Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2006-04-12:

Қазақстан Республикасы  Парламенті Мәжілісінің қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары тобының “Ардагерлер туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын ұсынуы жөнінде

 

Қазақстан Республикасы Пар­ламентінің Мәжілісі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депу­таттары тобының “Ардагерлер туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын ұсынуына келісім берілсін.

2. Осы заң жобасын жүргізу Әлеуметтік-мәдени даму комите­тіне тапсырылсын.

3. Жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасы Заңы­ның жобасы “Егемен Қазақстан” және “Казахстанская правда” газеттерінде жариялансын.

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы О.МҰХАМЕДЖАНОВ.

 

Астана, 2006 жылғы 5 сәуір. №594-ІІІ ПМ

 

Қазақстан Республикасының Заңы

 

Ардагерлер туралы

 

Осы Заң Қазақстан Республикасындағы ар­дагерлерге әлеуметтік кепілдіктер берудің ұйым­дастырушылық, экономикалық және құқықтық негіздерін белгілейді.

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Ардагер ұғымы

Ардагерлер – Ұлы Отан соғысына қатысу­шылар, оның мүгедектері және соларға теңес­тірілген адамдар, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдары тылда жұмыс істеген немесе қызмет еткен адамдар.

2-бап. Қазақстан Республикасының ардагер­лер туралы заңнамасы

Қазақстан Республикасының ардагерлер туралы заңнамасы осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзге ереже белгіленген болса, халықаралық шарттың ережесі қолданылады.

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

Осы Заң Қазақстан Республикасының заң­дары мен халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Респуб­ли­касының азаматтарына, Қазақстан Республика­сында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.

4-бап. Ардагерлер мүддесіндегі мемлекеттік саясат

Ардагерлер мүддесіндегі мемлекеттік саясат ардагерлерді және солардың қоғамдық бірлес­тіктерін мемлекеттік қолдауға, олардың құқық­тарын қорғауға арналған құқықтық негіздерді құруға, ардагерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны үшін лауазымды адам­дардың және өзге де тұлғалардың жауапкерші­лігіне негізделген және мыналарды:

ардагерлерді әлеуметтік қорғау жөніндегі ны­саналы мемлекеттік және жергілікті бағдарла­маларды әзірлеу мен орындауды;

қоғамда ардагерлерге құрмет көрсету мен қамқорлық жасау қажеттігі жөнінде сана-сезім қалыптастыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, адал әскери қызметтің және еңбек етудің маңыздылығын, әскери және еңбектегі ерлігі үшін мемлекеттік наградалардың мәртебесін нысаналы насихат­тауды көздейді.

5-бап. Ардагерлер санаттары

Ардагерлердің мынадай санаттары бел­гіленеді:

1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар;

2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері;

3) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар;

4) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар;

5) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлері.

6-бап. Ұлы Отан соғысына қатысушылар

Ұлы Отан соғысына қатысушыларға: азамат соғысы және Ұлы Отан соғысы кезеңінде со­ғыс­тағы армия мен флот құрамына кірген әске­ри бөлімдерде, штабтарда және мекемелерде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау жөніндегі басқа да соғыс операциялары кезінде қызмет өткерген әскери қызметшілер, азамат соғысының және Ұлы Отан соғысының парти­зандары мен астыртын әрекет еткен адамдар жатады.

7-бап. Ұлы Отан соғысының мүгедектері

Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне: азамат соғысы және Ұлы Отан соғысы кезеңінде май­дан­да, соғыс қимылдары ауданында, темір жол­дар­дың майданға таяу учаскелерінде, қорғаныс шептері, әскери-теңіз базалары мен аэро­дром­дар құрылыстарында алынған жаралану, кон­ту­зия алу, мертігу немесе науқастану салдарынан мүгедек болып қалған азамат соғысының және Ұлы Отан соғысының соғыстағы армиясы мен флотының әскери қызметшілері, партизандар және астыртын әрекет еткен адамдар, сондай-ақ тиісті санаттағы жұмысшылар мен қыз­метшілер және зейнетақымен қамсыздандыру бойынша әскери қызметшілерге теңестіріл­гендер қатарындағы адамдар жатады.

8-бап. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар

Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға:

1) Ұлы Отан соғысы кезеңінде белгілі бір қалаларды қорғауға қатысуы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін соғыстағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдікті жағдайларда зейнетақы тағайындауға арналған еңбек сіңіру жылдарына есептелген әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіп­сіздік органдарының басшы және қатардағы құрам адамдары;

2) Ұлы Отан соғысы кезеңінде соғыстағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не тиісті кезеңдерде қорғауға қатысуы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жеңілдікті жағдайларда зейнетақы тағайындауға арналған еңбек сіңіру жылдарына есептелген белгілі бір қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскер-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының әс­керлері мен ішкі істер және мемлекеттік қауіп­сіздік органдарының ерікті жалдамалы құрамының адамдары;

3) Ұлы Отан соғысы кезеңінде соғыстағы армия мен флот құрамына кірген әскери бөлімдердің, штабтардың және мекемелердің құрамында полк балалары (тәрбиеленушілері) және юнгтер ретінде болған адамдар;

4) екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдер аумағында партизан отрядтары, астыр­тын топтар және басқа да фашистерге қарсы құрамалар құрамында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы соғыс қимылдарына қатысқан адамдар;

5) Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшілер жағдайына ауыстырылған және соғыс жүріп жатқан майданның тылдық шекте­рінде, жедел флот аймақтарында соғыстағы армия мен флот мүддесіндегі тапсырмаларды орындаған Жол қатынасы халық комисса­риатының, Байланыс халық комиссариатының, өнеркәсіптік және көлік кемелерінің жүзуші құрамының және авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағының балық өнеркәсібі халық комиссариатының, Теңіз және өзен флотының, Бассолтүстіктеңізжол ұшу-көтеру құрамының арнайы құрамаларының қызметкерлері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының басында басқа мемлекеттердің порттарында еркінен айрылған көлік флоты кемелерінің экипаж мүшелері;

6) Ленинград қаласы қоршауда қалған кезеңде қала кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және “Ленин­градты қорғағаны үшін” медалімен марапат­талған азаматтар және “Қоршаудағы Ленин­градтың тұрғынына” белгісімен марапатталған адамдар;

7) екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлер, гетто және басқа да еріксіз ұстау орындарының кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары;

8) басқа мемлекеттердің аумақтарындағы соғыс қимылдарына қатысушылар, атап айт­қанда: бұрынғы КСР Одағы үкімет органда­рының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекет­тердің аумақтарындағы соғыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басшы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда);

9) оқу жиынына шақырылып, соғыс қимыл­дары жүріп жатқан кезеңде Ауғанстанға жібе­рілген әскери міндеттілер; соғыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде Ауғанстанға жүктерді жеткізу үшін осы елге жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; бұрынғы КСР Одағының аумағынан әскери тапсырмалармен Ауғанстанға ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшілері;

10) Ауғанстандағы кеңестік әскери кон­тингентке қызмет көрсету кезінде жараланған, контузия алған немесе мертіккен не соғыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметкерлер;

11) 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі катастрофаның, басқа да азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиа­циялық катастрофалар мен апаттардың зардап­тарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар;

12) Қазақстан Республикасының заңнама­лық актілеріне сәйкес бейбітшілік пен қауіп­сіздікті қолдау жөніндегі мемлекетаралық мін­деттемелерді орындаған, соғыс қимылдарына тікелей қатысқан әскери қызметшілер жатады.

9-бап. Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар

Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға:

1) бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде алынған жараланудың, контузияның, мертігудің салдарынан, басқа кезеңдерде әскери қызметтің өзге де міндеттерін атқару кезінде немесе майданда болуына байланысты науқастану салдарынан, сондай-ақ Ауғанстанда немесе соғыс қимылдары жүргізілген басқа да мемле­кеттерде әскери қызмет өткеру кезінде мүгедек болып қалған әскери қызметшілер қатарындағы адамдар;

2) қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралану, контузия алу, мертігу салдарынан не майданда болуына немесе соғыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты науқастану салда­рынан мүгедек болып қалған бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіп­сіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

3) 1944 жылғы 1 қаңтардан бастап 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығында Украин КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латыш КСР, Эстон КСР аумақтарында қимыл көрсеткен қырып-жою батальондарында, халықты қорғау взвод­тары мен отрядтарында қызметтік міндеттерін атқару кезінде алынған жаралану, контузия алу немесе мертігу салдарынан мүгедек болып қалған осы батальондардың, взводтардың және отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы адамдар;

4) басқа елдерде қимыл көрсеткен әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және соғыс қимылдары жүргізілген кезеңде алынған жара­лану, контузия алу, мертігу немесе науқастану салдарынан мүгедек болып қалған тиісті санат­тағы жұмысшылар мен қызметшілер;

5) Чернобыль АЭС-індегі катастрофаның жә­не басқа да азаматтық немесе әскери мақсат­тағы объектілердегі радиациялық катастрофалар мен апаттардың, ядролық қаруды сынақтан өткізу салдарынан мүгедек болып қалған адам­дар және мүгедектігі ата-анасының бірінің ра­диациялық сәуле алуымен генетикалық тұрғы­дан байланысты болған осы адамдардың балалары;

6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі мемлекетаралық міндеттеме­лерді орындау кезінде соғыс қимылдарына қа­тысу салдарынан мүгедек болып қалған әскери қызметшілер жатады.

10-бап. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлері

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл ең­бек­керлеріне:

1) бұрынғы КСР Одағының Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар;

2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда жұмыс істеген немесе әскери қызмет өткерген адамдар, оның ішінде КСРО-ның уақытша жаулап алынған аумақтарындағы жұмыс кезеңін қоспағанда, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген не алты айдан кем жұмыс істеп, КСРО-ның Ұлы Отан соғысы жылдарын­дағы ерен еңбегі үшін ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар жатады.

11-бап. Әлеуметтік кепілдіктер бойынша ардагерлерге теңестірілген адамдар

1. Әлеуметтік кепілдіктер бойынша арда­герлерге теңестірілген адамдарға:

1) 1979 жылғы 1 желтоқсан - 1989 жылғы желтоқсан аралығында Ауғанстанға және соғыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмыс­қа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілер;

2) Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамына кірмеген бұрынғы КСР Одағы Мем­ле­кеттік қауіпсіздік комитетінің жұмысшылары мен қызметшілері;

3) 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі катастрофаның зардаптарын жоюға қатысушылар, эвакуация жүргізілген күні ана­сының ішінде ұрық күйінде болған балаларды қоса алғанда, шығару және көшіру аймақ­тарынан Қазақстан Республикасына эвакуация­ланғандар (дербес көшіп келгендер) қатарын­дағы адамдар;

4) егер олар басқа некеге отырмаған болса, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (ерлері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын әрекет еткендердің, “Ленинградты қорғағаны үшін” медалімен немесе “Қоршаудағы Ленин­градтың тұрғыны” белгісімен марапатталған, жалпы аурудың, жұмыста мертігудің және басқа да себептердің (құқыққа қарсы әрекеттерді қоспағанда) нәтижесінде мүгедек болып таныл­ған азаматтардың әйелдері (ерлері);

5) қаза болған әскери қызметшілердің отбасылары, атап айтқанда:

қаза болған әскери қызметшілердің, парти­зандардың, астыртын әрекет еткендердің, осы Заңның 6, 7, 8 және 9-баптарында көрсетілген, бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде алынған жараланудың, контузия алудың немесе мертігудің нәтижесінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін (қызметтік міндеттерді) атқару кезінде немесе майданда болуына байланысты науқастануы салдарынан қаза болған (хабарсыз жоғалған) немесе қайтыс болған адамдардың отбасылары;

Ұлы Отан соғысында жергілікті әуе шабуы­лынан қорғанудың объектілік және апаттық командаларының өзін-өзі қорғау топтарының жеке құрамы қатарында қаза болған адамдардың отбасылары, Ленинград қаласының госпиталь­дары мен ауруханаларының қаза болған қызметкерлерінің отбасылары;

бұрынғы КСР Одағы Қорғаныс министрлі­гінің, ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының әскери міндеттілері жиындарына шақырылған, қоғамға қарсы көріністермен байланысты төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі міндеттерді орындау кезінде қаза болған (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасылары;

Ауғанстандағы соғыс қимылдары кезеңінде және соғыс қимылдары жүргізілген басқа елдер­де алынған жараланудың, контузия алудың, мертігудің, науқастанудың салдарынан қаза болған (хабарсыз жоғалған) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары;

бейбіт уақытта әскери қызмет өткеру кезінде қаза болған (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасылары;

Чернобыль АЭС-індегі катастрофаның және басқа да азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық катастрофалар мен апаттардың зардаптарын жою кезінде қаза болған адамдардың отбасылары;

сәулелену ауруы салдарынан қайтыс болған­дардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ олардың өлімі Чернобыль АЭС-індегі катастрофаның және басқа да азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық катастрофалар мен апаттардың және ядролық сынақтардың әсерімен белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтардың отбасылары жатады.

12-бап. Ардагерлер мәртебесін белгілеу

Ардагерлер мәртебесі Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен белгіленеді.

2-тарау. Ардагерлерге және соларға теңестірілген адамдарға  берілетін әлеуметтік кепілдіктер

13-бап. Ардагерлерге және соларға теңес­тірілген адамдарға берілетін әлеуметтік кепілдіктер

1. Ардагерлерге және соларға теңестірілген адамдарға мынадай әлеуметтік кепілдіктер беріледі:

1) мемлекеттік тұрғын үй қоры үйлерінде өздері тұрып жатқан тұрғын жайларды Қазақ­стан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке меншігіне сатып алу;

2) басқа тұрғын жай берілмейінше қызметтік үй-жайлардан шығарылмайды;

3) барлық байланыс қызметтерін кезектен тыс пайдалану құқығы;

4) зейнеткерлікке шыққанда өздері жұмыс істеген кезеңде бекітілген емханалар қызметін тегін пайдалану құқығы;

5) Қазақстан Республикасының заңнама­сын­да айқындалған тәртіппен білікті медици­налық көмек көрсету;

6) интернат-үйлерге бірінші кезекте және тегін орналастыру және әлеуметтік қызмет көрсе­тетін аумақтық орталықтар мен бөлімше­лердің қызмет көрсетуі;

2. Ардагерлерге олардың санаттарына қарай және соларға теңестірілген адамдарға осы Заңда көзделген қосымша әлеуметтік кепілдіктер беріледі.

14-бап. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектеріне қосымша берілетін әлеуметтік кепілдіктер

Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектеріне мынадай қосымша әлеуметтік кепілдіктер беріледі:

1) амбулаториялық-емханалық мекемелерде басымды қызмет көрсету және кезектен тыс госпитализациялау;

2) протездермен (тіс протездерінен басқа) және протездік-ортопедиялық бұйымдармен тегін қамтамасыз ету;

3) медициналық көрсетулері болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тегін санаторийлік-курорттық емделу;

4) осы Заңның 23-бабында белгіленген тәртіппен қызметтер көрсететін кәсіпорындар мен мекемелердің есебінен моншаларға, мәдени-ойын-сауық немесе спорттық іс-шара­ларға, шаштараздарға кезектен тыс және тегін бару;

5) Кеңес Одағының Батыры, “Халық Қаһарманы”, Социалистік Еңбек Ері атақтары берілген, үш дәрежелі Даңқ орденімен және “Отан” орденімен марапатталған Ұлы Отан соғысының мүгедектері қатарындағы ардагер­лерді әскери рәсім бойынша тегін жерлеу және олардың зираттарына ескерткіш тастар орнату;

6) отбасына немесе қайтыс болған адамды жерлеуді ұйымдастырушы адамдарға 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған жәрдемақы беру;

7) Ұлы Отан соғысының мүгедектері қата­рындағы қайтыс болған жалғызілікті ардагер­лерді жерлеуді салт-жоралар рәсімдерін жасай отырып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері жүзеге асырады;

8) тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету), отынға жұмсалатын, телефонды пайдалану, дәрі-дәр­мек­пен, оптикалық көзілдірікпен қамтамасыз ету, жалпы пайдаланылатын көліктің барлық түрімен (таксиден басқа) жүру жөніндегі, жергілікті мерзімді баспасөздің біреуіне жазылу, кресло-коляскалар беру кезінде, автомобильдер мен мотоколяскалардың бензині, қосалқы бөлшектері, оларды жөндеу мен техникалық қызмет көрсету үшін берілетін өтемақылық төлемдер бойынша, жылына бір рет теміржол, әуе, су және қалааралық автомобиль көлігімен жүру үшін шығыстарды, сондай-ақ 1-топтағы мүгедекке еріп жүруші адамның жол жүру шығыстарын төлеу үшін заңнамада белгіленген тәртіппен және мөлшерде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

15-бап. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға берілетін қосымша әлеуметтік кепілдіктер

Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға мынадай қосымша әлеуметтік кепілдіктер беріледі:

тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету), отынға жұмсалатын шығыстарды төлеу үшін заңнамада белгіленген тәртіппен және мөлшерде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

16-бап. Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға берілетін қосымша әлеуметтік кепілдіктер

Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға мынадай қосымша әлеуметтік кепілдіктер беріледі:

тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету), отынға жұмсалатын, пәтердегі телефонды пайдалану, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі шығыстарды төлеу үшін заңнамада белгіленген тәртіппен және мөлшерде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

17-бап. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне берілетін қосымша әлеуметтік кепілдіктер

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбек­керлеріне заңнамада белгіленген тәртіппен және мөлшерде қосымша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы беріледі.

18-бап. Әлеуметтік кепілдіктер бойынша ардагерлерге теңестірілген адамдарға берілетін қосымша әлеуметтік кепілдіктер

Әлеуметтік кепілдіктер бойынша ардагер­лерге теңестірілген адамдарға заңнамада белгіленген тәртіппен және мөлшерде қосымша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы беріледі.

19-бап. Ардагерлерге және әлеуметтік кепілдіктер бойынша ардагерлерге теңесті­рілген адамдарға жергілікті өкілді және атқарушы органдар беретін әлеуметтік кепілдіктер

Жергілікті өкілді және атқарушы органдар ардагерлерге және соларға теңестірілген адамдарға тиісті бюджеттер есебінен қосымша әлеуметтік кепілдіктер бере алады, олар:

мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын зейнетақыларға қосымша ақылар төлеу;

тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге, медициналық қызмет көрсету­лерге, қоғамдық көлікпен жүруге жұмсалатын төлемдер бойынша өтемақылар төлеу.

Жергілікті өкілді және атқарушы органдар өз құқықтары мен құзыреті шегінде ардагерлердің тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған басқа да шешімдер қабылдауы мүмкін.

20-бап. Ұжымдық шарттарда ардагерлер үшін көзделетін әлеуметтік кепілдіктер

Ұжымдық шарттарда еңбек ұжымында жұ­мыс істеген адамдар қатарындағы ардагерлерге әлеуметтік кепілдіктер берумен байланысты шаралар көзделуі мүмкін, олар:

материалдық көмек;

зейнеткерлікке шыққан кездегі біржолғы төлемдер;

тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге, отынға, жеке жүріп-тұру құрал­дарына, басқа да қажетті тауарларға, қоғамдық көліктің барлық түрлерімен жол жүруге арналған билеттерге, моншаларға, мәдени-ағарту және театр-ойын-сауық мекемелеріне, спорт-сауықтыру кешендеріне, демалыс үйлеріне, пансионаттарға, санаторийлерге төлем жасау жөніндегі шығыстарды өтеу.

3-тарау. Ардагерлердің қоғамдық бірлестіктері

21-бап. Ардагерлердің қоғамдық бірлестіктер құру құқығы

1. Ардагерлер және олар өкілдік берген адамдар өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, өзара қолдау көрсету мақсатында заңна­мада белгіленген тәртіппен қоғамдық бірлес­тіктер құруға құқылы.

2. Ардагерлердің қоғамдық бірлестіктері мемлекеттік билік пен басқарудың ардагерлерді әлеуметтік қорғауға бағытталған шешімдер әзірлеуіне қатысады, мемлекеттік және қоғам­дық ұйымдарда олардың заңды құқықтары мен мүдделерін білдіреді және қорғайды, заңнамада көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

22-бап. Ардагерлердің қоғамдық бірлестік­теріне берілетін жеңілдіктер мен артық­шылықтар

1. Ардагерлердің қоғамдық бірлестіктеріне заңнамада көзделген тәртіппен жеңілдіктер мен артықшылықтар беріледі.

2. Мемлекеттік органдар ардагерлердің қоғамдық бірлестіктеріне барынша қолдау мен көмек көрсетеді.

4-тарау. Қорытынды ережелер

23-бап. Ардагерлердің жеңілдіктері мен әлеуметтік қорғалуын қаржыландыру

Ардагерлердің жеңілдіктері мен әлеуметтік қорғалуын қаржыландыру бюджеттік қаражат, сондай-ақ қайырымдылық қорлар есебінен жүзеге асырылады. Ұйымдар ардагерлерге материалдық көмек көрсетуге құқылы.

24-бап. Жеңілдіктерге құқықты тоқтата тұру және тоқтату

Адамдардың осы Заңда көзделген жеңіл­діктер мен кепілдіктерге құқығы олар өлген күннен бастап тоқтатылады және сот тағай­ындаған бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны өтеу кезеңінде тоқтатыла тұрады.

25-бап. Жергілікті атқарушы органдардың және еңбек ұжымдарының ардагерлерге қатысты міндеттері

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша атқарушы органдардың әкімдері, меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшылары өз құқықтары мен құзыреті шегінде қайырым­дылық қорлардың қаражатын тарта отырып, тиісті бюджеттер есебінен әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды және емделу үшін жол жүру (бару және қайту) жөніндегі, сондай-ақ ардагерлерге материалдық және басқа көмек түрлерін көрсету жөніндегі жеңілдіктерді белгілейді.

26-бап. Қазақстан Республикасының арда­гер­лер туралы заңнамасын орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының ардагерлер туралы заңнама­сын орындамағаны немесе тиісті түрде орын­дамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

27-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу

Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Заң жобасы бойынша ұсыныс пен ой-пікір­лер­ді мына мекен-жайға жолдауға болады: Аста­на­ның жаңа әкімшілік орталығы, Парламент Мәжілісінің ғимараты, Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті. Тел: (3172) 74-62-93



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат