Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2007-02-02:

ЕлбасыныҢ германияҒа сапары Әлемдік БАҚ айнасында

 

Қазақстан Президенті Назарбаев Еуропаның орталығында барған сайын жиі көріне бастады. Өткен айда ол Брюссельде энергетикалық жобалар саласындағы неғұрлым тығыз ынтымақтастық туралы келісімге келсе, осы сейсенбіде оны Берлинде Федералдық канцлер Ангела Меркель әскери құрметпен қарсы алды. Құдіреті зор Назарбаевтың, әсіресе Батыс ресейлік қымбат мұнай мен газға балама іздестірумен айналысқан сәттен бастап қажетті адам бола түскеніне еш күмән жоқ.

ЕО төрағасы ретінде Германия қазір Орталық Азияға қатысты жаңа еуропалық стратегия бойынша жұмыс жүргізуде, “Біздің осы өңірдегі еуропалық мүдделерді айқындауға тиіс екендігімізге мен бұрынғыдан да гөрі сенімдімін”, деп мәлімдеді өткен аптада Сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер еуропалық депутаттармен кездескен кезінде.

Қазақстан ортаазиялық барыс болып есептеледі: энергия көздеріне бай ел төрт жыл бойына 9 пайыздан асатын өсімге қол жеткізіп келеді. Оның бай мұнай қорлары әлі де ұзаққа жетеді. Жалғыз Қашаған мұнай кен орнының өзі ғана әлемде соңғы он жылдықта ашылған кен орындарының ең ірілерінің бірі болып табылады. Аталмыш кен орны интернационалдық көмек арқылы игерілетін таяу жылдарда мұндағы күн сайын өндірілетін мұнай 1,5 миллион баррельге дейін жетпек. ТМД елдері ішінде Германия үшін Қазақстан қазірдің өзінде маңызы жағынан екінші импорттаушы ел болып саналады, тек Ресейдің жеткізетін тауарлары ғана көп.

 

Ресей, АҚШ және айтарлықтай дамып келе жатқан Қытай Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі мұнайдың мол қорларынан өз пайдаларын тапқылары келеді. Сондықтан да Қазақстан басшылығы Ресеймен, АҚШ-пен арадағы жақсы қарым-қатынастарды қолдап және сонымен бір мезгілде Пекинмен ынтымақтастықты кеңейте отырып прагматикалық жол ұстануда. Бірақ оның қуатты Қытай тарапынан тууы мүмкін қысымға ешқашан жол бергісі жоқ, Еуропамен тығыз байланыс орнатуы да сондықтан. Әзірбайжанның Баку қаласынан Түркияға баратын жаңа мұнай құбыры бойынша Қазақстан Батыс рыногына мұнай жеткізбек ниетте. Дегенмен Баку жолы күрделі, сондықтан бұл ел Батыс қаржыландыратын тағы бір мұнай өткізу құбыры құрылысына үміт артып отыр.

“Қазақстан біз үшін өте маңызды елге ай­налды, деді біздің тілшімізге Бундестаг­та­ғы герман-орталықазиялық парламенттік топ төрағасы Хеди Вегенер. — Елде ақша көп, сондықтан мұнаймен қатар Германияның мұнда өзге де мүмкіндіктері жетерлік. Мәселен, біздің қайта қалпына келетін энергия көздеріне инвестиция салуда көшбастаушылық позиция иеленуімізге болады”.

 

Федералдық канцлер Ангела Меркель Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа елде реформа жүргізуде өз көмегін беруге уәде етті.

“Неміс инвестициялары Қазақстандағы индустрияландыру мен технологиялық да­муды ынталандыра алар еді”, деді ол, “әсі­ресе шикізатты өңдеу саласында айрықша әлеует бар екенін” атап өте отырып.

Ол жоғары дәрежелі мейманға Германия федералдық үкіметінің Германия-Қазақстан экономикалық ықпалдастығына жан-жақты қолдау көрсететіні жөнінде уәде берді.

Ангела Меркель сондай-ақ Президент Назарбаевқа Қазақстан Республикасындағы сот тәжірибесін жетілдіруде және құқықтық мемлекет жүйесін нығайтуда Германия заң институттары мен жоғары оқу орындарының көмегін ұсынды.

 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Германияға үш күндік сапары аяқталды. ГФР Федералдық канцлері Ангела Меркельмен және Сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайермен арадағы келіссөздер оның бағдарламасының негізгі бөлімдеріне айналды. Қазақстан басшысы ГФР Президентімен және бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесті.

Германия Қазақстан Президентін құшақ жая қарсы алды деуге болады. Өйтпегенде ше. “Орталық Азия” мәселесі Германия төр­аға­лығындағы Еуропалық Одақтың күн тәртібінде кеңінен қойылып отыр. 2006 жыл ішінде Франк-Вальтер Штайнмайер орта­лық­азиялық елдер лидерлерінің бәрімен дерлік кездесіп шықты.

Нұрсұлтан Назарбаев Германияға же­тін­ші рет келіп отыр, сонда да оны әскери құр­мет­пен қарсы алды. Әдетте Берлинде мұндай құрметке тек елге алғаш келгендер ғана ие болады.

Баспасөзбен кездескен кезде Ангела Мер­кель Германияда Қазақстанның мил­лионға жуық бұрынғы азаматтарының және Қазақстанда 300 мың немістің тұратынын айта келіп, Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі маңызды ел болып табылатынын атап көрсетті. Берлиннің пікірінше, Қазақ­станның әлеуеті зор. Германия серпінді да­мыт­қалы отырған ғылыми-техникалық ын­ты­мақтастық саласында да перспективалар бар.

Өзінің қысқа сөзінде Меркель Қазақ­стан­ның энергетикалық мүмкіндіктеріне тоқтала қойған жоқ. Бірақ неміс журна­лисі­нің осы тақырыптағы сұрағы дәл ойлағандай шықты. Ангела Меркель мұнай тақырыбын бірден қағып әкетіп, Еуропа үшін Қазақ­стан­ның энергетикалық ресурстарының үлкен маңызға ие екенін атап өтті. Оны, әсіресе, Еуропаны энергиямен қамтамасыз етуді әртараптандыру тұрғысынан қарай отырып, одан әрі талдай түсу қажет. Нұрсұлтан Назарбаев өз кезегінде бұл жоспарларды жүзеге асыруда барынша қолдау көрсетуге уәде берді.

 

Қазақстан Президенті Н. Назарбаев ресми сапармен ГФР-де жүр. Бұл екі елде өте тығыз да табысты экономикалық қарым-қатынастар қалыптасқан. Германия мен Қазақстанның іскерлік және саяси байланыстары ырғақты сипатқа ие, ал тауар айналымын екі еселеу міндеті мерзімінен оза орындалуда.

Осылайша, екі ел арасындағы қарым-қатынастар экономикалық ықпалдастықтың салиқалы іргетасында, белсенді саяси үнқатысуда, жаһандық және өңірлік саясат­тың негізгі мәселелері бойынша ұстаным­ның бірегейлігінде берік тұр. Шешу жолда­рын екі ел де бір тұрғыдан көріп отырған жа­һандық саясат мәселелері тізіміне ядро­лық қаруды таратпау, экстремизмге және лаң­кестікке қарсы күрес, өңірлердегі дау-жан­жалдарды реттеу тәрізді проблемалар кіреді.

 

Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың Германияға сапары табысты жалғасуда.

Ресми Берлин үшін Қазақстан біртіндеп өңірдегі ең басты әріптестердің біріне айналуда, оған екі жақты қарым-қатынас­тардың іс жүзінде алғанда бүкіл ауқымы бойынша пікірлердің ортақтығы да дәлел. ТМД елдері ішінде бүгінде тек Ресей ғана Германиямен Қазақстан сияқты ықпалдас­тық­тамыз деп мақтана алады.

 

Бұрнағы күні келген Қазақстан басшысы өзінің Германия Федеративті Республи­касына сапарын жалғастыруда.

Президенттің ГФР-дің экс-канцлері Гер­хард Шредер, ГФР-дің экс-президенті Ри­хард фон Вайцзекер, Ганс-Дитрих Геншер, Эрвин Тойфель сияқты Германияның белгілі мемлекет қайраткерлерімен кездесулері болып өтті.

Сапар барысында Қазақстан Президенті ГФР Федералдық канцлері Ангела Мер­кель­мен, ФРГ Бундестагының төрағасы Ламмерт мырзамен, ГФР Федералдық президенті Келлер мырзамен кездесті.

 

Қазақстан мемлекетінің басшысы Нұр­сұлтан Назарбаев ресми сапармен Герма­ния Федеративті Республикасына келді.

Дүйсенбі, 29 қаңтар күні Қазақстан Президенті араларында ГФР экс-канцлері Герхард Шредер, ГФР экс-президенті Ри­хард фон Вайцзекер, Ганс-Дитрих Геншер, Эрвин Тойфель бар Германияның белгілі мемлекет қайраткерлерімен кездесті.

Қазақстан Президенті ГФР Федералдық канцлері А.Меркельмен, ГФР Бундестагы­ның төрағасы Н.Ламмертпен, ГФР Федерал­дық президенті Х.Келлермен кездесті.

 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назар­баев сейсенбіде ресми сапармен Берлинге келді.

Жоғары мәртебелі мейман Германия Феде­ралдық президенті Хорст Келлердің қа­былдауында болып, ФРГ Бундестагының төрағасы Норберт Ламмертпен кездесті. Қа­зақстанның Еуропалық Одақпен жақындасу перспективалары, сондай-ақ екі жақты экономикалық қарым-қатынастарды дамыту мәселелері Назарбаев пен Федералдық кан­цлер Ангела Меркель арасындағы келіс­сөздердің тақырыбына айналмақ. Қазақстан Германияға мұнай жеткізуде маңызы жағынан бесінші ел болып табылады.

* * *

Германия Федералдық канцлері Ангела Меркель Қазақстанның ротация бойынша Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақ­тас­тық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық етуге ұмтылысына қолдау көрсететінін білдірді. Осынау орталықазиялық елде реформалар жалғасатын болса, онда Германия Қазақ­станның ЕҚЫҰ-ға басшылық жасауын көзге елестете алады. Бұл туралы канцлер Меркель ГФР-ға ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен арадағы келіссөздерден кейін мәлімдеді. Қазақстан­ның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету кезегі 2009 жылы келеді.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев біржола тұру үшін республикадан Германияға қоныс аударған немістерді кейін қайтуға шақырды. Сәрсенбі күні Hannoverіsche Algemeіne газеті жариялаған сұхбатта Нұрсұлтан Назарбаев ол адамдар Қазақстан экономикасының дамуына атсалысуға тиіс, деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстандағы өнеркәсіп дамуының жоғары қарқынын сақтау үшін республикаға жоғары білікті кадрлар қажет. Президент Қазақстанға қайтуға ниет білдір­ген неміс қоныс аударушылары үшін құжат­тар ресімдеудегі бюрократтық процедура жеңілдетілетін болады деп уәде берді.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германия Федеративті Республикасына үш күндік сапармен келді. Сейсенбі күні Қазақстан лидері Федералдық канцлер Ангела Меркельмен кездесті.

Тараптар екі жақты саяси және эконо­ми­калық қатынастарды (соның ішінде энер­гетика саласында) жандандыруға, Орталық Азия өңіріндегі жағдай және Германияның Еуроодаққа төрағалық етуі бағдарламасы мәселелеріне баса назар аударды.

Қазақстан мен Германия көптеген шараларда өзара тығыз іс-қимылдар жасауда. Атап айтқанда, Қазақстан Германияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде тұрақты өкілдік етуі туралы бастамасын қолдайды.

Германия ЕО төрағасы қызметіне 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап кірісті, ал 2006 жылдың аяғында ЕО бойынша екі әріптес­і­нен – Австрия мен Финляндиядан өкіл­дігін қабылдап алды. Олардың Қазақстанда өз елшіліктері жоқ. Еуропалық Одақ бүгінгі таңда бүкіл әлемдегі осы заманғы демокра­тиялық мемлекеттердің ықпалдасқан ең та­бысты бірлестігі болып табылады. Өз кезе­гінде Қазақстан Еуропалық Одақ пен Гер­мания үшін аса маңызы экономикалық және сауда әріптесіне айналды. Сөйтіп, ЕО-дағы герман өкілдігінің негізгі тармақтарының бірі Орталық Азиямен ынтымақтастықты ұлғайту болады.

Германиядан экспортқа шығарылатын дәстүрлі аса маңызды тауарлар – станоктар, электр тауарлары, металл бұйымдары, көлік құралдары, ал Қазақстаннан экспортқа шығарылатын аса маңызды тауарлар – мұнай, металдар, химиялық жартылай шикізаттар және ферроқорытпалар.

ТМД елдері мен Германияның сыртқы саудасына келетін болсақ, онда Қазақстан 2005 жылы импорт бойынша Ресейден кейін екінші, экспорт бойынша (Ресейден, Украина мен Белоруссиядан кейін) төртінші және тауар айналымының жалпы көлемі жағынан (Ресей мен Украинадан кейін) үшінші орын алады.

Германия астанасында сейсенбі күні болып өткен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен әңгімесі кезінде Германия канцлері Ангела Меркель екі жақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде ниет білдірді.

Сонымен бірге, канцлер атап көрсет­кен­дей, неміс экономикасы осы орталық­азия­лық елдің технологиялық дамуына жәрдемдесуге әзір.

“Неміс инвестициялары Қазақстанда индус­трияландыру мен технологиялық да­мытуды ынталандырған болар еді”, деді Феде­ралдық үкіметтің басшысы, сонымен бірге, оның “әсіресе, шикізат өңдеу сала­сында үлкен әлеуетке ие болып отырғанын” атап көрсетті.

Ол жоғары мәртебелі мейманға федерал­дық үкіметтің Германия-Қазақстан эконо­микалық ынтымақтастығын кез келген ретте көтермелеуге уәде етті.

Ангела Меркель Президент Н.Назар­баевқа Германияның заң институттарының сот практикасы мен құқықтық мемлекет жүйесін нығайтуға қатысты көмегін ұсынды.

Меркель мынаны еске салды: Орталық Азия өңіріндегі мемлекет болғандықтан Қазақстан Еуроодақ төрағасы ретіндегі Германия қызметінің басым бағыттарының тізіміне кіреді.

Үстіміздегі жылдың жазына дейін Фе­де­ралдық үкімет, оның сөзіне қарағанда, ЕО және орталықазиялық елдердің ынтымақ­тас­тығы жөнінде саяси бағдарларды белгі­леуге ниет етеді, оларды өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған “Орта­лық Азиядағы ЕО стратегиясы” негізгі құжатында ресімдеу көзделген.

 

Берлинде бүгін Германия канцлері Ангела Меркельдің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздері өтті.

Германия ротациялау ауқымында Еуроодаққа төрағалық етеді, ол Ресейге тәуелділікті азайту үшін отын алудың баламалы мүмкіндіктерін іздестіреді.

Н.Назарбаев Берлиннен Киевке сапар шегеді, онда да энергия көздерін жеткізумен байланысты мәселелер талқыланады.

Германия канцлері Ангела Меркель 2009 жылы Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына ауыспалы төрағалық ету қызметіне ұмтылысына қолдау білдірді.

Меркель қазіргі кезде Еуроодақтың төр­ағасы болып табылатын Германия Орталық Азияның Еуропалық Одақпен неғұрлым терең ықпалдасуының қозғаушы күші бола алар еді, деді.

Біз Еуропалық Одақтың Орталық Азия өңірімен, оның ішінде Қазақстанмен неғұрлым тығыз қатынастарды дамытуға ұмтылысын қолдаймыз, деді Меркель.

Н.Назарбаев Меркельдің бастамасын құптап, былай деді: Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге құқығы бар. Біздің елімізде баспасөз еркін және ашық та мөлдір сайлаулар өткізілді.

* * *

А.Меркель Н.Назарбаевпен кездесуі кезінде Еуропалық Одақты Орталық Азияға көбірек тарту жөнінде өзінің ұсыныстарын алға тартты.

Германия өзінің энергия ресурстарын жеткізушілерін әртараптандыруға ұмтылып отырған Еропалық Одақтың ағымдағы төрағасы болып табылады.

Меркель Германия Орталық Азия мен Еуропалық Одақты барынша ықпалдасты­рудың қозғаушы күші бола алады, деді.

 

Берлинде Германия канцлері Ангела Мер­кельдің Қазақстан Президенті Нұрсұл­тан Назарбаевпен келіссөздері аяқталды.

Еуроодаққа төрағалық ететін Герма­нияның негізгі мәселесі бұл отын алудың баламалы жолдарын іздестіру.

Н.Назарбаев Берлиннен Киевке сапар шегеді, онда да энергия көздерін жеткізумен байланысты мәселелер талқыланады. Бұдан бұрын хабарланғанындай, Қазақстан лидері 2007 жылғы 1-2 ақпанда Украинада болады.

 

Осы аптада Қазақстан Президенті Нұр­сұл­тан Назарбаев ресми сапармен Герма­ния­ға келді. Н.Назарбаевтың Германияға сапары 29 қаңтардан 1 ақпанға дейін созылды.

Қазақстан Президентінің ГФР канцлерімен екіжақты келіссөздері, сондай-ақ Мемлекет басшысының Федералдық президент Хорст Келлермен, Бундестаг төр­ағасы Норберт Ламмертпен кездесулері өтті.

Қазақстан СІМ мәліметтері бойынша, Германия Қазақстанның сауда әріптестерінің арасында алтыншы орын алады. Екі ел арасындағы сауда айналымы 2004 жылы 1,2 миллиард долларды, 2005 жылы – 1,7 миллиард, ал 2006 жылдың қаңтар-қараша арасында 2,2 миллиард долларды құрады.

* * *

Германия Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымында төрағалық етуін қолдайды. Бұл жөнінде бүгін Берлинде ГФР канцлері Ангела Меркель Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбае­впен кездесуден кейін мәлімдеді. Дегенмен, бұл үшін алдымен осынау Орталық Азия рес­публикасында саяси реформалар жалға­сын табуы тиіс, деп атап өтті ол.

“Біз ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге ұмты­ламыз”, деп мәлімдеді Назарбаев.

Меркель мен Назарбаевтың келіссөз­дерін­де негізгі назар екіжақты экономи­калық қарым-қатынастарды, энергетика саласындағы әріптестікті кеңейту, сондай-ақ ГФР-дың Еуроодаққа төрағалық ететін 2007 жылғы бірінші жарты жылдықта ЕО-ның Орталық Азиядағы саяси стратегиясы мәселелеріне аударылды.

Кездесу барысында тараптар шикізат қоры мол Қазақстан ГФР-ға жеткізетін мұнай көлемі бойынша Германияның энергетикалық әріптестері арасында бесінші орын алатынын атап өтті. Бұл орайда Назарбаев қазақ экономикасы дамуының жоғары қарқынын баса айтты. Назарбаевтың пікірінше, Қазақстаннан келіп, Германияда тұрып жатқан миллионнан астам адам, сондай-ақ Қазақстанда тұруға қалған 300 мың неміс этносының өкілдері екіжақты байланыстарды нығайтуда “көпір” рөлін атқара алар еді.

Нұрсұлтан Назарбаев Ангела Меркельді Қазақстанға жауап сапармен келіп қайтуға шақырды.

Берлинде Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ ГФР президенті Хорст Келлермен және ірі герман бизнесінің өкілдерімен де кездесті. “Қазақстан Орталық Азиядағы неміс кәсіпорындары үшін аса маңызды рынок болып табылады”, деп мәлімдеді неміс экономикасы Шығыс комитетінің төрағасы Клаус Мангольд. Екіжақты сауданың көлемі жылына 4 миллиард еуродан асып отыр.

 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назар­баев ГФР-ға жасаған ресми сапарының аясында Берлинде өзінің неміс тілінде шыққан “Еуразия жүрегінде” кітабының таныстыру рәсімін өткізді.

Таныстыру рәсіміне Германияның саяси және қоғамдық жұртшылығының өкілдері, ГФР-да “Болашақ” бағдарламасы бойынша оқып жатқан қазақстандық студенттер, Қазақстан-Германия қоғамының мүшелері шақырылды.

“Менің әу бастағы ойым бойынша, жаңа астана өзгерістер символына айналуға тиісті еді. Енді, арада он жыл өткенде біз Астана сон­дай символға айналды дей аламыз. Бү­гінд­е елорданың Астанаға ауыстырылуы даму­дың түбірлі де серпінді жобаларының біріне айналғанына, оның бойына эконо­микалық және әлеуметтік жаңғырудың орасан қуаты жинақталғанына жұрттың бәрінің көзі жетті”, деді кітапты таныстыру рәсімінде Н.Назарбаев.

Президент сондай-ақ Қазақстан-Герма­ния қоғамының мүшелеріне екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты және ГФР-дың мемлекеттік министрі Гернот Эрлерге Қазақстан-герман қарым-қатынастарын дамытуға сіңірген еңбегі үшін екінші дәрежелі “Достық” орденін табыс етті.

 

Фергана.ру 

29 қаңтарда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германия канцлері Ангела Меркельдің шақыруы бойынша Германияға ресми сапармен келді.

Хаттамаға сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев екі күннің ішінде Ангела Меркельмен жұ­мыс бабындағы кездесуден басқа, мемлекет басшысы – Федералдық президент Хорст Келлермен және Бундестаг төрағасы Нор­берт Ламмертпен келіссөздер жүргізді. Оған қоса, Қазақстан лидері қоғамдық-саяси топтар өкілдерімен, ірі герман компания­ларының басшыларымен, қазақ диаспора­сының өкілдерімен, Қазақстаннан көшіп келгендермен, Германияда оқып жатқан студенттермен кездесті.

ГФР Сыртқы істер министрі Франк-Вальд­нер Штайнмайер Германия иннова­ция­лық технологиялар, ғарыш, ядролық тех­нологиялар және Қазақстанның ақпараттық кеңістігі саласында елеулі жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екендігін хабарлады.

Неміс БАҚ-тарының хабарлауына қарағанда Германияның іскер топтары оған қоса Қазақстанның көлік стратегиясын жүзеге асыруға қатысуға қатты қызығуда.

Тәуелсіздік жылдарында сапарлар бір­жақ­ты болмағанын атап өту керек. Назар­баев Германияға бірнеше рет – 1992, 1997, 2001 және 2004 жылдары келген. Неміс жет­екшілері де Қазақстанда бірнеше рет болған. 1995 жылдың сәуірінде Қазақстанға Герма­нияның федералдық президенті Р.Герцог, 1996 жылдың мамырында – вице-канцлер, ГФР сыртқы істер министрі К.Кинкель барған. 1997 жылдың мамырында Президент Н.Назарбаевтың Федералдық канцлер Г.Кольмен жұмыс бабындағы кездесуі өткен.

Екі елдің арасында даулы саяси мәсе­ле­лердің жоқтығы дәстүрге айналған, өйткені мемлекеттер басшыларының негізгі ха­лық­аралық мәселелер бойынша ұстанымдары бір-біріне жақын немесе бірдей болып ке­леді. Мұндай өзара тіл табысуға екі субъек­тивті себеп бар: оның біріншісі – Қазақ­стан­да қомақты неміс диаспорасының тұ­руы, екіншісі – Германияда Орталық Азия­дағы осы республикадан көшіп келген адамдардың көптігі.

 

Сейсенбі күні Германия Қазақстанның 2009 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымында (ЕҚЫҰ) төраға­лық ету арқылы халықаралық жетекші рөлге ұмтылысын қолдайтынын мәлімдеді.

Канцлер Ангела Меркель бұл қолдау Орталық Азиядағы осынау ірі елдегі саяси реформалардың жалғасуына байланысты екенін айтты.

Ол бұл мәлімдемені Берлинде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен келіс­сөз өткізгеннен кейін жасады.

“Біздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге құқы­мыз бар”, – Нұрсұлтан Назарбаев Берлинде осылай деді және өз елінде цензураның жоқтығын, баспасөздің еркін екенін, президенттік және парламенттік сайлау адал өткенін қосып айтты.

 

Неміс канцлері Ангела Меркель Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен энергетика және сауда салаларындағы ын­тымақтастық мәселелері бойынша жүргізген келіссөздері кезінде Еуропалық Одақтың Орталық Азия өміріне барынша белсенді қатысуы жөніндегі ұсынысын білдірді.

“Германия Орталық Азия мен Еуро­па­лық Одақ арасындағы барынша терең ық­палдастықтың қозғаушысы бола алады, өйт­кені, бізде көптеген ортақ мүдделер бар”, деді Меркель бірлескен баспасөз мәслиха­тында.

Орталық Азиямен байланысты тереңдету басым бағыттардың бірі болып табылатын­дықтан да Меркель өз елінің Еуропалық Одаққа алты ай төрағалық ету кезінде өзара байланысты күшейткісі келіп отыр. Еу­ропаның кең ауқымдағы ынтымақтастыққа ұмтылуының себептерінің бірі аталған өңірде көмірсутегінің бай қоры болуы және Еуро­палық Одақтың мұнай мен газдың баламалы жеткізушілеріне деген мұқтаждықтың өсе түсуі болып табылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Меркельдің Ор­та­лық Азияға қатысты бастамасына ықылас танытты және бұл “өте маңызды мәселе”, деді.

Келіссөздер энергетика, сауда және ин­вестиция, сондай-ақ Қазақстандағы этнос­тық немістер диаспорасы мәселелері бой­ынша жүргізілді. Н.Назарбаевтың айтуынша, Германияға эммиграциялау қарқын алып отырғанына қарамастан, Қазақстанда 300 мыңға тарта неміс ұлтының өкілі бар.

Тараптар сондай-ақ Қазақстанда Қазақ­стан-Германия университетін құру жөніндегі жоспарын талқылады. Бұл орайда екі ел басшысы энергетика саласындағы қандай да бір нақты жобаны қаперге алған жоқ.

“Біз энергетика саласындағы ынты­мақ­тастықты жақсартып, кеңейте аламыз деген ортақ пікірге келдік”, деді Меркель.

“Қазірдің өзінде Баку тұрба құбыры бар және менің ойымша, біз осы тұрғыда Еуро­памен энергетика саласы бойынша ынты­мақтастықты кеңейту туралы айта аламыз және сол арқылы біздің энергия ресурстар жеткізілімін әртараптандырамыз. Біз бұған мейлінше мүдделіміз және мен мұны (Еуро­палық Одақ) Төрағалық етуші елдің басшы­сы ретінде де айтып отырмын”, деді ол.

Н.Назарбаев сейсенбі күні немістің Шетелдік қарым-қатынастар кеңесінде сөйлеген сөзінде Еуропамен арадағы қарым-қатынасқа жоғары баға берді.

“Еуропалық Одақпен байланысты кеңейту біздің сыртқы саясатымыздың маңызды басымдығы болып табылады”, деді Н.Назарбаев. “Еуропалық Одақпен біздің бай­ланысымыздың барынша маңызды бағыт­тарының бірі энергетикалық әріптестік болып табылады, ал Германия – жетекші әріптес”.

Н.Назарбаев Германия Қазақстанның 2009 жылы Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіне Германия қолдау көрсеткені сияқты, Қазақ­стан да Германияның БҰҰ Қауіпсіздік Ке­ңе­сінің тұрақты мүшелігіне қабылдануы туралы идеяға қолдау білдіреді, деп атап өтті.

 

Неміс канцлері Ангела Меркель Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен энергетика және сауда салаларындағы ын­тымақтастық мәселелері бойынша жүргізген келіссөздері кезінде Еуропалық Одақтың Орталық Азия өміріне барынша белсенді қатысуы жөніндегі ұсынысын білдірді.

“Германия Орталық Азия мен Еуропа­лық Одақ арасындағы барынша терең ық­палдастықтың қозғаушысы бола алады, өйт­кені, бізде көптеген ортақ мүдделер бар”, деді Меркель бірлескен баспасөз мәсли­хатында.

Орталық Азиямен байланысты тереңдету басым бағыттардың бірі болып табылатын­дықтан да Меркель өз елінің Еуропалық Одаққа алты ай төрағалық ету кезінде өзара байланысты күшейткісі келіп отыр.

Келіссөздер энергетика, сауда және ин­вес­тиция, сондай-ақ Қазақстандағы этнос­тық немістер диаспорасы мәселелері бой­ынша жүргізілді. Н.Назарбаевтың айтуынша, Германияға эммиграциялау қарқын алып отырғанына қарамастан, Қазақстанда 300 мыңға тарта неміс ұлтының өкілдері тұрып жатыр. Тараптар сондай-ақ Қазақстанда Қазақстан-Германия университетін құру жөніндегі жоспарын талқылады.

“Біз энергетика саласындағы ынтымақ­тастықты жақсартып, кеңейте аламыз деген ортақ пікірге келдік. Германия мен Қазақ­стан қазірдің өзінде энергетика саласы бойынша ынтымақтастық орнатқан, бірақ біз нақты жобаларды талқыламасақ та Қазақстанда мұнай және газдан басқа да шикізат түрлері бар”, деді Меркель.

“Қазірдің өзінде Баку тұрба құбыры бар және менің ойымша, біз осы тұрғыда Еуропамен энергетика саласы бойынша ынтымақтастықты кеңейту туралы айта аламыз және сол арқылы біздің энергия ресурстар жеткізілімін әртараптандырамыз”, деп атап көрсетті ол.

 

Германия канцлері Ангела Меркель Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мүмкіндігін жоққа шығарған жоқ. Астана 2009 жылы ЕҚЫҰ-ға басшылық жасауға ұмтылуда. Неміс үкіметінің басшысы мұндай келешегі зор межені аталған орталықазиялық елдегі реформалардың жалғасуымен байланыстырды. Сейсенбі күні Қазақстан Президенті Берлинде болды. Келіссөздер кезінде энергетикалық саладағы ынтымақтастық туралы әңгіме өрбіді.

“Немецкая волна” хабарлағанындай, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германияда ГФР-дің бұрынғы канцлері Герхард Шредермен және ел президенті Хорст Келлермен кездесті. Сапардың ресми бөлігіндегі Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі келіссөздерді ГФР канцлері А.Меркель жеке өзі жүргізді. Журналистер алдында сөз сөйлеген ол Еуропаның Орталық Азия елдерімен әріптестікті тереңдету қажеттігін атап көрсетті. “Еуроодаққа төрағалық ету кезінде біз Орталық Азиямен ынтымақтас­тыққа саналы түрде барынша көңіл бөлу­деміз. Бұл өңір Қытай үшін де, Ресей үшін де мүдделілік туғызып отыр, ал біздер, еуро­палықтар да ынтымақтастықты кеңейтуге ниеттіміз”, деп атап көрсетті А.Меркель.

Өз кезегінде Н.Назарбаев өз мемлекеті мен үкіметінің немістің шағын және орта бизнесінің қазақ рыногына кіруі үшін айрықша жағдай туғызуға ықыласты екенін хабарлады.

 

Берлинде ресми сапар аясында Германия канцлері Ангела Меркель Қазақстан Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті.

Екі жақты саяси және экономикалық, соның ішінде энергетика саласындағы ынтымақтастықты жандандыру мәселелері басты назарда болды.

Н.Назарбаев Берлиннен Киевке аттанды, ол жерде де энергия көздерін жеткізуге байланысты проблемалар талқыланатын болады.

 

Сейсенбі күні Германия астанасында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назар­баевпен болған әңгіме барысында Германия канцлері Ангела Меркель екі жақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде сөз етті.

Кездесу кезінде Германия Министрлер кабинетінің басшысы Еуропалық энергия көздерін әртараптандыруға мүмкіндік туғызатынына байланысты Қазақстанмен Германия ғана емес, Еуроодақ та энергетика саласындағы ынтымақтастықты жандан­дыру­ға барынша мүдделі екенін атап көрсетті.

Сонымен қатар, Меркель атап өткендей, неміс экономикасы осы орталықазиялық елдің технологиялық жағынан дамуына жәрдемдесуге әзір. “Неміс инвестициясы Қазақстанның индустрияландырылуы мен технологиялық дамуын ынталандыратын еді”, дей келе, “әсіресе, шикізатты өңдеу саласы үлкен әлеуетке ие”, деді Федералдық үкімет басшысы. Ол сондай-ақ Федералдық үкімет Германия-Қазақстан экономикалық ынтымақтастығына жан-жақты қолдау көрсететініне уәде берді. Меркель сондай-ақ егер ол елде реформалар табысты жүргізіле беретін болса, Астана қалап отырғанындай, 2009 жылы Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық ету жөніндегі кандидату­расына қолдау көрсете алатындығын жет­кізді.

Меркель Орталық Азия өңіріндегі мем­ле­кет ретінде Қазақстан Германияның Еуро­одақ төрағасы қызметіндегі басым бағыт­тарының тізіміне кіретінін қаперге салды.

Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың жазына дейін Федералдық үкімет өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға ба­ғытталған ЕО мен орталықазиялық елдермен ынтымақтастық жөніндегі саяси бағдар әзірлеуге ынта танытып отыр, ол “ЕО-ның Орталық Азиядағы стратегиясы” негізде­мелік құжатымен тіркеледі деп күтілуде.

Қазақстан Президенті өзі тарапынан Германия-Қазақстан арасындағы ұдайы дамып отырған байланысқа және екі ел арасындағы сауда айналымы мен инвестицияның орнықты өсіп отырғанына қанағаттанғандық білдірді. Бұл ретте ол өз елінің экономикасы жақсы қарқынмен дамып келе жатқанын атап көрсетті.

Сол күні Қазақстан Президенті Герма­ния­ның экономика министрі Михаэл Глос­пен және немістің жетекші кәсіпорын­дары­ның өкілдерімен кездесті.

 

Нұрсұлтан Назарбаев ГФР канцлері Ангела Меркельдің шақыруымен Германияға үш күндік сапар жасады. Сапар барысында канцлермен екі жақты келіссөздер жүргізі­ліп, Федералдық президент Хорст Келлер­мен, Бундестаг төрағасы Норберт Ламмерт­пен, қоғамдық-саяси топ өкілдерімен, Гер­ма­ния­ның ірі компаниялар басшыларымен, қазақ диаспорасының өкілдерімен, қоныс аудару­шылармен және студенттермен кез­десулер өткізді. Тараптар сондай-ақ “Қазақ­стан-Германия экономикалық үнқатысуы” атты экономикалық форумның қорытынды отырыстарына қатысты.

 

Қазақстан Президенті Германия Феде­ративті Республикасында ресми сапармен болды.

2006 жылдың шілдесінде Санкт-Петер­бургте шақырылған мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдар жетекшілері қатысқан “Үлкен сегіздік” елдері басшы­ларының бірлескен жұмыс отырысы аясында Президент Н.Назарбаевтың ГФР Федерал­дық канцлері Ангела Меркельмен кездесуі болды. Кездесу қорытындысында Қазақстан басшысын 2007 жылдың басында өз еліне шақырған еді.



Авторы: Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметінің көмегімен әзірленді.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат