Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2006-10-05:

 

Ресей мен Қазақстан президенттері  аса маңызды шарттарға қол қойды

 

 

 

 

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Қа­зақ­­стан стратегиялық әріптестер ретінде бұрынғыдан да жақындаса түсетініне се­німді. “Бүгінгі кездесу Ресей мен Қазақ­стан­ды стратегиялық әріптестер ретінде жа­қындастыра түседі деп сенемін, олар­дың арасында мәңгілік достық туралы бірегей шарт бар”, – деді Қазақстан Пре­зиденті ресейлік әріптесімен сейсенбіде кездескен кезде. Оның пікірінше, “шекаралық облыстар ынтымақтастықтың негізі болып табылады”. Алайда еуразия­лық кеңістіктегі екі жақты ынтымақтас­тық­тың және одан әрі интеграцияланудың негізі, әлбетте, бірлескен энергетикалық жо­балар да болып табылады. Екі пре­зи­дент қол қойған ең маңызды құжат – бұл аса ірі Қарашығанақ газ конденсаты кен орнын бірлесіп әзірлеу және пайдалану туралы келісім. Бұл жобаны іске асыру Ресейдің газ тасымалы жүйесіне қосымша 15 миллиард текше метр табиғи газды айдауға мүмкіндік береді.

Өзінің ресейлік әріптесімен кездесуде Нұр­сұлтан Назарбаев екі жақты ынты­мақ­тас­тықтың гуманитарлық қырына да тоқ­талып өтті. Ол биылғы жыл Қазақстанда Александр Пушкиннің жылы болып жа­рия­ланғанын еске салды. “Пушкин осы жер­лерде болған, “Капитан қызы” идеясы осында туындаған дейді”, – деді Н.Ә.Назарбаев. Оның пікірінше, “Қа­зақ­стандағы Пушкин жылы Мәскеуде Абайға ескерткіш ашылғаннан кейін айрықша маңызды”. Владимир Путин әріптесімен келісті: “Әрине, Пушкин есімімен бай­ла­ныс­ты осы жердің таңдап алынуы кездейсоқ емес”.

Мәдениет маңызды екендігі сөзсіз, бірақ та екі жақты қатынастардың басты негізі – экономика. Бүгінде Ресей мен Қазақстанның өзара мүдделестігі және байланысы жоқ саланы атау қиын. Электр энергетикасы мен байланыс, ғарыш сала­сы (атап айтқанда, “Байқоңыр” кеше­нін­дегі ынтымақтастық) және мәшине жасау, білім беру және мұнай-газ саласы, соның ішінде Каспий бассейнінің белгіленіп отырған энергетикалық байлығын игеру саласында жемісті қатынас қалыптасқан.

Екі лидердің осы жолғы кездесуі барысында еуразиялық кеңістіктегі эко­номикалық интеграция жаңа серпін алды. Бірлесіп мақұл­дауға барлығы 38 құжат және Нұрсұлтан Назарбаев ха­барла­ғанындай, В.Путиннің Оралға сапарының қорытын­дысы бойынша қол қоюға аса маңызды 6 құжат әзір­лен­ген. Барынша маңызды келісімдердің ара­сынан Н.На­зарбаев шекара арқылы адамдар мен жүк өткізу мә­селесінің шешілуін айрықша атады. Қазақстан лидері сондай-ақ Ресеймен тауар айналымының ұлғай­ға­нына қанағаттанушылық білдірді. “Биылғы жылы тауар ай­на­лы­мы тағы 30 пайызға өседі, біз тоғыз мил­лиард доллар туралы айтқан бола­тын­быз. Алайда биылғы жылы ол он бір миллиардтан асып түседі”, – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Владимир Путин Ресей мен Қазақстан өңірлерінің мемлекет­ара­лық қатынастар­ды дамытуға қосқан үлесі туралы сөз қозғады. “Шекаралық ынты­мақтастыққа тауар айналымының 70 пайы­зы келеді және бұл мемлекетаралық қа­тынастарды дамытуға біздің әріптес­те­рі­міздің өңірлік деңгейде қосқан зор үле­сі”, – деп атап көрсетті Ресей Президенті.

Бұған таңғалудың реті жоқ, өйткені Ресей-Қазақстан шекарасының ұзындығы Ресейдің сыртқы шекарасының 60 пайыз­дан астамын құрайды. Бұл шекара құрлық бойынша 5700 шақырымға созылып, әлемде ұзындығы жағынан екінші болып табылады. Сондықтан үкіметаралық байланыстар бүгінгі таңда көлбеу деңгейде Ресейдің ондаған өңірінің көршілес Қа­зақстан облыстарымен өзара ықпалдасуы арқылы толығып отыр.

Қазіргі кезде Ресей-Қазақстан шекара­сының көптеген учаскелері біртұтас эко­но­микалық құрылым ретінде қызмет істеп жатыр. Каспийдегі де істің жағдайы осын­дай. Мәселен, Астраханьның Оля порты мен Қазақстанның Ақтау портының ын­тымақтастығы өзара жүк ағынын ұлғай­ту­ды ғана емес, сонымен бірге логисти­ка­лық біртұтас кеңістік қалыптастыруды да көздейді.

Осы форумның кезінде оннан астам шартқа қол қойылады. Мәселен, кеше Ресей мен Қазақстанның президенттері екі мемлекеттің шекаралық өңірлеріндегі тауар өндірушілердің өңіраралық көрмесінде болды. Мұнда өнімдер, сондай-ақ жүзеге асырылуы шекаралық өңірлер арасында жоспарланған және іске асырылып жатқан жобалар қойылған. Президенттер Ресей мен Қазақстан өңір­лерінің экспозицияларын тамашалады.

Көрмемен танысқаннан кейін Вла­димир Путин шекаралық аудандар тұрғындары үшін Ресей-Қазақстан шекарасынан өтуді оңайлатудың маңыз­ды­лығын атап көрсетті. Шекаралық бай­ла­ныстардың тиімділігін арттыру үшін тараптар арнайы орталық құрады. “Біз Батыс Қазақстан және Саратов облыс­тарының шекарасында Шекаралық ынтымақтастықтың халықаралық орта­лығын құру бастамасына қолдау білдіруге тиіспіз”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Алайда екі елдің бір-біріне қарай қозғалуының стратегиялық негізі – энергетика. Белгілі болғанындай, екі елдің президенттері Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнын бірлесіп пайдалану жөніндегі келісімге қол қойды, ал өтеуіне Ресей Қазақстанға Орынбор зауытынан меншік сатып алуға мүмкіндік береді. Қазақстан Президентінің айтуына қарағанда, бұл құжат қол қойылғандардың ішіндегі “ең маңыздысы”. Қарашығанақ газ кен орны – әлемдегі ең ірілердің бірі екенін атап өткен жөн. Оның қоры 1,2 миллиард тонна сұйық көмірсутегі және 1,3 триллион текше метр газ ретінде бағаланады.

Қарашығанақ жобасын іске асыру бірлескен газ өңдеу кешенін құруға мүмкіндік береді. Оны іске қосу Ресейдің газ тасымалдау жүйесіне шамамен 15 миллиард текше метр газ қосады. Тарап­тар Қарашығанақ бойынша келісімді мұқият әзірледі. Шілде айында-ақ В.Путин мен Н.Назарбаев Санкт-Петер­бургтегі кездесуде тиісті декларацияға қол қойған болатын. “Қазақстан алғаш рет Ресей экономикасына мол қаржы салып отыр, ал Ресей Қазақстанға Орынбор газ өңдеу зауытынан меншік сатып алуға мүмкіндік береді”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев құжатқа қол қою кезінде. Владимир Путин бұдан былайғы жерде Ресей мен Қазақстан “бір­лесіп аса ірі кен орындарын игеріп” қана қоймайды, сонымен бірге “кеңестік кезеңде газ өңдеу үшін құрылған Орынбор зауытын іске қосатын болады”.

 

Ресейдің сауда әріптестерінің тізімінде Қазақстан алғашқы қатарларының бірін алады. 2005 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда айналымы он миллиард долларға жетті және екі жылдан кейін ол тағы да бір жарым есе ұлғаятынына жақсы мүмкіндік бар. Осындайлық жоғары серпінділік бір жағынан Қазақстан экономикасының жедел өсуімен түсіндіріледі. Бүгінде 15 миллион халқы бар бұл ел Орталық Азияда экономикалық дамудың көшбасшысына айналды және оның экономикасы ТМД кеңістігіндегі барынша табысты экономикалардың бірі болып табылады. Өткен жылы Қазақстан ІЖӨ-сі 9,4 пайызға өсті, ал үстіміздегі жылдың бірінші жартысында 2005 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тағы 9,3 пайызға ұлғайған.

 

Ресей Қазақстанның Орынбор газ өңдеу зауытына қаржы инвестициялау туралы шешімін дұрыс бағалайды, деп мәлімдеді РФ Президенті Владимир Путин. “Ақша әрдайым оны жақсы пайдалану саласын іздейді. Егер кім де кімнің осындай қаржысы болып, оны Ресей экономикасына салуға әзірлік танытса, біз бұған тек қана қуанамыз және мұндай салымды құп көретін боламыз”, – деді В.Путин баспасөз мәслихатында.

Қыркүйектің аяғында “Газпромның” директорлар кеңесі Ресей холдингінің “ҚазМұнайГаз” ҰК-мен бірлесіп тең жағдайда Орынбор газ өңдеу зауытының қуаты негізіндегі Ресей-Қазақстан кәсіпорнына қатысуын мақұлдады. Құрылатын кәсіпорын процессинг жағдайында Орынбор облысы мен Қарашығанақ газ конденсаты кен орнының (Қазақстан) көмірсутегі шикізатын өңдеу жөнінде қызмет көрсететін болады.

 

Ресей Президенті Владимир Путин Қарашығанақ кен орнының газ ресурстарын игеру жөніндегі келісім Батыс Еуропадағы әріптестердің энергетикалық проблемаларын шешуге мүмкіндік береді, деп мәлімдеді. “Бұл негізгі әріптестердің, соның ішінде Батыс Еуропадағы әріптестердің энергетикалық проблемаларын шешуге Қазақстан мен Ресейді қосатын елеулі келісім”, – деді Ресей мемлекетінің басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл келісімді “ең басты құжат” деп атады. “Қазақстан алғаш рет Ресей экономикасына мол қаржы салып отыр, ал Ресей Қазақстанға Орынбор газ өңдеу зауытынан меншік сатып алуға мүмкіндік береді”, – деп атап өтті Қазақстан лидері.

 

ПЕРВЫЙ КАНАЛ 

РФ Президенті Владимир Путин Қазақстанға келіп, Орал қаласында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Мемлекет басшылары екі жақты ынтымақтастық, сондай-ақ ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ және ШЫҰ аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін қарастырды. Екі елдің басшылары 3 қазанда Оралда Шекаралық өңірлер форумын ашты. Ресей мен Қазақстанның бұл өңірлеріне қазіргі кезде екі жақты тауар айналымының 70 пайызына дейіні келеді.

 

Ресей Президенті Владимир Путин екі елдің Шекаралық өңірлерінің форумына қатысу үшін Қазақстанға келді. Путиннің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінің қорытындысы бойынша аса маңызды 6 құжат қол қоюға әзірленді. Н.Ә.Назарбаев осы өте маңызды келісімдердің арасынан “адамдар мен жүктердің өтуіне қатысты шекаралық мәселелердің шешілуін” ерекше атады.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі таңда Ресей мен Қазақстан стратегиялық әріптестер ретінде бұрынғыдан да жақындаса түсетініне сенім білдірді. Оның пікірінше, “шекаралық облыстар ынтымақтастықтың негізі болып табылады”.

Шекара арқылы адамдар мен жүктердің өтуі туралы келісімге қол қойғаннан кейін шекаралық аумақтардың тұрғындары шекарадан ешқандай кедергісіз өтіп, көрші елде үш тәулікке дейін бола алады деп жоспарланған.

 

РОССИЙСКАЯ ГАЗЕТА

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин екі елдің Шекаралық облыстарының форумына қатысу үшін Оралға келді. Екі лидер Қазақстан басшысының Оралдағы резиденциясында өздері кездесу өткізді. Содан кейін олар Қазақстан мен Ресейдің Шекаралық облыстарының форумына қатысты.

 

Шекаралық облыстар форумының аясында Ресей мен Қазақстанның президенттері Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев екі мемлекеттің шекаралық өңірлеріндегі тауар өндірушілердің өңіраралық көрмесінде болды. Олар Ресей мен Қазақстан өңірлерінің экспозицияларын көрді. Мұнда түрлі өнімдер, Ресей мен Қазақстанның шекаралық өңірлері арасында жүзеге асырылуы жоспарланған және іске асырылып жатқан жобалар қойылған. Президенттер Шекаралық ынтымақ­тастықтың Ресей-Қазақстан орталығын құру бастамасына қолдау білдірді.

“Біз Батыс Қазақстан және Саратов облыстарының шекарасында Шекаралық ынтымақтастықтың халықаралық орталығын құру бастамасына қолдау білдіруге тиіспіз”, – деп мәлімдеді Н.Назарбаев екі елдің Шекаралық өңірлері форумында сөз сөйлегенде.

 

Ресей Президенті Владимир Путин Орал қаласының тұрғындарына жылы жүзді қабылдауы үшін алғыс сезімін білдіріп, Қазақстанның ауылшаруашылық қызметкерлерін аса көрнекті астық түсімімен құттықтады.

Шекаралық өңірлер форумында Ресей мемлекетінің басшысы кездесу өтетін орын ретінде Батыс Қазақстан облысы мен Орал қаласының сәтті таңдалғанын атап өтті. В.Путин облыстың Ресеймен мемлекеттік шекарадағы ең ұзын учаске екенін – бір жарым мың шақырымнан астамға созылып жатқанын еске салды. Онымен РФ-ның бес өңірі шектеседі. Ресей Президенті Оралды бірегей де өзінше қайталанбас қала деп атады, ол Еуропа мен Азияның шекарасында орналасқан. Ресей басшысы бұл қаланың бай тарихы және жарқын болашағы бар екенін айтып өтті. Ол Батыс Қазақстан облысы мен Оралдың басшылығына қонақжайлылығы мен жылы жүзді қарсы алуы үшін, ал қала тұрғындарына Ресей делегациясын қарсы алудағы ықыласы үшін ризашылық білдірді. Президенттер болған барлық ғимараттардың төңірегіне, сондай-ақ көшелердің бойына жүздеген қалалықтар тізіліп, Ресей мен Қазақстанның жалауларын желбіретіп қошемет көрсетті.

РФ Президенті Ресейдің екі кәсіпорны – “Ростсельмаш” және “Агромашхолдинг” Қазақстанның астық өсіретін облыстарына айтарлықтай көмек көрсетіп келе жатқанын еске салып өтті. В.Путин Қазақстанның барша ауыл еңбеккерлерін осы жылғы тамаша астық түсімімен құттықтады.

 

Ресей мен Қазақстан Президенттерінің арасындағы келіссөз сейсенбіде Оралда болды. Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев онда екі елдің Шекаралық өңірлерінің форумына қатысты.

В.Путин Ресей мен Қазақстан өңірлерінің мемлекетаралық қатынастарды дамытуға қосқан үлесін атап өтті. “Шекаралық ынтымақтастыққа тауар айналымының 70 пайызы келеді және бұл мемлекетаралық қатынастарды дамытуға біздің әріптестердің өңірлік деңгейде қосқан зор үлесі”, – деді Ресей лидері.

Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы қазірдің өзінде 30 пайызға өскенін атап көрсетті. “Біз биылғы жылы ол тоғыз миллиард долларды құрайды дегенді айтқан едік, бірақ та бұл көрсеткіш он бір миллиардтан асып түседі”, – деді ол.

Н.Назарбаев сондай-ақ Қарашығанақ кен орны бойынша құжаттарға қол қойылуының маңыздылығын атап өтті. “Адамдардың шекарадан өту мәселесін шешуден басқа біз қол қойғандардың ең маңыздысы – бұл Қарашығанақ кен орны бойынша келісім. Қазақстан алғаш рет Ресей экономикасына мол қаржы салады, ал Ресей Қазақстанға Орынбор газ өңдеу зауытынан меншік сатып алуға мүмкіндік береді. Мұнай жобаларынан басқа бұл біздің ең қуатты жобамыз”, – деп хабарлады Қазақстан Президенті.

Келіссөзден кейін мемлекеттердің басшылары Қазақстан мен Ресейдің шекаралық өңірлердегі тауар өндірушілерінің өңіраралық көрмесінде және “А.С.Пушкин Оралда” мұражайында болды. Бұдан кейін екі елдің президенттері Ресей мен Қазақстанның Шекаралық өңірлерінің форумына қатысты. Форумнан соң бірлескен құжаттарға қол қою және мемлекет басшыларының баспасөз мәслихаты болды. Шекаралық облыстардың Оралдағы үшінші форумына Ресейден 12 және Қазақстаннан 8 өңір қатысты.

 

Владимир Путин Ресей мен Қазақстанның Шекаралық өңірлерінің форумына қатысу үшін Орал қаласына келді. Мұнда екі елдің шекаралық өңірлері бірлескен жобаларын талқыламақ.

Ресей Президенті өзінің қазақстандық әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Мемлекеттердің лидерлері Ресей мен Қазақстанның шекаралық аудандарының тұрғындары үшін мемлекеттік шекарадан өту мен ол арқылы жүк тасымалдауды жеңілдететін келісімге қол қояды деп күтілуде.

Владимир Путин атап өткеніндей, біздің елдеріміздің арасындағы тауар айналымының 70 пайызы шекаралық ынтымақтастықтың үлесіне тиеді. Бұл мемлекетаралық байланыстарды дамытуға өңірлік деңгейде қосылған зор үлес.

Ең басты бірлескен құжат Қазақстандағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнына қатысты болып отыр. Ол бойынша Қазақстан Орынбордағы газ өңдеу зауытының бір бөлігін меншігіне сатып алады.

– Қазақстан алғаш рет Ресей экономикасына мол қаржы салып отыр, Ресей Қазақстанға Орынбор газ өңдеу зауытынан меншік сатып алуға мүмкіндік береді, – деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Астана үшін бұл тиімді. Қарашығанақ маңынан өз зауытын салуға миллиардтаған доллар қажет болар еді. Орынбор ГӨЗ базасында “Газпроммен” бірлескен кәсіпорын Қазақстан газын өңдеуге және сатудың жаңа рыноктарына шығуға мүмкіндік туғызады. Ал Қазақстанның инвестициясына Ресей зауытының қуаттары қайта жөнделеді.

 

Ресей мен Қазақстан бірлесіп газ өңдейді және ядролық орталық салады

 

Ресей мен Қазақстан жылдық қуаты 15 миллиард текше метр бір­лескен газ өңдеу кешенін салу туралы келісімге қол қойды. Нұрсұлтан Назарбаев бұл келісімді “ең басты құжат” деп атады. “Қазақстан алғаш рет Ресей экономикасына мол қаржы салып отыр, ал Ресей Қазақстанға  Орынбор газ өңдеу зауытынан меншік сатып алуға мүмкіндік береді”. Бұл келісім – президенттер уағдаласқан жалғыз ірі жоба емес, ал экономика – Ресей мен Қазақстанды жарқын болашақ күтіп тұрған бірден-бір сала емес.

Оралда Ресей үшін өте маңызды келісімге – Орынбор газ өңдеу зауытының базасында Қазақстанмен бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойылды. Біздің көршілеріміз оны жаңартуға 750 миллион доллар инвестициялайды.

Орынбор зауыты акционерлерінің құрамына кіру – Қазақстанның Ресейге жұмсаған ең ірі инвестициясы. Бірақ та мәселе тағы да ақшада емес, бұл жөнінен қазір Ресейде проблема жоқ, мәселе шетелдік инвестордың ең қасиетті деген жылу-энергетика  кешеніне жіберілгенінде болып тұр. Ал бұл Владимир Путин Батысқа ұсынып отырған тетік: егер энергетикада біздің меншігімізді алғыларыңыз келсе, оның орнына өздеріңіздің өтімді активтеріңізді беріңіздер.

Ресей мен Қазақстан басқа маңызды салаларда да: көлікте, ғарыштық бағдарламаларда, жүк тасымалының логистикалық орталықтарын құруда – өзара ықпалдасу туралы уағдаласты. Аталған жобаларға екі елдің шекаралық аумақтары белсене қатысатын болады, қазіргі кезде олардың үлесіне тауар айналымының үштен екі бөлігі келеді. Бұл жөнінде оралдық кәсіпкерлер ризашылық сезіммен айтып, экспорттың шикізаттық құрылымын қазір жоғары технологиялық тауарлар мен қызметтер алмастыра бастағанын ескертіп өтті.

Ресей мен Қазақстанның шекаралық аумақтарының жетекшілері кезекті, төртінші кездесуін келесі жылы Новосибирскіде өткізеді. Бұл қалаға таңдау кездейсоқ түскен жоқ. Владимир Путиннің сөзіне қарағанда, Сібірдің басты ғылыми орталығында жоғары технологиялар саласындағы жобалар талқыланатын болады.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат