі айуан­дар­дың тырнағы салған жара – тән мен жан жарасы әлі толық жа­зыл­ған жоқ. Бұл Жеңіспен аяқталған Ұлы Отан соғысы – бізге тағы­лым­ды тарих, ал өскелең ұрпақ үшін – қасиетті өнеге. Жаралы жылдар жаңғырығы ел басына қатер төнген кезеңнің куәгерлері – саусақпен санарлықтай сиреп қалған май­дан­герлердің күні кешегідей жадында.

Бұл Жеңіс күні мейрамын той­лауға байланысты соғысқа қатысу­шы­ларға және мүгедектерге жеңіл­дік­пен жол жүрулері үшін 300 мил­лион теңгеден астам қаржы қарас­тырылып отыр. Сонымен қатар, әрбір соғысқа қатысушы мен соғыс мүгедегіне бюджеттен 65 мың теңге мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы төленетін болады. Сондай-ақ, соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген, Ұлы Отан соғысы уақытындағы қаза тапқан әскери қызметшілердің ата-аналары мен жұбайлары, қаза болған соғыс мүгедектері мен оларға теңестірілген мүгедектердің жұбайлары, соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлері де материалдық қолдаусыз қалмайды.

1991 жылдан бастап өзіміздің тәуелсіз, егемен мемлекетіміздің негізі қаланды, Қазақстан толық­қан­ды, шынайы тәуелсіз мем­ле­кет­ке тән барлық басты нышандарға ие болды. Елдің ішкі-сыртқы саяси жағдайы, құқықтық ахуалы, конс­титуциялық құрылымы, экономи­ка­лық жүйесі түбегейлі өзгеріп, жаңа сипат алды. Қазақстан қазақ халқының тарихи-генетикалық Отаны, атамекені екені құқықтық тұрғыда конституциялық және халықаралық деңгейде толық негізделді. Қазақстанды тәуелсіз мемлекет, егеменді ел ретінде әлемдік қоғамдастық түгел та­ныды. Республиканың қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығына әлем­дегі ең ірі державалардың кепіл­дігін алуға қол жетті. Халықтың са­насы оя­нып, әлеуметтік белсен­ділігі кү­шейе түсті, бұрынғыдай партия не айтса, соған құлдық ұрып тұратын құлақкестіліктен арыл­ды. Мемле­кет­тік-ұжымдық сана, дүниетаным жекешіл дербес қоғамдық санамен алмасты. Иә, бейбіт елде береке бар деген осы. Алайда, мұндай же­тіс­тіктерге жетсек те, алдағы уақыт­та істейтін жұмыстар да аз емес. Ендеше, тәуелсіз еліміздің болаша­ғы жолында тер төге еңбек етейік.

 

2010-2012 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТ

туралы заңға өзгерістер мақұлданды

 

Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен өткен палатаның сәрсенбі күнгі пленарлық отырысына Үкімет басшысы  қатысты. Өйткені, бұл күні депутаттар назарына 2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджетке тиісті өзгертулерді қарастыратын және Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті бөлуге қатысты заң жобалары ұсынылды.

 

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.

Бірінші кезекте “2010-2012 жылдарға  арналған республикалық бюджет туралы” Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы талқыға салынды. Бұл маңызды құжат туралы Экономика және бюджеттік жоспарлау ми­нистрі Бақыт Сұлтанов, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжияқов баяндама жасады. Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Нұртай Сабильянов қосымша түсінік берді.

“2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” Заңға енгізіліп отырған өзгерістер еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көр­сеткіштерін нақтылаумен бай­ланысты және Мемлекет басшы­сы­ның “Жаңа онжылдық – жаңа эко­но­микалық өрлеу – Қазақ­стан­ның жаңа мүмкіндіктері” атты Қа­зақ­стан халқына Жолдауында бе­рілген тапсырмаларын іске асыруға бағытталған.

2010 жылға арналған респуб­ли­ка­лық бюджеттің параметрлері әлемдік тауар рыноктарындағы ағым­дағы үрдістер мен Қазақстан экономикасы салаларының 2009 жылғы қаңтар- желтоқсандағы даму үрдістері негізінде нақты­лан­ды. Нәтижесінде 2010 жылға ар­нал­ған республикалық бюджет кіріс­терінің (трансферттер түсімдерін есепке алмағанда) нақтыланған бол­жамы 1 837,5 млрд. теңге сома­сында айқындалды, бекітілген жоспарға қарағанда 103,0 млрд. теңгеге ұлғайды.

Республикалық бюджеттің кі­ріс­тері ұлғайды, оның ішінде: 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Кеден одағы аумағында қолданылатын бір­ыңғай кедендік тарифтің ен­гі­зілуіне және импорт көлемінің ұл­ғаюына байланысты 61,3 млрд. теңгеге;

ағымдағы жылы біржолғы тө­лемдердің (“Қазақмыс” корпо­ра­ция­сы” ЖШС бересісін өтеу, “Қа­ра­тау” ЖШС-нің мүлікті өткізу ке­зіндегі құн өсімінің төлем көзі­нен ұсталатын корпоративтік та­быс салығын төлеу, KMG EPU.A. корпорациясынан қайта айыр­бас­тау кезіндегі корпоративтік табыс салығын есептеу) түсуіне бай­ла­ныс­ты корпоративтік табыс са­лы­ғы бойынша 19,6 млрд. теңгеге;

негізгі минералдық шикізатқа әлемдік бағаның жоспарланған 7%-ға қарағанда орташа алғанда 20%-ға ұлғаюы есебінен табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер бойынша 22,0 млрд. теңгеге ұлғайды.

2010 жылға трансферттер тү­сім­дері бекітілген бюджетке қа­ра­ғанда 100,1 млрд. теңгеге ұлғайып, 1 440,9 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:

облыстық бюджеттерден, Ас­та­на және Алматы қалаларының бюд­жеттерінен кері трансферттер түсімдерінің қысқаруына бай­ла­ныс­ты бюджет саласы қызмет­кер­лерінің жалақысын ағымдағы жыл­ғы 1 сәуірден бастап, яғни осы­ған дейінгі көзделген мерзім­нен үш ай ерте 25%-ға арттыру үшін, 24,2 млрд. теңгеге азайту есебінен;

Мемлекет басшысының “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүм­кіндіктері” атты Жолдауына сәй­кес Ұлттық қордан кепілден­ді­ріл­ген трансферттің мөлшерін 1 200,0 млрд. теңгеге жеткізуге байланыс­ты 124,3 млрд. теңгеге ұлғайту есебінен.

Ұлттық қорға мұнай секторы кә­сіпорындарынан түсетін түсім­дер­дің 2010 жылға арналған бол­жамы 80 млн. тонна мұнай өндіру көлемін және мұнайдың 65 дол­лар/баррель әлемдік бағасын не­гізге алғанда, 1 737,0 млрд. теңгені немесе ІЖӨ-нің 9,9%-ын құрайды. Тікелей салықтар мен мұнай секторы бойынша түсетін басқа да түсімдердің көлемі 1 736,0 млрд. теңге сомасында болжанып отыр немесе мұнайдың әлемдік бағасы 50-ден 65 доллар/баррельге дейін өз­геруі есебінен бекітілген жос­пар­ға қарағанда 367,2 млрд. теңгеге ұлғаяды.

Бюджеттік кредиттерді өтеу бой­ынша 2010 жылға арналған болжам 99,4 млрд.теңгені құрайды немесе жергілікті атқарушы ор­гандарға Тұрғын үй құрылысының 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңбе­рінде тұрғын үй салуға берілген бюджеттік кредиттерді қайта құрылымдауға байланысты 13,7 млрд. теңгеге азайған.

2010 жылға республикалық бюджеттің шығыстары түзетілген бюджетпен салыстырғанда 240,0 млрд. теңгеге ұлғайып, 4 182,0 млрд. теңге сомасында көзделіп отыр.

Тұтастай алғанда, республи­ка­лық бюджеттің қосымша түсімдері Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыруға, оның ішінде 25%-ға арттыру мер­зімінің үстіміздегі жылғы 1 шіл­де­ден 1 сәуірге ауысуына байла­ныс­ты бюджет саласы қызметкер­лері­нің жалақысы мен мемлекеттік сти­пендияларды көбейтуге, сон­дай-ақ Үдемелі индустриялық-ин­новациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі шара­ларды қаржыландыруға бағыттал­ған. Депутаттар аталған заңға ұсы­нылған түзетулерді қолдап, дауыс берді. Бюджетке енгізілген толық­тырулар мақұлданды.

Сонымен қатар, осы күні “Қа­зақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010 – 2012 жылдарға ар­налған кепілдендірілген транс­ферт туралы” заң жобасы да тал­қыға түсіп, толықтай мақұлданды.

Келесі кезекте “Қазақстан Рес­публикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өз­герістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңның жобасы бойынша Парламент Мәжілісі мен Сенаты арасындағы келіспеушіліктерді ең­серу жөніндегі келісім комиссия­сының ұсыныстары туралы Мә­жі­лістің Халықаралық істер, қор­ға­ныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ержан Исақұловтың мәліметі тыңдалды.

“Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы” және осы­ған орай кейбір заңнамалық ак­тілерге Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мәселелері бой­ынша түзетулер енгізуді көздейтін заң жобалары бірінші оқылымда мақұл­данды. Бұл заң жобасы жөнінде Республикалық бюджеттің атқары­луын бақылау жөніндегі есеп коми­тетінің төрағасы Омар­хан Өксікбаев баяндама жасады, ал Мәжілістің Қаржы және бюд­жет комитетінің мүшесі Төлебек Қосмамбетов қосымша түсінік берді.

Аталған заң жобасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламенттің төртінші шақыры­лы­мының бірінші сессиясының ашылуында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақса­тында әзірленген.

Заң жобасы Есеп комитетінің міндеттері мен мәртебесін нақты­лай түседі. Сондай-ақ Есеп коми­тетінің отырысын ұйымдастыру мен өткізу негіздерін, Есеп коми­теті қызметкерлерінің құқықтық жағдайын, бақылау іс-шараларын жоспарлау мен жүргізу, бақылау іс-шаралары нәтижелерін талдау, басқа мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау негіздерін және Есеп комитетінің қолда­ныс­тағы заңнамалық актілерде бекі­тілмеген өзге де функционалдық жұмыс бағыттарын заң жүзінде бекітуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, осы күні Мә­жіліс депутаттары “Трансферттік баға белгілеу туралы” Заңға өз­ге­ріс­тер мен толықтырулар енгізуді қарастырған заң жобасын бірінші оқылымда талқыға салып, мақұл­дау жөнінде ортақ шешімге келді. Заңға ұсынылған жаңа толықты­рулар туралы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов баяндап берді. Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Аманжан Жамалов жұмыс тобының атқарған қызметі жайлы айтып өтті. Осы заң жобасының не­гізі мақсаты – трансферттік баға белгілеуді бақылау тетігін одан әрі жетілдіру.

Аталған заң жобасын қарау барысында ұзақ мерзімді мәмі­ле­лер бойынша белгіленім кезеңінің мерзімдерін өзгертуге, салық салу нысандарына және салық салуға байланысты салық салу нысан­да­рына түзетулерді енгізуге қатысты, сондай-ақ редакциялық сипаттағы түзетулер қарастырылып отыр. Сонымен қатар, мүлікті қайталама лизингке беру мерзімдерін нақ­тылау бөлігінде Салық кодексіне түзетулер енгізілді.

Жалпы отырыста “Өрт қауіп­сіздігі туралы” Қазақстан Респуб­ликасының Заңына Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жүйесін құру бойынша өз­ге­ріс пен толықтырулар енгізу ту­ралы” заң жобасы екінші оқы­лым­да депутаттар талқысына ұсыныл­ды. Ол екінші оқылымда мақұл­данды.

Ел бюджетіне ұсынылған то­лықтырулар туралы Үкімет бас­шысы К.Мәсімов сөз сөйлеп, депутаттардың сұрақтарына жауап берді.

 

АҚПАРАТТЫҚ  ТОПТЫҢ  АҚЖОЛТАЙ  САПАРЫ

 

Ақмола өңіріне  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты ел халқына Жолдауының негізгі қағидаттарын насихаттау және түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері келді. 

Ішкі істер министрі, топ жетекшісі Серік Баймағамбетов, оның сапарластары – Туризм және спорт вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, “Ұйғырлардың республикалық мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ахмеджан Шардинов өңір тұрғындарымен, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар өкілдерімен, студент жастармен танымдық кездесулер өткізіп, жұртшылықты өтініштері бойынша қабылдады.

 

Бақберген АМАЛБЕК.

КӨКШЕТАУ. Алдымен Шортанды аудандық ішкі істер бөлімінде болған С.Баймағамбетов облыс орталығындағы учаскелік инспекторлардың базалық тірек пункттерінің, жедел басқару және кинологиялық орталықтарының жұмыс­тары­мен танысты. Одан кейін облыстық ішкі істер департаментінің құрылым бас­шыларымен кеңейтілген мәжіліс өт­кізілді. Министр облыстық департамент бастығы, полиция полковнигі Тілеген Мәткеновтің Елбасы Жолдауындағы тап­сырмаларды жүзеге асыруға байла­нысты қолға алынған шаралар туралы есебін тыңдады.

Жолдаудың айрықша маңызды және реформалық сипаты барлығын атап көр­сеткен республикалық топтың жетекшісі С.Баймағамбетов құқық қорғау орган­дары­на қатаң талаптар қойылатынын еске салды. Ішкі істер құрылымдары қызметіндегі мөлдірлік пен бақылаудың жоқтығынан көп мәселелер туындауда. Адам құқығы мен мемлекет мүддесінің қатар қорғалуы қажет. Адамдарға жа­қындау – сенім қалыптастырудың тура жолы. Қылмыс атаулымен жұмыла кү­ресу, қоғамдық күштерді тиімді пайда­лану, оларға көмек-қолдау көрсету үнемі назарда ұсталатын болады. С.Байма­ғам­бетов құқықтық реформаның бір саласы – медициналық айықтырғыш, кәмелет­ке толмағандарды уақытша оқшаулау сияқты құрылымдардың әкімшілік құзыретін өзгерту екендігіне тоқталды. Ендігі жерде олар Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктерінің қарауына көшуі тиіс.

СТЕПНОГОР. Туризм және спорт вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Көкшетаудағы “Нұр Отан” ХДП ғима­ратында, Ш.Уәлиханов атындағы мем­лекеттік университетте, “Бурабай” спорт сарайы ұжымында кездесу өткізген соң Степногор қаласында болды.

Ақпараттық топ мүшесі осындағы “Под­щипник зауыты” АҚ-тың өнді­рістік қызметімен танысып, жұмысшы-қызметшілер алдында Елбасы Жол­дауынан туындайтын міндеттер туралы сөз сөйледі. Халықаралық сапа және менеджмент жүйесімен жұмыс істейтін кәсіпорын Еуропа подщипник корпо­ра­циясының (ЕПК) құрамына енген. Мұнда темір жол саласына қажетті под­щип­никтің 12 түрі, қосалқы бөлшек­тердің 154 түрі дайындалады. Елбасы Жолдауында атап көрсетілгеніндей, зауыт жаңа жобаларды табысты игеруде. Мәселен, ұжым радиалдық подщип­ник­тер дайындауға бағытталған инвести­ция­лық жобаны толық аяқтау арқылы қазірдің өзінде әріптестеріне 150 мил­лион теңгенің 13 түрлі өнімін жөнелтті. “Алтын сапа” белгісінің иегерлері Жолдау талаптарына сай ізденісті өрістете беретініне сендірді.

Бөгенбай батыр атындағы спортта дарынды балалардың облыстық мектеп-интернаты қонақты құшақ жая қарсы алды. Вице-министр білікті маман Абай Темірбаевтың басшылығындағы ұжым­ның табыстарына ризалық білдірді. Мектеп өзі құрылған 10 жыл ішінде спорттың олимпиадалық он түрінің қанат жаюына мүмкіндік ашып отыр. Қол жеткен нәтижелер де көңіл өсі­рерліктей. Әңгімені ұзартпай, мынадай әдемі бір көріністі сіздерге жеткізгіміз келеді. Қайырбек Айтбайұлын Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, “Парасат” орденінің иегері Ирина Некрасова жөргектегі бөбегі Назармен бірге қарсы алды. Жоғары дәрежелі спорт шенеунігі болашақ олимпиа­да­шыға батасын беріп, көрімдік ретінде сый-сауға ұсынды.

Мәжілісханада Елбасының “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” Жолдауын талқылаған кеңес болды. Онда қазақ тілі пәнінің мұғалімі Айкерім Айқожина, тәрбиеші Қарлығаш Архи­пова, дәрігер Елена Девочкина өз пікірлерін білдірді.

АТБАСАР. Республикалық ақпарат­тық-насихаттық топтың мүшесі, “Ұйғыр­лар­дың республикалық мәдени орта­лығы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ахметжан Шардинов аудандағы бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралап, Макеев, Новосельск, Сочин ауылдық округтерінің тұрғындарымен жүздесті.

Аудан активінің жиналысына қа­тысқан А.Шардинов мемлекетіміздің таяу онжылдықтағы даму бағыттарын айқындаған Жолдаудың мәні мен маңызы жөнінде тиянақты түсінік берді. “Елімізде әлемдік қаржы дағдарысынан шығу ғана емес, дағдарыстан кейінгі ұлан-ғайыр істер кешенін жүзеге асыру міндеті қойылып отыр. Мұнда Қазақстан халқының бірлігі мен тұтастығы, ел ішіндегі жарастық пен тұрақтылық ше­шуші тұтқа болатыны айқын. Сіздердің көп этносты аудандарыңызда өзара түсі­ністіктің үлгі алар тәжірибесі қалып­тасқан екен. Жолымыз әрдайым оң болсын”, – деді ол.

Индустрия және сауда министрлі­гі­нің жергілікті құрылым және техникалық саясат департаменті директорының орын­­басары Серік Рақымов, Атбасар ауда­нының әкімі Руслан Әубәкіров, жөн­­деу-механикалық зауытының дирек­то­ры Сағат Рақышев отандық тауар өн­ді­руді молайту, кәсіпкерлікті қолдау, Ке­дендік одақ туралы пікірлерімен бөлісті.

Республикалық ақпараттық-насихат тобының өзге де мүшелері облыстың барлық аудандарында кездесулер өткізді.

Ақмола облысы.

 

ҮМІТ — БІЛІМДІ ҰРПАҚТА

 

Амангелді СОПБЕКОВ, политехникалық колледж директоры, облыстық мәслихаттың депутаты,  ғылым докторы.

Елбасы индустриялық-инновациялық даму бағдар­ламасы бойынша Үкіметке тапсырмалар берді. Жақында облысымызға  Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев бастаған жедел жұмыс тобы іссапармен келді. Өңірдегі қолға алынып жатқан ірі жобаларды көрді, даму бағдарламасына кірген жұмыстардың аяғына дейін еш кедергісіз орындалатындығын айтты.

“Біздің шикізаттық емес экспортшыларды қолдау индустрияландырудың шешуші бағыты болуы керек”, деп атап көрсетті Мемлекет басшысы. Шынында, Қазақстан жұрттың көзі үйренген шикізат отаны болудан гөрі индустриялық-инновациялық дамуды негізге алған мемлекет боларлықтай жағдайы бар. Мемлекетіміз өңдеуші кәсіпорындарға үлкен артықшылықтар жасауда.

Осындай мүмкіндіктерді жүзеге асыруда білімді ұрпаққа артылып отырған үміт ерекше. Кәсіптік және тех­никалық білім беру кәсіби стандарттарға негізделіп, қатаң түрде экономиканың қажеттіліктерімен өзара бай­ланыстырылуы керек, деген Нұрсұлтан Әбішұлы жоғары білім сапасы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс екендігін де атап көрсетті. Елдегі жоғары оқу орындары әлемнің жетекші университеттерінің рей­тин­гі­не енуге ұмтылғандары жөн. Мұндай жоғары талаптарға жалпы білім беретін орта мектептеріміз дайын ба деген сауал төңірегінде ойласатын мәселелер де баршылық.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов проблемаларды көре білу, шешу жолдарын іздеу қасиетімен ерекшеленеді. Облыстық мәслихаттың де­путаты болғаннан кейін сайланған округімізден арыз­дар түсіп жатады. Оның бірпарасы мектептерге байла­нысты. Түрлі құқық қорғау органдары бал көрген арадай мектептер мен ауруханаларды айналшақтап жүреді, ірілі-ұсақты кемшілік тапса, басшыларын әурелейді. Оның соңы мектеп басшыларының ұстаздардан ақша жинап, тексерушілердің аузын майлауына ұласып жатады. Өткен жылы облыс мектептері 2983 мәрте тексеруден өтіпті. Алып-сататын сауда орны, тауарлар шығарып жатқан өн­діріс емес, жас ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ошақ­та­рына тексерушілер неге үйір, әлде тіске жұмсақ көре ме?

Облыс басшысы білім ошақтарындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың қаржыға қатыстылығын айтып, Үкімет алдына мектептегі есеп-қисап штаттарын қысқартып, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің жанынан орталықтандырылған бухгалтерия ашуды ұсынды. Мұның артықшылықтары көп. Қаржы үнемделеді, тексерушілер азаяды. Ең бастысы, мектеп директоры ревизордың көңілін қалай табамынмен емес, өз міндеті – сапалы білім, саналы тәрбие беру ісімен айналысады.

Елбасының жоғары және орта арнаулы оқу орын­дары­на қойып отырған талаптарының үдесінен шығу үшін біз осындай күрмеулі мәселелерімізді шешіп алуы­мыз қажет. Онсыз ауыл маңын шиырлап, өрісін тауысып алған жаман малшыдай алысқа ұзай алмаймыз. Бұл бас­та­маны мұғалімдер қауымы қуаттап отырғанын айту керек. Өйткені, тексерушілерден зардап шегіп, табан ақы, маңдай терімен тапқан жалақысынан жырып беретіндер солар ғой.

Орта мектепке үлкен реформалар қажет. Соңғы жылдары мұғалімдік қыз-келіншектердің кәсібі саналып, ер-азаматтардың санын азайтып алдық. Әйел затын кеміткеніміз емес, мектептегі ұлдарда ерлерге тән асқақ қасиеттердің азайып бара жатуы қоғамды алаңдатады. Сабақ жоспарына қатысты қағазбастылық білім берудің жаңа тәсілдерін іздеуден гөрі, таптаурындылыққа ұрындыратындығын да айтқан жөн. Баяғыда көп айтылып, көп насихатталатын “Бітібаева мектебі”, “Айтқалиев мектебі” сынды озат іс-тәжірибелерді азайтып алғандаймыз.

Елбасының жоғары мектепке қойған талаптарын орындау үшін орта мектептердегі түйіндерді шешу көп жеңілдік әкелер еді.

Оңтүстік Қазақстан облысы.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат