Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2006-07-18:

Назарбаев: G8-дің әлеуеті мол

 

СҰРАҚ: Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз “Үлкен сегіздіктің” халықаралық істердегі рөлі қандай деп ойлайсыз?

 

ЖАУАП: Егер “сегіздікке” қатысушы елдердің үлесіне әлемдік экспорттың 49 пайызы, өнеркәсіп өндірісінің 51 пайызы, ХВҚ ак­тивтерінің 49 пайызы келетінін ескерер болсақ, “Сегіздік тобы” – әлемнің барынша дамыған мемле­кеттерінің экономикалық және саяси бағытын үйлестіру­дің төтенше маңызды те­тігі екендігі әбден айқын болады. Осы саммиттің аясында бүкіл әлемдегі жүздеген миллион адам­дарды толғандыратын өзекті проб­лемалардың талқыланып жатқаны өте маңызды.

Солай болса-дағы “Үлкен сегіздіктің” рөлі оған кіретін мем­лекеттердің экономикалық және әскери әлеуетімен ғана емес, соны­мен қатар, ең алдымен, әлемнің жетекші державалары лидерлерінің жыл сайынғы кездесуінде талқы­ланатын адамзаттың барынша өткір проблемаларын шешу жөніндегі сындарлы серпіліспен айқын­далады.

Әр мүше елдің саяси ықпалын ескере отырып, саяси міндетте­мелер формасына көшетін бұл ше­шімдер көп ретте арналы көз­қарасты тұжы­рымдайды, ол бүкіл әлем қоғамдас­тығы үшін жақсы бағдар қызметін атқарып, кейіннен бүкіләлемдік институттар аясында әмбебап сипатқа ие болады.

Демек, “Үлкен сегіздік” орын­ды түрде осы заманғы саясаттың ше­шуші бейресми тетіктерінің бірі болып табылады. Бұл ғана емес, ол халықаралық қатынастардың бола­шағын немесе “жаңа әлемдік тәртіп” деп аталатынның негіздерін тұжы­рымдық түйсіну талдап жасалатын орталықтардың бірі.

“Сегіздік” – бұл жаһандық басқарудың жаңа орталығы және осы сипатта ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің орнын ауыстырғысы келетін шамшылдығын танытуда дейтін көзқарасқа қарсы тұрғыда, егер күн тәртібіндегі мә­селелерді талқылауға және келісілген шешімдерді талдап жасауға мүдделі мемлекеттерді, ең алды­мен, дамушы елдер мен басқа факторлардың мемлекеттерін тарту прак­ти­касы кеңейе түсетін болса, “Үлкен сегіздіктің” рөлі тек қана өсе түсетінін атап көрсету қажет. Жетек­ші индустриялық демо­кратия елдерінің сегіздік тобы халықаралық қатынастардың демократиялануын нығайтуға, қазіргі бар жаһандық проблемалар­ды әділ шешуге жәрдемдесе алады және жәрдемдесуге тиіс.

 

СҰРАҚ: Саммиттің Ресей ұсын­ған күн тәртібі туралы қандай пікір айтасыз?

 

ЖАУАП: Ресей осынау беделді форумға алғаш рет жетекшілік жа­сап отыр, алайда Ресей төраға­лы­ғының күн тәртібі осы заманғы дү­ниенің нақтылығы мен сынақ­та­рына сай келеді деп нық сенім­мен айтуға бола­ды. Прагматизм, өзек­тілік, ке­шендік сипат және нақты нәти­желерге бағдарланушы­лық – әлемнің жетекші державалары лидерлерінің талқылауы үшін таңдап алынған басымдықтарды біз нақ осылай сипаттаймыз.

Ресей бүгінде дүние жүзіндегі өзінің позициясын, планетаның тұрақтылығына, тұрлаулы дамуы мен өркендеуіне ерекше үлес қосуға қабілетті елдің позициясын қалпына келтіруде. Сондықтан төрағалық идеологиясы Ресейдің өзекті әлемдік проблемаларды шешуге қатысу мүмкіндігін ескере отырып, талдап жасалғаны заңды болып көрінеді.

Зор энергетикалық және ре­сурс­тық базасы бар мемлекет бо­лып табылатын Ресей жаһандық энер­ге­тикалық рыноктардың мөлдірлігін, болжамдылығын және тұрлаулығын арттыру мақсатында энергетикалық қауіпсіздіктің жаһандық проблема­ларын талқылау бастамасын көтерді. Бұл мәселелер өндірушілер мен тұ­ты­нушылар, сондай-ақ транзиттік мемлекеттер үшін бірдей деңгейде өзекті.

Жаһанданудың өскелең жағ­дайында білім мен денсаулық сақ­тау мәселелері тұрлаулы прогрестің кепіліне және ажырағысыз құрам­дасына айналуда, жаһандық эконо­микалық қауіпсіздік пен ұлттардың өркендеуі соларға байланысты болады. Осы мәселелерге жеткілікті назар аудармаушылық экономи­ка­лық даму жолында елеулі тос­қауыл­­дар туындата алады, бұл өз­деріне байланысты “қалыптаспаған мемле­кеттер” термині қолданы­латын үшін­ші дүниенің бірқатар мемле­кеттерінің мысалынан айқын көрінді және жаһандық сипаттағы бүлдіру­шілік салдары болмақ. Бұл сондай-ақ тұтас ұрпақтарды жақсы бола­шақ­қа деген үмітінен айыруы мүмкін.

Ресей төрағалығы ішкі мемле­кеттік, өңірлік және жаһандық дең­гейлерде жұқпалы ауруларға тиім­ділікпен қарсы тұруға мүмкін­дік беретін жүйелі көзқарасты негізге алып, кешенді шаралар талдап жасау ниетінде екендігі назар аудартады.

“Үлкен сегіздік” саммитінің тақырыбы Қазақстан мемлекетін дамыту басымдықтарымен ұқсас екендігін атап өтпеуге болмайды. Энергетика, білім беру және ден­сау­лық сақтау Қазақстанды 2030 жылға дейін дамыту стратегиясы­ның шешуші басымдықтарының бірі болып табылады. Біз Қазақ­стан­да Ресейдің дәуірлегеніне қуа­намыз және біздің елдеріміздің арасында қалыптасқан әріптестік деңгейін шын ниеттен мақтаныш етеміз.

 

СҰРАҚ: Сіз саммитте ТМД Төр­ағасы ретінде қандай мәселе­лерді қозғағыңыз келер еді және неліктен бұл тақырыптарды басым­дық деп санайсыз?

 

ЖАУАП: ТМД Төрағасы үшін саммит жұмысына қатысу – “се­гіздік” мүшелерімен әріптестік ық­пал­­дастықты, соның ішінде жоғары деңгейдегі “жеке білістік диплома­тиясы” арналары бойынша ықпал­дастықты кеңейту жөніндегі баста­ма­ларды іске асырудың маңызды бір бағыты. Қатысушылардың басты назарында өзекті халықаралық мә­селелер мен адамзаттың жаһандық проб­лемаларын шешуге деген жетек­ші әлем мемлекеттерінің ұжымдық көзқарасын келісу тетігі талқылана­тын болады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы әмбебап проблемаларды шешуге шоғырлану тұрғысынан эволюциядан өтіп келе жатқанын атап өткен жөн. Осыған байланысты адамзаттың осынау жаһандық проб­лемаларын шешу жөнінде бірлескен күш-жігер қабылдау қажеттігіне әлемдік қоғамдастықтың назарын аудартқымыз келеді.

 

СҰРАҚ: Сіз ТМД дамуының ди­на­микасын және бұл ұйымдағы істің қазіргі жағдайын қалай бағалар едіңіз?

 

ЖАУАП: Үстіміздегі жылы Тәуел­сіз Мемлекеттер Достастығы өз құрылуының 15 жылдығын атап өтеді. Өткен кезеңде Достастық егемен мем­лекеттердің өркениетті қалып­тасуына, олардың әрқайсысының өзіндік сыртқы саяси бағытын, экономика­лық даму моделін таң­дауына, азаматтық қоғамдастық құруына жәрдем­десудің маңызды тарихи миссиясын орындады.

Бірақ та, Достастық аясында ын­тымақтастықтың бірқатар бағытта­ры­ның ойдағыдай дамуына және қауырт экономикалық дамудың зор қажеттігіне қарамастан, мемлекеттік деңгейдегі халықаралық шарттар мен келісімдерде жазылған барлық өлшемдер іс жүзінде толық көлемде іске аса бермейді немесе орындал­майды. Сондықтан біздің ынтымақ­тас­тықтың бүгінгі жай-күйін қолда бар мүмкіндіктердің пайдаланыл­маған әлеуеті ретінде сипаттауға әб­ден болады. Осы жағдайлар Дос­тастық мемлекеттері басшыларының ТМД органдарын жетілдіру және реформалау қажеттігін түсіну себебіне айналды.

Бүгінгі күні бірінші кезектегі мін­деттер қатарында ТМД-ны дамы­тудың жаңа стратегиясын талдап жасау қажет болып көрінеді, ол Достастықтың барлық қатысушы мемлекеттерінің қажеттіліктері мен мүдделерін барынша ескеріп, осы заманғы әлемнің жаңа жағдайларына бейімделген болуы тиіс. Осы бағытта дәйектілікпен жұмыс жүргізілуде. Қазан саммитінің қорытындылары бойынша ұйымды одан әрі дамыту және реформалау жөніндегі ұсыныс­тарды талдап жасау үшін Достастық елдерінің интеллектуал­дары қата­рынан қалыптастырылған Жоғары деңгей тобы құрылды.

Біздің пікірімізше, болашақ ынтымақтастық жоспарында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің негізгі күш-жігері гуманитарлық сипаттағы міндеттерді шешуге, жаңа сынақтар мен қатерлерге қарсы тұру мәселе­леріне, Достастық мемлекеттерінің халықаралық аренада өзара саяси ықпалдасуына шоғырлануы тиіс. Достастық елдерінің ерекше мүдделі­лігі болашақта экономикалық дамы­ған елдермен, соның ішінде G8 ха­лық­аралық клубына кіретін әлемнің барынша өнеркәсіптік дамыған мем­лекеттерімен халықаралық ын­тымақтастыққа түсу перспекти­васынан көрінеді.

 

СҰРАҚ: Сізге ТМД елдерінің тал­қыланып жатқан, соның ішінде “Үлкен сегіздік” аясында да талқы­ланып жатқан үрдістер, адамзаттың алдында тұрған сынақтар мен проб­лемалар тұрғысынан интеграция­лану және ынтымақтасу перспективалары қандай болып көрінеді?

 

ЖАУАП: ТМД елдерінің сам­митте талқыланып жатқан мәселелер аясында ынтымақтастығына келетін болсақ, онда ұсынылған проблема­лар жеке мемле­кеттер үшін де, сол секілді өңірлік бірлестіктер үшін де өте өзекті болып табылатынын нық сеніммен айтуға болады. Мәселен, әр елдің энергиямен қамтамасыз еті­луі барған сайын әлемдегі тұр­лаулы экономикалық даму мен саяси тұ­рақ­­тылықтың өте маңызды фак­торы­на айналып келеді. Энергия тұтыну­дың жедел өсу проблемалары, мұнай және мұнай өнімдері рынок­тарын­дағы күрт тербелістермен жалғасқан жоғары бағалар, әлемнің энергияны тұтынатын өңірлерінің энергия та­сымалдаушылар импор­тына тәуел­ді­лі­гінің артуы әлемнің барлық мем­лекеттерінің және, соның ішінде, әлемдік рынокқа энергия тасымал­дау­шыларды негізгі жеткізушілердің бірі болып табылатын ТМД елдерінің басты назарында тұр.

Осы тұрғыда ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің ортақ энергетикалық рыногын қалыптастыру үшін құ­қықтық негіз болуға тиіс құжаттар­дың жобасымен жұмыс істеу өте маңызды. Осымен бір мезгілде ЕурАзЭҚ мемлекеттерінің Орталық Азия өңірінде су-энергетикалық реттеу мәселелерін кешенді шешу­мен байланыстыра отырып, Тәжік­стан мен Қырғызстанда су энерге­тикасы нысандарын салу мәселесі бойынша жұмыс жүріп жатыр.

Жұқпалы аурулардың таралу проблемасы әлемге төнген барынша қатерлі сынақтардың қатарына жатады. Бұл ретте ауруларға қарсы тұру оның туындау формаларын ғана емес, сонымен бірге олар пайда болатын әлеуметтік-экономикалық жағдайларды да ескеретін кешенді көзқарасты талап етеді. ТМД кеңіс­тігінде бар интеграциялық бірлестік­тер аясында осындай жұмыс жүргізі­ліп жатыр, бұған ТМД мен ЕурАз­ЭҚ-та денсаулық сақтау бойынша кеңестер құрылуы жәрдемдесті.

ТМД елдерінің көп назары білім беру мәселелеріне аударылып отыр. Мәселен, 2004 жылы Достастық үкіметтерінің басшылары Орта (жалпы) білім, бастауыш кәсіби және орта кәсіби (арнаулы) білім туралы құжаттарды өзара тану және баламалылығы туралы келісімге қол қойған болатын. Алайда, практика көрсеткеніндей, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің біртұтас білім беру кеңістігін қалыптастыру – ұзаққа созылатын, тиісті мемлекетаралық бағдарламалар негізінде ТМД мемле­кеттерінің білім беру жүйелерін жақындастыру жөнінде көп жұмыс жүргізуді талап ететін үдеріс.

G8-ге қатысушы мемлекеттерде де, сол секілді ТМД мемлекеттерінде де өзекті мәселелерді шешу үшін жеткілікті әлеует бар екенін атап өткім келеді. Осы форумға қатысу тең құқылы және өзара тиімді ынтымақтастықтың бастауы болады деп үміттенемін.

 

2006 жылғы 13 шілде.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат