Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2006-08-16:

Интеграция – дамудың қозғаушы күші

 

Қара теңіздің жаға­лауына орналасқан Сочи қаласы Кеңес Одағының кезіндегідей емес, инфрақұрылымы барлық жа­ғы­нан өзгерген. Көшелері таза, тау баурайына салынған көпқабатты қонақ үйлер мен демалыс орын­дары, жасыл желек көмкерген қа­ланы жайнатып жіберген. Ерте­ректе қалаға келетін туристердің дені КСРО аумағында тұратын халықтар болатын. Қазір мұнда алыс-жақын шетелдерден дема­луға келгендерді де көптеп кез­дестіруге болады. Оларға қызмет көрсету жоғары деңгейде екендігі бірден көрініп тұр.

Ресей Федерациясының Пре­зиденті Владимир Путин соңғы жылдары Сочи қаласындағы ре­зи­денциясында жоғары дәрежелі кез­десулер өткізуді дәстүрге айнал­дырып келеді, ол мұнда, ресейлік жетекші министрліктер мен ведомстволар басшыларын да қабылдаған болатын. Оның өзіндік мәні бар. Табиғаты тамаша, тау баурайында орналас­қан Сочи қаласы жақын уақытқа дейін 2014 жылы өтетін қысқы Олимпиада ойындарына басты үміткерлер­дің бірі саналып келді. Міне, енді Сочиде алты мемлекет мүше Еура­зиялық экономикалық қоғамдас­тықтың бейресми саммиті өтіп отыр.

Кеше кешкілік Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин саммит аясында екі жақты кездесу өткізді. Онда мемлекет басшылары екі елдің көлік саласындағы ынтымақтас­тықты дамыту мәселелерін тал­қылады. Нәтиже­сінде екі құжатқа қол қойылды. Біріншісі – Қазақ­стан Үкіметі мен Ресей Үкіметі арасындағы Қазақ­стан Респуб­лика­сының Ресей аумағында орна­ласқан теміржол учаскелері бойынша және Ресей Федерация­сының Қазақстан аумағында орналасқан теміржол учаскелері бойынша жүк тасыма­лын ре­сімдеу мен тәртібі туралы келісім. Екін­шісі – Қазақстан Рес­публика­сының Көлік және коммуникация­лар министрлігі мен Ресей Фе­дерациясының Көлік министр­лігі арасындағы екі ел аумағы бойынша тасымал­данатын транзиттік жүк­терге оңтайлы тарифтер белгілеу ту­ралы келісім.

Ресей Президенті өз сөзінде қазанның 3-інде Орал қаласында Қазақстан мен Ресейдің шекара­лас облыстарының әкімдері мен губернаторлары кездесетінін айтты. Бұл кездесу біздің ел­дердің ше­каралас аймақта­рын­дағы бай­ланыстарды нығайтады, деді Ресей басшысы. Қазақстан мен Ресейдің сауда-экономи­калық байланыстары жоғары қарқынмен дамып келеді. Оның барлығы біздің қол қойған ке­лісімдердің негізінде жүзеге асып отыр. Қазақстан халықаралық аренада үлкен беделге ие. Біз Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төр­ағалық ету бастамасын қол­даймыз.

Қазақстан Президенті екі елдің достық қарым-қатынасына қатысты ойын білдірді. Біздің әр кездесуіміз жемісті болып келеді, деді Нұрсұл­тан Әбішұлы. Санкт-Петербургтегі кездесуде екі елге ортақ бірқатар мәселелерді тал­қыладық. Біздің елдер ара­сын­дағы тауар айналымы бүгінгі қол қойылатын құжаттар бойынша алдағы уақытта 30 пайыз­ға ар­тады. Сондай-ақ екі елдің үкі­меттері алдағы уақытта газ тура­лы келісімге қол қояды. Оралда өте­тін шекаралық аймақтар жетек­ші­лері­нің кездесуінде тағы бірнеше құжатқа қол қойылмақ­шы. Мен Еуразиялық қоғамдас­тық аясын­дағы интеграциялық байланыс­тарды дамытуға қатысты мәселе­лерді талқылауға әрқашан да дайын­мын. Біз біртұтас экономикалық кеңістік құруға байланысты 36 құ­жат дайын­дадық. Екі елдің ынты­мақтас­тығы біздер үшін аса маңызды.

Бұдан кейін Ресей Президен­тінің “Бочаров бұлағы” резиден­циясында Еу­разиялық экономи­калық қоғам­дастыққа мүше мем­лекеттер – Ресей Федерация­сының Президенті Владимир Путин, Қа­зақстан Республика­сының Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев, Бела­русь Республика­сының Президенті Александр Лукашенко, Өзбекстан Республи­ка­­сының Президенті Ислам Каримов, Қырғыз Респуб­лика­сының Президенті Құрманбек Бакиев және Тәжікстан Респуб­ликасының Президенті Эмомали Рахмонов бейресми жағдайда кез­десті. Кездесуге сондай-ақ бай­қаушы ретінде Армения мен Мол­дова республикаларының басшы­лары Роберт Кочарян мен Влади­мир Воронин және Украинаның премьер-министрі Виктор Януко­вич қатысты.

Еуразиялық одақ, яғни бүгінгі Еуразиялық экономикалық қоғам­дастықтың құрылуы оңай бола қойған жоқ. Бұл идеяны алғаш рет  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылғы 29 наурызда Мәскеу мемлекеттік универси­тетінің оқытушы-профессорлар құрамы алдында сөйлеген сөзінде көтерген еді. Елбасының осы идеясы танымал саясаткерлердің, белгілі ғалымдар мен сарапшы­лардың назарын аударған болатын. Кейін осының негізінде Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекет­терінің ара­сында Кедендік одақ дүниеге келді. Кедендік одаққа бір жылдан кейін Қырғызстан мен Тәжікстан қосылды. Еуразиялық одақ құру идеясының практика­лық құндылығы оған қатысушы елдерді ғана емес, ТМД-ға мүше елдердің де зор қызығушылығын тудырып, кешегі Кеңес Одағынан кейінгі кеңістікте интеграцияға барынша бейім ұйым екендігін көрсетіп берді. Кедендік одаққа мүше елдердің басшылары 2000 жылдың қазанында Астанада өткен сам­митте Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы Мәлімдемеге және Шартқа қол қойды. Қазақстан Президентінің өміршең баста­масы осылайша жүзеге асуда. Жаңа экономикалық қо­ғамдас­тықтың құрылуын тарихи зор маңызы бар оқиға қатарына жатқызуға болады. Оның  Қазақ­стан астанасында дүниеге келуі көп нәрседен хабардар етеді.

Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекет­тердің және байқаушы ретінде қатысатын елдер басшыларының қатысуымен өтетін қоғамдастық­тың бейресми саммитінің негізгі бөлігі бүгін болады. Онда Кеден­дік одақты ұйымдастыру, бірың­ғай тариф жүйесін реттеу, жалпы энергетикалық рынокты қалып­тас­тыру, тағы басқа да мәселелер талқыланады деп күтілуде.



Авторы: Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ – Сочиден. Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат