Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2006-04-19:

Компьютер қазақша сөйлей алады

 

Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алғалы ондаған жылдар өтті. Бірақ, қазақ тілінің қоғамдағы дәрежесі көтерілгенімен, оның күнделікті өмірде қолданылуы көңіл толардай болмай отыр.

Мұнда біз бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі болып отырған мемлекеттік тілдің қоғамның әр са­ла­сында енгізілуі мен қолданылуы жайлы сөз қозғап отырмыз. Біз­дің­ше, тілді дамыту және қалып­тастыру саясаты бірнеше сатыдан тұрады:

– құқықтық негізін құру;

– тілдің инфрақұрылымын қалыптастыру;

– инфрақұрылым арқылы бизнес-үдерісін құрастыру, қазақ тілі ортасын құру;

– тілді қолдау бағдарламалары­ның жұмысын қамтамасыз ету және дамыту.

Қазіргі уақытта республика­мыз­да тіл саясатының бірінші ке­зеңі жүзеге асырылған – қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде заң жүзінде қалыптастырылды, былайша айт­қанда, оны енгізудің және қол­дану­дың құқықтық негізі қаланған.

Ендігі жерде тіл саясатын жүр­гізудің екінші кезеңі — тілдің инфра­құрылымын қалыптастыруы­на көшуіміз керек, ол тілді жан-жақ­ты енгізудің алғашқы шарт­тары­ның бірі болып табылады. Тіл­дің инфрақұрылымы оны жүзеге асыру құралдары мен технология­сынан құралады.

Бұл тұрғыда атап айтатын нәр­се, тіл инфрақұрылымын қалып­тастыруда сыртқы факторларды есепке ала отыру керек. Былайша айт­қанда, мемлекетіміздің эконо­ми­калық-әлеуметтік жағдайы, қо­ғамды мәліметтермен қамтамасыз ету, мемлекетімізде және әлем дең­гейінде коммерцияны және биз­несті электрондық мәшинеге ау­да­ру­дың бүкіләлемдік құбылыстары, яғни экономиканы жаһандандыру және бір-біріне тиімді біріктіру, бүкіләлемдік ақпараттық кеңістікті қалыптастыру және т.б. жағдаяттар есепке алынады.

Қазіргі таңда түрлі ақпараттық технологиялардың адам өміріне еніп, оны (адам өмірін) түп-төр­кінімен өзгертіп жатқаны бәрімізге аян. Компьютерлік технология­лар­дың қоғамның күнделікті өмірінде алатын орны күннен күнге арта түсуде. Тіпті бұл саланың жетіс­тік­терін адам дер кезінде игеріп те үлгере алмай жатқаны да бар. Енді осы компьютерлік технология сала­ларында мемлекеттік тілімізді қолдану қарқыны қандай және оны қалай дамытуға болады деген сауал тууы сөзсіз.

Біздің пайымдауымызша, ақпа­раттық технология саласында мем­лекеттік тіліміздің қолданылу көр­сеткіші өте төмен. Әрине, бұл са­ла­ның өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да болған. Қазір бұл қиындықтар толығымен шешілген. Өкінішке қарай, ақпараттық тех­но­логиялар саласында мемлекеттік тіліміздің қолданылу қарқыны өте баяу болып отыр.

Елбасының айтуы бойынша, әркім өз мекемесінде, қызмет іс­тей­тін орнында мемлекеттік тілді ен­гізуге атсалысуы керек. “Рес­пуб­ликалық ақпараттық есептеу ор­та­лығы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (“РАЕО” ЖШС) 1999 жылдан бастап мемлекеттік тілдің ақ­­параттық технологиялар сала­сын­да қолданылу мәселесімен шұ­ғыл­данып келеді. Яғни, есеп-қи­сапты автоматтандыратын компью­тер­лік бағдарламаларды екі тілде (қазақ және орыс тілдерінде) жа­сап, қолдануға берудеміз. Бүгінгі таң­да, біздің кәсіпорынның бағдар­ламалық өнімдерімен Алматы қа­ласының көптеген кәсіпорындары жұмыс істеуде. Мысалы, бухгал­тер­лік есеп-қисапқа арналған “КАУ-3.1” (жалақыны есептеу, негізгі мүлікті есепке алу, коммуналдық-шаруашылық есептеу, қазақша-орыс­ша сөздіктер, қоғамдық тамақтану орындарында каль­куля­ция жасау, іс қа­ғаздарды автомат­тандыру) атты бағ­дарламалар жиын­тығы Медеу ауданы әкімі аппараты, Түрксіб ауданы әкімі аппараты, “Ресей” әмбебап дүкені, “Алатау” ЖШС, “Казгуград” қоғам­дық тамақ­тандыру комбинаты, т.б. мекемелерге енгізілген.

Біз бухгалтерлік есеп-қисапқа арналған компьютерлік бағдарла­ма­лар­ды ғана шығарып қоймай, мем­ле­кеттік тілдің қоғамның әр саласында ен­гізілуіне пайдалы басқа да ком­пью­терлік бағ­дарла­ма­лар шығарумен де айна­лы­судамыз. Мы­салы, қа­зақ­ша-орыс­ша электрондық сөздік (сөздік қоры 30000 сөз бен сөз тір­кестері), іс-қағаздарды екі тілде ұй­ымдас­ты­руға ар­нал­ған бағдар­ла­ма­лар.

Сонымен қатар, қоғам­ның әр саласына арналған қазақша-орысша (екі бағыттағы) терминологиялық элек­трондық сөз­дік, электрондық аудармашы бағ­дарлама, қазақ тілінің электрондық оқулығы және іс-қағаздардың электрондық көмекшісін дайындап жатырмыз. Осының бар­лы­ғы әр саладағы маман, қызмет­кер­лер­дің қазақ тілін меңгеруіне және оны күнделікті өмірде қолдануына ар­нал­ған.

Сөйтіп, біздің кәсіпорын мемле­кет­тік тілдің ақпараттық техноло­гия­лар саласында енгізілуіне аз да болса өз үлесін қосуда. Өз жұмысымызда Алматы қаласы әкімдігі Тіл бас­қар­масының ұсыныс, кеңестерін ескеріп, бірігіп іс атқарып отырмыз.

Дегенмен де, компьютерлік техно­логиялар саласында мемлекеттік ті­ліміздің қолданылуын жүзеге асыруға бағыттылған жұмысты атқарып отырған бірнеше кәсіпорынның күші жеткіліксіз. Бұған себеп, біріншіден, қаржы тапшылығы. Осы күнге дейін компьютерлік технологиялар сала­сын­да мемлекеттік тілдің қолда­ны­луын қамтамасыз ететін бағдарла­ма­лық өнімдер шығарып келген кәсіп­орындар тек өз қаражатымен ғана шектеліп келді. Яғни, қаражаттың тап­шылығынан жақсы мамандарды тарта алмай отырмыз және көп уа­қытты жіберіп алудамыз. Екіншіден, ақпараттық технологиялар саласын жаулап алған орыс тілді немесе басқа тілдегі бағдарламалық өнімдер шыға­ратын компаниялармен бәсекелесу отандық кәсіпорындарға аса қиын. Басқаша айтқанда, компьютерлік тех­нологиялар саласында жұмсалатын қаржы шетелдік компаниялардың қалтасына түсуде. Осы жерде неге біз компьютерлік технологиялар сала­сында жұмыс жасап отырған отандық компанияларды қолдамаймыз деген сұрақ туады. Бізде білім де бар, мамандар да жеткілікті. Тек мемлекет тарапынан арнайы бағыт-бағдарлама керек болып отыр. Біздегі барлық жақсы мамандардың бәрі шетел компанияларында жұмыс істеуде. Неге біз соларды өз Отанымыз үшін жұмыс жасауға шақырмаймыз? Мұн­да қаржы мәселесін шешу керек.

Бұл жерде біз шетелдік компью­терлік бағдарламалар атына жаман сөз айтайық деп отырғанымыз жоқ. Олар сапасы жағынан өте жоғары, дүниежүзлік стандартқа сай. Бірақ, олардың өнімдері тек орыс немесе ағылшын тілінде жасалған. Біз неге олардан осы бағдарламалардың қазақ тіліндегі нұсқасын талап етпейміз?

Қазір күнделікті өмірде қолданы­латын түрлі өнім-тауарлардың заттаңбасы немесе қолдану ережелері және тауар маркаларының түсінікте­мелері қазақ және орыс тілінде жа­зы­лып жүр. Дәл сол сияқты, компью­терлік бағдарламалардың да екі тілдегі нұсқасын жасап, қолданысқа берулері керек. Бұл да өз кезегінде мемлекеттік тілдің компьютерлік технологиялар саласында енгізілуіне үлкен үлесін тигізер еді. Осы мәселеге мемлекет тарапынан назар аударылса дейсің.

Тағы бір өзекті мәселе, ақпа­рат­тық технологиялар саласында қолда­ны­латын терминдік сөздердің ау­дар­масы әлі күнге дейін толық шеші­мін таппай отыр. Әркім өз білгенінше аударып қолдануда. Тіпті дұрыс ауда­рылды дегеннің өзінде кейбір сөздерді қате жазып отыр. Бұл, әсіресе, интернет жүйесіндегі қазақ тілінде жасалынған сайттарда көп кездеседі. Мұнда грамматикалық қателер өріп жүреді. Кейбір жерлерде мазмұны қазақ тілінде жазылады да, толық мәтіні орыс тілінде беріледі.

Толығымен қазақ тілінде жа­сал­ған компьютерлік бағдарлама әлі күнге дейін жоқ. Осы салада жұмыс істейтін отандық кәсіп­орынд­ардың өзі бағдарламалық өнім­дерін орыс және ағылшын тілінде жасап шығаруда. Мұның се­бе­бі тек біреу ғана: бағ­дарла­ма­лық өнім­дер­ге деген қатаң талап жоқ.

Компьютерлік бағ­дар­ламаларды мем­ле­кеттік тілде өн­діріске ойдағыдай енгізу үшін, төмен­дегідей ұсы­ныс­тар айтамыз:

1. Бухгал­тер­лік, ста­тис­тикалық есеп қа­былдаушы орган­дар­ға (қала­лық ста­тистика басқармасы, қа­ла­лық салық ко­ми­теті, т.б.) тоқ­сан­дық, жылдық ес­еп­­терді әзір­ше екі тілде, кейінірек тек мемле­кеттік тілде қабылдауды жүктеу керек.

2.             Қалалық ком­­пьютер клуб­тарын­да, мектеп, басқа да оқу орын­дарын­да компьютер ойын­дары мем­лекеттік тілде (50 пайыз) болуын талап етуіміз керек.

3.             Мемлекеттік тілдің ком­пью­терлік технологиялар саласында қазақ тілі ортасын қалыптастыру қажет.

Қазақ тілінің бағдарламалық қамтылуына қажетті өнімдердің бар­лығы орталық серверге қойы­ла­ды. Қолданушы өзіне қажетті бағ­дарламасын осы серверден алатын болады. Серверге интернет арқылы байланысады. Серверде қазақ тіліне қатысты компьютерлік бағдарлама­лар орнатылады. Мұнда қазақ тілі­нің драйверлері, әртүрлі сөздіктер, аудармашы бағдарламалар, қазақ тілін оқытатын бағдарламалар және әр салаға арналған қолданбалы бағдарламалар орналастырылады. Қолданбалы бағдарламалар қатары­на: есеп-қисапқа іс қағаздарын автоматтандыру, құрылысқа смета жасау, денсаулық саласының ақ­параттық жүйесін құру, офистік көмекші, т.б. бағдарламалар жата­ды. Қолданушылар серверден – драйверлер, сөздіктер, іс қағаздары­ның шаблоны, т.б. кішігірім бағдарламаларды тегін алатын болады. Ал әр салаға арналған қол­данбалы бағдарламаларды ақылы түрде алады. Оған осы сервер ар­қы­лы сұраныс береді. Мұндағы бас­ты талап – қолданушы мен сер­вер арасында интернеттік байланыс болуы қажет.

Осындай үлгідегі жоба іске асы­рылатын болса, мемлекеттік тілдің ком­пьютерлік технология саласын­да енгізілуі орталық­тандырылады және оның сапасын қадағалауға мүм­кіндік береді. Қазіргі күнде қазақ тілінің ком­пьютерлік стан­дар­ты шыққанмен де әркім өз драйверлерін шы­ғарып, олар бір-біріне қайшы келіп, қолданушы­ның жұмысына кедергі болып отыр. Қолданушы өзіне қажетті бағдарламаларды сервер арқылы тауып алатын болады, бұл уақытты және қаражатты үнемдейді.

Сонымен қатар бұл жобаны да шет­елдегі қандастарымызға көмек­ші ретінде де пайдалануға болады. Шетелде жүрген қазақ азаматтары­ның көбісі қазіргі біздің қолданып жүрген кириллица қарпін түсіне бер­мейді. Сондықтан да осы сер­верде қазақ қаріптерін араб, латын, ағылшын қаріптеріне, немесе керісінше аударатын бағдарламалар орнатылса, шетелдегі азаматтар өзіне қажетті құжаттардың нұс­қасын алып қолданады және осы сервер арқылы елде болып жатқан жаңалықтардан өз уақытында құ­лағдар болатыны сөзсіз. Мысалы, оралмандар серверде тұрған құжат­тар шаблонынан өзіне керекті қа­ғаздарды сол тұрып жатқан жерден толтырып, біздің елдегі тиісті меке­мелерге электрондық пошта арқы­лы жіберулеріне мүмкіндік туады.

Бұл жерде тағы бір айта кетер нәрсе, өз ұлтына, өз Отанына деген сезімі жоғары азаматтар, кәсіпорын басшылары мемлекеттік тілдің қоғамның әр саласында енгізілуіне өз үлестерін қосса, нұр үстіне нұр бо­лары сөзсіз. Қазақ тілін үйрену немесе оны күнделікті өмірде қол­дануды әрбір адам өзінен бастауы керек. Тілімізді келесі ұрпаққа жет­кізу – еліміздің әрбір азаматының борышы, мойнындағы қарызы деп түсінуіміз керек. Сонда ғана мемлекеттік тіліміздің қоғамда алар орны жоғары болмақ.



Авторы: Тайтөлеу ТӨЛТАЙ, республикалық ақпараттық есептеу орталығы ЖШС директоры.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат