Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2006-03-25:

“ЖАҚСЫ АДАМҒА ЖЫЛЫ СӨЗ АЙТУ  — ҚҰРМЕТ”

 

Жақында Қазақ гуманитарлық заң университетінде “Логика”, “Логикалық есептер мен жаттығулар” атты еңбектерімен қоса 8 оқу құралының авторы, философия ғылымдарының докторы, профессор Сағидолла Бөлгекбаевтың ғылыми-педагогикалық қызметіне арналған “Жаһандану және әлеуметтік-гуманитарлық танымның мәселелері” атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция болып өтті.

 

Ғылыми конференцияның маңыздылығы мен өзектілігіне тоқталып, кіріспе сөз сөйлеген ҚГЗУ-дың ректоры, белгілі заңгер, заң ғылымдарының докторы, профессор Еңлік Нұрғалиева аталмыш оқу орнының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және информатика кафедрасының профессоры С.Бөлгекбаевтың ғылым­дағы, қоғамдағы орны, жалпы адамгершілік бет-бейнесі турасында жылы лебіз білдіріп өтті.

Негізгі тақырыпты 4 секцияға бөлініп қарастырған  жиынға еліміздің белгілі философ-ғалымдары, республикадағы жетекші ғылыми-зерттеу, жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары, докторанттар мен аспиранттар, студенттер белсене қатысып, бүгінде төрткүл дүниеде үлкен сілкініс туғызып отырған жаһандану мәселесіне қатысты ойларын ортаға салды. Әсіресе, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғ.Ақмамбетовтің қазіргі заманғы жаһандық адамгершілік-құқықтық проблемаларына жасаған талдауы, Философия және саясаттану институтының қазақ философиясы және эстетикасы бөлімінің меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы С.Нұрмұратовтың ұлттық рух мәселесі хақындағы өзіндік ойлары, қазақ тілінде сөйлеуі өз алдына, орысша сөйлеген шешендерді ұялтқан ҚазҰУ-дың аспиранты, АҚШ азаматы Ч. Уеллердің “Қазақ тілі орыс тіліне тәуелді болып қала ма?” деген тақырыпта тіліміздің шұбарлануына қатысты нақтылы пікірлері тартымды болып шықты.

Мерейтой иесі Сағидолла Байзақұлы Талдықорған облысы, бұрынғы Гвардия ауданының Буденный ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Қазақ университетінің философия-экономика факультетін ойдағыдай бітіріп, алғашқы еңбек жолын ҚарМУ-дің философия кафедрасында оқытушылықтан бастап, еліміздің біраз жоғары оқу орындарында дәріс бере жүріп, әр дәрежеде қызмет те атқарады. 1982 жылы кандидаттық, 1998 жылы докторлық диссертациясын қорғайды. Бүгінде елімізге белгілі философ ғалым 70-тен астам ғылыми еңбектің авторы, бұлардың екеуі монография, 8-і оқу құралы. Оның ғылыми қызығушылығының негізі – философия тарихы, логика, экономика мен мемлекеттің әлеуметтік философиялық мәселелері төңірегіндегі зерттеулер. Мамандардың айтуы бойынша, оның ғылыми дүниелері әлеуметтік философияда жаңа зерттеу бағытының пайда болуына үлкен әсерін тигізген. Ғалым оннан астам ғылым кандидатын дайындап, артынан шәкірт ерткен ұлағатты ұстаз. Сонымен бірге Алматы қаласы әкімдігі ішкі саясат департаменті жанындағы талдау, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің докторлық диссертация қорғау ғылыми кеңестерінің мүшесі, Қазақстан халықтары Ассамблеясы төрағасы орынбасарының кеңесшісі.

Өзінің бүкіл саналы өмірін ғылымға арнап, қазақтың рухани үрдісінде із қалдырып, әлеуметтік философия саласының дамуына өзіндік үлес қосумен қатар, көрнекті орны бар ғалым туралы ғылымдағы әріптестері, замандастары, шәкірттері жүрекжарды лебіздерін де білдірді. Әсіресе, профессор А.Қасабек Қазақстандағы философия ғылымының өте жоғары деңгейде дамуына үлес қосып отырған аға ұрпақ өкілдерінің арасында тарихта аты қалатын Сағидолла Бөлгекбаевтың философиядағы ең басты үш қасиетті бойында жинақтаған үлкен ғалым екендігіне тоқталды. Ал ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің деканы, белгілі философ-ғалым Ғарифолла Есім ол кісінің адамгершілік қасиеттерінен көбірек сыр шертті.

– Егер қоғамға таза ауа, таза тамақ керек десек, Сағади сияқты жаны таза, жақсы адамдар да сондайлық керек. Мынадай заманда осындай әріптесіміздің болғанына өте қуаныштымын. Ол кісіні білгеннен бастап тек шуақ, жылылық көріп келемін. Сәкеңде айналасын нұрландырып жүретін ата жолынан келе жатқан ерекше қасиет бар. Сол қасиет бәрімізді оған тартады да тұрады. Ендеше, жақсы адамға жылы сөз айту – ол құрмет деп білемін.

Сондай-ақ ағалық ниетпен келген Қонаев атындағы университет ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Өмірәлі Қопабаев ҚР Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевтың ғалымның ұлттық философия, оның ішінде ұлттық логика, ұлттық сана саласындағы өнімді және нәтижелі еңбегі мен азаматтық келбеті жайында жылы пікір жазылған құттықтауын оқып берсе, белгілі заңгер ғалым, Қазақстан Заңгерлер академиясының президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор Сәкен Өзбеков мерейтой иесін академия мүшелігіне қабылдап, төс белгі мен академияның құрмет грамотасымен марапаттады.



Авторы: Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат