Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2006-07-05:

Сіздер үшін ән салуға қашанда әзірмін

 

Астанадағы К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында өткен әлемге танымал опера әншісі Дмитрий Хворостовскийдің жеке концертіне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев, Астана қаласының әкімі Өмірзақ Шөкеев және басқа да ресми адамдар қатысты

 

Жұмагүл ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ.

Біз бұған дейін оқырман­дарымызға елордада ІІ халық­аралық музыкалық “Опералия” фестивалінің өтіп жатқанын, оған әлем жұртшылығына танымал бірқатар өнер иелерінің келгені, сол жұлдызды шоғырдың ішінде Ресейдің халық әртісі, Ресей мем­лекеттік сыйлығының лауреа­ты, опера әншісі Дмитрий Хворос­товскийдің де бар екені жөнінде айтқан болатынбыз. Әрине, әлемге танымал әншілер елімізге күнде келіп жатқан жоқ. Сондық­тан да шығар, Дмитрий Хворос­товский К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет теат­ры­ның сахнасынан жеке концертін береді екен дегенді естігеннен-ақ өнер сүйер қауымнан маза кеткен. 

Иә, әшейінде опера өнері жұрт­шылықты қызықтыра бер­мейді дегеніміз бекер екен. Шы­найы таланттың өнерін тамаша­лауға жұртшылықтың қашан да құмар екенін театрға кіруге билет іздеп, шарқ ұрған көпшілік ықы­ласы тағы да айқын байқатты. Расында да концерт көп көңілі­нен шықты. Ең бастысы, концертте орындалған опералық ариялар, орыс халқының романс­тары, кеңес кезеңінің әндері жұрт­шылыққа Дмитрий Хворостовский таланты­ның жан-жақтылығын тереңірек тануға мүмкіндік берді десе де болады. Әсіресе, Рахмани­нов­тың “Алеко” операсынан Алеко, Боро­динның “Князь Игорь” операсынан Игордың, Чайков­ский­дің “Қарғаның мәткесі” операсы­нан Елецкийдің  арияларын орын­даған әншінің барқыт үні жұртты ерекше сезім шуағына шомылдыр­ды десек, Би­зенің “Кармен” опера­сындағы Эс­ка­мильоның  жан сезімін барын­ша сезіне, жүрегінен өткізе айтуы өз алдына, әннің әр сөзі ап-айқын күйінде көкірегіңе құйылып жат­қандай болды.

Бәріміздің құлағымызға сіңісті болған кеңестік кезеңдегі, атап айтқанда: А.Пахмутова мен Н.Добронравовтың “Мелодия” және “Как молоды мы были” ән­дері де әншінің орындауында өзге­ше реңкке ие болып, көпшілікті ерекше сезімге бөледі. Бір сөзбен айтқанда, елорда жұртшылығы шынайы өнерге мейлінше сусын­дады, бар пейілімен қол соғып, әншіге зор қошемет  көрсетті.

Жасыратын не бар, әдетте ерек­ше дарынды өнер иесінен кейін сахнаға шығуға кез келген әншінің жүрегі дауалай бермейді. Сондық­тан да болар, концерт аяқталар тұсқа қарай сахнаға К.Байсейітова атындағы опера және балет теат­рының әншілері Қияқбай Асан­баев, Байғали Момбеков, Жан Тапин шыққан кезде көпшілік қалай болар екен дегендей бір сәт тына қалған. Алайда бекер қобал­жыған екенбіз. Данцидің “Фуну­кили – фунукулясы” (“Әткеншек­те”) үш әншінің орындауында ерек­ше шеберлікпен орындалды. Көпшілік оларды да көпке дейін сахнадан жібермей, шапалақ ұрумен болды. Әрине, бұл жерден де өнердің бәсеке бар жерде өсетіні айқын байқалды. Әрі өз елімізде де опера сынды бекзат өнердің өрісі кеңейіп, әншілеріміздің қай сахна­дан болса да именбей өнер көрсе­туге дайын екеніне көз жеткізе түстік.

Осы арада концерттің ойдағы­дай өтуіне К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры­ның симфониялық оркестрі мен Ресейдің академиялық камералық оркестрі және “Стиль Пяти” ан­сам­бльдерінен құралған топқа же­текшілік жасаған Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, дирижер Констан­тин Орбелянның еңбегі зор болға­нын да айта кеткен жөн. Өзіндік бет-бедері әр бөлек осынау музы­калық ұжымдарды қысқа уақытта оның жұдырықтай жұмылдыруы, әнші үнінің жұртқа айқын жетуі­не мүмкіндік беруі, көпшілікті музыка әлемінің тылсым қой­науы­на жетелеуі шындығында да ерекше болды. Әнші сәл тыныс­таған сәттерде дирижер К.Орбе­лянның жетекшілігімен оркестр Глинканың “Руслан және Люд­мила”, Чайковскийдің “Евгений Онегин”, Бизенің “Кармен” операларынан және басқа да классикалық туындылардан үзінді орындап, жұртты зеріктірмей, шынайы өнер тұнығынан сусындатты.

Концерт аяқталар тұста Дмит­рий Хворостовский жұртшылыққа кеңінен таныс неополитандық “О мое солнце” әнін шырқады. Ал концерт аяқталғанына қарамастан әншінің ұзақ қол шапалақтаудан кейін “Очи черные” әнін орын­дауы оның жұртшылық ықыла­сына риза болғаны деп ұқтық.

Бұл жерде біз әнші шынайы өнер бағасын білетін жұртшы­лыққа риза болды деген сөзді де жайдан жай айтып отырғанымыз жоқ. Олай дейтініміз, Д.Хворос­товский концерт соңынан кейін көпшілік қауымға ризалығын біл­діре бас иіп, Президент Нұрсұл­тан Назарбаевқа Қазақстанға келіп қайтуға шақырту алғаны үшін рахмет айтты. “Бұл концерт біздің достығымыздың басы бола­тынына мен сенемін. Осы араға қайта оралуға, сіздер үшін ән са­луға мен қашан да әзірмін”, деді ол. 

 

“Жас қаламгер”ұлттық танымның сақшысы

 

Айгүл Сейілова.

Кеше елордамыздың М.Өтеміс­ұлы атындағы балалар және жас­өспірімдер сарайында “Жас қалам­гер” атты бұқаралық ақпарат құрал­дарының ІІ халықаралық жастар фестивалі ашылды. Жас қаламгер­лердің ұлттық таны­мын қалыптас­тыру ниетімен таза қазақ тілінде өткізіліп отырған бұл фестивальге еліміздің барлық облы­сы­нан, сон­дай-ақ Түркия мен Түркі­менстаннан 11-21 жас аралығында­ғы 120-ға жуық жас талап келіпті. Фестиваль­дің алғашқы күнінде, яғни ашылу салтанатында оларға ұйым­дас­тыру­шылар атынан жылы лебіз­дер айты­лып, концерт қойылды.

Қала күніне орай ұйымдас­ты­рыл­ған “Жас қаламгер” фестивалі бұл жолы үш күнге созылмақ. Сол үш күннің ішінде жас журналистер аты танымал аға буын журналис­термен кездесіп, республикалық те­ле­­арналар мен газет редакцияла­рын аралайды, тақырыптық дөңге­лек үстелдерге қатысады. Атап айт­қанда олар белгілі тележурналист Махат Садық, “Егемен Қазақстан” газеті бас редакторының орынбаса­ры Жұ­ма­гүл Солты, “Ұлан” республика­лық бала­лар газетінің бас редакторы Сұлтан Қа­лиев­терден шеберлік жө­нінде дәріс алып, Мәжіліс депутаты, ақын Мұх­тар Шаханов өткізетін “Ана тілің — арың”атты дөңгелек үстелге қатысады. Сонымен бірге қа­ла күні мейрамына қатысу, газет, теледидар және радиоға шығатын мәліметтер­мен жұмыс істеу де осы күндердің еншісінде. Жас қаламгер­лер фести­вальге бұл жолы “Ана тілі мәртебесі және елорда”, “Астана —Қазақстан елордасы”, “Астананың жас тұрғы­нының портреті”, “Аста­на­ның тари­хы” атты төрт түрлі та­қы­рып бойын­ша жұмыстар алып ке­ліпті. Фести­вальді қорытындылау ба­рысында болашағынан үміт күтті­ре­тін дарын­ды жастарға арнайы жүл­делер мен дипломдар тапсыры­ла­тын болады. Ал енді осы фести­валь­дің мақсаты мен жас қаламгер­лерге тиімділігі жө­нінде қойған сауалымызға жоба­ның жетекшісі Қарлығаш Әбдікәрі­мова: “Біздің елде “Ұланды” қоспа­ғанда қазақ тілінде шығатын жас­өспірімдердің басылымдары тапшы. Осындай фестивальдер, байқаулар түрткі болып, ойдан ой туып, елдің ертеңі — жасөспірімдерге арналған қазақ тіліндегі басылымдар көптеп жарық көре бастаса, нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені, ғарыштық жыл­дамдықпен дамып бара жатқан мына ғасырда ақпараттың маңызы зор. Жасөспірімдер шеберлігін шы­бық­тайынан шыңдаумен бірге, ақ­парат майданында ұлттық танымын жоғалтпау керек. Бір жағынан осындай фестивальдерде олар жаңа достар табады. Шығармашылық көкжиектерін кеңейтеді”, — деді.

 

Театр халықаралық дипломмен марапатталды

 

Бақтияр ТАЙЖАН.

Жұмат Шанин атындағы Оң­түстік Қазақстан облыстық қазақ драма театры Бішкек қаласында өткен “АРТ-ОРДО” театрлар фес­тиваліне қатысып, жүлдемен оралды.

Фес­тивальге Қазақстан, Әзір­бай­жан, Түркіменстан, Өзбекстан, Оңтүс­тік Осетия, Татарстан, Австриядан, барлығын қосқанда 15 өнер ұжымы келіп, бағын сынады. Қазылар алқа­сының төрағасы — КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қырғыз Рес­пуб­ликасы­ның халық әртісі Болот Шамшиев. Қазылар алқасына әр мемлекеттен 11 өнер тарландары, театр сын­шылары тартылды.

Оңтүстікқазақстандықтар фес­ти­­вальге Ш.Айтматовтың “Жанпи­да” романының желісімен театрлық қойы­лым дайындаған еді. Т.Аб­думомунов атындағы қырғыз ұлт­тық драма театрында өткен қойылымға сонда тұратын қазақ отбасылары да келіп, жерлестеріне үлкен қолдау көрсетті.

Байқау соңында “Жанпида” траге­диясының инсценировкасын жазған және сахналаған Қазақстан­ның халық әртісі, театрдың көр­кемдік жетекшісі Ерғали Оразым­бетов “Үздік режиссер­лық қойы­лым” дипломымен және Қырғыз Республикасының Мә­дениет министрлігінің театр өнеріндегі актерлік шеберлікке, драматургия, режиссура, сценографиядағы ерен еңбегіне, жаңа көркемөнерге, мәде­ниетке сіңірген еңбегі үшін Мұрат­бек Рысқұлов атындағы халық­аралық сыйлығымен әрі Алтын ме­далімен және “Сахна ардагері” медалімен, ал театрдың бас сурет­шісі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайрат­кері Қалтөре Жұмағұлов “Үздік сце­нографиясы үшін” дипломымен марапатталды. Сондай-ақ театр директоры, Қа­зақстан Республика­сының мәде­ниет қайраткері Бастарбек Пірім­бетов “Сахна ардагері” медалінің иегері атанса, театр ұжымы – Ж.Ша­нин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театры “Халықаралық мәдени байланысты дамытқаны және жо­ғары кәсіби деңгейі үшін” дипло­мын алды.

 

Оңтүстік Қазақстан облысы.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат