Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2006-07-29:

Ақ тілектер ағыны

 

“Елорда” баспасы таяуда ғана “Ақ тілектер ағыны. От чистого сердца” деген атаумен Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңсесі қазақ және орыс тілдерінде әзірлеген кітапты жарыққа шығарды. Бұл жинақта мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атына Президент болып қайта сайлануына байланысты келіп түскен құттықтаулар көрініс тапқан.

 

Қазақстан Республикасы Президен­тінің кезекті сайлауы өткізілген 2005 жыл – тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы мемлекетіміздің алдағы жеті жылдағы даму бағдарын айқындап берген маңызды белес болып қалды. 2005 жылғы 4 желтоқсандағы сайлау кейбір саяси “сілкіністерді” көксеу­шілердің күткен үмітін ақтамай, бұрын болып көрмеген қоғамдық-саяси өрлеу ахуа­лы мен бүкілхалықтық қолдау жағ­дайында өтіп, азаматтарымыздың демокра­тиялық нормалар мен құндылықтарды құрметтеуге деген ықыласының айқын айғағына айналды. Өз дауыстарының көпшілігін қазір қызмет атқарып жүрген Президентімізге беруі арқылы көп ұлтты Қазақстан халқы тәуелсіздік жылдарында кездескен үлкен қиындықтар мен пробле­маларға қарамастан, қажырлылықпен жүзеге асырылған саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалардың нәтижеле­рін оң бағалап, бұрын болып көрмеген осындай ілгерішіл өзгерістердің бастама­шысына айналған тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи еңбегін алғыс сезіммен мойындады әрі ел басқару тізгінін сыннан өткен осы сенімді ұлына өз қолдарымен тапсырды.

Ұлттық және халықаралық жұртшылық­тың беделді өкілдері сол күндері дәл әрі бір ауыздан атап көрсеткеніндей, Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді әрі таңқаларлық жеңіс салтанаты оның жеке өзінің ғана емес, бүкіл халқымыздың және Қазақстан­ның шетелдік достары мен серіктестерінің де ортақ жеңісі болды. “Назарбаевтың жеңісі – ұлттың жеңісі!” – бүкіл халық болып сайлаған сәттен бастап Н.Ә.Назар­баевтың атына еліміздің азаматтарынан, шет мемлекеттердің басшылары мен ірі саяси қайраткерлерінен, аты әлемге әйгілі компаниялардың, аса ірі кәсіпорындардың жетекшілері мен еңбек ұжымдарынан, белгілі отандық және шетелдік қайраткер­лерден, түрлі әлеуметтік топтар мен буын­дардан келіп түскен көптеген құттық­таулардың, жеделхаттар мен хаттардың өзегі, міне, осындай еді.

Құттықтаулардың бәрі де Елбасымыз­дың жеке өзіне арналуына байланысты, мұның өзі негізінен оның жеке хат жазысу құндылығы екендігіне қарамастан, олардың мазмұны сол жекеліктің шек-шегарасынан көбіне-көп асып кетіп жататындығын аңғару қиын емес. Себебі, солардың қай-қайсысы да ешбір асырып айтпай-ақ, іс жүзінде дәуірге деген көзқарас пен шын­дыққа деген қарым-қатынасты танытып, осы эпистолярлық жолдауларға ерекшелік пен сенімді құжаттардың сипатын береді.

Жинақты құрастырушылардың осы хаттардың мазмұнына жасаған талдаулары бұл құттықтаулардың жалпы мәні мен мақсаты – шынайы құрмет пен жаппай және қалтқысыз қолдауды білдіру екендігін көрсетті. Сондай-ақ бұл корреспонден­циялар беттерінен қоғамымыздың жекеле­ген мүшелері тарапынан еліміздің әлеумет­тік-экономикалық дамуының қазіргі жетістіктеріне берген бағаны да байқауға болады. Онда отандастарымыз Елбасымызға өздерінің келешек күнге деген үміті мен арман-мұңдарын жеткізгісі келетіні сезіледі. Ал шет мемлекеттердің басшылары мен қарапайым азаматтарының құттықтау хаттары мен жеделхаттарындағы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атына ерекше бір ризашылық пейілмен айтылған жылы шуақ­ты тілектер біздің елімізді танып, мойын­дауы мен құрметінің де белгісі екені анық.

Халқымыздың тарихы бір оқиғаға байланысты Мемлекет басшысының атына 2000-нан астам құттықтау хаттар түскен өзге жағдаятты білмейді. Қазақстан Рес­публикасы Тұңғыш Президентінің мұра­жайына келушілерді осы сандық рекордтық көрсеткіштің өзі де таңдандыратын шығар, бәлкім. Келешекте бұл құттықтаулар осы мұражайдан орын алмақ.

Әрине, оқырман үшін бұл тақырыптық коллекцияның сапалық жағы да маңызды екені сөзсіз. Олар тек бір ғана – құттық­таулар жанрына жататындығына қарамас­тан, өздерінің ішкі философиялық және стильдік тұрғыдан әр алуандығымен, шабытпен жазылуымен, әсем де ақылды пікірлерімен тәнті етіп қана қоймай, кейде тіпті санаңды адами толғаныстарымен тебірентеді.

“Мен келешегімізді, отбасымды, бала-шағамды ойлап барып дауысымды Сізге бердім, – деп жазады Аида Мұңайтпасова Елбасымызға Алматы қаласынан жолдаған хатында. – Менің сайлауға қандай мақта­ныш сезіммен барғанымды білсеңіз ғой! Мен өзімнің бойымда жаңа пайда болған қуаныш сезімін аңғардым, мен – пат­риотпын, мен өз Отанымды сүйемін, сон­дықтан елімде ең жақсы Президент болғанын қалаймын. Алғашқы алдын ала белгілі болған нәтижелерді хабарлағанда менің көзіме ертеңгі күнімізге деген қуаныш жасы үйірілді”.

“Сізді Елбасы болып 91 процент дауыс алып, үлкен жеңіске жетуіңізбен құттық­таймын! Сізді сайланады деп немереме Нұрсайлау деп ат қойдық. Мақсатымыз орындалды”, деп жазылған Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы Төменарық ауылында тұратын Мұсабай Серік есімді азамат жолдаған ендігі бір хатта.

Жолданған құттықтаулардың қай-қайсысы да осылайша мемлекеттік мән-мағынасымен және әркімнің жеке ой-толғамдарымен өріліп жатады. Әрине, бір кітапта келіп түскен құттықтаулардың бәрін қамту мүмкін емес екендігі белгілі. Сон­дықтан оқырмандар назарына ұсынылып отырған “Ақ тілектер ағыны. От чистого сердца” жинағы мақсатты түрде іріктеліп, еліміздің қазіргі тарихын мүмкіндігінше толық, шындыққа сай етіп әрі нақты құжаттар арқылы бейнелеп қалу мақсат тұтылып, құрастырылған. Кітап шағын таралыммен жарық көрді, онымен еліміздің кітапханалары арқылы танысуға болады.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат