Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2006-11-22:

Қазақстан-Ұлыбритания:

СалиҚалы саясатҚа салмаҚ салҒан сапар

 

Букингемдегі кездесу

 

Ұлыбританияға сапарының екінші күні ертеңгісін Букингем сарайында Қа­зақстан Президенті Нұр­сұл­тан Назар­баев пен Ұлыбритания және Сол­түстік Ирландия Корольдігінің Коро­ле­васы ІІ Елизавета кездесіп, екі мемлекет ара­сындағы қарым-қаты­настар жайында әңгі­мелесті. Кездесу ыстық ықыласты, достық жағдайда өтті.

Елизавета ІІ бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша мемлекет басшысы болып табылады. Таққа 1952 жылдың 6  ақпанында отырған. Әкесі VІ Георгтан  ІІ Елизаветаға Ұлыбритания, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Пәкстан және Цейлонға корольдік ету мұра ретінде қалған еді. Ұлыбритания қол астында болған бірқатар елдер тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін ІІ Елизаветаның корольдік ету билігі бірқатар жаңа мем­лекеттерге тарады. Осылайша ІІ Елизавета өзінің 52 жылдан астам уақыт ішінде 32 мемлекеттің монархы болып үлгерді. Қазіргі кезде ІІ Елизавета жалпы саны 128 миллион адамды құрайтын Еуропа, Америка, Кариб бассейні және Океания аумағында 16 мемлекеттің басшысы болып табылады.

ІІ Елизаветадай көптеген елдерге билік жүргізетін және жүргізген монарх әлемде жоқ. Оның қарамағында  осынша­лықты ел бола тұрғанымен, билігі шектеу­лі. Әсіресе, Ұлыбританиядан тысқары жер­лерде. Сондай-ақ ол өзі билік жүргізе­тін елдер қа­рулы күштерінің жоғарғы бас қолбас­шысы саналады. Осы тұста атап өтейік, ІІ Елизавета басқарып келе жатқан 50 жыл­дан астам уақыт ішінде Ұлыбрита­ния­да 10 премьер-министр ауысты.

Нақты деректер ІІ Елизаветаның жас кезінен-ақ қоғамдық өмірге араласқанын көрсетеді. Мысалы, 1940 жылы 14 жасын­да радио арқылы Британдық достастық елдеріндегі балаларға алғаш рет үндеу тастаған екен. Ал Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы уақытын ІІ Елиза­вета Шотландия және Англиядағы Ко­роль­діктер резиденциясында өткізген. Королева анасы мен гувернантканың қадағалауымен үйде білім алған және тәрбиеленген. Кейін элиталы мектепте оқыған.

 

Көзқарастар жақындығы

 

Қазақстан Республикасының Прези­денті мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Корольдігінің Королевасы ІІ Елизаветаның жылы шырайлы кездесуі­нен соң, Президент мінген кортеж Пре­мьер-Министрдің резиденциясына бет алды. Қазақстан басшысы мен Ұлыбрита­ния Премьер-Министрі жоғары дәрежеде­гі кездесуді рәсімдейтін ескерткіш суретке түскеннен кейін, Нұрсұлтан Назарбаев пен Тони Блэрдің кездесуі басталды.

Ұлыбритания Премьер-Министрі мен үкімет мүшелері билеуші партияның мүшесі ретінде парламент депутаттары болып саналады және елдің атқарушы билік жүйесіне басшылық жасайды. Мұнда саяси бағытқа тікелей жауап бере­тін және үкіметтің қызметін үйлестіретін Министрлер кабинеті басты рөл атқарады. Министрлер кабинетінің құрамына 20-ға жуық ықпалды министрлер кіреді. Ми­нис­трлер кабинетінің жалпы саны каби­нет мүшелерін, портфельсіз министрлік­терді, салалық хатшыларды қоса есеп­тегенде 100 адамға жуықтайды. Министр­лер кабинеті сондай-ақ мемлекеттік қана емес, партиялық институт болып та саналады.

Тони Блэр Премьер-Министрлік қыз­метті 1997 жылдан атқарып келеді. Окс­форд университетін бітірген соң, Лей­бористер партиясының мүшесі болып кірген. 1983 жылы парламент мүшесі бо­лып сайланды. Арада 11 жыл өткенде, 1994 жылы Лейбористер партиясының жетекшілігіне сайланды. Ол 1997 жылы бұрынғы премьер-министр Джон Мейд­жорды алмастырды. Сондай-ақ Тони Блэр – 2001 және 2005 жылдары Ұлыбритания Премьер-Министрі лауазымына қайта бекітілген көрнекті тұлға.

Қазақстан мен Ұлыбритания эконо­ми­калық байланыстарды дамытумен қатар, алдағы уақытта халықаралық лаңкестікке, жаппай қырып-жоятын қарудың тарал­мауына және басқа қауіп-қатерлерге қарсы ынтымақтастық орнату ерекше маңызды деп санайды. Сонымен қатар мемлекеттер Ауғанстан мен Ирактағы жағдайды тұрақтандырып, бұл елдерде бейбітшілік орнатуға мүдделі екендіктерін білдіріп отыр. Қазақстан мен Ұлыбрита­ния­ның әскери саладағы ынтымақтас­тығын атап өтуге тұрарлық. Бұған “Дала қыраны-2006” атты бірлескен бітімгерші­лік жаттығуының өтуі дәлел болмақ.

Бүгінде екі мемлекет халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін дінаралық және этносаралық байланыстарды нығайту мақсатын алға қойып отыр. Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесі, осы жылы Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі, сон­дай-ақ Ұлыбритания үкіметінің қол­дауымен Ыстамбұлда өткен “Еуропа мұсылмандары” конференциясы жоғары айтқандарымызды дәлелдей түседі әрі нақты мысал болып табылады. Қазақстан да, Ұлыбритания да тұрақтылықты қам­тамасыз етуде демократиялық институт­тар­ды дамытудың маңыздылығын таны­ған. Ал Ұлыбритания Демократиялық ре­формалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комис­сия­ның жүзеге асырып жатқан іс-шара­ларына қолдау білдіруде.

Ұлыбритания әлемдегі беделді ха­лықаралық ұйымдардың көпшілігіне мүше. Оның ішінде Еуропалық Одаққа мүше ретінде Қазақстанның БСҰ-ға кіру барысындағы дайындығын, сонымен қатар еліміздің әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу ұмтылысын қолдаған іргелі мемлекеттердің бірі болып табылады. Ұлыбритания-Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың тағы бір көрінісін қаржы-кредиттік саладан көруге болады. Мысалы, ұлттық валютамыз – теңгенің банкноттары басқа елде емес, осы мемлекетте басылған. Қазіргі кезде Ұлттық банк пен қазақстандық бірқатар банктер Англия банктерімен, басқа да британдық ірі банктермен тікелей кор­респонденттік қатынастарды жалғас­ты­руда. Мәліметтерге қарағанда, Қазақстан тарапынан шамамен 264,7 миллион долларды құрайтын мемлекеттік емес 6 займ мемлекеттің кепілдік етуімен алынған. Бүгінде оның 176 миллион доллары игерілді. Капиталдандыру деңгейі бойынша “Қазақмыс” компаниясы британдық ең ірі 100 компанияның FTSE-100 тізіміне енді.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ұлыбритания Премьер-Министрі Тони Блэрдің кездесуі белгілен­геннен біршама ұзаққа созылды. Кез­десуден кейін Президент пен Премьер-Министр қазақстандық және британия­лық БАҚ өкілдерімен баспасөз мәсли­хатын өткізді.

 

“Нұр­сұл­тан Назарбаев өз елін өте дұрыс жол­мен бастап келеді”

 

Баспасөз мәслихатында алғашқы сөзді Тони Блэр алып, Ұлыбритания мен Қазақстанның ынтымақтастығы жайына тоқталды. Соңғы бес-алты жылда екі ел арасындағы қатынастар көп өзгерді, деді Ұлыбритания Премьер-Министрі. Әсіре­се, екі елдің сауда-экономикалық және  энергетикалық байланыстарын ерекше атап өтті. Ұлыбритания Қазақстан эконо­ми­ка­сының ең ірі инвесторының бірі бо­лып табылады. Біздің энергетика сала­сын­да ғана емес, басқа салалардағы қаты­нас­тарымыз да ойдағыдай қалыптас­қан. Авиация мен жолаушылар тасымал­дау, қорғаныс, тағы басқа салалардағы байла­ныс­тарымыздың келешегі зор. Бүгінде екі елдің 128 бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді.

Бұдан кейін Тони Блэр Қазақстан-Ұлы­британия арасындағы қаржы секто­рын­дағы қатынастарға тоқталды. Лондон қор биржасы мен Алматы биржасы ара­сындағы байланыстың перспективалары жоғары. Қазақстан мен Ұлыбританияның саяси қатынастарында кейбір мәселелер бар. Үкімет басшысының атап өтуінше, осы мәселелер екі елдің қатынастарында алдыңғы орынға шығуы тиіс. Қазақстан өте маңызды аймақта орналасқан. Нұр­сұл­тан Назарбаев өз елін өте дұрыс жол­мен бастап келеді. Қазақстанның ішкі жалпы өнімі жан басына шаққанда бұрын 400 доллар болатын. Бұл көрсеткіш биыл 6 мың доллардан асады. Өйткені, Астана шетелдік инвесторларға ашық.

Қазақстан көпұлтты, көпконфессиялы мемлекет, деп жалғастырды Ұлыбритания үкіметінің басшысы. Солай бола тұрса да Қазақстанда ұлтаралық келісімнің арқа­сында тұрақтылық сақталып отыр. Қазақ­стан аймақтағы елдерге экономикалық жағынан да, тұрақтылық жағынан да үлгі көрсетіп келеді. Біз Астананың Ирак мә­селесіне қатысты ұстанымдарын жоғары бағалаймыз. Ал Қазақстанның Еуропалық Одақ елдерімен тығыз байланыс орнатуы уақыт өткен сайын ерекше маңызға ие бола түсуде. БСҰ-ға мүше болу – барлық елдер үшін маңызды. Біз Қазақстанның БСҰ-ға мүшелікке кіру стратегиясына қолдау білдіреміз, дей келіп Тони Блэр Қазақстан Президентінің Ұлыбританияға бұл ресми сапа­ры екі елдің қарым-қаты­на­сын қазір­гіден де нығайта түседі деген сенімін білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев сөзін әріден бастады. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған еді, деді Қазақстан басшысы. Ұлыбритания біз­дің тәуелсіздігімізді алғашқылардың бірі болып таныды. Ұлыбритания Қазақ­стан­ның аса ірі инвесторларының бірі бо­лып табылады. Британиялық компания­лар Қазақстанның экономикасына 8 мил­лиард долларға жуық қаржы салды. Бү­гінде Лондонның қор биржасында Қа­зақстанның 4 компаниясы орналастырыл­ған. Ертең Лондон қор биржасында қазақ­стандық және британиялық бизнес өкіл­дерінің қатысуымен үлкен форум өтеді. Онда екі елдің кәсіпкерлері өзара келісіп, алдағы уақытта ынтымақтастық орнатады деп сенемін.

Бұдан кейін Қазақстан Президенті Ұлы­британия Премьер-Министрімен кез­десуде қозғалған мәселелерді атап өтті. Кез­десуде өңірлік қауіпсіздік мәселе­лері жөнінде әңгімелестік, деді Президент осы туралы. Қазақстан — Қытай мен Ре­сей­дің және ислам әлемінің ортасында ор­налас­қан мемлекет. Еліміз мұнай-газ, түсті ме­тал­дар және ауыл шаруашылығы өнімдері қорына өте бай. Ал Ұлыбритания бүгінде біздің аса сенімді сауда әріптесіміз болып отыр. Еліміз экономикалық реформалар­ды табысты жүзеге асырып, ТМД-да көш­басшылық рөлге шықты. Қазақстанның Ұлыбританиямен халық­аралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастығын маңызды деп білеміз. Өйткені, Ирак та, Иран да бізге жақын орналасқан. Иранмен Каспий теңізі арқылы шекараласамыз. Ауғанстан­дағы және Ирактағы жағдайларды тұрақ­тандыруға қатысты жүргізіліп жатқан шараларға Қазақстан қолдау білдіреді.

Н.Назарбаев пен Т.Блэрге журналис­тер тарапынан бірқатар сұрақтар қойыл­ды. Оның дені Қазақстан мен Ұлы­бри­тания арасындағы ынтымақтастықтың перспективалары, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мемлекет­тердің алатын орны, тағы басқа мәселелер жайында болды. Қойылған сұрақтарға Президент пен Премьер-Министр нақты дәлелдермен жауап қайтарды.

Екі елдің ынтымақтастығы сауда-эко­номикалық қатынастардан ерекше бай­қалады. Бұрын Ұлыбритания Қазақстан экономикасына инвестиция салудан ше­телдіктер арасында екінші орын алатын. Соңғы жылдары бұл мәселеде екінші орынды Нидерланды алып отыр. Оның себебі, Нидерландыда бизнес саласының қарқынды дамуында жатыр. Қазіргі кезде британиялықтардың Қазақстан экономи­касына салған инвестициясының жалпы көлемі 8 миллиард доллар шамасында. Бұл Қазақстан экономикасына тартылған шетелдік тікелей инвестицияның айтар­лықтай бөлігін құрайды.

Мемлекеттер арасындағы тауар айна­лымы жыл өткен сайын артып келеді. Мы­салы, өткен жылы бұл 743,8 миллион доллар болса, осы жылдың тоғыз айында 591 миллион долларға жетті. Экспорт және импорт жайына келсек, Қазақстан минералдық өнімдер, феррохром, болат, мыс, тыңайтқыш түрлерін, бағалы және жартылай бағалы металдар мен тері ши­кізатын экспорттайды. Ал Ұлыбритания жабдықтар, аппаратуралар, көлік түрлерін, оптикалық құралдар, тағам өнімдері мен тігін бұйымдарын жеткізеді. Қазіргі кезде Қазақстанда британиялық инвес­тор­лардың қатысуымен 128 кәсіпорын тір­кел­ген. Оның 57-сі – бірлескен кәсіп­орын, 71-і – британиялық компания­лар­дың өкілдіктері.

Қазақстан және Британия жоғары лауа­з­ым иелері мен ірі бизнес өкілдері тұ­рақ­ты байланыс орнатқан. Мысалы, осы жылдың соңғы айларында ғана танымал кәсіпкер Лорд Джейкоп Ротшильд пен Бү­кіләлемдік даму банкінің экс-прези­ден­ті Дж.Вульфенсон Қазақстанда сапармен болып, оның барысында Мемлекет бас­шы­сымен кездесті. Кездесуде Қазақстан­ның қаржы секторын инвестициялау мә­селесі талқыланған болатын. Сондай-ақ Қазақстан Президенті жанындағы Ше­тел­дік инвесторлар кеңесінің отырысына британиялық ірі компаниялардың бас­шылары тұрақты түрде қатысып келеді.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан На­зарбаевтың сапары түстен кейін әрі қарай жалғасты. Елбасы Ұлыбританияның Қар­жы министрі Гордон Браунмен кездесті. Мамандығы тарихшы Г.Браун – бри­та­ниялықтарға танымал тұлға. Сарапшы­лар­дың баға беруінше, Қаржы министрі эко­номиканы өте жақсы біледі, сондай-ақ кез келген ортада шешендігімен ерекшеле­не­тін қасиеті бар. Ол қазіргі Премьер-Ми­нистр Тони Блэрдің орнын басушы сая­саткер ретінде саналады. Оны көпшілік жер­гілікті экономиканы өркендетуші, білікті архитектор деп есептейді. Министр 1997 жылдың мамыр айынан бері осы лауазымды абыроймен атқарып келеді. Соңғы 50 жылда Қаржы министрлігінің тізгінін ұзақ уақыт ұстаған тағы осы Гордон Браун.

Кеше кешкісін Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания іскер топтарының өкілдерімен кездесті. Бүгін Мемлекет басшысының сапары әрі қарай жалғасады.

Сапар барысында Нұрсұлтан Назар­баев­пен Премьер-Министрдің орынбаса­ры Кәрім Мәсімов, Сыртқы істер минис­трі Қасымжомарт Тоқаев, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжин, Ин­дустрия және сауда министрі Владимир Школьник, Энергетика және минералдық ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхан­бе­тов, Президенттің Іс басқарушысы Болат Өтемұратов, Президент Әкім­шілігі Басшысының орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед және Қазақстанның Ұлы­британиядағы Төтенше және өкілетті ел­шісі Ерлан Ыдырысов бірге жүр.  



Авторы: Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ — Лондоннан.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат