Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2006-09-08:

Іргесі сөгілмеген бірлігіміз

 

Қостанай облысында жаңа Достық үйінің ашылуымен беки түсті

 

Елбасы Қостанай облысын­да­ғы жұмыс сапарының екінші күнін облыс орталығындағы Дос­тық үйінің ашылу салтанатына қатысу­дан бастады. Еліміздегі тату­лық пен келісімнің арқасын­да­ экономика өркендеп, әл-ауқаты жақсара түскен халқымыздың Мемлекет басшысы жүргізіп келе жатқан са­ли­қалы саясатқа деген ризашы­лы­ғы шексіз. Мұны осы сал­танатқа келген Елбасын қарсы алған жұрт­шылықтың шынайы ықыласынан айқын ұғынуға болады.

Нұрсұлтан Назарбаев облыс­та­ғы татулығы жарасқан сандаған ұлттың өкілдері бас қосып, ел бір­лігін еңселендіре түсер мәселелер бойынша келелі кеңестер өт­кізе­тін жаңа ғимараттың құрылысына оң бағасын берді. Содан кейін жиналған қауым алдында құт­тық­тау сөз сөйлеп, Қазақстанның қай жеріне барса да жұрттың еңсесі тік­теліп, болашаққа берік сенім­мен қарайтынына куә боп жүргенін жеткізді.

– Еліміздегі мамыражай тыныш­тық, әлеуметтік-экономи­калық саясаттағы анық бағдар, айқын жол, қала мен даланың иық­таса дамуы болашақтың баянды кепіліне айналуда.

Қазақ халқының дархан пейілі ешқашан да ешкімді жатсын­ба­ған. Соның бір үлгісіндей, Қос­та­най ежелден ұлттар арасындағы келісімнің берекелі мекені болуда. Республикамызды мекен­деген  130-дан астам әр ұлт пен ұлыс осы достық, ынтымақ деген қасиетті ұғымды қастерлеп келеді. Мұның бәрі әр салаға бағытталған үкіметтік бағдарламалардың жедел орындалуына, әл-ауқатымыздың мейлінше жақсаруына оң ықпал етіп отыр, деді Елбасы құттықтау сөзінде.

Қазіргі таңда Қостанай облы­сында жүзге жуық ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Облыста 14 ұлттық-мәдени орталық тұрақты жұмыс істеуде. Сол татулықтың арқасында облыстың өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы қарыш­ты қадаммен өркендеп келеді. Облыс Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену жөніндегі міндеттің атқарылуына қазірдің өзінде сүбелі үлес қосып отыр.

Жаңадан бой көтерген Достық үйінің жалпы алаңы 1100 шаршы метрді құрайды. Ғимаратта көп­шілік іс-шаралары, жиындар мен конференциялар өткізуге ар­налған 100 орынды үлкен концерт залы орын тепкен.

Бұдан кейін Елбасы “Отан” партиясының Қостанай облыстық филиалында болды.

Облыста “Отан” партиясының 30 мыңнан астам мүшесі бар. Облыстың барлық аудандарында 20 қалалық және аудандық өкілдіктері құрылған. Қуатты саяси ұйымға айналған филиалға мүшелер ішінен облыстағы түрлі деңгейдегі мәслихаттарға 168 депутат сайланып, 10 мыңға жуық ұстаз осы саяси құрылым­ның белсенді мүшесі. Сонымен қатар партия мүшелерінің 30 пайыздан астамы өндіріс және қызмет көрсету салаларында еңбек етуде.

Партияның облыстық фили­алы­ның сандық құрамы кейінгі екі жылда 13 мыңға көбейіп, 298 бас­тауыш партия ұйымы құрыл­ған екен.

Партия мүшелері облыстағы көкейкесті мәселелерді қоғамдық қабылдаулар арқылы шешуді жол­ға қойып келеді. Сондай-ақ “Жас Отан” жастар қанатының бес мың­ға жуық мүшесі “Жасыл ел” эко­логиялық жобасына қатысып, туған өңірді көгалдандыруға атсалысуда.

Мемлекет басшысы Қоста­най­дағы отандықтарға еліміздегі ір­ге­лі істердің жүзеге асы­ры­луында белсенділік танытып келе жат­қандықтары үшін алғыс білдірді.

Облыстағы “Отан” пар­тия­сының әрбір мүшесі бүгінде іргелі істің ұйытқысына айналып жүр­геніне сенімдімін. Өйт­кені, республикамыздағы же­текші партияның ел өмірінде ат­қа­рар міндеті аса қомақты. Елі­міз­де татулық пен бейбітшілік үс­темдік құрып, экономикамыз жыл санап өсіп келеді. Халқымыздың әл-ауқаты айтарлықтай жақсарды. Мемлекетіміз қала мен ауылға тең дәрежеде көңіл бөліп, жағдай жасап отыр. Бүгінгі таңда “Отан” аса қуатты интеллектуалдық және ұйымдастырушылық ресурсы жет­кілікті шын мәніндегі жалпыұлт­тық партияға айналды, деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев “Отан” мен “Асар” сынды аса ірі екі партияның бір тудың астына бірігуі елімізде салиқалы саяси күштердің ел дамуының келелі мәселелерін шешуге деген ұмтылысының бір дәлелі екенін айта келе, “Отан” қоғамымыздағы барлық көкейкесті мәселелерге шұғыл назар аударып отыратын халықтың нағыз үніне айналуы тиіс екенін атап көрсетті. Сондай-ақ біріккен “Отан” партиясы ел дамуының стратегиялық бағытын жүргізуде басты тірек бо­ла­тындығына, реформалар бас­тамашысына айналып, жаңа идеялар ұсыну және мемлекет сая­­сатының басты негізгі бағыт­та­ры бойынша тиянақталған ұсы­ныстар жасайтынына сенім білдірді.

Елбасы осы жиында қоста­най­лықтарды облыстың құрылғанына 70 жыл толуымен құттықтап, өркенді өңір өз мерейтойын экономикалық, тарихи, рухани жаңарудың қарышты белесінде қарсы алып отырғандығын айрықша атады.

Президенттің Қостанай облысын аралаған сапарында Ауыл шаруашылығы министрі Ахметжан Есімов пен облыс әкімі Сергей Кулагин еріп жүрді.



Авторы: Қуат БОРАШ, Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат