Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2005-12-13:

Президент сайлауындағы зор жеңісімен құттықтады

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына мемлекет басшыларынан, халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен, саяси және қоғам қайраткерлерінен құттықтаулар келуін жалғастыруда.

 

2005 жылғы 10 желтоқсанда АҚШ Президенті Джордж Буш қоңырау шалып, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты Президент сайлауындағы зор жеңісімен құттықтады.

– Сіз өте танымал екеніңізді біз білеміз. Халық Сіздің жұмысыңыздың нәтижелерін көріп тұрғанда, Сіздің бүкілхалықтық қолдауға ие бола беретініңіз сөзсіз. Мен мынаны атап айтқым келеді, Сіздің АҚШ тұрғысында досыңыз бар. Біз Сізді қолдаймыз және Сіздің жұмысыңыз үшін алғыс айтамыз, – деп атап өтті Джордж Буш.

– Үлкен рахмет. Сіздің ықыласыңыз біз үшін көп жәйтті білдіреді. Сіз Қазақстан – АҚШ-тың стратегиялық әріптесі деп жазған және Сіз Қазақстанды еркін қоғам құруға алдағы кезде де ұмтыла беретін ел ретінде көретін Сіздің хаттарыңыз менің есімде, – деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Жапонияның Премьер-Министрі Дзюңитиро Коид­зумиден құттықтау жеделхаты келіп түсті.

– Сіздің Қазақстан Республика­сының Президенті лауазымына қайта сайлануыңызға байланысты менің шынайы құттықтауымды қабыл алыңыз. Мен Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан өзінің сәтті дамуын жалғастырып, Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылық пен өркендеуге зор үлес қосады деп сенемін. Жапония мен Қазақстанның арасында достық және ықыласты қатынастар қалыптасқан. Біздің еліміз осы қатынастарды одан әрі өскелең дамыту үшін алдағы кезде де Сізбен ынтымақтастықта болуға әзір. Бұған қоса Жапония Сіздің еліңізбен “Орталық Азия+Жа­пония” диалогы бағытындағы ынтымақтастыққа да, сол арқылы Азия өңіріндегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа үлес қосу ниетінде, – деп айтылған жеделхатта.

* * *

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Чех Республика­сының Президенті Вацлав Клаустан құттықтау жеделхаты келіп түсті.

– Өз атымнан және Чех Респуб­ликасының азаматтары атынан Сізді Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануыңызбен құттықтауға рұқсат етіңіз. Біздің елдеріміздің арасындағы қатынастар бұдан былай да өзара түсіністік рухында дамитынына сенімдімін. Сізге мықты денсаулық және Өзіңіздің жұмысыңызда зор табыстар тілеймін, – делінген жеделхатта.

* * *

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан На­зар­баевтың атына Польша Республи­ка­сының Президенті Александр Квасьнев­ски­ден құттықтау жеделхаты келіп түсті.

– Сіздің Қазақстан Республикасы­ның Президенті лауазымына кезекті сайлануыңызға байланысты поляк халқының атынан және жеке өз атымнан Сізге, Жоғары Мәртебелім, ең ізгі тілек­тер мен шынайы құттықтаулар жолдаймын. Польша мен Қазақстан арасындағы қатынастардың соңғы жылдары қол жеткізген өте жақсы деңгейі екі жақты қанағат сезімі үшін себеп бола алады. Біз оларды одан әрі дамыту мүмкіндіктерін әлі де толығырақ пайдаланатынымызға сенімдімін, – деп атап өтілген жеделхатта.

* * *

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Үндістанның Премьер-Министрі Манмохан Сингхтан құттықтау жеделхаты келіп түсті:

– Сіздің дана басшылығыңызбен Қазақстан Еуразия континентіндегі ең жедел дамушы елдердің біріне айналды. Соңғы жылдары саяси, экономикалық, сауда және энергетикалық салаларда Қазақстан-Үндістан ынтымақтастығы белсенді дамуда. Екіжақты қатынастар­дың одан әрі дамуына сенім білдіремін, – деп атап айтылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ГФР-дің Сыртқы істер федералдық экс-министрі Ганс-Дитрих Геншерден құттықтау жеделхаты келіп түсті:

– Сіздің Қазақстан Республикасы­ның Президенті болып қайта сайла­нуыңызға байланысты өзімнің шын жүректен шыққан құттықтауымды білдіремін. Сайлау барысында Сіз ие болған зор қолдау Сізге тұрақтылық жағдайында жаңару және экономикалық бағытын табандылықпен жалғастыруға мүмкіндік береді, – делінген жеделхатта.

* * *

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Ресей Федерация­сы Сауда-өнеркәсіп палатасы басқарма­сының төрағасы Евгений Примаковтан құттықтау жеделхаты келіп түсті:

– Сайлаудағы айрықша айқын жеңісіңіз Сіздің және Сіз жүргізіп отырған әлеуметтік-экономикалық саясаттың қандайлық зор сенімге және бүкілхалықтық қолдауға ие болып отырғанын айшықты көрсетіп берді.

Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан таңданарлық табыстарға қол жеткізді және бүгінде әлемде айтарлықтай экономикалық әлеуеті және халықаралық саяси салмағы бар серпінді даму үстіндегі өңірлік держава ретінде заңды түрде қабылданып отыр, – деп көрсетілген    жеделхатта.

* * *

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баевтың атына Ресей Феде­рациясы Федералдық жиналысы­ның Федерация кеңесінің Төрағасы С.М.Мироновтан құттықтау жеделхаты келіп түсті:

– Ресей Федерациясы Федералдық жиналысының Федерация кеңесінде дауыс беру нәтижелері Қазақстанның осы заманғы даму кезеңінде оның көп ұлтты халқының Сіздің басшылы­ғыңызбен жүргізіліп отырған елдің ішкі және сыртқы саясатына деген шынайы сенімінің көрінісі ретінде қарастырылды, – делінген жеделхатта.

* * *

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ЮНЕСКО-ның бас директоры Коичиро Мацуурадан құттықтау жеделхаты келіп түсті:

– ЮНЕСКО-ның атынан және жеке өз атымнан Сізді Қазақстан Рес­публикасының Президенті лауазымына қайта сайлануыңызбен жылы ықыласпен құттықтап, Сізге осынау жоғары миссияда барша табыстарды тілегім келеді.

Маған сондай-ақ Сіздің басшы­лығыңызбен Қазақстан Республикасы мен ЮНЕСКО-ның арасындағы орныққан ізгі қатынастар одан әрі нығая беретін болады деп сенім білдіруге рұқсат етіңіз. Менің тарапымнан бұл үшін күш-жігерімді аямайтыныма сенімді болыңыз, – деп көрсетілген жеделхатта.

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысының Республика кеңесінің Төрағасы Геннадий Новицкийден құттықтау жеделхаты келіп түсті:

 

– Сайлаудағы жеңісіңіз мемлекеттілікті және құқық тәртібін нығайтуға, қоғам өмірінің барлық саласында демократиялық өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталған Сіз жүргізіп отырған бағытты бүкілхалықтық қолдаудың даусыз дәлелі болып табылады. Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дәстүрлі достық қатынастар біздің халықтарымыздың игілігі жолында одан әрі дами беретініне сенім білдіремін, – деп атап көрсетілген жеделхатта.

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Грузияның Премьер-Министрі Зураб Ногаиделиден құттықтау жеделхаты келіп түсті:

 

– Президент Н.Ә.Назарбаевтың қайта сайлануы Қазақстанда демократиялық реформалардың, тұрақтылық пен одан әрі экономикалық прогрестің жалғасатынын дәлелдейтініне сенімдімін.

Президент Н.Ә.Назарбаевтың жаңа кезеңі Грузия мен Қазақстан арасындағы стратегиялық қатынастардың одан әрі тереңдеуімен атап өтіледі деп үміттенемін, – делінген жеделхатта.

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Кәсіподақтардың баршаға ортақ конфедерациясының бас хатшысы В.П.Щербаковтан құттықтау жеделхаты келіп түсті:

 

– Халықтық ерік білдірудің таңданарлық қорытындылары Өз отандастарыңыздың Сізге деген аса жоғары сенімі мен құрметін, Сіздің басшылығыңызбен жүргізіліп, елдің тұрақты дамуын, Қазақстанның халықаралық беделінің нығаюын қамтамасыз етіп отырған экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге деген қолдаудың дәлелі болды.

Достастық кәсіподақтарында Сізді қарапайым адамдардың мүддесі үшін әлеуметтік саясат жүргізуді дәйектілікпен жақтайтын мемлекет қайраткері ретінде жақсы біледі және құрметтейді.

Сіздің сайлануыңыз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын, Өзіңіз құру бастамашысы болып табылатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты жаңартуға және нығайтуға қуатты серпін беретініне, туысқан елдердің интеграциялық ынтымақтастығының тиімділігін арттыруға жағдай жасайтынына сенімдімін, – деп көрсетілген жеделхатта.

 

Өз құттықтаулары мен ізгі тілектерін Нұрсұл­тан Әбішұлына діни жетекшілер мен мәдениет қайраткерлері жолдауда.

 

Масами Ятабэ, Синтоистік храмдар ассоциация­сының президенті:

“Біздер, Синтоистік храмдар ассоциациясының мүшелері, Қазақстан Республикасының одан әрі өркендеуі үшін ғибадат етеміз және Сіз діндер арасындағы диалогты ілгерілету жолымен Жер бетінде бейбітшіліктің сақталуына жәрдемдесуді жалғастыратын болады деп сенеміз.

Жоғары Мәртебелім, мықты денсаулық, береке және Өз қызметіңізде табыстар тілеген ниетімізді қабыл алыңыз”.

 

Дайсаку Икеда, Сока Гаккай Интернэшнл халықаралық буддалық бірлестіктің президенті:

“Қазақстан сайлаушыларының абсолюттік көпшілігінің Сізге көрсеткен зор сенімі мен қолдауы Өз еліңізде бақыт пен әділдіктің жасампаздығы жолындағы Сіздің аса көрнекті еңбегіңізді айшықты дәлелдеп берді. Сіздің жаңа бастамаңыз Орталық Азияда және бүкіл әлемде бейбітшілік пен өркенділікке жаңадан жол ашатынына біз сенімдіміз”.

 

Тацуто Сатоми, Бүкілжапондық будда федерация­сының төрағасы:

“Жоғары Мәртебелім, Сізді Президент лауазымына қайта сайлануыңызбен құттықтаймын. Сіздің денсаулығыңыз және Сіздің еліңіздің өркендеуі үшін ғибадат етемін”.

 

Полад Бюльбюль оғлы, Әзірбайжан Республика­сының Мәдениет министрі, халық әртісі, профессор, “ТҮРКСОЙ” халықаралық ұйымының бас директоры:

“Барша қазақ халқы сайлауға белсене қатысуымен туған еліңіздің өркендеуіне бағытталған Сіздің прогресшіл бағытыңызға қолдау білдірді.

Сіз Өз халқыңыздың аса көрнекті перзенті, ақылман да көреген саясатшы болып табыласыз. Нақ Сіздің сергек көзқарасыңыздың арқасында Қазақстанда зор мәдени мұра сақталып, осы заманғы мәдениет, әдебиет пен өнер дамып келеді.

Сіздің “ТҮРКСОЙ” халықаралық ұйымын мақсатты қолдауыңыздың арқасында біздің елдеріміз көпжақты негізде белсене ынтымақтасып, мәдени айырбас үшін жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр”.

 

Александр Шилов, КСРО халық суретшісі, Ресей Өнер академиясының академигі:

“Бұл жәйт Сіздің ұлы еңбегіңіз Сіздің халқыңыз бен Отаныңызға қажет екенінің жарқын дәлелі болып табылады!”.

 

КСРО халық әртісі Е.Б.Серкебаев және Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының бас директоры Қ.Оразғалиев:

“Біз бұл жеңісті зор өрлеумен қабылдадық! Классикалық өнер жанашырларының көз қуанышына айналған театрымыздың – біздің екінші үйіміздің қайта жөнделгені үшін, біздің елімізде мәдениет пен өнердің одан әрі дамуына Сіз туғызған жағдайлар үшін Сізге алғысымызды жаудырумен келеміз. Біз елімізді, Елбасымызды мақтан етеміз”.

 

Асхат Оразбай, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы:

“Сіздің жеңісіңіз Сіз іске асырып отырған реформалардың стратегиялық бағытына деген бүкілхалықтық қолдаудың дәлелі болып табылады. Ұлтаралық келісім мен тұрақтылыққа, әлеуметтік, саяси және экономикалық жаңаруға бағытталған Сіздің саясатыңыз Қазақстанды континенттегі ең жетекші елдердің біріне айналдырды”.

 

Чингиз Абдуллаев, Әзірбайжанның халық жазушысы:

“Қазақстанның өнегесі өзінің айқындаушы ерекшелігі және оның сөзсіз Көшбасшысы бар осы заманғы мемлекеттің даму жолы қандай бола алатынын және болуға тиіс екенін көрсетті”.

 

Н.Қаюпова, Қазақстан республикалық Әйелдер кеңесінің президенті: 

“Қазақстан халқының елеулі бөлігі – әйелдер Сізді президенттікке кандидаттыққа ұсына отырып, орасан табысқа нық сенді.

Сіз Өзіңіздің қажырлы еңбегіңізбен, бейбітсүйгіш саясатыңызбен және мемлекеттік әрі саяси мәселелерді шешудегі даналығыңызбен Қазақстан халқына деген, халықаралық аренада елдің беделін арттыруға деген ықыласыңызды дәлелдедіңіз.

Бүкіл әлем біздің тұрлаулы жасампаз өркендеуі­міздің куәгері болып отыр. Біз әлемнің жоғары дамыған 50 мемлекетінің қатарында боламыз. Біз жоғары білімді де салауатты ұлт боламыз”.

 

Карел Музыкарж, “Comenіus” қоғамының президенті:

“Қазақстан тарихында Сіздің есіміңіз барша қазақстандықтар үшін тарихи сәтпен – ұлттық егемендік алумен байланысты болады. Сіздің Мемлекет басшысына тән қасиеттеріңіздің және Сіздің қажырлы қызметіңіздің арқасында Қазақстан Чех Республи­касында және бүкіл әлемде қысқа мерзім ішінде ұзақ жолдан өтіп, халықаралық қоғамдастықтың толыққан­ды мүшесіне айнала алған мемлекет ретінде белгілі”.

 

Қазақстанның еңбек ұжымдары қуаныш­та­ры мен шынайы тілектестігін білдіре оты­рып, Нұрсұлтан Әбішұлына өз құттықтау­ла­рын жолдауда.

 

Байырғы металлургтер, металлургия өнеркәсібінің негізін құру жөніндегі серіктестері: Т.Д.Адам-Юсупов – Социалистік Еңбек Ері, КСРО Жоғарғы Кеңесінің екі шақырылымының депутаты, Қарметкомбинаттың домнашысы, КСРО құрметті металлургі; М.А.Ақбиев – техника ғылымдарының докторы, КСРО, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан Респуб­ликасының еңбек сіңірген қайраткері; Н.П.Ка­нищев – ҚР еңбек сіңірген зейнеткері, Халықаралық ме­тал­лургтер одағының мүшесі; В.А.Кауц – Қарметкомбинат бас директорының орынбасары, бас экономист (1965-1990), ҚР еңбек сіңірген экономисі:

“Қымбатты Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің тағдырыңызға алғашқы қазақтар қатарында Теміртау қаласында балқыған шойын мен от боп аққан қож шығару жөніндегі домна пешінің арнасын ашу жазылыпты. Металлургтің ауыр еңбегі Сізді ғаламат құрыштай етіп шыңдады, осы шыңдалу 1990 жылдан бастап экономиканы, біздің еліміз халықтарының бірге өмір сүру саясатын құрудың, түлету мен жетілдірудің, олардың мәдениеті мен әл-ауқатын арттырудың, біздің мемлекетіміздің посткеңестік кеңістіктегі озық та барынша серпінді дамушы мемлекет ретінде танылуының жолын табандылықпен салып, кеңейтуге мүмкіндік берді”.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат