Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2006-06-02:

ХРИСТИАНДЫҚ: православие, католицизм, протестантизм

 

Христиандықтың біртұтасты­ғына  қарамастан, онда литургия­лық және діни ілім дәстүрлерінің көптеген түрлері қалыптасқан. Бұған Рим империясы халқының мәдени саналуандығы әсер етті. Көптеген аймақтарды мекен еткен христиандар діни нанымда­рын түрлі тілде атқарған, мысалы, Палестина мен Сирияда грек және армян тілдері, Египетте грек пен копт, Кіші Азия мен Бал­канда  грек тілі, ал христиан баты­сының тарихи аудандарында латын тілі қолданылған.

Шіркеулер үстемдік құрған уа­қытта көне христиан әлемінің та­рихи аудандары бір-бірімен бай­ланысты болды. Уақыт өте келе христиан шіркеулерінің арасында тілдік және шығыс пен батыс ара­сындағы діни оқытуларда айыр­ма­лар пайда болды. Содан барып 1054 жылы христиандық екі шір­кеу пайда болды. Олар правос­ла­вие­лік және католиктік болып бөлінді.

Тарихи православиенің негізгі орталығы Шығыс Рим империясы (Византия)  болды, ол Балкан мен Кіші Азияда негіз алды. ХІ ғасыр­дан кейін Византияны және христиандықты византиялық миссионерлер арқылы қабылдаған шекаралас елдерді (соның ішінде Русьті), сондай-ақ жеті Жержүзі­лік соборларда бекітілген діни ілімді сақтайтын барлық шіркеу­лерді Православие әлемі деп атай бастады. Көне Русь Константи­нополь патриархатынан шоқыну­ды ресми түрде  988 жылы қабыл­дады. Орыс халқында православие қазіргі кезге дейін сақталып отыр. Христиан діні әуел бастан Хрис­тостың уағыздарымен бірге өзін аскеттік дін ретінде айқындады: “Кімде-кім менің артымнан ергісі келсе, өзінен бұрылып, өз кресін алып, менің артымнан жүрсін” (Мф.16,24). “Еру” сөзінің мағы­насы біреуге ұқсауды білдіреді. Мұнда апостол болып күнәлардан арылған, Құдайды сүйген, жақын­дармен жақсы байланыстағылар және еш жыныстық қатынас жасамағандар болды.

Қиыншылық көру көне хрис­тиандардың күнделікті өмір сал­тына айналды. Бірақ тыйым са­лын­ған нәрселердің алдыңғы са­ты­сында өмірінде ешбір жыныс­тық қатынас жасамау тұрды. Апостол Павелдің негіздеген уа­ғыздарына Августин Философ, Тер­тулиан, Киприан Карфаген­ский, Климент Александрийский, Ориен және Лактанций өз еңбектерін арнаған. Монахтықтың басынан бастап-ақ руханилық (оқыту, басқару) секілді маңызды қағидат қалыптасты. ІV ғасыр көптеген басшылардың есімдерін мәлім етті: Аммун Нитрийский, Макари Египетский, Макарий Александрийский, Пимен және т.б. Скиттік шөлдің негіздеушісі Ұлы Пахомий болды. Яғни ІV ға­сыр монахтығы тақуалық, жар­тылай тақуалық (келиоттық, скит) және жалпы тұрғындық өзіндік формаларын қалыптас­тыр­ды. Православие монахтық ерекше рухани дәстүрді қалыптастырды. Ережелерді орнықтыра отырып, монахтардың өмірі туралы жар­ғылар жазылды. Монахтық әкей­лер күнәмен күресудің аскеттік жүйесін жасады. Әсіресе монах­тық, жалпы православиелік мәдениетті қалыптастырды.

Адамның мінез-құлқы хрис­тиандық әдет-ғұрыптың мазмұны  болып табылады. Христиандық ахлақ (мінез-құлық) Тәңірлік ақиқатқа негізделеді. Ол адамды құдайлық қасиеттерге бейімдейді. Адам өз еркімен киеліліктің жоғары сатысына көтеріле алады, сонымен қатар күнә мен жаман­дық­тың шыңырауына да құлап жатады. Соған орай, оның алдын­да екі жол бар: өмір жолы және өлім жолы. Тура жолды табуда ахлақ заңдары, ахлақ сезімі және санасы маңызды рөл атқарады. Ахлақ заңы – бұл адам рухында­ғы ұят деп аталатын Құдайдың дауысы. Ұяттық сезім адамзат ахла­ғы­ның негізі болып есеп­теледі. Бірақ, бұл ұяттық сезімнің өзі жеткілікті емес, сыртқы бір жол көрсетушіге мұқтаждық бар. Мұндай жол көрсету заңы адамзатқа екі түрде берілді. Олар: дайындық түріндегі Мұсалық заң, екіншісі толық Евангелдік заң.

Христиандық сүйіспеншілік – бұл, адамды Құдайға жақында­та­тын сезім. Иса пайғамбар мына­дай өсиет қалдырған: “Мен сен­дерді қалай сүйсем, сендер де бір-біріңді солай сүйіңдер”. Бұл өсиет тек достарды ғана емес, дұшпан­дарды да сүюді уағыздайды. Жа­қынға деген сүйіспеншілік адамның өзін-өзі сүюден бастала­ды, ал ол адамның тәңірге деген сүйіс­пеншілігінен бастау алады. Христианның Құдайға деген сүйіс­пеншілігі тек ахлақтық жа­ғынан шыңға жетуді емес, соны­мен қатар оның рухани болмы­сының негізі болып табылады.

Христиандық бойынша Құдай адамдарға шіркеулік өмірде ашыла­ды. Құбыжық әлем мен адамның өзі де Құдайдың бір жаратылысы. Құдай баласының қалауы бойынша Құдайды тану дарыны болуы мүмкін. Көне Өсиетте Құдайдың көрінуі туралы Иаков былай дейді: “Мен Құдайды бетпе-бет көрдім, содан менің рухым сақталды” (Болмыс.32,24-30). “Бетпе-бет” Құдай Мұсамен сөйлескен (Исх.33, 11; Втор.34,10). Жаңа Өсиетте Құдай адамдармен өзінің баласы арқылы сөйлеседі. Евангелде былай делінеді: кімнің жүрегі таза болса, ол Құдайды көреді (Мф.б,8). Құдайдың қасиеттері: Даналық, Мейірімділік, Күштілік және т.б. адам ақылына сыйымды болып келеді. Құдайға деген сенім адамға тек ақылмен ғана емес, жүрекпен де Құдайды қабылдауды негіздейді.

Католицизм ұғымы грекшеден аударғанда “жалпы, жалпыға ор­тақ” деген мағынаны білдіреді. Рим­дік шіркеуден бөлініп, өзіне тән доктрина мен литургияны (шіркеу құлшылықтарын) қалып­тас­тырды. Католиктердің правос­лавтардан айырмашылығы адам жер бетінде мұқтаждық көріп, Құ­дайдың өсиеттерін орындай білсе, о дүниеде үлкен бақытқа жетеді деген сенімдері бар. Бұған керісін­ше батыс христиандары бұл дүние мен о дүниелік жаза үйлесімді деп санайды. Орта ғасырда католиктер қатаң тәртіптегі шіркеу ұйымын құрды. Онда наным бостандығы мүлдем жоқ етіліп, салт-жорал­ғышылдық, клерикализм және шіркеу иерархиясының үстемдігі басым болды. Католикшілдік бірте-бірте ақсүйектік мемлекетке ұқсай бастады. Оның ішкі монархиялық құрылымы шіркеудің өзін нақты адамға бағытталған бюрократиялық тетікке айналдырды.

Католиктер Құдай мен адам қа­ты­­насын заңдық тараптан қарас­тырады; христиан жазадан құтылу үшін жақсы амалдар жасау керек. Адам өзінің күнәсінен тазаланудан гөрі одан құтылу жолының құра­лын ойлайды. Католиктік доктри­наға сай Құдайға тән нәрселердің бәрін өзіне қайтару керек. Като­лик­шілдікте күнәдан арылу идеясы индульгенция – күнәдан және дү­ниелік азаптан құтылу, крест жо­рығына қатысу, белгілі уақыттарда құрбандық шалу, құлшылықтар, қасиетті жерлерді зиярат жасау формасында болады. Индульгенция рәсімі папаның бекітуімен іске асады. Бұл үдерісте күнәдан арылу мен азап шегу белгілі мерзімге (40 күн) созылады. Оның ең ұзақ мерзімі 150 жылды қамтиды.

Римдік христиандық шіркеу – бұл римдік папаның басқаруындағы күрделі иерархиялық институт. Оның негізгі жиналысы – конк­лавта рухани кемелденген 150-ге жуық кардинал сайланады. Като­ликтік шіркеу құрылым жағынан пра­вославтық шіркеумен ұқсас келеді. Онда митрополиттер, архие­пископ және епископтар, қасиетті­лік жүйесі монахтық өмір т.б. бар. Монахтар ортақтаса отырып, басшыға бағынады, олардың ішінен ең көне бенедиктік орденді, белгілі августиндік, францизкандық және доминикандық, сондай-ақ жақсы мақсат құралды ақтайды деген ұранмен әлеуметтік саяси қатынас­тары әсерлі болған иезуит орденін айтуға болады. Римдік топ пен папаның басты қасиеттерін білу католиктік доктринаның негізгі өзегі. Мұндай көзқарастың қалып­тасуына папаның билігін қабылдау ықпал еткен. Олар шіркеудің қа­сиеттілігі мен Құдайдың белгісі бо­лып табылады. Иисус пен папаның өзара қатынасы шір­кеудің шынайы болмысының мәнін католиктік ұстанымда айқындай түседі.

Папа жайлы ілім шіркеудің таби­ға­тына сай  келеді. Ол рухани құпиялық және адамдық мәнде қарастырылуымен қатар заңды тұрғыда әспеттелуде. Ватикан соборында (1962-1965) шіркеу ілімі Құдайды түсіндіру бағытында жүріп, жалпы жердегі түсінікті Құдаймен бауырластық қоғамы деген ұғымда болды.

Ескі дәуірде батыс діндарлары мен схоластары түйіндеген рим­дік-католиктік шіркеуінің ресми көзқарасы бойынша аян және сенім басты ілімге айналды. Бұл істі дамытып, қорытындылаған ортағасырлық әулие Фома Ак­винский болды (1225-1274). Ф.Аквинскийдің аян жайындағы ілімін бірінші Ватикан соборында католиктік шіркеу ресми түрде қабылдады. Бұл жай­лы былай делінеді: Құдай жаратушы, өз сөзін қорғаушы, Құ­дай барлық нәрсенің бастауы мен аяғы, адам санасында жа­ра­тылған заттар ар­қылы сәулелене алады.

Сондай-ақ Ф.Ак­винс­кий бы­лай дей­ді: жараты­лыста аян адам ақыл-ойы­на сай келетін Құдай­дың Исамен сөзде­рінде көріне­ді. Мұ­ны сенім ретінде қабыл­дау және орындау адам баласына бе­рілген сый деп та­нылды. Католиктік шіркеуде екінші Вати­кан соборы­нан соң (1962-1965) өзге­ріс­тер ене бастады. Бұл собор ескі рим­дік тіл­ден ұлттық тіл­ге ауысуымен ерек­­шеле­неді. Като­лик­шілдіктің адам­гер­шілік негіздері ба­тыс­та топтық си­патқа ие болған, хрис­­тиандыққа қа­рама-қарсы келетін әрекеттер мен құн­дылықтарды сы­науға мүмкіндік тудырады. Олар­ға: неке бұзу, соғыстар, аборт жа­сату, клон­дау, сек­суал­дық рево­люция және т.б. жатады. Бұл мә­се­леде Папа Иоанн Павелдің орны ерекше.

Қазіргі католицизмнің правос­лавие шіркеуіне қатынасын қайта атап өткен жөн, оның догматтық дұрыстығы, литургиялық өмірінің толықтығы, апостолдық және қа­сиетті әкелікке берілуі мойында­лады. 1996 жылы Папа Иоанн ІІ қол қойған циркулярға сәйкес триа­дология қасиетті рух туралы оқу­мен қатар көне шығыс әкей­лерінің ілімдеріне сәйкес түсін­дірілуі керек.

Христиандықта екінші ірі бөліну ХVІ ғасырда болды, ол М.Лютердің атымен байланысты. Протестантизмнің басы  – өткен христиандық дәстүрді мойында­мау, мирасқорлық және католик­тік шіркеудің теріс сипаты, соны­мен қатар барлық шіркеулік өсиет­тен, үздіксіз шіркеулік тари­хи болмыстан бас тарту. Шіркеу І ғасырда пайда болған, енді ол апостолдық білімнің діни оқуы­ның тазалығына қайтып келуі арқылы қайта дамуға тиіс. Әсіресе Киелі Жазбаның тікелей және терең мағынасына назар аудары­лады. Шіркеу – тек діндарлардың жиылысы, оның іші көз жеткізгі­сіз және құпия, ал көз көрерлігі тек көз жеткізгісіздің нышанын көр­сетеді. Протестантизмде шір­кеу­дің көзге көрінетіні мен көрін­бей­тіні арасындағы шынайы бай­ланысты түсіндіру, Құдаймен жеке сұхбаттасу – сенімнің жалғыз не­гізі болады. Шіркеудің көмегін­сіз сенімнің негізін табу мүмкін емес. Протестантизм салтсыз құбылыс, сондықтан Киелі Жазбадағы “жеке-ақыл-парасат” жылдам көбейеді. ХІХ-ХХ ғасырларда протестантизмнің шеңберінде көптеген секталар пайда болды. Олардың ішінде “Исаның шәкірт­тері”, “7-ші күннің адвентистері”, “Иегова куәгерлері”, “Христиан­дық ғылым” және т.б. айтуға болады.

Қазақстандағы христиандық­тың жағдайына келер болсақ, пра­вос­лавтықтар саны жағынан мұ­сыл­мандардан кейін екінші орын­да. Бүгінде республика аумағында приходтар мен шіркеулер баршы­лық. Қазақстанда алғашқы като­ликтер 1246 жылы пайда болды. Олар римдік алғашқы шіркеу қызметшілерінің тапсырмасымен ұлы хандарға католиктік миссио­нерлердің келуімен байланысты. Қазақ жерінде алғашқы католик­тік және протестанттық қоғамдық бірлестіктердің пайда болуына поляктардың Сібірге айдалуы және неміс-католиктері мен Ресей­дің еуропалық бөлігінен жер ауда­рылуы септігін тигізді. Қазіргі таң­да Қазақстанда католиктік шір­кеулер жаңаруда, әсіресе респуб­ликамыздың солтүстік облыста­рын­да бұл айқын байқалады, се­ну­шілердің саны 150 мыңға жуық. Республикамызда протестантизм әртүрлі  бағытта таралған.

 

Нағима БАЙТЕНОВА,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор.

Шәмшия РЫСБЕКОВА,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат