Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2006-11-14:

“Сәлем саған, Астана!”

атты маңғыстаулық өнер шеберлерінің концертін Елбасы Н.Назарбаев тамашалады

 

Тәуелсіздігіміздің 15 жылдығына орай Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанның әрбір облысының Астанадағы күндерін өткізу жоспарланған болатын. Осы ретте өткен аптада елорда төрінде алғашқы болып Маңғыстау облысының күндері өтті.

 

Елордада өткен облыс күндері­нің тұңғыш іс-шарасы астаналық кө­рермендердің жазушы Ә.Кекіл­бай­­ұлының “Күйші” шығармасының желісі бойынша түсірілген “Кек” фильмін тамашалауынан бастал­ға­нын біз бұған дейін айтқан бола­тынбыз. 10 қарашада Л.Н.Гу­милев атындағы Еуразия ұлттық университетінде республикамызға танымал маңғыстаулық ақындар Сабыр Адай, Светқали Нұржанов және Әнуар Бимағамбетовтер әдебиетсүйер қауыммен кездесті. Ал Маңғыстау облысы күндерінің ең басты іс-шараларының бірі ре­тінде 11 қарашада елордамыздағы Конгресс-Холлда ұйымдастырыл­ған көрмелерді айтуға болады. “Эко­но­ми­ка. Облыс дамуының перспек­ти­ва­лары” атты Маңғыстау экономи­ка­сына арналған, сондай-ақ кол­өнер  шеберлерінің “Күм­бір­лейді күмісі Маңғыстаудың”, фотосурет­ші­лердің “Туған өлкенің табиғаты” көрмелері көпшіліктің көңілінен шықты. Кешке қарай Конгресс-Холлда маңғыстаулық өнер шебер­лерінің қатысуымен “Сәлем саған, Астана!” атты гала- концерт өтті. Мұнда халық әндері­мен қатар, Мұ­хиттың, Әсеттің, Абайдың әндері де орындалды. Әсіресе “Жорға”, “Жа­дыра-жайна” би топтары мен “Мұ­найшылар” квинтетінің, “Алау” триосының орын­дауындағы ән-билерге көрер­мендер жылы ықылас танытса, Сержан Шәкірат, Роза Айдарбаева, Абылай Тілеп­бер­генов­ тартқан “Үш ұрпақ” атты күй ай­тысы аңыз боп күңіреніп, абыз­дай тебіреніп, жұртшылықты ерек­ше әсерге бөледі. Тәуелсіздіктің 15 жыл­ды­ғына, сондай-ақ Маңғыстау  облысы күндерінің жабылуына арналған осынау концертке Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысқанын да атап айтуымыз шарт.

Маңғыстау облысының Астана­да өткен күндерінде бұл өңірдің әсіресе рухани жағынан қалай өсіп-өркендеп жатқанын бағамдататын бағдарламалар басым болды деуге толық негіз бар. Ежелден киелі саналып келген мекеннің мәдениеті пен өнерінің өзгеше өрнекте өрілу сыры неде десек, біз оның кешегі тарихы мен тағдырына соқпай, бүгінгі халін толыққанды танып-біле алмасымыз анық. Сондықтан да ата-баба­ларымыздың бастан кешкен тау­қымет-тақсіреті сахна өнері тілімен баян етіліп, сол жолдың ойы мен қырынан, сайы мен дөңесінен өскелең ұрпақ ұлағат ұғар тәлімді дүние жасау ісі жал­ғасу­да. Тәуел­сіздіктің 15 жылдығы қарсаңында маңғыстаулықтар өз­дері әу бастан өнеріне өзек етіп келе жатқан осы тақырыпты тал­шықтап тарқатар біраз сүбелі дүниені мерекелік тарту ретінде кө­рерменге ұсынғанын біз жоғарыда айттық. Соның ішінде Н.Жантөрин атындағы облыстық қазақ музы­ка­лық драма театрының орны өзгеше екеніне тоқтала кет­кен жөн десек, Маңғыстау облыс­тық театры елорда жұртшылығына көрсеткен Т.Әліпбаевтың “Томи­рис” драма­сының айтар ойы да құн­ды. Иә, елдің тұтастығы мен жерді сақтап қалу жолында өз басының бақытын құрбандыққа шалып, қайратын қалқан, жігерін жебе еткен сақ патшайымының сахналық тұлғасы кез келген режиссердің тісі бата бермес кесек образ. Сондықтан да оған кірісуге батылы жете алмай жүрген, ал батылы жетсе, шебер­лік-қабілеті жағынан әрі қарай сүйреп әкетуге қауқарсыз жандар бұл тақырыпқа көп соға бермейді. Режиссердің тың тәсіл-амалдар арқылы әр бей­ненің сыртқы кел­беті мен ішкі маз­мұнын көркем үй­лестіріп түйіндей білгені сүйсінтті. Мәселен, Кир патша мен Томирис жауын­герлерінің арасындағы шай­қасты жолба­рыстар мен арыстандар айқасы түрінде астарлап, әсерлі суреттеуі қызықтырды. Сатқындық, опа­сыздық, көре алмаушылық сияқты жат қылықтарды қатар баяндаған кезде қойылым желісі ширай түсті. Неге десеңіз, мұндай қыр­сыздықпен адамзат баласы талай заманнан бері шайқасып келеді. Ол кешегі өткен кезеңнің ғана емес, бүгінгі таңның да өте бір өткір мәселесі екендігімен қисынды.

Әдетте біз қойылым драматург, режиссер мен әртістің бірігіп жұмыс істеуінен туатын дүние деп санаймыз. Ал шынтуайтында, ол сонымен қатар музыка, би, сурет, киім және жарықпен қамтамасыз ету сияқты бірталай сала ара­ласуымен бітетін синтездік өнер. Оған суретші, республикаға еңбек сіңірген өнер қайраткері Есенгелді Тұяқовтың, пластикалық қимылды қоюшы Гюль Зиятованың, киім суретшісі Любовь Возженикова­ның, музыкамен көркемдеуші Бектұрған Тілеужановтың сүбелі үлестерін қосыңыз. Томирис (Қ.Мырзалинова) пен Кир патша (К.Ақүрпеков) рөлдері де лайықты жандарға бұйырған екен деп ойладық. Бір сөзбен айтқанда, облыстық театр үшін мынадай тарихи тақырыпқа бару – елеулі жетістік.



Авторы: Айгүл СЕЙІЛОВА,Қарашаш ТОҚСАНБАЙ.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат