Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2007-01-01:

УКРАИНА ҚАЗАҚСТАН ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДАЛУДА

 

Бүгін Украина өзінде Қазақ­стан жылын өткізуге дайын отыр. Былтырғы жылдың 10 қаңтарын­да, өзінің Қазақстанға жасайтын сапарының алдында Украинаның Президенті В.Ющенко Қазақ­станның Украинадағы жылын өткізу жөніндегі жарлыққа қол қойды. Ал 13 желтоқсанда Пре­мьер-Министр В.Янукович 2007 жылы Қазақстанның Украинадағы жылын өткізу жөнінде Министр­лер кабинетінің қаулысын шығарды және соған сәйкес Ұйымдастыру комитеті құрылды.

Өткен жылды Ук­раина-Қазақ­стан ара­сындағы екіжақты қа­ты­настардың ерекше сер­пін­ді жылы болды деу­ден аулақпын, бірақ оның маңызын төмен­детуге де болмайды. Нақ осы жылы екіжақты сауда айналымы бір жарым млрд. АҚШ дол­ларына жақындап, ре­кордты көрсеткішке жет­ті. Нақ осы жылы екіжақты байланыс­тарды тереңдете түскен көптеген шаралар өткі­зілді. Соның ішінде Украина Пре­зи­денті Виктор Ющенко өзінің алғашқы сапарын өткен жылдың қаңтар айында Қазақстаннан бастап, Президент Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау салтанатына қатысты. Желтоқсан айында біз Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық бірлес­кен комиссияның жетінші отыры­сын өткіздік. Тамыз айында Қа­зақ­стандағы украин диас­порасы­ның үлкен делегациясы украин­дардың Бүкіләлемдік ІV фо­румына бел­сене қатысты. Қараша-жел­тоқсан айларында біз Астана қаласында белгілі украин сурет­шісі Раиса Козлованың бі­рінші ав­торлық көрмесін өткіздік. Сонымен бірге өткен жылда бол­ған маңызды шараларының қа­тарына — Ук­раина жоғары басшы­лығының сырт­қы саясатындағы соңғы ак­ция­лардың бірі – Премьер-Ми­нистр В.Януковичтің Қазақстан Республикасы Тәуел­сіздігінің 15 жылдығы қарсаңында осы елге жасаған жұмыс сапарын қосуға болады.

Құрамында үш министрі және екі министрдің орынбасары болған украиндық делегация екіжақты зор маңызы бар нақты ұсыныстар пакетімен келген еді. Әрине, В.Януковичтің Президент Н.Назарбаевпен және Премьер-Министр Д.Ахметовпен арадағы келіссөздерінде ең басты тақырып отын-энергетика кешеніндегі ынтымақтастықты тереңдету болғаны ешкімге құпия емес. Сонымен бірге көлік, аэроғарыш, мәшине жасау, ауыл шаруашылы­ғы салаларындағы ынтымақтас­тықты белсендірек жүргізуге байланысты мәселелер де қызу талқыланды.

Премьер-Министр В.Янукович өзінің сөзінде Украинаның жаңа энергетикалық саясатындағы Қа­зақ­станның стратегиялық маңы­зын және елімізді электр қуаты­мен қамтамасыз ету көздерін әртараптандырудың алда тұрғанын бірнеше рет атап өтті. Келіссөздер барысында екі жақ та “Одесса-Бро­ды-Плоцк” мұнай құбырын дамыту мен басқару және оны Гданск қаласына дейін созу жө­ніндегі көпжақты консорциумды құруға мүдделілік білдірді.  Біздің елдері­міздің еуразиялық аумақтағы ынтымақтастығының маңызды бағдары – көлік саласы болып табылады. Соның ішінде “Қытай-Батыс Еуропа” бағытындағы жүк тасымалы дәлізін Ресейдің қатысуымен дамыту да бар. Осыған байланысты Украина, Ресей және Қазақстан арасындағы тарифтік саясатты үйлестіру қажеттілігі, Қазақстанға Украинада шығатын темір жол вагондарын сату, біздің еліміздің астық тасымалы және элеваторлық қуаттарын қазақстан­дық астықты сыртқы рынокқа шығару ісіне пайдалану, Венгрия­ның аумағында көлік-логистика терминалы құрылысын бірлесіп жүргізу, аэроғарыш саласындағы ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі мәселелерде екіжақты түсіністік болды. Сапар барысында украиндық АН-148 ұшағының тұсаукесер рәсімі болды. Украи­наның Премьер-Министрі осы ұшақты сертификаттау жұмысы жуырда аяқталатынын және дайын болған алғашқы екі ұшақ Қазақ­станға сатылатынын айтты.

Сапар барысында екі елдің премьер-министрлерінің бірлескен мәлімдемелерінен басқа ешқандай екіжақты құжатқа қол қойылма­ғанымен, ол Украина мен Қазақ­стан арасындағы экономика мен әлеуметтік саладағы ұзақ мерзімді және прагматикалық қатынастарды жалғастырды. Сонымен бірге ол Қазақстан басшысы қолдаған Украина-Қазақстан арасындағы жаңа қарым-қатынастар жоспары идеясын немесе Н.Назарбаев тауып атаған “Жол картасы-2”-ні дайын­дауда жақсы тұғырнама болды. Белгіленген жоспарларды іске асы­ру үшін бізге әлі де үлкен жұмыс­тар атқаруға тура келетінін жақсы түсінеміз. Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа жылдағы қаңтар айының соңына белгіленген Украинаға жасайтын мемлекеттік сапарына көкейкесті мәселелер бойынша ұсыныстар жобасын дайындауымыз керек. Ең басты жұмыс – Қазақстан Республикасы­ның Украинадағы жылының ресми түрде ашылуы болып табылады.

Екі жақ та Қазақстанның Ук­раинадағы жылы — Қазақстан  мен оның халқы, тілі, мәдениеті, өнері, тарихы, көзқарасы, мента­литеті туралы біздің әрбір қатар­дағы азаматымызға ақпарат беруге арналған шаралар жиынтығы екенін түсінеді. Бұл шаралардың ең басты міндеті — украиндықтар­ға қазіргі Қазақстанның Тарас Шевченко айдауға жіберілген шет­сіз-шексіз қу дала немесе бұрқақ­тарынан қара және көк алтындары атқылаған скважиналар емес екендігін түсіндіру. Бүгінгі Қа­зақстан экономикалық, демокра­тиялық және әлеуметтік рефор­маларды табыспен іске асыра білген мемлекет, 130 ұлт пен ұлыс, 46 діни конфессия тату-тәтті, ынтымақта өмір сүріп жатқан ел, сонымен бірге ұлттық тілін, бай мәдениетін қалпына келтіріп жатқан тарихы өте тереңдегі қоғам екенін көрсету қажет.

Бүгін Украина өзінде Қазақ­стан жылын өткізуге дайын отыр. Былтырғы жылдың 10 қаңтарын­да, өзінің Қазақстанға жасайтын сапарының алдында Украинаның Президенті В.Ющенко Қазақ­станның Украинадағы жылын өткізу жөніндегі жарлыққа қол қойды. Ал 13 желтоқсанда Пре­мьер-Министр В.Янукович 2007 жылы Қазақстанның Украинадағы жылын өткізу жөнінде Министр­лер кабинетінің қаулысын шығарды және соған сәйкес Ұйымдастыру комитеті құрылды.

Ұйымдастыру комитеті бүгін­нің өзінде өткізілетін шаралар жоспарының жобасын жасап қойды. Жақын күндерде ол келі­сім алу үшін Қазақстан жағына беріледі. Жоспардың жобасына 150-ден астам саяси, экономика­лық, мәдени-гумани­тар­лық маз­мұндағы және аймақ­аралық ынтымақтас­тықтарды дамытуға бағытталған шаралар енгізілген.

Украин-Қазақстан бір­лескен жұмыс тобы дайындаған осынау шаралар жоспары біздің елдері­міздің басшылары алды­мызға қойған екіжақты қатынас­тарды тереңдету істерін жоғары деңгейге көтеретініне және екі жақтың да оған мүдделілік таны­татынына, екіжақты ынтымақ­тастықтың жандана түсуіне жаңа, күшті серпін беретініне сенемін.  



Авторы: Николай СЕЛИВОН, Украинаның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат