Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2007-02-07:

Қарсы  барлау қауқары

 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінде ардагерлердің қатысуымен әскери қарсы барлау органдарының құрыл­ғанына 15 жыл толуына арналған салтанатты жиын болып өтті.

1992 жылы Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан Қарулы Күштерде, стратегиялық, шекаралық және ішкі әскерлерде қарсы барлау жұмыс­тарын жүзеге асырған КСРО МҚК әскери қарсы барлау органдарын отандық арнайы қызметтің құрамы­на өткізу туралы Жарлыққа қол қойған еді.

Міне, осы әскери қарсы барлау органдарының негізгі міндеттерінің бірі мемлекеттің қорғаныс қабілетіне залал тигізуге жол бермеу болып та­былады. Көрсетілген тұрғыда әскери қарсы барлау органдары еліміздің Қарулы Күштерінің, басқа әскерлер мен әскери құрылымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды қабылдауда. Олар 15 жыл ішінде шет мемлекеттердің арнайы қызметтеріне қарсы әрекет ету желісі бойынша Комитеттің құ­ры­лымдық және аумақтық бөлімше­лерімен өзара әрекеттестікте шет мемлекеттер арнайы қызметтерінің 3 агентін бас бостандығынан айыр­ды. Шетелдік арнайы қызметтің 27 қызметкері мен агенті анықталды. Заңсыз айналымнан 597 қару, 997 граната, 240 мыңнан астам оқ-дәрі, шамамен 600 кг жарылғыш зат және басқалар тәркіленді. Қабылданған шаралардың арқасында 33 мыңнан астам оқ-дәрі ұрлығының жолы кесілді.

Мемлекет басшысының және Комитет басшылығының нұсқау­лары­на сәйкес әскери қарсы барлау­дың күнделікті жедел-іздестіру қыз­метінде әскерлердегі сыбайлас жем­қорлық белгілерімен күрес маңызды салалардың бірі болып табылады. Өткізілген іс-шаралардың нәтиже­сінде 300-ден астам қылмыстық іс қозғалды, 163 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы ашылды. 210 млн. теңгеден астам сомадағы мате­риалдық құралдарды ұрлаудың алды алынды, мемлекет кірісіне 168 миллионнан астам теңге және 669 мың  АҚШ доллары қайтарылды.

Бүгінде Әскери қарсы барлау органдары және ұлттық қауіпсіздік органдарының құзырына қарайтын жасалған қылмыстар жөніндегі ма­териалдар негізінде 882 қылмыстық іс қозғалды, 269 адам айыпталды. Қазір әскери қарсы барлау орган­дары­ның қызметіндегі басты ба­сымдық Қазақстанға ұлттық және мемлекеттік қауіпсіздіктің қалып­тасқан режімін ұдайы түрде ұстап тұруға мүмкіндік беретін жоғары пәрменді Қарулы Күштерді құруда әскери басшылыққа көмек көрсету болып табылады, деп хабарлайды  ҰҚК баспасөз қызметі.

“Егемен-ақпарат”.

 

240 мың еуро құс және адам тұмауының алдын алу мақсатында бөлінді

 

Айгүл СЕЙІЛОВА.

Кеше елордамыздағы ҚазАқ­па­рат агенттігінің баспасөз орта­лы­ғын­да Қазақстан Республика­сы­ның Бас санитарлық дәрігері Ана­толий Белоног, Еуропалық комис­сияның Қазақстандағы, Қырғыз­стан­дағы және Тәжікстандағы делегациясы­ның басшысы Адриан ван дер Мейер және ЮНИСЕФ-тің Қазақ­стандағы өкілі Александр Зуев қатысқан баспасөз мәслихаты өтті. Онда Еуропалық комис­сия­ның Қазақстандағы құс және адам тұмауының алдын алу үшін Ден­сау­лық сақтау министрлігіне 240 мың еуро аударатыны айтылды. Әрине, Қазақстанда құс тұмауы­ның оқи­ғалары өткен жылдары анықтал­ғанын, сондай-ақ індеттің көршілес Ресей, Қытай, Әзір­бай­жан және Иран елдеріндегі қазіргі таралу жағдайын (кісі өлімдері де бар) ескерсек, жоғарыдағы қар­жы­ның “сақтықта қорлық жоқ” деген ыңғайда бөлінгені белгілі.

Баспасөз мәслихатында алғаш бо­лып сөз алған Адриан ван дер Мейердің айтуынша, Еуропалық ко­миссия – құс тұмауымен күресудегі әлемдегі басты донорлардың бірі. Комиссия індетпен күресуде барлық елдердегі үкіметтің рөлін күшейтіп, олардың мәселені халыққа жет­кізу­дегі іс-әрекеттеріне қолдау көрсетіп келеді. “Біз бөлінген қаржының ба­сым бөлігі халықты ақпарат­тан­дыруға жұмсалатынына сенімдіміз. Осы орайда Қазақстандағы Балалар қорын атқарушы агент­тік етіп таңдап отырмыз” – деді Адриан ван дер Мейер мырза. ЮНИСЕФ-ке келетін болсақ, бұл қор да қосымша 80 мың доллар шамасында қаражат бөліпті. Оны баспасөз мәслихатында қордың Қазақстандағы өкілі Александр Зуев мәлімдеді.

Ал енді жоғарыдағы қаржылар қалай жүзеге асады деген мәселеге келейік. Баспасөз мәслихатында сөз алған республикамыздың Бас са­нитарлық дәрігері Анатолий Бе­ло­ног: “Денсаулық сақтау ми­нистр­лігі мен ЮНИСЕФ бірігіп жұ­мыс жасайтын болады. Бұл жер­де екі мекеменің бірлесіп әзірлеген “Қазақстанда құс және адам тұмауы пандемиясының алдын алу жөніндегі коммуникациялық стра­тегия” жобасы аясында ата-аналар мен балалар, әсіресе селолық жер­де тұратын азаматтар індеттің таралуының алдын алу әдістері жайынан хабардар етіледі. Үкімет санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының қаты­су­ымен республика бойынша мони­торинг жүргізудің жедел шаралары мен тетіктерін қабылдау жүйесін жасайды”, деді.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат