Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2010-03-12:

БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ИНТЕРНЕТ- КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

 

2010 жылдың 17 наурызында сағат 15.00-де BNews.kz порталында Бәсекелес­тікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаевтың қатысуымен “Қазақстанда бәсекелестік ортаны дамыту туралы” тақырыбында онлайн-конференция өтеді. Сұрақтар www.bnews.kz порталына немесе іnfo@bnews.kz электронды адресі бойынша қабылданады.

Сауалдарыңызды қазірден бастап қоя беріңіздер.

 

САЛЫҚ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҚАБЫЛДАУЫ

 

Үстіміздегі жылдың сәуірінде “Нұр Отан” ХДП жанындағы Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің Қаржы министрлі­гін­де сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жұмыстарының жағдайы туралы мәселеге арналған отырысын өткізу жоспарланып отыр. Осы отырысқа дайындық шең­бе­рінде Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы партияның Орталық аппаратында азаматтарды қа­былдауды ұйымдастырады.

Салық комитетінің төрағасы Дәулет Еділұлы Ерғо­жин Астана қаласы, Б.Қонаев көшесі 12/1 мекен-жайы бойынша №104 кабинетте 2010 жылдың 12 наурызы күні сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.

Байланыс телефондары: 71-71-08, 70-76-62.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

 

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының бюджет кодексінің 34-бабына және “Әкімшілік рәсімдер туралы” 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттары бекітілсін:

1) “Заңды тұлғаларды – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қтысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)”;

2) “Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын аккредиттеу”;

3) “Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтінішхат беру”;

4) “Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу”;

5) “Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын қаржы орталығының органдарын қоспағанда, мемлекеттік органдарға беру үшін ағылшын тілінен мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару”.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2010 жылғы наурыздың 4-і    №932

 

Өкілеттігі тоқтатылды

 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әбіш Кекілбаевтың өкілеттігі тоқтатылды.

 

Тағайындаулар

Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Сәкен Әділханұлы Жасұзақов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Штаб бастықтары комитетінің төрағасы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды;

Талғат Жеңісұлы Жанжүменов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне;

Мұрат Жәлелұлы Майкеев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметіне;

Мүсілім Мұхтарұлы Алтынбаев “Астана” өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне;

Василий Несіпқазыұлы Рысбаев “Шығыс” өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды.

 

Хроника

Мемлекет басшысының Өкімдерімен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты:

Мұхтар Қапашұлы Алтынбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Штаб бастықтары комитетінің төрағасы қызметінен;

Ратмир Әлімханұлы Комратов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен;

Владимир Александрович Шацков “Астана” өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен;

Николай Николаевич Поспелов “Шығыс” өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.

 

АДАМ – ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ

 

Кеше Қазақстан Кәсіподақтары федерациясында  Елбасының дәстүрлі Жолдауында айтылған адам капиталын дамыту мәселесін сөз еткен дөңгелек үстел отырысы болып өтті.

 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.

“Адам капиталы–еңбек өнімді­лі­гін арттырудағы ең маңызды фак­тор” деген тақырып әңгіме өзегі бол­ған дөңгелек үстелді Қазақстан Кәсіп­­одақтары федерациясының төрағасы Сиязбек Мұқашев ашты. Өзінің алдағы даму жолын тұтас онжылдыққа бағыттаған елдің ертеңге сенімі мықты. Кәсіподақтар бұл  маңызды құжатты қолдайды, деді өз сөзінде Сиязбек Өнербекұлы.

Жолдауда өнеркәсіпті жандан­ды­ру­мен қатар, адам капиталы ж­а­йын­да, яғни оның бәсекеге қабілеттілігі ту­расында да айтылған. Тек эко­но­миканы жаңғыртып қоймай, адам са­насына да өзгерістер енгізу ма­ңызды. Елдің экономикалық әлеуе­тін көтеруде қоғам мүшесінің ын­та­лылығын қалай арттыруға бо­лады. Әрбір адам ел өркендеуі жолында өз үлесін қалай қосуы тиіс? Бұл мә­селені шешуді кешенді қарас­тырған жөн. Ол дегеніміз– жоғары деңгейдегі дұрыс еңбекақы, қай салаға да жаңа технологияларды дендеп енгізу, еңбек қауіпсіз­ді­гі­нің  сақталуы, адамдарды түрлі қажет мамандық­тарға даярлау мен қайта даярлау. Сонда біз түпкі мақсатымызға жететін боламыз, деген төраға кез келген қоғамның алға жылжуы мен өсіп, өркендеп дамуының еңбек өнім­ділігі артпай жүргізілуі мүмкін еместігін алға тартып, ал ол өз дәрежесінде болуы үшін алдымен сол еңбек өнімділігін арт­тыратын адамдардың жағ­дай­ларын түзеуге мән беру қа­жет­тігіне тоқталды.

Мұнан соң Президент Әкім­ші­лігі Ішкі саясат бөлімі мең­ге­ру­шісінің орынбасары Әлия Ға­лымова, Парламент Мәжілісінің де­путаты, Азаматтық альянс президенті Айгүл Соловьева, “Ақжол” демократиялық пар­тия­сы­ның төрағасы Әлихан Бай­менов, академик Оразалы Сәбден және басқа да жұмыс берушілер бір­лестіктері мен кәсіподақтардың бас­шылары өз ойларын ортаға салды.

Жиналғандар кейбір жұмыс бе­ру­шілердің өндірісті қайта жаң­ғырту арқылы еңбек өнімділігін арт­тыруды қаламайтынын, өйткені, ол артық шығынға ұшыратады деп, ке­рісінше арзан жұмыс күшін пай­да­ланғанды жөн санайтын­дық­та­рын сынға алды. Жұмыс берушілер осы­лайша еңбек өнімділігінің арт­пау­ы жұмыс­шы­лар­ға байланысты деген желеуді мал­да­на еңбекақы мөлшерін көтеру мүм­кін емес деген ойды тықпалайды. Түптеп кел­ген­де, бұл эконо­ми­ка­мыз­дың бәсекеге қабілеттілігіне кері әсерін тигізеді, сондықтан эконо­ми­каны қуаттан­ды­ру арзан жұмыс күшіне бай­лан­бауы тиіс, деген дөңгелек үстелге қа­тысушылар Үкі­мет пен Пар­ла­мент­ке нақты ұсы­ныс­тар көр­се­тілген қарар қабыл­да­ды. Онда елі­міз­дің бірқатар заңд­ары­на өз­герістер енгізумен қатар, адам ка­пи­талының бәсекелестігін жедел арт­тыру стратегиясының мемле­кеттік тұжырымдамасын әзірлеуді қол­ға алу сынды қадау-қадау мәселелер көрсетілген.

 

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

 

Таллинн қаласында экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Эстония үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысы өтті. Аталған комиссия 2009 жылғы 7 қыркүйекте Эстония Премьер-министрі Андрус Ансиптің Қазақстанға ресми сапары барысында қол қойылған келісімге сәйкес құрылған.

Үкіметаралық комиссияны Қазақ­стан тарапын Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев, ал эстондық жақты  Экономика және коммуни­кациялар министрі Юхан Партс бас­қарды. Комиссия отырысы ба­рысында екіжақты әрекеттестік мә­се­лелері, соның ішінде көлік және транзит, энергетика, ақпараттық тех­но­логиялар, туризм, ауыл ша­руа­шылығы, білім беру, ғылыми зерт­теулер, мәдениет, денсаулық сақтау секілді мәселелер талқыланды.

Комиссияның тиімді жұмысы екі мемлекеттің сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық сал­а­лар­дағы ынтымақтастығының терең­детілуіне мүмкіндік туғызады деп күтілуде.

Отырыс нәтижесінде екі жақты сауда-экономикалық ын­тымақтастықтың перспективалы ба­ғыттары белгіленген хаттамаға қол қойылды.

Рәпіл Жошыбаевтың Эс­то­ния Премьер-министрі Андрус Ансиппен өткен кездесуінде оның 2009 жылдың қыркүйек айында Астана қаласына сапары ба­рысында қол жеткізілген ке­лісімдерді дамытуға бағытталған Қа­зақстан мен Эстония ара­сын­дағы қарым-қатынастарының өзекті мәселелері талқыланды. Эс­тония Үкіметінің басшысы Қазақ­станның халықаралық беделін жоғары бағалай отырып еліміздің ЕҚЫҰ-дағы төрағалығына жетістіктер тіледі.

Таллинн қаласына сапары ба­рысында қазақстандық делегация бас­шысы Эстония Парламенті эконо­ми­калық комитеті төрағасы У.Клааспен, Қазақстанмен ынты­мақтасу жөніндегі парламенттік тобымен, Эстония Сыртқы істер министрі орынбасары К.Куллмен, “Таллинн кемежайы”, “Эстония темір жолдары” және “Эсти энерджи” компаниялары басшы­ла­рымен кездесіп,  Қазақстан мен Эстония арасындағы екі жақты және көп жақты форматтарында әрекеттесу мәселелерін қарас­тыр­ды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің  баспасөз қызметі.

 

АРЫЗДЫҢ СЕЙІЛГЕНІ – ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ

 

Кеше “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясының Орталық аппаратында “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ, Қаржыгерлер қауымдастығы басшыларының қатысуымен Мемлекеттік қаражаттың пайдаланылуын бақылау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті.

 

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.

Аталған комиссия төрайымы, Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова өткен жылы комиссия 12 отырыс өткізгендігінен хабардар етті. Төрайымның сөзіне қара­ғанда, комиссия жұмыс істей бас­таған былтырғы қаңтар мен мамыр айлары аралығында 3 мыңнан астам арыз хаттар келіп түссе, олардың біртіндеп сейіле баста­ғаны жұмыс нәтижесін көрсетеді. Өйткені, аталған комис­сия келіп түскен әрбір хатпен жеке-жеке айналысыпты. Соның арқасында ипотекалық несие алушылар мен тұрғын үй салуға қатысушы үлескерлердің жағдайы біршама тұрақтандырылған. Ендігі мәселе мемлекет екінші деңгейлі банктерге көмек қолын созса, енді олар өздерін реформалауға көшу­лері тиіс, деп санайды комиссия төрайымы.

Осы ретте ипотекалық несие­лерін қайта қаржыландыруға қол жеткізгендердің саны 31 мың 304 адам болса, бұл санатқа қосыла алмағандардың саны 14 мыңға жетіп отыр екен. Солардың 70 пайызында жалғыз ғана баспанасы барлығы анықталыпты. Комиссия өз кезегінде уақтылы несиелерін төлеп келіп, артынан әр түрлі жағ­дай­ларға байланысты төлей ал­маған клиенттерге қатысты банк­тер­мен кездесулер өткізгені де бел­гілі болды. Ең бастысы – бір бас­па­насы ғана бар азаматтардың бас­панасын банктер тарапынан тар­тып алу оқиғаларына шектеу қойылған.

“Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ-тың басқарушы басқарма дирек­торы Қайрат Айтекенов Ұлттық қордан ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға бөлінген 120 миллиард теңгенің тиімді жұмсалғандығын тілге тиек ете келіп, заң бұзушылық тек 40,6 миллион теңгеге қатысты болған­дығынан хабардар етті. Онда да бұл сомалар несиелік ставка­лар­дың ауысып кетуімен байланысты шығындар. Еліміздегі 11 екінші деңгейлі банк негізгі порт­фель­дерге ие болыпты. Тапсырыс 169 миллиард теңгеге берілсе, артынан 20 жылға дейінгі жеңілдікпен тек 120 миллиард теңге бөлінген. Онда да бұл жеңілдікті несие бір баспанасы бар, онда да 120 шаршы метрден аспайтындарға берілген.

Жалпы, банктердің ипотекалық портфелі 600 миллиард теңге көлемінде деген мәлімет бар екен. Екінші деңгейлі банктерде ипотекалық кредиті бары қарыз алушылар ісінің жай-күйін тексеру мақсатында “Нұр Отан” партиясы Орталық аппаратында ағымдағы жылдың 17-24 ақпаны аралығында банк басшыларының азаматтарды қабылдауы болып өткен-ді. Кешегі отырыс барысында екінші деңгейлі банктермен осы бағыттағы ынты­мақ­тастықты дамыту туралы пікірлер айтылып қалып жатты.

Сондай-ақ комиссия отыры­сында “Даму КДҚ” АҚ-пен бірлесе Мемлекет басшысының тапсырған “Бизнестің жол картасы 2020” бағдарламасын орындау бойынша өзара іс-әрекет ету ба­ры­сы пысықталды. Отырыс қо­ры­тындысы бойынша ұсыныс­тар қа­был­данып, Үкіметке жол­данды. Комиссия ендігі жұ­мы­сын мем­ле­кет бөлген қар­жы­лардың тиім­ділігін бақылауға арнамақ ойда.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат