Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2006-07-25:

ТМД-ны реформалау бағдарламасы. Ол қандай болуы керек?

 

Тәуелсіз Мемлекеттердің Дос­тастығы дегенде, ең алдымен Қа­зақстан Республикасының Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі және Алматы Декларациясы аталады. Өйткені, осыдан он бес жылдай уақыт бұрын бір кездегі біртұтас Кеңес Одағының ыдырау кезеңіндегі сын сағатта Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев КСРО аумағында саяси жанжал­дарға жол бермеуге бастайтын сындарлы ұстанымда болғаны әлем жұртшылы­ғына жақсы мәлім.

Экономиканы екінші кезекке қалдыруға болмайды, ол уақыты жеткенде, әйтеуір бір сөзін айтары хақ. Өткен кезеңдерге көз жүгіртер болсақ, Кеңес Одағы елдері ара­сында интеграция мен өзара іс-қи­мыл идеялары туындағанда, дәлірек айтқанда, Белорусияның, Ресейдің және Украинаның 1991 жылғы 8 желтоқсанда Беловеж келісіміне қол қоюы, соның артынша Орта­лық Азия республикалары басшы­ларының Ашғабадта кездесуі еске түседі. Кешегі біртұтас елдің аума­ғында түркі және славян одақта­рының құрылуы өте қауіпті екен­дігін білген Қазақстан басшысы оқиғаның дәл осылайша дамуына жол бермеуге бар күш-жігерін сал­ған еді. Нәтижесінде 1991 жылғы 21 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев­тың ұсынысы бойынша Алматыда он бір тәуелсіз мемлекеттер басшы­ларының кездесуі өтіп, тараптар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрды. Бұл факті Алматы Декла­рациясына жазылды.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достас­ты­ғының құрылып, жұмыс істей бастауы Достастыққа мүше елдерді болуы ықтимал жанжалдардан сақтап қалды. Ал Қазақстан қол жет­кізілген уағдаластықтардың бар­лы­ғын іске асыруды жақтай оты­рып, ТМД-ға қатысушы елдердің интеграциясын тереңдетуді дәйекті түрде жүргізіп келеді. Осының негізінде 1992 жылғы 15 мамырда ТМД-ның бес мемлекеті басшыла­ры қол қойған Ұжымдық қауіпсіз­дік туралы Шарт дүниеге келді. Жа­сыратыны жоқ, әртүрлі жағдай­ларға байланысты ТМД елдерінің басшылары Достастықтың мақсат­тары мен міндеттерін бір мәнде қа­былдай алмады. Кейбір мемле­кет­тер арасындағы қарым-қатынаста шы­найы сенім білдірудің жетіспеу­шілігі белгілі бір дәрежеде ТМД-ның тиім­ді жұмыс істеуіне кедергі келтіріп те отырды. Дегенмен, Қа­зақстан Рес­публикасының Пре­зиденті Нұрсұл­тан Назарбаевтың бастамашы бо­луымен құрылған Тәуелсіз Мемле­кеттер Достастығы ұйымы өзінің тарихи миссиясын орындады деп айтуға болады. Бұл мәселені ТМД-ның бейресми саммитінде  ТМД-ны реформалау туралы сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев нақты ұсыныс­тармен  атап өтті.

Ағымдағы жылдың желтоқса­нында Тәуелсіз Мемлекеттер Дос­тастығының құрылғанына 15 жыл толады, деді Қазақстан Президенті. КСРО ыдыраған 90-шы жылдар­дың аумалы-төкпелі кезеңінде посткеңестік  елдердің ТМД аясына бірігуі бірегей дұрыс шешім болды деп есептеймін. Бүгінде аса ірі мемлекеттің ыдырауы салдарынан туындаған қиындықтарды жеңілде­туде және айтуға ауыр сценарийлер бойынша бас көтеретін жағдайлар­дың алдын алуда Достастық жа­ғым­ды рөл атқарғанын толық се­німмен айтуға болады. Сол уақыт­тағы осындай сипаттағы міндет­терді шешу арқылы ТМД өзінің тарихи миссиясын орындады. Көпшілік осы көзқараспен келіседі деп ойлаймын.

Достастық өзінің жұмыс істеу кезеңдерінде үлкен институцио­налдық эволюциядан өтті, бүгінде 280 миллион адамды құрайтын 12 мемлекетті біріктіріп отыр. Біздің елдеріміздің барлық бағыттағы ын­тымақтастығына арналған келісім­дік-құқықтық ауқымды базасы жасақталды. ТМД-ның жарғылық және атқарушы органдары, 70-тен астам үйлестіруші салалық құры­лым­дары жұмыс істейді. Кең ау­қымдағы осындай өзара іс-қимылға қарамастан, Достастық бірқатар субъективті және объективті се­беп­терге байланысты ынтымақтас­тық­тың толыққанды тиімді интег­ра­циялық механизмдері бола алмады.

Бұдан кейін ТМД Төрағасы Достастықтың құқықтық базасына тоқталды. Достастық мүше мем­лекеттерді посткеңестік кеңістіктегі аса өткір ішкі жанжалдарды шеше­тін унификациялық заңнамалармен қамтамасыз ете алмады, деді Қазақ­стан Президенті. ТМД аясында еркін сауда аймағын, төлем одағын, бірыңғай қорғаныс кеңістігін құру секілді ірі интеграциялық жобалар жүзеге асырылмады. Соның салда­ры­нан соңғы уақытта Достастық кеңіс­тігінде дезинтеграциялық тен­денциялар күшейе түсті. ТМД-ның қазіргі моделі аясында бүгінгі күні қатысушы мемлекеттерді біріктіруге арналған жалпы күн тәртібі түзілмеген. Жаһандану жағдайында біздің елдердің интеграциялық мүмкіндіктерін жүзеге асырудың тиімділігі жоғары екені анық.

Ағымдағы жылдың мамырында Қазақстан ТМД төрағалығын қа­былдады, деді Нұрсұлтан Назар­баев әрі қарай. Алдағы уақыттарда Достастықты біздің көз алдымызға елестету трансформациясы мен дамуын Сіздердің назарларыңызға ұсынуды қажет деп санаймын. Менің тапсыруым бойынша Дос­тас­тықтың 1991-2006 жылдары жа­салған келісімдік-құқықтық база­сына талдау жасалып, атқарушы ор­гандардың жарғыларына, сала­лық органдардың ынтымақтастық жұмыстарына зерттеулер жүргізілді.

Бүгінгі күні ТМД аясында 1600-ден астам құжат қабылданған, қа­зіргі кезде оның 10 пайызға жуығы жұмыс істейді. ТМД-ның норма­тив­тік базасының басты мазмұнын­дағы жетімсіздік рамалық келісім­дер үлес салмағының жоға­ры бо­луында жатыр. Олар негіздерді құруда және интеграцияны дамыту­дың бастапқы кезеңдерін жақын­дату мүмкіндігінде жағымды рөл атқарды, бірақ қазір жаңа заман та­лабына жауап бермейді. Жүргізіл­ген талдаулар ынтымақтастыққа ба­ғытталған нормативтік базалар­дың бірқатары өзекті, өзара мүдделерге жауап беретіндігін көрсетті.

Бұдан соң Қазақстан басшысы әріптестеріне ТМД-ны реформа­лаудың бағдарлама вариантын ұсынды. ТМД мемлекеттері ара­сын­да объективті өзгешеліктер бар, олардың халықаралық өмірдегі және аймақтық саясатты айқындау­дағы ықпал ету дәрежесі прагма­тиктік сайлау және аса ерекше бағыт пен тарихи кезеңдердегі өзара тиімді ынтымақтастықта нақты­лануы қажет, – деді Президент. Жаңартылған ТМД-ның басым­дық­тары ТМД мемлекеттерінде қо­ныстанған барлық халықтардың мүд­десіне қызмет ететіндей сәйкес­тікте болуы тиіс. Осыған байланыс­ты Сіздерге ұсынылып отырған ТМД-ны реформалаудың бағдарла­ма­сы вариантында интеграцияның мынадай бағыттары айқындалған.

Біріншіден, жаһандануда және еуразиялық кеңістікте болашақ эко­номикалық интеграция жағ­дайын­да көші-қон саясаты аясын­дағы ынтымақтастық белсенділігі арта түседі. Еңбек көші-қонын жә­не заңсыз көші-қонды бірлесе ес­кер­тулер бойынша өзара іс-қимыл­ды кеңейту аясында ұлттық заңна­ма­ларды үндестіру қажеттігі туады.

Екіншіден, көліктік инфрақұры­лым­дарды дамыту және бірлесе пай­­далану мәселелері өзекті бо­лады. ТМД елдерінің барлығы дер­лік көлік коммуникациялары мен байланыс желілерінде бір-бірімен байланысты, жалпы энергожүйесіне кіреді, әуе қозғалысын басқару жүйелері интег­рацияланған, мұнай-газ құбырлар желісін бірлесіп пайдаланады.

Біздің көзқарасымызша, темір жол, автомобиль көлігі, азаматтық авиация, сондай-ақ құбыр желісі мен энергожүйені пайдалануда өзара іс-қимылды кеңейтіп, оларды іске қосудың тиімділігін арттыру қажет.

Үшіншіден, мектепте білім беруден бастап, біліктілігі жоғары мамандар дайындауға дейінгі ғылыми-білім беру саласындағы ын­тымақтастықты кеңейту өзекті бо­лып табылады. Бұл біздің елдері­міз­дің жалпы білім беру кеңістігін­дегі ғылыми-интеллектуалдық мүмкіндігімізді арттырады.

Бұл салада қалыптасқан ынты­мақ­тастыққа қатысты құқықтық база негізінен қызмет етуде, бірақ ол жетілдіруді қажет етеді.

Төртіншіден, мәдени-гуманитар­лық ынтымақтастық перспективасы айтарлықтай мәнге ие болып отыр. Мәдени-гуманитарлық саладағы өзара қарым-қатынас деңгейі біздің халықтарымыздың бейбітшілікте өмір сүріп, елдерімізде толеранттық саясатты және түрлі ұлттар ара­сындағы өзара түсінушілікті дамытуға тығыз байланысты.

Бесіншіден, бұл мәселелер – трансшекаралық қылмысқа қарсы іс-қимыл ТМД елдерінің барлығы үшін өзекті.

Ұйымдасқан қылмыс, заңсыз есірткі айналымы, заңсыз көші-қон, адам саудасы және басқа да қауіп-қатерлер трансшекаралық сипатқа жатады, оларға тек бірлес­кен күш-жігердің арқасында ғана қарсы тұруға болады. ТМД-ға мүше мемлекеттер барлық осы пробле­ма­ларға бірдей келіп, шешім қабыл­даса, қалыптасқан дағдарысты жоюға  болады.

Бүгінде ТМД елдерінің күш бі­рік­тіруінің арқасында кешенді құ­қықтық және трансшекаралық қыл­­мысқа қарсы іс-қимыл жүйесі құрылып, жақсы жұмыс істеп ке­леді. Сондай-ақ қылмысқа, лаңкес­тікке, есірткі құралдарының заңсыз  айналымына қарсы күрес ынты­мақ­тас­тығы туралы бірқатар келі­сімдер де қайтарымын беріп отыр.

Қазақстан Президенті ТМД-ның құрылымдарын жаңартуды да ортаға салды. ТМД-ның тиімсіз органдар жүйесі мен құрылымдары қайта жаңартуды қажет етеді, деді осы жөнінде. Олар ұсынылып отырға­нын­дай, ынтымақтастыққа бағыттал­ған таңдаулы басымдық­тарды жүзеге асыруға тікелей байланысты болуы қажет, деді ТМД Төрағасы.

Аталған басымдықтарға сәйкес ТМД-ның жарғылық органдары құрылымында Мемлекет басшыла­ры­ның Кеңесін, Сыртқы істер ми­нистрлері кеңесін, Парламентаралық Ассамблеяны сақтау ұсынылады.

Қалған жарғылық органдар – Үкімет басшыларының кеңесін, Қорғаныс министрлері кеңесін, Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесін, Экономикалық сот, сон­дай-ақ мәлімденген, бірақ қазіргі кезге дейін құрылмаған Адам құқықтары жөніндегі комиссияны тарату керек деп есептейміз.

Мемлекет басшылары самми­тінің шешімі консенсустық сипат­та, оны қабылдауға қатысқан қаты­су­шы мемлекеттердің барлығы үшін міндетті болуы тиіс. Бұл Дос­тастық аясында саяси интеграция­ны нығайтуға жетелейді. Ұсыныл­ған бағдарламадағы жаңашылдық – ұлттық үйлестірушілер инсти­ту­тын құру болып табылады. Бұл мем­лекетаралық ынтымақтастықты атқарушы негізгі орган, ол мысалы қатысушы елдер үкіметтерінің вице-премьерлері дәрежесінде ұсы­нылады. Ұлттық үйлестірушілердің міндетіне интеграциялық күн тәр­тібін айқындап, ТМД аясындағы ынтымақтастықтың перспективалы стратегиясын дайындауға ықпал ету жатады.

“Үлкен сегіздіктің” функцио­наль­ды механизміне ұқсас бұл ұлттық үйлестірушілер өз кезегінде ТМД-ның барлық саммиттерін өт­кізуге дайындық жұмыстарын  жү­зеге асыратын болады, деді Нұрсұл­тан Назарбаев сөзінің соңында. “Үлкен сегіздіктің” шерптері секіл­ді ұлттық үйлестірушілер келісілген қорытынды құжаттардың жобасы­нан бастап, Мемлекет басшылары­ның шешімдерін жүзеге асыруға дейін­гі нақты шараларды дайындайды.

ТМД-ның Атқарушы комитетін оңтайландыру өз кезегінде оны қайта ұйымдастыруға, соның ба­засында ТМД аясындағы интегра­цияға бағытталған басымдықтарға сәйкестендірілген 4-5 департамент құрып, олардың жаңа тұжырымда­ма­сын жасау ұсынылды. ТМД-ның Атқарушы комитеті саммиттер аралығындағы кезеңде қабылданған шешімдер мен ТМД-ның салалық ынтымақтастығы органдары қыз­метін үйлестіруде Ұлттық үйлес­ті­рушілер комитетінің жұмыс органы болады. Болашақта құрылатын Ұлттық үйлестірушілер комитеті мен ТМД-ның қазіргі Атқарушы комитеті арасындағы бірінің өкілеттілігін екіншісі қайталау функциясын болдырмайды.

ТМД-ның салалық органдары арасындағы ынтымақтастық құры­лымдарындағы кеңестер, комис­сия­лар мен комитеттер саны бүгін­де 70-тен асады. Сондықтан сала­лық кеңестерді қысқарту немесе олар­ды әртүрлі деңгейдегі  ведом­ство­арлық кеңесші органдарға айналдыру ұсынылып отыр. Достастық институттарын оңтай­ландыру жөніндегі ұсынылған шаралар жүзеге асырылса, ТМД-ға мүше мемлекеттердің ынтымақтас­тығы нығая түсетіндігіне сенемін.

Ұсынылып отырған шараларды техникалық тұрғыдан жедел жүзеге асыру үшін Достастықты жаңартуға бағытталған іс-қимыл жоспарын дайындайтын арнайы жұмыс тобын құруды ұсынамын. Сіздерді ұсы­нылған осы бастамаларды қолдауға шақырамын, деп қорытты сөзін Н.Назарбаев.

Нұр­сұлтан Назарбаев сол күні басқа президенттермен бірге   Мәскеудің орталық ипподромында Ресей Президен­тінің кубогы үшін өткен ат жарысын тамашалады және Ресейдің “Вести” телеарнасы­ның тілшілеріне сұхбат берді.

 

Достастық Төрағасының бастамасы – БАҚ назарында

 

ТМД-да шешімдер консенсус­пен қабылданып, барлығы үшін міндетті болуы тиіс. Бұл туралы қазіргі кездеТМД-ға төрағалық етуші Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев 22 шілдеде Мәс­кеуде аяқталған Достастыққа қаты­сушы мемлекеттер лидерлерінің бейресми саммитінің қорытынды­лары бойынша  мәлімдеді.

“Барлығын қанағаттан­дыра­тындай шешімдер қабылдау керек. Құжатпен келіспейтін және қол қоймайтын, әлбетте, оны орында­майтын мемлекеттер болмауы тиіс” – Ресей ақпарат агенттіктері Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзінен осындай дәйексөз келтірген.

Қазақстан Президенті өзара ықпалдасудың өзекті бес саласын атап өтті, олар: көші-қон саясаты, көлік, білім беру, бүгінгі күннің сы­нақтарына қарсы күрес мәселелері және гуманитарлық ынтымақтас­тық. Бұған қоса саммитте осы ті­зімді халықаралық саясат пен қор­ғаныстағы бірыңғай көзқараспен толықтыру қажет деп шешілді.

Нұрсұлтан Назарбаев өзі айтқан идеяларға сәйкес ТМД құрылымын қайта құруды ұсынды. Оның сөзі бойынша, әр ел премьер-минис­трінің орынбасары реформалау бағдарламасын жасауға тиіс. “ТМД мемлекеттері басшыларының Мин­скідегі кездесуіне қарай біз нақты мәселелерді талқылап, шешім қабылдауға уағдаластық”, деді Қазақстан Президенті.

Ол сондай-ақ ТМД жұмысына талдау жасаған сарапшылардың пікірі бойынша, ұйым құрылғаннан бері қабылданған 1600 құжаттың 10%-дайы жұмыс істейтінін атап өтті. “ТМД мемлекеттері бұл ұйымның жұмысына разы еместігі, ал кейбіреулері өте разы еместігі баршаға мәлім”, – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге ол былай деді: “ТМД-ның орасан еңбегі мынада, ТМД президенттердің кездесулері мен пікірталастарында үнқатысу алаңы болып табылды, ол Достас­тық мемлекеттері арасында ешқан­дай қанды қақтығыстарға жол бермеді… ТМД барлық мемлекет­тер­ге тыныш дамуға, өз тәуелсіз­діктерін нығайтуға, шекараларын анықтауға, өзінің тірек нүктесін, экономика мен саясатта даму жолын табуға мүмкіндік берді”.

Алайда, Нұрсұлтан Назарбаев­тың пікірі бойынша, “бүгінде ТМД-ға және оның мүмкіндік­теріне жаңаша қарау қажет”. Ол интеграция Достастықтың барлық елдеріне керек екеніне сенімді.

Достастық Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мойындауына қара­ғанда, қазір “ТМД үшін күрделі уақыт”. Алайда, оның пікірі бойын­ша, “ТМД КСРО-ның ыды­рауы кезеңінде асқан ұлы рөл ат­қар­ды және барлығы да біз ажы­расу мен тәуелсіздіктің қаз тұруы үдерісін қақтығыстарсыз және үлкен қан төгулерсіз өткеніміз үшін оған ризашылықта болуы тиіс”.

Н.Назарбаев ТМД бойынша әріптестерін Достастықтың 15 жыл­дығында (2006-ның желтоқ­саны) ТМД-ны “сілкінту”, бірлестікті бар­лық қатысушылар үшін әлде­қай­да қызықты және тартымды ету үшін Қазақстанда кездесуге шақырды.

 

МЕЖДУНАРОДНИК.РУ 

Кремльде ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуі аясында келіссөздер болды. Оған Ресей, Әзірбайжан, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері қатысуда.

Кездесудің орталық тақырыбы – ТМД-ны реформалау. Әңгімені бастаған Владимир Путин әріптес­теріне Достастықты дамыту жөнін­дегі Қазақстанның ұсыныстарына көңіл аударуды ұсынды. ТМД-ның қазіргі Төрағасы Нұрсұлтан Назар­баев кездесу қарсаңында Достастық елдерінің лидерлеріне талқылауға шы­ғармақ болған жобасын жолда­ған екен.

 

Кездесу аяқталғаннан кейін ТМД Төрағасы, Қазақстан Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев хабар­лағанындай, ұйымның 15 жылдық қызметіне сарапшылар жүргізген талдау Достастық құрылымдарын ре­формалау қажеттігі туралы тұжы­рымға әкелген. Бір ғана жәйттің өзі көңілді құлазытар еді. ТМД құ­рылған уақыттан бері қабылданған 1600-ге жуық құжаттың оннан бір бөлігі ғана нақты жұмыс істейтін көрінеді. “ТМД мемлекеттері бұл ұйымның жұмысына разы еместігі, ал кейбіреулері өте разы еместігі баршаға мәлім”, – деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев пост­кеңестік кеңістіктегі ең ақылман саясатшылардың бірі ретіндегі бе­дел­ге ие болған, оған стратегиялық саяси ойлау тән қасиет. Ол бұрын­ғы КСРО аумағында болып жатқан үдерістердің көптеген қырлары туралы жақсы хабардар. Қазақстан басшысының заңдардың лайықты тұрғыда орындалмауы үшін жауап­кер­шілікті олардың атқарушылары­на итеріп салмауы кездейсоқ емес болар. Оның пікірінше, проблема­ның түпкі мәні басқада. ТМД-ны құр­ған кезде британ тәжірибесі не­гізге алынған. “Британ достасты­ғында мемлекеттер түрліше қарым-қа­тынаста болатынын ескермес­тен”, шешуші болып “Дос­тастық” тер­мині белгіленген болатын. “Анық­таулардың өзінде дұрыс тү­сінбеушілікке жол берілді”, – дейді Назарбаев. Соның салдарынан бұл ТМД-ның бір елдері құжаттарға қол қойып, басқалары қол қой­мауы­на соқтырды. Ал саммит­тердің өзі уақыт өте келе іс жүзінде “пре­зиденттердің кездесу клубына” айналды.

“ТМД-да шешімдер консенсус­пен қабылданып, барлығы үшін мін­детті болуы тиіс” – Достастық­тың ішінде қатынастар одан әрі да­муға тиіс өзекті қағидатты Нұр­сұлтан Назарбаев осылайша тұжы­рым­дады. Ол ТМД-ның барлық ел­дерін қана­ғаттандыра алуы мүмкін ынтымақтас­тықтың бес шешуші кестесін ұсынды. Олар: көші-қон саясаты, көлік, білім беру жүйесі, бүгінгі күн сынақтарына қарсы күрес мәселесі және гуманитарлық проблема.

Алайда, сайып келгенде, алдағы кезде ТМД осы бес “китпен” шек­телмейтін болады. Назарбаевтың сөзіне қарағанда, Мәскеу кездесуі­не қатысушылар ТМД-ның ішіндегі өзара ықпалдастықтың мүмкін болатын кестесі ретіндегі аталған бес қағидатқа, сондай-ақ халықара­лық мәселелерге бірыңғай көз­қарас­ты және қорғаныс саясатына қатыс­ты ортақ кеңістікті қосуды ұсын­ған. Назарбаевтың пікірі бойы­н­ша, мұндай интеграция Дос­тастықтың барлық елдеріне керек. “Ресей осындай интеграцияны іл­герілетудің орталығы және моторы болуы тиіс”, – деп мәлімдеген Қазақстан Президенті Солтүстік Америкада мұндай орталық – АҚШ, Оңтүстік Америкада – Бразилия, ал Азияда –Жапония мен Қытай болып табылатынын мысалға келтірді.

ТМД тәжірибесі идеяларды тұ­жы­рымдап, оларды құжатпен бекітудің аз екенін көрсетіп берді. ТМД-ны реформалау жөніндегі барлық идеялар “шаң астында” жә­не атқару деңгейінде тұрып қалмас үшін, әлбетте, Назарбаев тағы бір ұсынысты тұжырымдады. “Үлкен сегіздік” саммиттеріне ұқсатып әр ел премьерінің орынбасары, оның пікірінше, “өзіндік шерптер” рөлін атқару тиіс. Яғни, ТМД-ның күзде болатын ресми саммитінің алдында ұсыныстарды қорытып, Достастық­т­ы реформалау жөніндегі бағдар­ла­маны жасайды. “ТМД мемлекеттері басшыларының Минскідегі қараша кездесуіне қарай біз нақты мәселе­лерді талқылап, шешім қабылдауға уағдаластық”, – деп қорытты ТМД Төрағасы.

 

 ТМД-ның бейресми саммитінің басты тақырыбыәлемде болып жатқан оқиғаларды талқылау және ТМД-ны реформалау. Талқылау үшін басты тақырып – ТМД-ны ре­формалау. Достастықты өзгерту жо­басын Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев ұсынады, Қа­зақстан Президентімен, айта ке­тейік, Путин жуырда ғана – “Үл­кен сегіздіктің” Санкт-Петербург­тегі саммитінде кездескен болатын.

 

М.В.Ломоносов атындағы ММУ ақпараттық-талдамалық орталығы­ның сарапшысы Алексей Власов­тың пікірі бойынша, Қазақстан басшылығы теория тұрғысында емес, практикада жоғары мемлекет­тік шенеуніктер арасында сыбайлас жемқорлық проблемасын шешудің оң нұсқасын көрсетіп отыр. ҚР-да сы­байлас жемқорлыққа қарсы кү­рес туралы заң 1998 жылы-ақ қа­был­­данған, былтырғы жылы 2010 жылға дейінгі сыбайлас жемқор­лық­­қа қарсы іс-қимылдың кең ау­қымды бағдарламасына қол қойыл­ған. “Сондықтан ресми Астананың іс-қимыл қисыны шамамен мына­дай – G8 елдерінде сыбайлас жем­қ­орлыққа қарсы күрес үдерісі жаңа кезеңіне енді ғана көшті, ал Қазақ­станда ол толық қарқында жүріп жатыр. Мұндай жетістіктер туралы үндемей-ақ қоюға болады. Ерте ме, кеш пе, оларды бағалай жатады. Әсіресе Ресейде Президент сайлауы жақындауына қарай сыбайлас жем­қорлыққа қарсы тақырып ұлттық жоба сипатына ие бола береді”, – деп атап өткен сарапшы.

 

ТМД-ны реформалау мәселесін талқылау кезінде Достастық құры­лым­дарының қызметін жетілдіру жө­ніндегі ұсыныстар бағдарлама­сы­мен Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев сөз сөйлейді деп күтілуде. Бұдан бұрын ол былай деп мәлімдеген болатын: “қазір біз ТМД-ның атқарушы органдарын қайта құру тұрғысында жұмыс істеп, ұйымды барлық қатысушы­лар үшін әлдеқайда тартымды жа­сайтын боламыз”. “Бізге тиімсіз жұ­мыс істейтіндерден бас тартып, бар­лық қатысушыларды қызықты­ра­тын нәрселерді қосатын бола­мыз”, – деп түсіндірді Қазақстан лидері.

 

 

Назарбаев ТМД-ны міндетті шешімдер қабылдайтын толыққан­ды халықаралық ұйымға айналдыр­ғысы келеді, алайда сарапшылар реформаны жүргізу мүмкін бола­тынына күмән келтіреді.

Саммиттің басты саяси қоры­тындысы – ТМД-ны бұл ұйымды ешкімді ештеңеге міндеттемейтін құрылымнан посткеңестік кеңістік­тен тыс жерлерде де ықпалды саяси тетікке айналатындай етіп рефор­малау керек.

 

 

ТМД-ның Мәскеудегі бейресми саммитіне қатысушылар Достас­тықты реформалауды талқылады.

Тиісті жобаны ТДМ-ға төраға­лық етуші Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев таныстырды. Оның сөзіне қарағанда, Достастық қабылдаған барлық құжаттардың 10%-ы ғана “жұмыс істейді”. На­зарбаев ТМД шешімдерін барлық қатысушы елдердің орындауы үшін міндетті етуді ұсынды.

 

Саммиттің басты мәселесі – ТМД-ны реформалау перспекти­ва­сы бойынша “ұсынған адам атқар­сын шешімі” қабылданды. Бұл үшін жауапты етіп посткеңестік кеңістіктің басты интеграторы – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты тағайындады. Барлығын қанағаттанды­ратын­дай шешімдер қабылдау керек. Құ­жатпен келіспейтін және қол қой­майтын, әлбетте, оны орындамай­тын мемлекеттер болмауы тиіс, – деді Назарбаев. – Шешімдер консенсуспен қабылданып, барлы­ғы үшін міндетті болуы тиіс.

Оның сөзіне қарағанда, барша­ны қанағаттандыратындай кестелер табу қажет болды. Қазақстан Президенті өзі ұсынған бес кестені санап шықты: бұлар көші-қон саясаты, көлік, білім беру жүйесі, бүгінгі күн сынақтарына қарсы күрес мәселесі және гуманитарлық проблема. Саммитте аталған бес тақырыпқа халықаралық мәселе­лердегі біртұтас көзқарасты және қорғаныс саясатына қатысты ортақ кеңістікті қосу ұсынылды.

 

КОММЕРСАНТ 

Нұрсұлтан Назарбаев әріптесте­ріне бес тақырыпқа: көші-қон, көлік саясаты, білім беруге, “бүгінгі күн сынақтарына” және “гумани­тарлық проблемаларға” назар аударуды ұсынды. Әріптестері, Қазақстан Президентінің айтуына қарағанда, назар аудару қажет бо­латын тақырыптар тізімін кеңейте түскен. Осылайша, “халықаралық саясат” пайда болып, президенттер халықаралық аренада топтасты­рылған қағидаттық ұстанымда болу керек деп шешті. Жаңа ұйым “сегіздік” секілді “шерптермен” – қа­тысушы елдер үкіметтер басшы­ларының орынбасарларымен жұ­мыс істейтін болады.



Авторы: Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат