Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2006-10-11:

Дарын иесі

Өз жерінде алғаш рет өнер көрсетті

 

Жақында Президенттік мәдениет орталығында әйгілі композиторлар В. Моцарттың 250 жылдығы мен Д.Шостаковичтің 100 жылдығына орайластырылған ерекше кеш болып өтті. Бұл кештің бір ерекшелігі, оған Нью-Йорктің белгілі Sonіc деп аталатын аспаптар оркестрінің белді мүшесі, жерлесіміз Арман Алпысбаев та қатысып, өзінің туған жерінде қала жұртшылығы алдында тұңғыш рет өнер көр­сетті. Онда ұлы композитор­лар­дың сонаталары мен симфония­лары орындалды.

Есімі өз еліне танылып үлгер­ме­се де, өзге елдің музыка әле­мін­де дара ізін қалдырып жүрген талант иелері бүгінде баршылық десек, Арман Алпысбаевты да сондай жандардың қатарына қосуға болады. Ол өзінің музы­калық қабілетін өзге елде жүріп да­мытқан дарынды қазақ азамат­тарының бірі.

Жаһанның жалпақ жұртына қабілет-қарымы арқылы танылу­ды мақсат тұтқан жас жігітке бү­гінде талай белестерді бағынды­рып, талай шыңдалу мектебінен өтуге тура келеді. Өнердің құпия-тыл­сымына бойлай енуге талап­танған Арманның талабын бай­қа­ған жақын-туыстары оның му­зыкаға деген құлшынысын одан әрі шыңдай түсу үшін қолдары­нан келген мүмкіндікті аямайды. Арманның үлкен білім ордасы са­на­латын Мәскеудегі П.И.Чай­ковский атындағы консер­вато­риядан альт класы бойынша дәріс алуына себепші болады. Арман жақындарының сенімі мен өзіне жүктеген жауапкершілігін арқалап жыраққа кетеді. Мәскеуге алғаш келген сәтте дарынды балаларға ар­нал­ған музыка мектебіне оқуға түс­кен ол, кейін сол жердегі консер­ва­ториядан әйгілі музыкант Юрий Башметтің шеберліктерін бойына біртіндеп сіңіре біледі. Бұл кезең оның өмірінде өшпестей боп із қалдырады.

Кейін А.Алпысбаевтың өнерден өз орнын тауып, сол арқылы іштей шыңдала түсуге барынша тал­пы­н­ған кезеңі алыста, сонау Америкада жалғасын табады. 1992 жылы Ар­ман Нью-Йорк қаласына жол тар­тады. Сол жерден АҚШ-тың ең әйгілі Джуллиард, Манхэттен сын­ды консерваторияларына оқуға тү­седі. Алғаш келген бетте жас жігіт­тің бой­ындағы табиғи дарыны мен із­денісін дер кезінде аңғара білген тә­жірибелі мамандар оның бола­ша­ғына көп үміт артып, оқу орда­сын­да тегін білім алуға жолдама береді.

Бүгінде сондай шыңдалу мек­теп­терінен өткен Арман Нью-Йорктегі Sonіc деп аталатын аспап­тар оркестрінің солисі. Кезінде аталған оркестрдің құрылуының басы-қасында Арманның өзі болған екен. Кейін осы өнер ұжымының мүшелерімен сан елге сапар шегеді. Ресей, Америка және Еуропаның бірқатар елдерінде камералық ансамбльдердің құрамында өнер көрсетеді. Бұған қоса, Италияның Spoleto, Австрияның Mozarteum, Нью-Йорктің қазіргі заман му­зы­касына арналған Focus, Австралия мен Венгрияда өтетін Jeunesse Musіcal секілді фестивальдері де оның шығармашылық қабілетін танытуға жол ашады. Дәл қазіргі таңда қазақ азаматы әлемдік дәрежеде есімдері танымал болған Леонард Бернстайн, Курт Мазур, Джеймс Левайн, Пьер Булез, Ло­рин Маазель сынды дирижерлердің жетекшілік етуімен филадель­фия­лық оркестрдің, Нью-Йорк филармониясының және Метро­по­литен операсының құрамында да өнер көрсетіп жүр.

Соңғы кездері музыка әле­мін­де мамандардың қолға алуымен өнер жұлдыздарына арналған небір жобалар көптеп дүниеге келіп жатыр десек, қазақ азаматы шебер музыкант ретінде осындай жобалардың жүзеге асуына өз тарапынан үлес қосып келеді екен. Солардың ішіндегі ең шоқтығы биігі П.Маккартнидің “Standіng stone” деп аталатын альбомы.

 – Жырақта жүрсем де еліме оралып, жерлестерімнің алдында өнер көрсетсем деген арман менің көкейімде үнемі жүретін. Міне, осы мақсатым орындалып, Қазақстан жерінде өнер көрсетуге мүмкіндік алдым. Кеш барысында өнер жанашырлары сырт елден алған кәсіби білім деңгейімнің қаншалықты екенін өз сын-таразысына салған болар. Болашақта осы жердегі талантты музыканттар шоғырымен арадағы мәдени байланысты үзбей, бір-бірімізбен үнемі тәжірибе алмасып тұрамыз деген ойдамын, – дейді музыкант.



Авторы: Ләйлә ЕДІЛҚЫЗЫ, Астана.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат