Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2006-05-03:

Қазақстан-Тәжікстан: баянды байланыстар

 

 Осы мамыр айының 4-5-і күндері Тәжікстан Респуб­ликасының Президенті Эмома­ли Рахмоновтың елімізге ал­ғаш­қы ресми  сапары белгілен­ген. Сапар барысында алдымен экономикалық мәселелерге басымдық берілетінін де алдын ала болжауға болатындай. Соның ішінде Қазақстанның инвестициясын Тәжікстан экономикасына тарту жайы сөз етіледі деп ойлайсыз ба?

– Бұл бағытта қалыптас­қан үрдіс ахуалдың дәл осыған ыңғайланып келе жатқанын көрсетеді. Қазақстан капита­лының Тәжікстанға ену үдерісі айқындала бастаған осы тұста біз алдағы сапар инвести­циялық қатынасқа қосымша дем береді және екі елдің қарым-қатынас мүмкіндігін толық пайдалануға жағдай жасайды деп есептейміз.

– Қазақстан үшін тәжік экономикасының қай саласына қаржы салған тиімді болмақ?

– Бұл салаларға тау-кен металлургиясын, су-энерге­тикалық кешенді, құрылыс пен банк секторын жатқызуға болады. Сонымен қатар, атал­ған салаларда біршама алғы­шарттар да жасалып қойылды. Мысалы, өткен жылы жазда Қазақстанның жетекші банк­те­рінің бірі – “Тұран­Әлем-Банк” АҚ Душанбе қаласында өзінің филиалын ашты. Банк саласындағы қатынасты дамы­туға “Казкоммерцбанк” АҚ пен “Қазақстан Даму банкі” АҚ қызығушылық танытуда. Бұл қаржы құрылымдарының Ресейде, Қырғыз Республи­касы мен Грузияда активтері орналасқан. Аталған банктер­дің жал­пы активтері 1 млрд. АҚШ долларына тең және кейбір жағдайда одан да көп. Қазақ­стан тарапынан осындай белсенді қызмет Тәжікстан банк жүйесінің қалыптасуына айтарлықтай үлес қосады деуге негіз бар. Екі елдің, сонымен қатар, тау-кен металлургиясы саласындағы байланыста­рының жандануы байқалады. Қазір “Адрасман кен-байыту комбинатын жаңғырту ісіне Қазақстанның қаржысын тарту мәселесі күн тәртібінде тұр. Комбинатқа бағытталатын қаржы шамамен 10 млн. АҚШ долларын құрайды. Инвести­ция­лық қатынастарды кеңейту мақсатында және Э.Рахмо­нов­тың сапарына орай сәуірдің 24-інде Қазақстан-Тәжікстан үкіметаралық сауда-экономи­калық комиссиясы өзінің кезекті отырысын өткізді.

–Ерлан Әділханұлы, сіз Қазақстан мен Тәжікстанның қазіргі уақыттағы екі жақты қарым-қатынасын қалай баға­лар едіңіз? Соның ішінде қай бағытты ерекше атар едіңіз?

– Тәуелсіздік жылдары екі ел арасында өзара түсіністік пен мүдделестік және көпте­ген халықаралық, сондай-ақ аймақтық ауқымдағы өзекті мәселелер бойынша сенім рухына негізделген ұстаным үйлесімділігі қалыптасты. Атап айтсақ, ТМД, БҰҰ, ЭЫҰ ШЫҰ, ЕурАзЭҚ, АӨСШК құрылымдары шеңберінде ынтымақтастық қарым-қатынас желі тартты.

Мысалы, Тәжікстан жағы Қазақстанды БҰҰ-ның 2007-2009 жылдарғы экономикалық және әлеуметтік кеңесіне енгізу ісіне, сондай-ақ 2009 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету талабына үлкен қолдау көр­сетті. Душанбе есірткімен кү­рестің Орталық Азия аймақ­тық ақпараттық үйлестіру орталығын Алматы қаласында орналастыруды да қолдады. Сонымен бірге, Э.Рахмонов Н.Назарбаевтың Орталық Азия мемлекеттері Одағын құру идеясын толық мақұлда­ды. Осы айтылғандардың барлығы екі ел арасында жо­ғары деңгейдегі саяси диалог қалыптасқанын айғақтайды.

Қазақстан-Тәжікстан қа­ты­насы экономикалық тұр­ғыда да қарқынды даму үс­тінде. 2005 жылдың қорытын­дысы бойынша, Тәжікстан Мемле­кеттік статистикалық комитеті ақпаратының мәлі­метінше, екі елдің тауар айна­лымы 187 млн. 993 мың АҚШ долларын құраған. Соның ішінде тәжік­стандық экспорт 19 млн. 655 мың АҚШ дол­лары, ал им­порт 168 млн. 337 мың доллар болған. ТМД ел­дері арасында Қазақстан сырт­қы сауда мөлшері жағынан Ресей (339 млн.) мен Өзбек­станнан (219 млн.) кейінгі үшінші орынды иеленеді. Із­гілік көмегін көрсету жағынан Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші орын алады.

– Қазіргі уақытта тауар айналымын ұлғайтуға кері әсер етіп отырған тосқауылдар бар ма? Болса, олар қандай?

– Нақты бір кедергілер жоқ десек те болады. Тәжік­стан үкіметі Қазақстанның іскер азаматтарына ішкі ры­нокқа кіруге барлық қолайлы жағдайлар қалыптастырған. Осының нәтижесінде қазіргі таңда инвестициялық байла­ныс­тардың айтарлықтай ұлғайғанын көруге болады. Бірақ, бұл бағытта бір ғана қиыншылық бар деген жөн, ол –  Тәжікстан туралы ескірген көз­қарас, яғни қазақтың кә­сіп­керлері Тәжікстанды әлі де ішкі саяси жағдайы тұрақсыз, қауіпті аймақ санайды. Сон­дықтан да олар мұнда өз бизнестерін ашуға асықпауда.

Дегенмен, Қазақстан ел­шілігі қалыптасқан көзқарасты өзгертуге күш салуда. Соның нәтижесінде өткен жылдан бастап Қазақстан іскер топ­тарының Тәжікстанға ісса­парлары көбейе бастады.

– Ерлан Әділханұлы, сөз реті келіп тұрғанда Тәжікстан Респуб­ликасын мекендейтін қандаста­рымыз туралы айта кетсеңіз.

– Елшілік Тәжікстанда тұрып жатқан қазақ диаспо­ра­сымен тығыз байланыс ор­натқан. Былтырғы жылдың қыркүйек айында олардың өкілдері Астана қаласында бол­ған Дүниежүзі қазақта­ры­ның ІІІ құрылтайына қатысып қайтты. Қазақ тілін дамыту мақсатында қазақ отба­сыла­рына оқулықтарды тегін таратамыз. Тәжікстанда орта білім алған қандастарымызды Қазақстан тарапынан бөлінген квота бойынша  Қазақ­стан­дағы жоғары оқу орындары­ның дайындық курстарына жіберіп отырамыз.

Тағы бір айта кететін жәйт – Тәжікстандағы қазақтар шашыраңқы орна­ласқан, сондықтан бір-бірімен өзара қарым-қатынасы нашар.       

– Қазақстан мен Тәжік­стан арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыс туралы не айтар едіңіз?

– Өкінішке қарай, аталған саладағы байланыс көңілде­гідей емес. Екі мемлекет арасында мәдени қатынастың дамуын ұлғайтуға мүмкіндік туғызатын келісім-шарт жа­сал­маған. Осыған қарамас­тан, білім саласындағы кейбір ме­кемелер өзара тығыз байланыс орнатып, соның нәти­желерін көріп отыр.

– Э.Рахмоновтың алдағы ресми сапарынан  не күтесіз?

– Алдағы  сапардың  қа­зақ-тәжік қатынасын терең­детуге бағытталған кезекті сыртқы саяси қадам болып табылатыны күмәнсіз.



Авторы: Әңгімелескен Самат МҰСА.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат