Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2006-11-14:

Білім жүйесі: ізденіс және ұсыныс

 

Еліміздегі білім жүйесі тарихи тұрғыдан кешенді түрде зерттел­ген. Соңғы жарты ғасыр ішінде бұл саладағы барлық негізгі өз­герістер, осы жүйенің мақсаты — республиканың кадрлық және инновациялық негізін құру дәйек­тілікпен, жан-жақты жіті талданып қарастырылды. Қоры­тындылар бағдарламалық әрі нормативтік құжаттар бойынша емес, қайта нақты практикалық нәтижелер бойынша жасалды.

Дұрыс-ақ. Алайда бүгінгі таңда бізде дипломды жұмыс­сыз­дар жарты миллионға жуық бо­лып отыр. Олар барлық елдерде де бар, оның Отанымыздағы ерек­шелігі мынада: ұйымдардың бос жұмыс орны жетерлік, бірақ кәсіби оқу орындарын бітіру­шілер кәсіби білімінің таязды­ғынан жұмысқа қабылданбайды. Мысалы, Павлодар мәшине жа­сау зауытына жергілікті универ­ситетті бітірген 35 адамның бірде-бірі жұмысқа қабылданбаған. Зауытта техникалық кадрларға зәрулік бүгінге дейін сақталып келеді. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде жоо-ы санының 4 есе өсуі­не қарамастан, осы үдеріс бе­лең алуда. Нақ осыған ұқсас де­рек­терді құрылысшылар, энер­гетиктер, педагогтар және басқа да мамандықтар бойынша да келтіруге болар еді. Даярланатын кадрлар құрамында үлкен қиғаш­тықтар да бар. Айталық, елімізде бір жұмысшыға есептегенде жеті басшы кадры даярланады екен. Ал білікті жұмысшыларға тапшы­лық азаяр емес.

Бұл орайда халықаралық стандарттарды енгізу үстірттік си­пат алып отыр. Кәсіби оқу орын­дарын аттестациялау мен тіркеу нарықтық бағыты жоқ 2004 жылы шыққан мемлекеттік жалпы білім стандарттары (МЖБС) бойынша жүзеге асырылып келеді. ҚР стандарттау заңына қарамастан, атап айтқанда, республикада 2002 жылдың өзінде-ақ енгізілген БСИ 9000 халықаралық стандарттары­на (ХС) емес, осы республикалық стандарттарға басымдық беріледі. МЖБС әзірлеушілер оларды БСИ 9000 халықаралық стан­дарттарына үйлестіруге талпыныс та жасамаған. Ал осы жағдайда халықаралық білім кеңістігіне кіру туралы қаншама бос сөз­дер­дің болғанын да білеміз.

Бұл орайда жүргізілген тәрбие шаралары мен тоқмейілсіген ра­порт­тар саны да жыртылып ай­ры­ла­ды. Керісінше, жастардың, әсіре­се, жасөспірімдердің қыл­мысы азай­май, қайта елеулі түрде көбейіп отыр.

Оқытып-үйрету мерзімдері де арта түсті, сондай-ақ игеруге тиісті ақпарат көлемдерінің тү­бе­гейлі өсуіне қарай түлектерді кәсіби даярлаудың бағдарлама­лық жағы­нан өрісі тарылып келеді. Бұрын кең ауқымды бейін­дегі әрбір ма­ман­дықтың ішкі мамандан­дыруларымен тұйықтан шыққан еді. Ендігі жерде оқытып-үйретуді кезең­дер­ге (сатыларға) бөлді. Бұл аз санды кадрларды іргелі даярлаудың әрбір кезеңінің аяқталуынан кейін болды.

Иә, Қазақстан ғылымы тұшым-ды ештеңе де ұсына алмай отыр. Соңғы кезде тіпті қажетті деңгейде мектеп оқулықтарын жазуда да қауқарсыздық танытуда. Сондық­тан да білім мен ғылым айқын кө­рініп отырған дағдарысты жағдай­ларға ұшырады. Ал бұл дағдарысты мынадай жолдармен: жүйенің бүкіл жұмысын нарық заңдары бойынша құру; қайта ұйымдастыру негізіне тұтастай алғанда БСИ 9000 ХС қабылдау; озық ғылыми талдамалар мен оқытып-үйретудің осы заманғы әдістемелері есебінен ғылым мазмұнын қайта ұйымдастыру арқы­лы жеңуге болады.

Білімнің жаңа үлгісін нақты негіздеу мен оны іске асыру жол­дары мынадай. Ақпараттың кө­лем­дері әрбір 10 жылда шамамен екі есе артады. Ғылыми-техникалық іл­герілеудің қарқынына ілесуге ұм­ты­ла отырып, білім жүйесі мектеп-те оқытып-үйрету мерзімін ұдайы арттырады, ол 10-11-12 жыл. Ал адам ғұмырының ұзақтығы шартты түрде тұрақты болады. Нәтижесінде адам кәсіби жағынан аяғынан тік тұру және қоғамға пайдасын тигізу үшін жарты өмірі бойында оқуы керек. Осы уақыт ішінде көбісі үйленіп, ұрпақ өсіреді. Әлбетте, оған қамқорлық жасау қоғамның мойнына түседі. Бірақ солай бола қойса ғой! Мұндай тұйық жолға оқу сағаттары көлемін барлық уа­қытта да көбейтудің арқасында ке­леді. Бірақ оқытып-үйретудің маз­мұнын оңтайландыруға, негіздерін алып, артығын лақтырып тастауға ұмтыла қоймайды. Әншейін алып тастаумен және көбейтумен проб­лема да шешілмейді. Басқа бір көз­қарас, мысалы, синергетикалық (сол бағыттағы бірлескен әрекет) көзқарас қажет. Оңай мазмұндауда қарапайым қосу емес, тоғыстыру емес, қайта өзара кірігумен, өзара әрекет арқылы ұшырасуы қам­та­масыз етіледі. Көптеген ережелер жинақталады, оқушыларға ұсыны-ла­тын басты қорытындылар тұжы­рым­далады. Ортақ жалпы заңдар мен заңдылықтарды білудің негі­зін­де адам жеке-дара, дербес игереді.

Бұл проблемамен мен 1968 жылдан бері шұғылданып келемін. Мәшине жасау ең ірі салалардың бірі екені де белгілі. Мамандықтар мен мамандандырудың санына да жете алмайсыз. Синергетикалық көзқарастарды пайдалану нәти­жесінде оны іске асыру жөнінде бағдарлама мен кітап жазудың сәті түсті, онда барлық түрдегі мәши­нелер мен тетіктерді әзірлеу мен пайдаланудың бүкіл негізгі заң­ды­лықтары қамтылған. Техника жа­сау­дың заңдары және барлық жағ­дайларда да жұмыс істейтін өндірістер құрудың заңдылықтары тұжырымдалды. Идеялар станок, зымыран, танк жасауда, электрон­ды, ауыл шаруашылығы, тау-кен мәшинелерін жасауда, тұрмыстық техника өндіру кезінде сынақтан өткізілді. Атап айтқанда, біздің түлектерімізге жұмыс берушілер кезекте тұратын болды. Ал осы идеяны педагогикада да пай­далануға ұмтылыс болды.

Ғылыми-әдістемелік тұрғыда жұмыстар мынадай алгоритм бойынша орындалады. Тақырып, оның мазмұны, түпкі қорытын­ды­лары (әзірге сандық мәнде­рін­сіз), атқару мерзімдері қалып­та­са­ды. Педагогиканың тек бір­не­ше мамандықтары бойынша ондаған докторлық және кан­ди­даттық диссертациялар осылайша тұжырымдалды. Бұл орайда ғы­лы­ми дәреже алу жолында әуре-сарсаңға түсудің қажеті жоқ, қай­та 2-3 жыл ішінде еңбекті жазып, міндетті түрде өндіріске енгізіп, содан кейін қорғаса да болар еді. Тұтастай алғанда, ғылыми зерт­теу­лердің көптеген жылдарға ар­нал­ған көкейкесті әрі тиімді бағыттары жасалады. Осы сала-дағы басымдықты сақтау және арттыра беру керек.

Социализмнің күйреуі мен экономиканың капиталистік нарыққа көшу басымдықтардың ауысуын туғызды. Бұрында, мем­лекет- қоғам- жеке адам қаты­на­сы болса, енді: жеке адам- қоғам- мемлекет қатынасына айналды. Бірақ ҚР білімінің жүйесі әзірге бұрынғы басымдықтарды басшы­лық­қа алып келе жатыр, тәрбие жұмысының негізінде: “сен ат­қаруға тиістісің”, “сен міндет­ті­сің” деген қағидаттар болып келеді. Ал басымдықтардың ауы­суы диалектиканың заңдары негізінде бұрынғы қасаң қағи­далар орнына қоғамдағы жеке адамның дүниені ұғынуы мен өмірін қалыптастыруы қажеттігін туғызады. Сондықтан жасөспі­рім­дер арасындағы қылмыстың қазіргі жай-күйіне толық бай­ла­нысты болады. Жағдайды түзету үшін біз дүниетанымдық тұр­ғы­да даярлаудың бағдарламасын әзірледік.

Білімді тестілеудің барлық оң нәтижелерінен кейін мектептер мен кәсіби оқу орындарындағы жаппай тестілеу жүргізу оқу­шы­лар мен ұстаздардың психоло­гия­сын өзгертуде. Оқытып-үйрету тестілеу арқылы оқытып-үйретуге қарай сырғып, стандартты емес шешімдерді іздестіру мен табу жөніндегі қабілеттері дамымай келеді. Стандартты шешімдер көп жағдайларда компьютерлерде болады. Мысалы, инженер неге қажет болады; бұл ретте есептеу техникасын пайдаланушы да жетіп жатпай ма екен. Барлық уа­қытта, әсіресе қазіргі кезде бірегей ойлайтын мамандарға көп қа­жеттілік туып отыр, оған қа­бі­лет-қарымы мектептердің өзінде қалыптасады. Бұл проблеманы диалектикалық қайшылықтарды жеңуді жолға қоюмен және оқытып-үйретумен шешу керек. Бұл жол баяғыда-ақ қарапайым түсінікте “проблемалық оқытып-үйрету” деп аталған болатын.

Еңбек ресурстарының нарығы нақты, ол схолостикаға төзе қой­майды. Білім жүйесі тек нарық­тың сұранысы, соның ішінде өздерінің түлектерінің саны мен сапасына қарай ғана қатаң түрде жұмыс істеуге міндетті. Алайда, әзірге ол әлі де нарықтық эко­но­микаға енгізіле қойған жоқ, ал жоо-да ішкі басқару негізінен күш­теу тәртібінде жүзеге асы­рылып келеді. Мәселенің мұндай жағдайына, соның ішінде БСҰ-на кіру қарсаңында жол беруге болмайды. Тұтастай алғанда білім берудің аталған жаңа үлгісі бойынша білім жүйесін қайта ұйым­дастыру жөнінде алда көлемді жұмыстар тұр. Оларды іске асыру үшін халықаралық білім стан­дарт­та­рын батыл түрде енгізу – біліктілік кепілі болып табылады.



Авторы: Макар ЖАСИМОВ, ҚР Мемстандартының “Мәшинежасау” саласын стандарттау жөніндегі техникалық комитетінің төрағасы, техника ғылымдарының докторы, профессор.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат