Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2006-10-20:

Рухани ізгілік – басты тақырып

 

Кеше Алматыда Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен “Ұлттық-мәдени орталықтардың және ұлттық бұ­қаралық ақпарат құралдарының қарым-қа­тынастары туралы: ізденістер мен бола­шағы” деген тақырыпта семинар өткізілді. Бұл жиын дәстүрлі “Шаңырақ” республи­ка­лық акциясы шеңберінде өтуімен де қоғамдық мәні үлкен мәселелерді талқылауға себепкер болды.

 

Мәдениет және ақпарат министрлігінің басқарма бастығы Кенжеболат Жолдыбай айтып өткеніндей, этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес елімізде азаматтық татулық және қоғамдық келі­сім­ді қамтамасыз ету мақсатында диалогтың рухани құндылықтарын барынша асқақтату және соған сәйкес мақсатты жұмыстар жүр­гізу жүйелі жал­ғасып келеді. Елба­сы­ның Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру старте­гия­сына байланысты Жолдауында қоғамдағы саяси тұрақтылық және ұлтаралық келісім қашанда болсын ел экономикасының өркендеуінің кепілі әрі тірегі болып саналатыны айрықша атап көрсетілген.

Елімізде 130 ұлт пен ұлыстардың, этнос­тық топтардың өкілдері өмір сүруде. Мұндай көп түрлілік рухани-адамгершілік құндылықтардың қайнар көзі бола отырып, нақты мәселелерді туындатады. Қазақстан халқының біртұтастығы, адамгершілік, ұлт құқықтары мен адам құқықтарын үйлесімді ұштастыру қағидаттары  іс жүзінде көрініс табуда. Көп этносты және көп мәдениетті қоғамдастық құрудың қазақстандық тәжірибесі бірегей болып табылуының өзі  татулық пен ырыс-берекенің түп қазығы қайда жатқанын аңғартады. Елдің одан әрі табысты дамуының басты шарты – ішкі саяси тұрақтылықты, азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету. Бұл арада ақпараттық-насихаттық бағыт ерекше маңызға ие. Этностық және конфессия­аралық төзімділік қағидаттарын тәрбиелеу мәселелері бойынша жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының атқарып отырған қызметі де орасан зор. Оның ішінде ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарының мақсатты жұмыс істеуіне қамқорлық жасалып келеді. Бұл күндері елімізде 19 республикалық және өңірлік ұлттық газеттер бар. Қазақстан аумағында тұрып, өмір сүріп жатқан жеті ұлыстың тілінде жеті радиостудия жұмыс істейді, алты ұлттық театр және бар. Қазақстан халықтары Ассамблеясының және ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері республикамыздағы барлық ақпарат құралдарының беттерінде сөз алып, көкейлерінде жүрген қандайда бір мәселені қозғауға белсенді қатысады.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоғамдық-саяси жұмыстар және бұқарамен байланыс жөніндегі департаментінің бөлім бастығы Ләззат Асантаева мен Қазақстан халықтары Ассамблеясы хатшылығының бас сарапшысы Владимир Примин және “Қа­зақстан халықтары Ассамблеясы республика­лық қорының” бас директоры Ғабит Нұрәділ этносаралық төзімділікті нығайту, мем­лекеттік тілді және ұлыстар тілін дамытуға жалпы қазақстандық этножурналистиканы жаңа ізденістерге бастайтын мақсатқа байланысты атқарылған және алдағы уақытта қолға алынатын іс-шаралардың барысын әңгімелеп берді. “Достық-Дружба” журна­лының бас редакторы Зейнегүл Сейсенова егемен Қазақстан жағдайында аз ұлттардың бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға көп көңіл бөлініп отырғанын тілге тиек етсе, “Ұйғыр авази” газетінің бас редакторы Юлдаш Азаматов Қазақстан баспасөзінің көшбастаушысы “Егемен Қазақстан” газеті өз жарияланымдарында аз ұлттардың бүгінгі тыныс-тіршілігін айқын көрсетіп, ұлттық-мәдени орталықтарда мемлекеттік, отансүйерлік рухта жүргізіліп жатқан тәрбие жұмыстарының мәнін жан-жақты талдап айтуы жақсы әсер қалдырады, ол өз оқырмандары көңілінен де шығады, деді. Әсіресе, бұл басылымда Қазақстанда тұратын аз ұлттардың ізгі игіліктерін көрсетуге арнаулы беттер ұйымдастыратынын өнеге сипатында әңгімелеп берді.

“Ана тілі” газетінің бас редакторы Жұмабек Кенжалин баспасөз беттерінде ұлтаралық татулық және рухани бірлік жайында жазылатын мақалалардың мағы­налық пәрменділігі қашанда өз жемісін береді дей келе, сөз ыңғайында мемле­кет­тік бұқаралық ақпарат құралдарын жеткі­лікті қаржыландырудың да мәселелері бар екенін еске салды. Гуманитарлық зерттеу орталығының директоры, философия ғылымдарының докторы Валентина Курганская ұлтаралық келісім мәселе­лерінің  бұқаралық ақпарат құралдары бет­терінде көрініс табуын шетелдік тәжірибе және қазақстандық мысалда талдап, айтып берді. Ұлтаралық мәселе өте нәзік. Сон­дықтан да бұл тақырыпта бұрмалаушылық, қисынсыз пікір айтуға жол беруге болмайды деген өз ойын ортаға салды.

“Хабар” агенттігінің “Caspіonet” арна­сы­ның директоры Айгүл Жұматаева элек­трондық бұқаралық ақпарат құралдарында ұлттық-мәдени орталықтардың қызметін жария етіп көрсетудің бүгінгі хал-ахуалы және келешегі туралы өз көзқарастарын білдірді. Бұл жөнінде Қазақстандағы элек­тронды бұқаралық ақпарат құралдарында көп жылдар бойы қалыптасқан дәстүрлі қадамдар алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдірді. Әрине, мұның өзінде де шығармашылық ізденістер қажет.

Семинарда жергілікті ұлттық газет­тердің редакторлары сөз алды.

Адамдардың туыстығы мен достығын жалғастыруға дәнекер болатын құнды ойлар мен нақты ұсыныстар да біраз айтылды.



Авторы: Мейрамбек ТӨЛЕПБЕРГЕН.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат